Об утверждении перечня регулируемых услуг Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
Басқа 0. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 26 бұйрығымен бекітілген Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін транзиттеу және экспорттау мақсатында тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау саласында: мұнайды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызмет; бірыңғай маршруттау бойынша операторлық қызмет; мұнайды магистральдық құбыр жүйесі арқылы қайта айдау; мұнайды теміржол цистерналарынан құйып алу; мұнайды теміржол цистерналарына құю; мұнайды танкерлерге құю; мұнайды автоцистерналардан құйып алу; мұнайды автоцистерналарға құю; мұнайды сақтау; мұнайды ауыстырып құю; мұнайды араластыру.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау саласында: шикі немесе тауарлық газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау; тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау; тауарлық газды Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшін газ таратушы жүйелер арқылы тасымалдау; сұйытылған газды топтық резервуарлық қондырғыдан тұтынушыны қосатын кранға дейін газ құбырлары арқылы тасымалдау; тауарлық газды сақтау.
Тармақ 3
3. Электр энергиясын беру саласында: электр энергиясын беру; ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру және (немесе) ұлттық электр желісін пайдалану.
Тармақ 4
4. Топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінде және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және өткізу саласында: жылу энергиясын өндіру; жылу энергиясын беру, бөлу және өткізу; жылу энергиясын өндіру, беру және тарату; жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және өткізу.
Тармақ 5
5. Электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру саласында: электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру.
Тармақ 6
6. Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру саласында: электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру.
Тармақ 7
7. Контейнерлермен жүктерді тасымалдау, бос контейнерлерді тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді транзиттік тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желілері саласында: жүктерді контейнерлермен тасымалдау және бос контейнерлерді тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желісін пайдалануға беру; жүктерді контейнерлермен тасымалдау және бос контейнерлерді тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, жылжымалы құрамды магистральдық теміржол желісі арқылы өткізуді ұйымдастыру; жүктерді контейнерлермен тасымалдау және бос контейнерлерді тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желісін пайдалануға беру және ол арқылы жылжымалы құрамды өткізуді ұйымдастыру.
Тармақ 8
8. Бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар қызметтерін ұсыну саласында: бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдарды пайдалануға беру.
Тармақ 9
9. Бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар саласында: бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру; бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру.
Тармақ 10
10. Порттар саласында: Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге экспорттау мақсатында мұнайды және мұнай өнімдерін ауыстырып тиеуді қоспағанда, кейіннен порттан шығып танкерге/танкерден құбырлар арқылы оларды ауыстырып тиеу үшін кеменің теңіз портына кіргені үшін (кеменің кіруі) көрсетілетін қызметтер.
Тармақ 11
11. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында: сумен жабдықтау қызметтері: суды магистральдық құбырлар арқылы беру; суды таратушы желілер арқылы беру; су бұру қызметтері: сарқынды суларды бұру; сарқынды суларды тазарту.