О создании областной комиссии по сегментации АО «Химпром» Күшін жойған
Басқа 0
«Химпром» АҚ-ны сегментациялау жөніндегі облыстық комиссия құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет басқармасы НҚА мемлекеттік тіркеудің күшін жоюы туралы 2001 жылғы 30 қарашадағы қорытынды.
Бөлінетін объектілер арасындағы қажетті технологиялық, өндірістік өзара байланыстарды және қолданылып жүрген техника қауіпсіздігі талаптарын сақтай, сонымен бірге зауыттың мүліктік кешенін жекешелендірудің мүмкін болатын жолдарын қарастыра отырып, «Химпром» акционерлік қоғамына сегментация жүргізу жөніндегі шараларды дайындау және ұсыныстар енгізу мақсатында мына құрамда облыстық комиссия құрылсын:
Нұрбаев Р.Т. – мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті төрағасының бірінші орынбасары, комиссия төрағасы
Әміренов Е.Л. – облыстың индустрия, көлік және коммуникациялар департаментінің бас маманы
Чуков В.А. – облыс экономика департаменті бастығының бірінші орынбасары
Щетинин Л.К. – «Химпром» акционерлік қоғамының бас инженері
Олин С.И. – «Химпром» акционерлік қоғамының вице-президенті.
Облыстық комиссия төрағасы атқарылған жұмыс қорытындыларын менің қарауыма 1998 жылғы мамырдың 29-на тапсыратын болсын.