Некоторые вопросы Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.10.2004 № 1111; 24.11.2004 № 1232 қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетi құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетi туралы ереже;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Басқа 7. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгінiң Аэроғарыш комитетi туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2002 жылғы 12 қыркүйектегі
N 995 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгінiң Аэроғарыш комитетi туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінің Аэроғарыш комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің құзыретi шегiнде арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ аэроғарыш қызметi саласын басқаруды жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнің, Үкiметінің кесімдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi, өзінің атауы мемлекеттiк тілде жазылған басқа да мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгідегi бланкілерi болады.
Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi. Егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, Комитеттің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Комитеттің штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тармақ 5
5. Комитеттің заңды мекен-жайы: 480004, Алматы қаласы, Фурманов көшесi, 50.
Тармақ 6
6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігiнiң Аэроғарыш комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 7
7. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 8
8. Комитеттің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
Комитетке оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнінде кәсіпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға заңнамалық кесімдермен құқық берiлсе, мұндай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
Тарау 2. 2. Негізгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары
2. Негізгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары
Тармақ 9
9. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) аэроғарыш қызметi саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының ғарыш кешенiн және аэроғарыштық өнiмдер мен қызметтер көрсетудiң рыногын дамытудың қысқа мерзімдi, орта мерзімдi кезеңге арналған жоспарлары мен болжамдарын әзiрлеу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аэроғарыштық инфрақұрылымын сақтау және дамыту жөніндегi iс-шараларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
Тармақша 4
4) аэроғарыш қызметi саласында Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және технологиялық дамуының негiзгi бағыттарын әзiрлеуге қатысу және iске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) ғарышкерлер даярлауды, аэроғарыш қызметi саласында кадрлар даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру болып табылады.
Тармақ 10
10. Комитет заңнамада белгіленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) аэроғарыш саласында, оның iшiнде Қазақстанның тиiстi халықаралық ұйымдар мен институттардың қызметiне қатысуына байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саясатын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
Тармақша 2
2) аэроғарыш саласына шетелдiк кредиттер мен инвестицияларды тарту және оларды пайдалану жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасындағы аэроғарыштық инфрақұрылымның жай-күйiн және аэроғарыш техникасы мен технологияларының әлемдiк үрдiстерiн талдайды және дамуын болжайды;
Тармақша 4
4) "Байқоңыр" кешенiн жалға беру шартын, Қазақстан Республикасының аэроғарыш қызметi саласындағы халықаралық келiсiмдерi мен шарттарын орындау жөнiнде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының қызметiн үйлестiрудi ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) "Байқоңыр" кешенiн жалға беру шартының және оған қосымша Келiсімдер қағидаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады, өзiнің құзыретi шегінде "Байқоңыр" кешенiнің ұйымдастыру және өзге де шаруашылық мәселелерiн шешедi;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының ғарыш кешенiн дамытудың тұжырымдамалары мен бағдарламаларын, ғарыштық кеңiстiктi зерттеу және пайдалану жөніндегi жобаларды әзiрлеудi және iске асырады;
Тармақша 7
7) аэроғарыш қызметi саласында заңнаманың қолданылу тәжiрибесiн талдайды және қорытындылайды, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, аэроғарыш қызметi саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын дайындауға қатысады;
Тармақша 8
8) аэроғарыш қызметi саласындағы халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға және сараптауға қатысады;
Тармақша 9
9) аэроғарыш қызметi саласында экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегi iс-шараларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;
Тармақша 10
10) аэроғарыш қызметi саласында жұмыс iстейтiн мемлекеттің қатысуы бар ұйымдардың басқару органдарында өз құзыретiнiң шегiнде мемлекет мүдделерiн білдiредi;
Тармақша 11
11) аэроғарыш қызметi саласында жұмыс iстейтiн заңды тұлғалардың қызметiне талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) өз құзыретiнің шегiнде ғарыш кеңiстiгiн пайдалану жөнiндегi қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) ғарышкерлер даярлауды, аэроғарыш саласында мамандар даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастырады және үйлестiредi;
Тармақша 14
14) өзiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Комитет негiзгi мiндеттерi мен функцияларын жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртіппен және өз құзыретi шегiнде:
Тармақша 1
1) нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдауға;
Тармақша 2
2) "Байқоңыр" кешенінің, оның iшiнде Ресей Федерациясы жалға алған объектілердің пайдаланылу жағдайлары мен сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан ақпаратты сұрауға және алуға;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк кәсіпорындарды және өзге де ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 5
5) өзiнің қарауындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк басқару органының функцияларын жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) шет елдердiң мемлекеттiк органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен келiссөздер жүргiзуге және шарттар жасасу туралы ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 7
7) басқа мемлекеттiк органдардың мамандарын, сондай-ақ жетекшi ғалымдар мен мамандарды, оның iшiнде шетелдiк ғалымдар мен мамандарды жұмысқа тартуға;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 3. 3. Мүлкi
3. Мүлкi
Тармақ 12
12. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Комитеттің мүлкi құны мемлекеттiк органның теңгерімінде көрсетiлетін, мемлекет оған берген мүлiктің есебiнен қалыптастырылады.
Тармақ 13
13. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 14
14. Комитеттің өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билiк етуге құқығы жоқ.
Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шекте мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
Тарау 4. 4. Қызметiн ұйымдастыру
4. Қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 15
15. Комитеттi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрiнің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын үш орынбасары болады.
Тармақ 16
16. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етедi, Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады.
Тармақ 17
17. Осы мақсатта Комитеттің төрағасы:
Тармақша 1
1) өзінiң орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi жетекшiлерінің міндеттерi мен өкілеттiктерiн айқындайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен штат санының лимитi шегiнде Комитеттiң құрылымын және штат кестесiн бекiтедi;
Тармақша 3
3) заңнамаға сәйкес Комитеттің қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) заңнамада белгіленген тәртiппен Комитеттің қызметкерлерiн көтермелейдi, сондай-ақ тәртiптiк жаза қолданады;
Тармақша 5
5) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
Тармақша 6
6) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi және заңнамада белгiленген жағдайларда ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жарғыларын бекiтедi;
Тармақша 7
7) қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес Комитеттi мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда білдiредi;
Тармақша 8
8) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Қайта ұйымдастыру және тарату
5. Қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 18
18. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 66. Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2002 жылғы 12 қыркүйектегі
N 995 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесінде:
"Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігiнің Аэроғарыш комитетi" бөлiмi және реттiк нөмiрi 106а-3-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" бөлiмі мынадай мазмұндағы кiшi бөлiммен және реттiк нөмiрi 72-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінің Аэроғарыш комитетi
72 "Инфракос" республикалық
мемлекеттiк кәсiпорны
(шаруашылық жүргiзу
құқығында) Байқоңыр қаласы;".
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 506-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы ережеде:
1-тармақтың екiншi абзацы "Аэроғарыш комитетi" деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) ғарыш қызметi саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу.";
11-тармақ мынадай мазмұндағы 13-3) және 13-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"13-3) аэроғарыш қызметi саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзедi;
13-4) "Байқоңыр" ғарыш айлағы объектiлерiн тиiмдi пайдалану жөніндегi iс-шараларды әзiрлеу мен iске асыруды үйлестiредi;".
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.01. N 314 қаулысымен.
Басқа 69. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күші жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2002 жылғы 12 қыркүйектегі
N 995 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күші жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1131 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 353-құжат).
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1131 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегi N 1358 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 46, 421-құжат).
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1131 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 26 мамырдағы N 798 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 24, 281-құжат).
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 37-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы.