О нормативах отчисления и распределения части чистого дохода коммунальных государственных предприятий Сайрамского района Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сайрам аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сайрам аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Сайрам ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиевке жүктелсін.
Басқа 8
Сайрам ауданы әкімдігінің 2019 жылғы «30 » сәуірдегі №201 қаулысына қосымша Сайрам аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі
Тармақ 1
1. Аудандық мемлекеттік кәсіпорындар үшін – таза кірістің 45 пайызы мөлшерінде.
Тармақ 2
2. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігі кәсіпорының дамуына жұмсалады.