О Мангистауской областной комиссии по развитию малого предпринимательства Күшін жойған
Басқа 0
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi Маңғыстау облыстық комиссиясы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды –
Маңғыстау облысы әкімдігінің 15.10.2002 № 166 қаулысымен.
"Маңғыстау облысында шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссия туралы" Маңғыстау облысы әкімiнiң 1999 жылғы 9 тамыздағы № 194 шешiмiн "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына сәйкес келтiру мақсатында және кадрлардың өзгерiстерiне байланысты облыс әкiмияты қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi Маңғыстау облыстық комиссияның құрамы жаңартылсын және ол облыстық мәслихаттың кезектi сессиясына бекiтуге ұсынылсын (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi Маңғыстау облыстық комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары А.С.Қасабековке жүктелсiн.
Басқа 4. Комиссия мүшелерi:
Маңғыстау облысы әкiмиятының
2002 жылғы 5 сәуiрдегi
№ 81 қаулысына
№ 1 қосымша
Маңғыстау облыстық шағын кәсiпкерлiктi
дамыту жөнiндегi комиссияның
құрамы
Қасабеков Асқар Серiкбайұлы облыс әкiмiнiң орынбасары,
төраға
Тәшiм Алдаш Сиықұлы облыстық шағын кәсiпкерлiктi
қолдау басқармасының бөлiм
бастығы, хатшы (дауыс беру құқығынсыз)
Комиссия мүшелерi:
Бердiбеков Ержан Сәкенұлы облыстық прокуратураның жалпы
қадағалау бөлiмiнiң бастығы
(келiсiм бойынша)
блыстық шағын кәсiпкерлiктi
қолдау басқармасының бастығы
Қажықов Таңатар Төребекұлы облыстық әдiлет басқармасы
бастығының орынбасары
Көшеров Әдiлбек Көшерұлы облыстық экономика, өнеркәсiп
және сауда басқармасының
бастығы
Отелепко Натэлла Даниловна Маңғыстау облыстық сауда-
өнеркәсiп палатасының төрайымы
(келiсiм бойынша)
Сейбағытов Даржок облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының бастығы
Сейтмағамбетова Гүлнар
Сүлейменқызы коммуналдық меншiктi басқару
жөнiндегi департамент
директорының орынбасары
Таушев Нариман Бақытұлы Маңғыстау облысы бойынша
салық комитетiнiң төрағасы
(келiсiм бойынша)
Басқа 5
Маңғыстау облысы әкiмиятының
2002 жылғы 5 сәуiрдегi
№ 81 қаулысына
№ 2 қосымша
Маңғыстау облысының шағын кәсiпкерлiктi
дамыту жөнiндегi комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысының шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиясы (бұдан әрi - комиссия) консультативтiк кеңесшi орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы № 131-1 Заңын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығын , облыс әкiмiнiң және әкiмиятының нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссияның мiндеттерi
2. Комиссияның мiндеттерi
Тармақ 3
3. "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу.
Тармақ 4
4. Заңдарда белгiленген тәртiппен кәсiпкерлердiң мүдделерiн бiлдiру, заңды құқықтарын қорғау және әкiмнiң шешiмiн қабылдау (дайындау) кезiнде олардың пiкiрлерiн ескеру.
Тармақ 5
5. Кәсiпкерлердiң және олардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң облыстың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсартуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған сындарлы бастамаларын қолдау.
Тармақ 6
6. Облыс әкiмiнiң және әкiмиятының шағын кәсiпкерлiктi дамыту мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң жобаларын бастамашылықты дайындау және оларды сараптауға қатысу.
Тармақ 7
7. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау жөнiндегi мақсатты бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеуге және iске асыруға жәрдемдесу.
Тарау 3. 3. Комиссия құрамы
3. Комиссия құрамы
Тармақ 8
8. Комиссияны облыс әкiмiнiң орынбасары басқарады.
Тармақ 9
9. Облыстық шағын кәсiпкерлiктi қолдау басқармасының бөлiм бастығы комиссияның хатшысы болып табылады.
Тармақ 10
10. Комиссияның жеке құрамын облыс әкiмiнiң ұсынуы бойынша облыстық мәслихат бекiтедi.
Тармақ 11
11. Комиссияның жұмыс органдарының функциялары облыстық шағын кәсiпкерлiктi қолдау басқармасына жүктеледi.
Тармақ 12
12. Комиссияның шешiмi ашық дауыс беру жолымен қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады және егер оған комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе қабылданған деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
Тармақ 13
13. Комиссияның шешiмiне комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қояды.
Тармақ 14
14. Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде мазмұндалуы және комиссия отырысының хаттамасына қоса тiркелуi тиiс.
Тармақ 15
15. Комиссияның хатшысы, комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныс дайындайды, комиссия шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды, комиссияның мүшелерi мен оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi.
Тарау 4. 4. Комиссия қызметiнiң негiзгi
бағыттары
4. Комиссия қызметiнiң негiзгi
бағыттары
Тармақ 16
16. Комиссия өзiнiң мiндеттерiне сәйкес:
шағын бизнестiң салалық, кәсiби және аумақтық одақтарымен, ассоциацияларымен, басқа да құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
келiсiлген шешiмдердi пысықтау үшiн шағын бизнестi қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен тұрақты өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
шағын бизнестi қолдау департаментiмен, сондай-ақ облыстық басқармалармен және комитеттермен шағын кәсiпкерлiктi дамытуды қолдау мәселелерi бойынша келiсiлген шешiмдер әзiрлеуде ынтымақтаса iс-қимылдар жасауды жүзеге асырады;
заңдылық белгiлеген тәртiпте шағын кәсiпкерлiк өкiлдерiн облыс Әкiмi шешiмдерiнiң жобаларын әзiрлеу және шағын кәсiпорындарға, кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының субъектiлерiне, шағын бизнес саласындағы кәсiпкерлердiң одақтарына, бiрлестiктерiне, қауымдастықтарына ұйымдық, қаржылық, материалдық-техникалық көмек көрсету жөнiнде шаралар әзiрлеуге қатыстырады;
заңдылық белгiлеген тәртiпте шағын бизнес саласында нормативтi заңдылық базаны өзгерту, сондай-ақ шағын кәсiпкерлiктiң мүдделерiне қатысты нормативтi-құқылық актiлер жобаларын сараптау жөнiндегi ұсыныстарды инициативтi әзiрлеудi жүзеге асырады;
шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың мемлекеттiк, аймақтық, салалық және басқа мақсатты бағдарламаларын әзiрлеуге, үйлестiру мен жүзеге асыруға қатысады;
облыстың көкейтестi әлеуметтiк-экономикалық проблемаларын шешуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеуге қатысады, оларды жүзеге асыруға шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн, олардың бiрлестiктерiн, одақтары мен қауымдастықтарын қатыстырады;
шағын кәсiпкерлiк саласында облыстық жобалар мен бағдарламаларды сараптауды жүргiзедi және оларды қаржыландыруға және жүзеге асыруға ұсынады.
Тарау 5. 5. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
5. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 17
17. Комиссия өз iс-қимылдарын жүзеге асыру үшiн:
заңдылық белгiлеген тәртiпте Комиссияда жұмыс iстеу үшiн сарапшылар мен консультанттарды қатыстырады;
уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сараптық және жұмыс топтарын ұйымдастырады;
белгiленген тәртiпте атқарушы өкiмет органдарынан қажеттi ақпараттық, аналитикалық, анықтамалық-статистикалық материалдар, сондай-ақ ведомстволық нормативтiк құқылық актiлер алады;
шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi қалалық және аудандық комиссиялардың iс-қимылдарын үйлестiредi.
Тармақ 18
18. Комиссия оның жұмысын жария ететiн iшкi құжаттарды өз еркiмен қабылдайды.
Тармақ 19
19. Комиссияның отырысын қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет Комиссияның төрағасы шақырады.