Об утверждении Стандарта организации оказания гастроэнтерологической и гепатологической помощи в Республике Казахстани и о признании утратившими силу некоторых приказов исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін ақтарушының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мынадай:
Тармақша 1
1) «Вирусты гепатиттермен ауыратын науқастарды зерттеп-қарау және емдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 17 ақпандағы № 92 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7479 болып тіркелген, 2012 жылғы 22 мамырда «Юридическая газета» газетінде № 72 (2254) жарияланған);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 11 ақпандағы № 78 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9273 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 шілдеде «Казахстанская правда» газетінде № 147 (27765) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ  және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген   іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 13. Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № ҚР ДСМ-63 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) терапиялық бейіндегі асқорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын пациенттерге гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсету саласындағы ережені, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгілейді.
Тармақ 2
2. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек асқорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын пациенттерге терапиялық көмекті және шағын инвазивтік (интервенциялық) диагностикалық және емдік манипуляцияларды қамтиды.
Тармақ 3
3. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмекті денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жанындағы Біріккен комиссия мақұлдаған диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына (бұдан әрі – Клиникалық хаттамалар) сәйкес амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек нысанында мамандандырылған көмек және жоғары технологиялық медициналық қызмет (бұдан әрі – ЖТМҚ) көрсету түріндегі «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)» мамандығы бойынша дәрігер көрсетеді.
Тармақ 4
4. Осы Стандартта көрсетілген медициналық ұйымдар, олардың құрылымдық бөлімшелері көрсететін гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмекті үйлестіруді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ведомстовалық бағынысты ұйымдардың базасында құрылатын гастроэнтерология, гепатология және асқынған ішек аурулары республикалық үйлестіру орталығы жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)», «Инфекциялық аурулар (ересектер), «Жалпы хирургия (торакалдық хирургия, абдоминалдық хирургия, трансплантология, колопроктология, онкологиялық хирургия, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия), «Онкология (химиотерапия, маммология) (ересектер)», «Патологиялық анатомия (цитопатология) (ересектер, балалар)», «Сәулелік диагностика (рентгенология, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, ультрадыбыстық диагностика, ядролық медицина)» және өзге байланысты мамандықтар бойынша дәрігерлер» мамандықтары бойынша дәрігерлердің өзара пәнаралық іс–қимылының және басқа аралас мамаандықтардың негізінде көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Гастроэнтерология және гепатология саласындағы қызметті денсаулық сақтау органдары мен ұйымдары бейінді және өзге қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің жалпы қағидаттары
2-тарау. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің жалпы қағидаттары
Тармақ 7
7. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің жалпы қағидаттарына:
Тармақша 1
1) асқорыту ағзалары ауруларының алғашқы профилактикасына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізу;
Тармақша 2
2) асқорыту ағзаларының ауруларын диагностикалау;
Тармақша 3
3) барлық кезеңдегі сабақтастықты сақтай отырып, асқорыту ағзларының ауруларын емдеу;
Тармақша 4
4) асқорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын пациенттерге динамикалық бақылау;
Тармақша 5
5) асқорыту ағзаларының аурулары асқынуының үдеуі мен дамуының профилактикасы;
Тармақша 6
6) асқорыту ағзаларының қатерлі ісіктерінің ерте диагностикасы;
Тармақша 7
7) асқорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын пациенттерді медициналық оңалту жатады.
Тарау 3. 3-тарау. Амбулаториялық-емханалық деңгейде гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жалпы сипаттамалары
3-тарау. Амбулаториялық-емханалық деңгейде гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жалпы сипаттамалары
Тармақ 8
8. Амбулаториялық-емханалық деңгейде гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмекті аудандық, нөмірлік аудандық, қалалық емханада, консультациялық-диагностикалық орталықта, сондай-ақ қалалық, облыстық, ведомстволық, республикалық және өзге денсаулық сақтау ұйымдарының тиісті көп бейінді бөлімшелерінде (бұдан әрі – амбулаториялық-емханалық ұйымдар немесе бөлімшелер) көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Бастапқы диагностиканы, сондай-ақ Мамандандырылған гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмекті қажет етпейтін, асқорыту ағзалары ауруларының функционалдық бұзылуы және асқынбаған (компенсацияланған) түрлері бар пациенттерге амбулаториялық білікті көмекті ұсынуды тіркелген жері бойынша учаскелік терапевт немесе жалпы практика дәрігері (отбасылық дәрігер) (бұдан әрі – МСАК дәрігері) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмекті ұсыну гастроэнтерологтың кабинетінде (бұдан әрі – Кабинет) жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Кабинет құру және оның кадрлық құрамын бекіту «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – ҚР Кодексі) 32-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Кабинет дәрігерінің лауазымына «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)» мамандығы бойынша сертификаты бар дәрігер қабылданады.
Тармақ 13
13. Кабинет дәрігерінің клиникалық-диагностикалық қызмет көрсету (пациентті қабылдау) уақытының нормативі денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
Тармақ 14
14. Кабинет:
Тармақша 1
1) МСАК дәрігерінің жолдамасы бойынша асқорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді;
Тармақша 2
2) асқорыту ағзаларының аурулары бар, оның ішінде асқорыту ағзаларына операциялық араласуларды бастан өткірген пациенттерге консультация беруді;
Тармақша 3
3) пациенттерді зертханалық және аспаптық зерттеулерге жіберуді;
Тармақша 4
4) пациенттерді «Жалпы хирургия (торакалдық хирургия, абдоминалдық хирургия, трансплантология, колопроктология, онкологиялық хирургия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия), «Онкология (химиотерапия, маммология) (ересектер)», «Инфекциялық аурулар (ересектер)» және өзге аралас мамандықтар бойынша дәрігерлерге зерттеп-қаралуға және консультация алуға жіберуді;
Тармақша 5
5) асқорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерді стационарлық емдеуге іріктеуді және жіберуді;
Тармақша 6
6) асқорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерді ЖТМҚ көрсетуге іріктеу мен жіберуге қатысуды;
Тармақша 7
7) практикаға асқорыту ағзаларының аурулары профилактикасының, диагностикасы мен емдеудің жаңа әдістерін енгізуді;
Тармақша 8
8) гастроэнтерология және гепатология мәселелері бойынша МСАК дәрігерлері мен аралас мамандықтарға жеке консультация беруді және біліктіліктерін арттыруға қатысуды;
Тармақша 9
9) тіркелген жері бойынша «балалар гастроэнтрологиясы» және «педиатрия» мамандығы бойынша дәрігерлермен сабақтастық пен өзара іс-қимылды;
Тармақша 10
10) ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуды;
Тармақша 11
11) тіркелген (медициналық қызмет көрсетілетін) халықтың арасында асқорыту ағзаларының аурулары бойынша статистикалық деректерге талдау жасауды, есепке алу және есептілік құжаттарын жүргізуді;
Тармақша 12
12) халыққа санитариялық-гигиеналық ағарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүргізуге, асқорыту ағзалары ауруларымен ауыратын пациенттерге арналған «мектеп» ұйымдастыруға және өткізуге қатысуды жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Құрамында Кабинет құрылған денсаулық сақтау ұйымы осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес медициналық жабдықтардың ең аз тізбесімен жарақтандырылады.
Тармақ 16
16. Кабинет құрылған медициналық ұйымдағы тиісті бөлімшелерде (кабинеттерде) эндоскоптар мен тиісті аспаптарды автоматты жуа және зарарсыздандыра отырып, ультрадыбыстық диагностиканы, эзофагогастродуоденоскопияны, ректоскопияны, илеоколоноскопияны (анестезиологиялық көрнектілікті жүргізуді қоса алғанда осы емшараны орындауға берілетін қажетті талаптар орындалған кезде) орындау қамтамасыз етіледі.
Тармақ 17
17. Кабинет құрылған ұйымдағы гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмектің көлемінде клиникалық-диагностикалық және зертханалық қызметтердің ең аз тізбесіне мынадай көрсетілімдер бойынша:
Тармақша 1
1) жалпы клиникалық зерттеуді;
Тармақша 2
2) қан, несеп және нәжістің жалпы клиникалық талдауын;
Тармақша 3
3) қанның биохимиялық талдауын;
Тармақша 4
4) инфекцияларды анықтауға серологиялық және молекулярлық зерттеулерді;
Тармақша 5
5) иммунологиялық (аутоантиденелер, ісік маркерлерінің болуына) зерттеулерді;
Тармақша 6
6) уреазды тыныс алу тесті және (немесе) нәжістегі Нр антигенін анықтауды;
Тармақша 7
7) нәжісті жасырын қанға зерттеуді (гемокульт-тесті);
Тармақша 8
8) фекальдық эластазаны анықтауды;
Тармақша 9
9) фекальдық кальпротектинді анықтауды;
Тармақша 10
10) биопсиямен гастроскопияны;
Тармақша 11
11) биопсиямен ректоскопияны;
Тармақша 12
12) цитологиялық және гистологиялық зерттеулерді;
Тармақша 13
13) құрсақ қуысына жүргізілетін ультрадыбыстық зерттеуді;
Тармақша 14
14) асқазан-ішек жолдары ағзаларына рентгенологиялық, оның ішінде, контрасты зерттеу жүргізуді;
Тармақша 15
15) компьютерлік (магниттік - резонанстық) томографияны қамтиды.
Тармақ 18
18. Асқорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерге клиникалық -диагностикалық қызметті толық көлемде көрсетудің мүмкіндігі болмаған жағдайда осы қызметтерді тиісті шарттардың негізінде өзге денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.
Тармақ 19
19. Асқорыту ағзаларының ауыр (асқынған) түрлерімен ауыратын, оның ішінде диагностикалау мен емдеудің күрделі және (немесе) қымбат тұратын әдістерін пайдалануды талап ететін пациенттерге мамандандырылған гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмекті орталықтандырылған көрсету гастроэнтерология және гепатология орталығында (бұдан әрі – ГГО) жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. ГГО денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары айқындайтын амбулаториялық-емханалық ұйымдарда немесе көпбейінді медициналық ұйымдардың бөлімшелерінде бір облыс және республикалық маңызы бар қалада кемінде бір орталық есебінен құрылады.
Тармақ 21
21. ГГО құрылымына пациенттерді қабылдау кабинеттері, күндізгі стационар палаталары, емшара (инфузиялық) кабинеті, сондай-ақ қажет болған кезде өзге клиникалық-диагностикалық қызметтер кіреді.
Тармақ 22
22. ГГО-ның құрылымы мен штат кестесін бекіту:
Тармақша 1
1) сырқаттанушылықты ескере отырып, қызмет көрсетілетін 200 000 ересек халыққа шаққанда 1 дәрігер лауазымы;
Тармақша 2
2) дәрігердің әрбір лауазымына 2 мейіргер лауазымы;
Тармақша 3
3) 1 емшара мейіргерінің лауазымы есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. ГГО дәрігерінің клиникалық-диагностикалық қызмет көрсетуге уақытының (пациентті қабылдау) есептік нормативі 40 минутты құрайды.
Тармақ 24
24. ГГО:
Тармақша 1
1) бауыр циррозы мен оның асқыну сатысын, ішектің асқынған ауруларын (бұдан әрі–ІАА) қоса алғанда созылмалы вирустық гепатиттері (СВГ) бар пациенттерге, бауырды транспланттағаннан кейін пациенттерге, сондай-ақ «Гастроэнтерология (негізгі мамандығының бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандығының бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер) немесе «Инфекциялық аурулар (ересектер) мамандығы бойынша дәрігерлердің, ал олар болмаған жағдайда – пациенттің тіркелген жері бойынша МСАК дәрігерінің жолдамасы бойынша пациенттерге мамандандырылған көмек көрсетуді;
Тармақша 2
2) тереңдетілген (зертханалық, аспаптық) зерттеп-қарауды;
Тармақша 3
3) СВГ-ге зерттеулердің деректерін, ІАА анықтау бойынша деректерді жинақтауды;
Тармақша 4
4) гепатоцеллюлярлық карциномалардың болуына, ал денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының шешімі бойынша – басқа орындардағы асқорыту азғаларының ісігін динамикалық зерттеп-қарау жүргізуді;
Тармақша 5
5) «Инфекциялық аурулар (ересектер), «Жалпы хирургия (торакалдық хирургия, абдоминалдық хирургия, трансплантология, колопроктология, онкологиялық хирургия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика), «Онкология (химиотерапия, маммология) (ересектер)» және басқа да мамандықтар бойынша дәрігерлерге зерттеп-қарауға және консультацияға жіберуді;
Тармақша 6
6) көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді анықтау, сондай-ақ мына режимдерді таңдауды: созылмалы вирустық гепатиттердің вирусқа қарсы терапиясын; иммундық-супрессивтік және биологиялық терапияны қоса алғанда, ІАА терапиясын; асқорыту ағзаларының басқа аурулары және олардың асқынуларының терапиясын;
Тармақша 7
7) бауырды транспланттаудың мүмкін болатын көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерін анықтауды;
Тармақша 8
8) ТМККК тізбесі және (немесе) МӘМС шегінде СВГ-мен ауыратын пациенттерге вирусқа қарсы терапияны, ІАА және асқорыту ағзаларының басқада ауруларымен ауыратын пациенттерге биологиялық және иммундық-супрессивтік терапияны тағайындау, сондай-ақ тиісті күту парақтарына деректерді енгізе отырып, бауырды транспланттауға көрсетілімдерді анықтауды;
Тармақша 9
9) пациенттерді, солардың ішінде ТМККК тізбесі және (немесе) МӘМС шегінде осы вирусқа қарсы, биологиялық немесе иммундық-супрессивтік терапия кімге жоспарланғанын, ұсынылатынын немесе аяқталғанын (тоқтатылғанын) қоса отырып, орталықтандырылған есепке алуды;
Тармақша 10
10) ГГО берген консультациялық қорытындыға сәйкес тіркелген жері бойынша ГГО дәрігері немесе «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)» немесе «Инфекциялық аурулар (ересектер)» мамандығы бойынша дәрігер, ал ол болмаған кезде МСАК дәрігері жүзеге асыратын дәрілік заттарды пациенттердің алуына рецепт беруді;
Тармақша 11
11) ТМКК тізбесі және (немесе) МӘМС шегінде асқорыту ағзалары ауруларымен ауыратын пациенттерге вирусқа қарсы, иммундық-супрессивтік, биологиялық терапия және емдеудің өзге де әдістерін жүргізуді және мониторингілеуді;
Тармақша 12
12) созылмалы аурулармен ауыратын, оның ішінде бауырды транспланттауды қоса алғанда, асқорыту ағзаларына операциялық араласуларды бастан өткерген пациентерге консультация беруді және байқауды;
Тармақша 13
13) күндізгі стационарға емдеуге жатқызуды;
Тармақша 14
14) стационарлық емдеуге, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетуге жіберуді;
Тармақша 15
15) пациенттерді медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына жіберу туралы мәселені шешуді;
Тармақша 16
16) профилактикалық шаралар мен консультациялар беруді, оның ішінде пациенттерге арналған «мектептерді» жүргізуді ұйымдастыруды және оған қатысуды;
Тармақша 17
17) практикаға асқорыту ағзаларының созылмалы ауруларымен ауыратын пациенттердің профилактикасы, диагностикасы мен емдеудің жаңа әдістерін енгізуді;
Тармақша 18
18) гастроэнтерология мен гепатология мәселелері бойынша МСАК және аралас мамандықтар дәрігерлеріне жеке консультация беруді және олардың біліктілігін арттыруға қатысуды;
Тармақша 19
19) қызмет көрсетіліп отырған халықтың арасында асқорыту ағзаларының аурулары бойынша статистикалық деректерді талдау, есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізуді;
Тармақша 20
20) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда пациенттердің тіркелген жері бойынша медициналық ақпараттық жүйелерге деректердің енгізілуін бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. Құрамында ГГО құрылған денсаулық сақтау ұйымы осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес медициналық жабдықтардың ең төменгі тізбесімен жарақтандырылады.
Тармақ 26
26. Құрамында ГГО құрылған медициналық ұйым ұсынатын клиникалық-диагностикалық қызметтердің ең төменгі тізбесіне:
Тармақша 1
1) пациентті жалпы клиникалық зерттеп-қарау;
Тармақша 2
2) қан, несеп пен нәжістің жалпы клиникалық талдауы;
Тармақша 3
3) қанның биохимиялық талдауы;
Тармақша 4
4) инфекцияларға серологиялық және молекулярлық зерттеулер;
Тармақша 5
5) иммунологиялық зерттеулер (аутоанти денелер, ісік маркерлері);
Тармақша 6
6) қандағы иммундық-супрессивтік препараттардың концентрациясын анықтау;
Тармақша 7
7) жасырын қанға нәжісті зерттеу;
Тармақша 8
8) уреаздық тыныс алу тесті және (немесе) нәжістегі Нр-антигенін анықтау;
Тармақша 9
9) фекальдық эластазды анықтау;
Тармақша 10
10) фекальдық кальпротектинді анықтау;
Тармақша 11
11) биопсиямен эзофагогастроскопия;
Тармақша 12
12) биопсиямен ректоскопия;
Тармақша 13
13) биопсиямен илеоколоноскопия;
Тармақша 14
14) цитологиялық және гистологиялық зерттеулер;
Тармақша 15
15) құрсақ қуысы ағзаларына ультрадыбыстық зерттеу;
Тармақша 16
16) бауыр эластометриясы (эластографиясы);
Тармақша 17
17) асқазан-ішек жолдары ағзаларына рентгенологиялық, оның ішінде контрасты зерттеу;
Тармақша 18
18) компьютерлік және (немесе) магниттік-резонанстық томография, магниттік-резонанстық холангиопанкреатография, сондай-ақ энтерография, колонография кіреді.
Тармақ 27
27. Клиникалық-диагностикалық қызметті толық көлемде көрсетудің мүмкіндігі болмаған кезде тиісті шарттардың негізінде өзге денсаулық сақтау ұйымдары осы қызметтерді көрсетеді.
Тармақ 28
28. ГГО денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының клиникалық базасы ретінде пайдаланылады.
Тарау 4. 4-тарау. Стационарлық деңгейде гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметінің жалпы сипаттамалары
4-тарау. Стационарлық деңгейде гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметінің жалпы сипаттамалары
Тармақ 29
29. Стационарлық деңгейде гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсету аудандық, қалалық, облыстық ауруханаларда, стационарлық көмек көрсететін ведомстволық, республикалық және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында ұсынылады.
Тармақ 30
30. Мамандандырылған стационарлық гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек асқорыту ағазаларының аурулары және тәуліктік стационарларға, сондай-ақ амбулаториялық-емханалық ұйымдардың күндізгі стационарларына немесе стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының күндіз келіп жататын палаталарына емдеуге жатқызуды талап ететін нысандары кезінде көрсетіледі.
Тармақ 31
31. ЖТМҚ түріндегі стационарлық деңгейдегі гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялық әдістерін пайдалануды талап ететін асқорыту ағзаларының аурулары кезінде көрсетіледі.
Тармақ 32
32. Мамандандырылған гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмекті талап етпейтін асқорыту ағзалары ауруларының асқынбаған (компенсацияланған) нысандарымен емделуге жатуға мұқтаж пациенттерге стационарлық деңгейдегі білікті медициналық көмекті «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)» мамандығы бойынша терапиялық (соматикалық) бөлімшелердегі дәрігер көрсетеді.
Тармақ 33
33. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында мамандандырылған гастроэнтерологиялық және гепатологиялық және ЖТМҚ көрсету үшін гастроэнтерология (гастроэнтерология және гепатология) бөлімшесі (бұдан әрі – Бөлімше) немесе терапиялық (соматикалық) бөлімшелердің төсектері, палаталары бейінделеді.
Тармақ 34
34. Бөлімшені құру, оның құрылымы мен штат кестесін бекіту:
Тармақша 1
1) облыс, республикалық маңызы бар қалаға кемінде бір;
Тармақша 2
2) өңірдегі жұмыс көлемі мен құрылымы;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін денсаулық сақтау ұйымының үлгі штаттары мен штат нормативтеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 35
35. Бөлімшені «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)» мамандығы бойынша дәрігер-меңгеруші басқарады.
Тармақ 36
36. Бөлімше:
Тармақша 1
1) Клиникалық хаттамаларға сәйкес көрсетілімдер бойынша асқорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерді емдеуге жатқызуды және стационарлық көмек көрсетуді;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Оңалту стандарттарына сәйкес пациенттерді, оның ішінде асқорыту ағзаларына операциялық араласуларды бастан өткергендерді оңалтудың бірінші кезеңін;
Тармақша 3
3) стационардың басқа бөлімшелерінің дәрігерлері мен пациенттеріне консультациялық көмек көрсетуді;
Тармақша 4
4) медициналық көмектің сапасын арттыру және асқорыту ағзаларының ауруларынан болатын ауруханалық өлімді азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және жүргізуді;
Тармақша 5
5) медициналық ұйымның дәрігерлік және орта медицина қызметкерлерінің асқорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерге профилактика және оларға медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттыруға қатысуды;
Тармақша 6
6) клиникалық практикаға профилактиканың, диагностиканың, емдеу мен асқорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерді оңалтудың жаңа әдістерін енгізуді;
Тармақша 7
7) пациенттермен және олардың туыстарымен санитариялық-ағартушылық жұмыс жүргізуді;
Тармақша 8
8) емделуге жатқызылған пациенттер бойынша ақпаратқа жүйелі талдау жүргізуді, есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізуді жүзеге асырады.
Тармақ 37
37. Бөлімше құрылған медициналық ұйымның құрамында оның қызметін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ ультрадыбыстық, сәулелік диагностика және тиісті бөлімшелерде (кабинеттерде) эндоскоптар мен аспаптарды автоматты жуа және зарарсыздандыра отырып, эндоскопиялық диагностиканы орындау үшін жағдайлар жасалады.
Тармақ 38
38. Құрамында Бөлімше құрылған денсаулық сақтау ұйымы осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес медициналық жабдықтардың ең аз тізбесімен жарақтандырылады.
Тармақ 39
39. Құрамында Бөлімше құрылған денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмектің көлеміндегі клиникалық-диагностикалық қызметтердің ең аз тізбесіне:
Тармақша 1
1) пациентті жалпы клиникалық зерттеп-қарау;
Тармақша 2
2) қан, несеп және нәжістің жалпы клиникалық талдауы;
Тармақша 3
3) қанның толық биохимиялық талдауы;
Тармақша 4
4) қанның ұю жүйесін зерттеу;
Тармақша 5
5) инфекцияларға серологиялық және молекулярлық зерттеу;
Тармақша 6
6) иммунологиялық зерттеулер (аутоантиденелер, ісік маркерлерінің болуына);
Тармақша 7
7) қандағы иммундық-супрессивтік препараттар концентрациясын анықтау;
Тармақша 8
8) биологиялық терапия препарттарының иммуногенділігін анықтау;
Тармақша 9
9) орфандық аурулардың болуына генетикалық зерттеулер және зертханалық зерттеулер;
Тармақша 10
10) нәжісті жасырын қанға зерттеу;
Тармақша 11
11) бактериологиялық зерттеулер;
Тармақша 12
12) уреаздық тыныстық тесті және (немесе) нәжістегі Нр-қарсы генін анықтау;
Тармақша 13
13) фекальдық эластазаны анықтау;
Тармақша 14
14) фекальдық кальпротектинді анықтау;
Тармақша 15
15) биопсиямен эзофагогастроскопия;
Тармақша 16
16) биопсиямен дуоденоскопия;
Тармақша 17
17) биопсиямен колоноскопия;
Тармақша 18
18) бауырдың пункциялық биопсиясы;
Тармақша 19
19) цитологиялық және гистологиялық зерттеулер;
Тармақша 20
20) эндоскопиялық папиллосфинктеротомия;
Тармақша 21
21) эндоскопиялық ретроградтық панкреатохолангиография;
Тармақша 22
22) полиптердің эндоскопиялық эксцизиясы;
Тармақша 23
23) өңеш, асқазан веналарының варикоздық кеңеюін лигирлеу (склероздау);
Тармақша 24
24) асқазанішілік рН-метриясы;
Тармақша 25
25) құрсақ қуысы ағзаларын допплерографикалық картирлеу арқылы ультрадыбыстық зерттеу;
Тармақша 26
26) құрсақ қуысы ағзаларын эндоскопиялық ультрадыбыстық зерттеу (эндосонография);
Тармақша 27
27) бауыр эластометриясы (эластографиясы);
Тармақша 28
28) рентгенологиялық, оның ішінде асқазан-ішек жолдары ағзаларын контрастық зерттеу;
Тармақша 29
29) компьютерлік және (немесе) магниттік-резонанстық томография, магниттік-резонанстық холангиопанкреатография, сондай-ақ энтерография, колонография кіреді.
Тармақ 40
40. Асқорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерге толық көлемде клиникалық-диагностикалық қызмет көрсету мүмкіндігі болмаған кезде осы қызметтерді тиісті шарттардың негізінде өзге денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.
Тармақ 41
41. Бөлімше денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының клиникалық базасы ретінде пайдаланылады.
Тарау 5. 5-тарау. Созылмалы вирустық гептатиттері бар пациенттерге медициналық көмек көрсетудің жалпы сипаттамалары
5-тарау. Созылмалы вирустық гептатиттері бар пациенттерге медициналық көмек көрсетудің жалпы сипаттамалары
Тармақ 42
42. Созылмалы вирустық гепатиттерге (бұдан әрі – СВГ) В созылмалы гепатиті (бұдан әрі - ВСГ), дельта-агенті бар В созылмалы гепатиті немесе Д созылмалы гепатиті (бұдан әрі - ДСГ) және С созылмалы гепатиті (бұдан әрі – ССГ) жатады.
Тармақ 43
43. ТМККК тізбесі және (немесе) МӘМС шегінде СВГ пациенттеріне медициналық көмек көрсету республикалық денсаулық сақтау ұйымдарын қоса алғанда, амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда ұсынылады.
Тармақ 44
44. СВГ бар пациенттерге медициналық көмек ТМККК тізбесі және (немесе) МӘМС шегінде Клиникалық хаттамаларға сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 45
45. СВГ бар және оған күмәнді пациенттерге алғашқы зерттеп-қарау жүргізуді МСАК дәрігері жүзеге асырады.
Тармақ 46
46. СВГ бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге кемінде 108 сағат көлемінде «Гастроэнтерология (негізгі мамандығының бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандығының бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)» немесе «Инфекциялық аурулар (ересектер)» мамандықтары бойынша және гастроэнтерология және гепатология мәселелері бойынша біліктілікті арттырудан өткен және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған республикалық денсаулық сақтау ұйымдары беретін тиісті деңгейдегі білімі туралы құжаттары бар дәрігерлерге рұқсат етіледі.
Тармақ 47
47. ТМККК тізбесі және (немесе) МӘМС шегінде СВГ зертханалық (маркерлік және молекулалық) диагностика тұрғылықты жері бойынша МСАК дәрігерінің жолдамасы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының зертханаларында және (немесе) осы зертханалардың қуаттылығын және жабдықпен қамтамасыз етілуін (иммундық хеломолминесценттік анализаторлардың болуы, сондай-ақ сынамаларды автоматты дайындайтын ПТР-анализаторлары және анықтаудың төменгі шегі 15 халықаралық бірліктен кем болмайтын, нақты уақыт режиміндегі сезімталдығы жоғары сапалы және сандық тестілеу) ескере отырып, зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінде жүргізіледі.
Тармақ 48
48. Стационарлық көмек көрсету денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, сондай-ақ республикалық медициналық ұйымдар айқындайтын көп бейінді немесе инфекциялық ауруханалардың гастроэнтерологиялық бөлімшелері (немесе гастроэнтерологиялық бейінделген бөлімшелер) жүзеге асырады.
Тармақ 49
49. СВГ бар пациенттерге көрсетілетін медициналық көмекке:
Тармақша 1
1) СВГ-ға алғашқы зерттеу;
Тармақша 2
2) диагнозды растау;
Тармақша 3
3) вирусқа қарсы терапияға (бұдан әрі – ВҚТ) көрсетілімді және қарсы көрсетілімді анықтау арқылы тереңірек зерттеу;
Тармақша 4
4) ВҚТ тағайындау туралы хаттамалық шешім;
Тармақша 5
5) ВҚТ жүргізу және мониторингілеу;
Тармақша 6
6) профилактикалық шаралар және консультация беру кіреді.
Тармақ 50
50. ТМККК тізбесі және (немесе) МӘМС шегінде вирустық гепатиттерге (бұдан әрі – ВГ) бастапқы зерттеп-қарау мынаны көздейді:
Тармақша 1
1) ВГ-ге алғашқы зерттеп-қарауға жіберуді тіркелген жері бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымындағы МСАК дәрігері жүргізеді;
Тармақша 2
2) профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың белгіленген нысаналы топтарына, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын осы қарап- тексерулерді жүргізу қағидалары мен кезеңділігіне сәйкес қамту кіреді;
Тармақша 3
3) медициналық көмектің мынадай көлемі кіреді: Клиникалық хаттамаларға сәйкес бастапқы зерттеп-қарауға жататын адамдарға хемолюминесценттік (мүмкіндік болмағанда – иммуноферменттік) талдаудың көмегімен ВГ маркерлеріне: HBsAg, anti-HDV (HbsAg тасымалдаушыларында) және anti-HCV стандарттық серологиялық диагностика; С жіті вирустық гепатитіне күдігі бар адамдардағы, сондай-ақ иммундық компромистік пациенттердегі ССГ, (бастапқы, қайталама иммундық тапшылық ауруларымен ауыратын, сондай-ақ иммундық-супрессивтік терапияда тұратын) стандарттық серологиялық диагностикаға қосымша: полимераздық тізбектік реакцияның (ПТР) көмегімен HCV РНК анықтау, ал мүмкін болмаған жағдайда - HCV core Ag анықтау; иммундық-супрессивтік терапия жүргізу жоспарланған адамдардағы, сондай-ақ иммундық супрессивтік терапияда тұратын адамдардағы стандарттық серологиялық диагностикаға қосымша: хемолюминесценттік талдаудың көмегімен anti-HBc анықтау;
Тармақша 4
4) скрининг тестілердің оң нәтижелері және СВГ-ға күдігі тиісті болған кезде, одан әрі зерттеп-қарау және емдеу жүргізу тәсілін анықтау үшін МСАК дәрігері пациенттерді тіркелген жері бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымындағы «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)» немесе «Инфекциялық аурулар (ересектер)» мамандығы бойынша дәрігерге жібереді.
Тармақ 51
51. ТМККК тізбесі және (немесе) МСАК шегінде СВГ диагнозын растау мыналарды көздейді:
Тармақша 1
1) тіркелген жері бойынша «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)» немесе «Инфекциялық аурулар (ересектер)» мамандығы немесе Инфекциялық аурулар (ересектер)» мамандығы бойынша дәрігерлер, ал олар болмаған кезде – МСАК дәрігері жүзеге асырады.
Тармақша 2
2) медициналық көмектің мынадай көлемін қамтиды: барлық жағдайда HBsAg, сондай-ақ иммундық-супрессивтік терапия жоспарланған немесе иммундық-супрессивтік терапиядағы пациенттерде anti-HBc анықталған кезде: ПТР көмегімен HBeAg; anti-HBe; HBV ДНК анықтау (сапалық, сандық тест); anti-HDV анықталған кезде: ПТР (сапалық, сандық тест) көмегімен HDV РНК анықтау; anti-HCV анықталған кезде: ПТР (сапалық, сандық тест) көмегімен HCV РНК, мүмкін болмаған кезде -HCV core Ag анықтау; сараланған зертханалық және аспаптық клиникалық зерттеулер жүргізу (тромбоциттерді санай отырып, қанның жалпы талдауға, бауырдың функционалдық сынамалары, ішперде қуысы ағзаларын ультрадыбыстық зерттеу және Клиникалық хаттамаларға сәйкес көрсетілімдер бойынша басқа зерттеулер);
Тармақша 3
3) СВГ диагнозы инфекцияның ұзақтығы 6 айдан асқан кезде заңды болып табылады және HBV ДНК және (немесе) HbsAg болған жағдайда СВГ бекітіледі; ДСГ үшін – құрамында HDV РНК болуы; ССГ үшін – құрамында HCV РНК немесе HCV core Ag табылған кезде анықталады;
Тармақша 4
4) СВГ диагнозын растау фактісі бойынша тіркелген жері бойынша «Инфекциялық аурулар (ересектер)» мамандығы бойынша дәрігер, ал ол болмаған жағдайда – МСАК дәрігері: пациент туралы тиісті ақпаратты «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) «В» және «С» вирустық гепатиттері бар науқастарды жеке есепке алу картасы» (бұдан әрі - Карта) № 130-1/е нысанына енгізеді, одан әрі ақпарат порталдық режимде ГГО-ға және «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның аумақтық филиалына беріледі; егер мұндай диагноз алғаш рет қойылса, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне уәкілетті орган бекіткен «Инфекциялық аурулар, тамақтан, жіті кәсіптік улану, екпеге ерекше реакция туралы шұғыл хабарлама» 058/е нысанын беруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) тіркелген жері бойынша «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)» немесе «Инфекциялық аурулар (ересектер)» мамандығы бойынша дәрігер, ал ол болмаған кезде – МСАК дәрігері әрі қарай емдеу тәсілін айқындау мақсатында қойылған СВГ диагнозы бар пациенттерді ГГО-ға жібереді.
Тармақ 52
52. ТМККК тізбесі және (немесе) МӘМС шегінде ВҚТ көрсетілімдерін және қарсы көрсетілімдерін анықтай отырып, СВГ бар пациенттерді тереңдетілген зерттеу:
Тармақша 1
1) тиісті Клиникалық хаттамаларға сәйкес ГГО базасында жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) АИТВ жұқтырған пациенттерде «Инфекциялық аурулар (ересектер)» мамандығы бойынша маманның АИТВ инфекциясының статусы мен сатысы туралы, сондай-ақ жүргізіліп жатқан ретровирустық терапия туралы міндетті қорытындысы ескеріледі;
Тармақша 3
3) есірткілерді тұтынушы болып табылатын пациенттерде наркологтың (психиатрдың) есірткіге тәуелділік ремиссиясының бар болуы немесе болмауы туралы, сондай-ақ жүргізіліп жатқан алмастырушы терапияның қорытындысы міндетті түрде ескеріледі;
Тармақша 4
4) созылмалы аурулары бар пациенттерде тиісті бейінді мамандардың аурудың статусы мен жүргізіліп жатқан терапия туралы қорытындысы ескеріледі;
Тармақша 5
5) медициналық көмектің мынадай көлемін қамтиды: ПТР көмегімен вирусологиялық дәреженің бағасы (ДНК немесе РНК сандық белгілеу, гендік типтеу); бауырға тікелей емес эластография жүргізудің көмегімен аурудың белсенділігі мен сатысын бағалау; көрсетілімдер бойынша басқа да зерттеулер; бауырдан тыс құбылыстарды диагностикалау; қосалқы ауруларды диагностикалау; ВҚТ-ға көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді анықтау; бауырды транспланттауға көрсетілімдерді анықтау; консультациялық қорытындыны ұсыну.
Тармақ 53
53. ТМККК тізбесі және (немесе) МӘМС шегінде СВГ бар пациенттерге ВҚТ тағайындау туралы шешімді ГГО басшысының келісімі бойынша ГГО дәрігері қабылдайды; ГГО деңгейінде осы шешімді қабылдау мүмкін болмайтын күрделі немесе даулы жағдайлар кезінде ВҚТ тағайындау туралы хаттамалық шешімді денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы бекіткен комиссия қабылдайды, комиссияның құрамы мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы басшысының (төрағасының) орынбасары;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының жауапты бейінді мамандары (гастроэнтеролог, инфекционист);
Тармақша 3
3) ГГО басшысы.
Тармақ 54
54. ТМККК тізбесі және (немесе) МӘМС шегінде ВҚТ жүргізу және мониторингілеу мынаны көздейді:
Тармақша 1
1) тіркелген жері бойынша «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)» немесе «Инфекциялық аурулар (ересектер)» мамандығы бойынша дәрігер, ал ол болмаған кезде – МСАК дәрігерінің жолдамасы бойынша ГГО-да жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) ауыр факторлары жоқ (бұған дейін ВҚТ алмаған, фиброз деңгейі Ғ3-тен төмен, қосалқы ауруларсыз) пациенттерде Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)» немесе «Инфекциялық аурулар (ересектер)» мамандығы бойынша дәрігер, ал ол болмаған кезде – МСАК дәрігері, ГГО берген консультациялық қорытындыға сәйкес жүзеге асыруының мүмкін болуы;
Тармақша 3
3) медициналық көмектің мынадай көлемін қамтиды: пациенттерді балалар және ересектер үшін, сондай-ақ созылмалы гепатиттердің әртүрлі этилогиясы (ВВГ, ДВГ және СВГ) үшін жеке қалыптастырылған күту парағына енгізе отырып тиісті Клиникалық хаттамаларға сәйкес ВҚТ жүргізудің басымдылығын анықтау; вирусқа қарсы препараттарды қолданудың жанама құбыластары мен қауіптері, болжамдалған тиімділік режимі, ережелері мен мақсаттары туралы түпкілікті түсініктемелер беру, соңынан СВГ бар пациенттердің немесе олардың заңды өкілдеріне ақпарат берілген келісімге қол қойғызу; ГГО берген консультациялық қорытындыға сәйкес тіркелген жері бойынша «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)» немесе «Инфекциялық аурулар (ересектер)» мамандығы бойынша дәрігер, ал ол болмаған жағдайда – МСАК дәрігері жүзеге асыратын пациенттердің дәрілік заттарды алуына рецепт жазып беруді; мониторинг және тиімділік бағасы, сондай-ақ емдеу кезінде және емдеу аяқталғаннан кейінгі 6 айда тиісті Клиникалық хаттамаларға сәйкес жүргізілетін клиникалық-зертханалық (оның ішінде серологиялық және молекуларлық) зерттеулердің негізінде вирусқа қарсы терапияның режимін модификациялауды;
Тармақша 4
4) ГГО мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарына ай сайын вирусқа қарсы терапияға алынған пациенттердің саны туралы және терапия тоқтатылған немесе аяқталған пациенттердің саны туралы ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) вирусқа қарсы препараттарды қарқынды қызмет көрсету және қолжетімділікті ескере отырып, аудандық деңгейге жеткенге дейін, сондай-ақ препараттарды жіберуді және сатылуын бақылауды, мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органы айқындаған фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы жүргізеді.
Тармақша 6
6) ВҚТ-ны жүргізуді және оның жағымсыз әсерлерін түзетуді республикалық медициналық ұйымдарды қоса алғанда (көрсетілімдер бойынша) күндізгі немесе тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда жүзеге асырады.
Тармақ 55
55. Профилактикалық шаралар және пациенттерге консультация беру мына ережелердің орындауды көздейді:
Тармақша 1
1) СВГ бар пациенттер тіркелген жері бойынша диспансерлік есепке алуға және оларға динамикалық бақылау жүргізуге жатады;
Тармақша 2
2) СВГ бар пациенттерге емдеудің барлық кезеңдерінде емдеп-қарауды жүзеге асыратын мамандар инфекцияның одан әрі жұғу қаупін жоюға қатысты, сондай-ақ ұрпақты болу денсаулығы мен отбасын жоспарлау туралы жеткілікті түсініктемелер беріледі;
Тармақша 3
3) СВГ бар пациенттер, сондай-ақ ВҚТ кейінгі тұрақты вирусологиялық жауабы бар аурудың F3, F4 кезеңінде (бауыр циррозы) пациенттер ГГО базасында орындалатын гепатоцеллюлярлық карциномаға және ондағы ішперде қуысы ағзаларына ултрадыбыстық зерттеу және кемінде 6 ай аралығында қандағы альфа-фетопротеинді анықтауды қосатын динамикалық тексерілуге жатады.
Тармақ 56
56. СВГ диагнозын анықтау, тексеру, емдеу, гепатоцеллюлярлық карциномға жүргізілген скрининг нәтижелері, сондай-ақ бауырды транспланттауға көрсетілімдерді анықтау фактісі бойынша «Инфекциялық аурулар (ересектер)» мамандығы бойынша дәрігер, ал ол болмаған кезде – МСАК дәрігері «Вирустық гепатит» /медициналық ақпараттық жүйелер тіркеліміне тиісті ақпаратты енгізеді.
Тарау 6. 6-тарау. Ішектің асқынған ауруларымен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсетудің жалпы сипаттамалары
6-тарау. Ішектің асқынған ауруларымен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсетудің жалпы сипаттамалары
Тармақ 57
57. Ішектің асқынған ауруларына (бұдан әрі - ІАА) ойық жаралы колит (бұдан әрі - ОЖК), Крон ауруы (бұдан әрі - КА), сондай-ақ сараланбаған колит жатады.
Тармақ 58
58. ТМККК тізбесі және (немесе) МӘМС шегінде ІАА аурулары бар пациенттерге медициналық көмек Клиникалық хаттамаларға сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 59
59. ТМККК тізбесі және (немесе) МӘМС шегінде ІАА бар пациенттерге медициналық көмек көрсету республикалық денсаулық сақтау ұйымдарын қоса алғанда, амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда ұсынылады.
Тармақ 60
60. ІАА бар және оған күдікті пациенттерді бастапқы зерттеу жүргізуді МСАК дәрігері немесе МСАК дәрігерінің жолдамасы бойынша тіркелген жері бойынша «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)» мамандығы бойынша дәрігер жүзеге асырады.
Тармақ 61
61. ІАА бар пациенттерге мамандандырылған (гастроэнтерологиялық) медициналық көмек көрсету кемінде 108 сағат көлемінде біліктілікті арттырудан өткен және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын республикалық денсаулық сақтау ұйымдары беретін тиісті деңгейдегі білімі туралы құжаттары бар «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)» мамандығы бойынша дәрігерлерге рұқсат етіледі.
Тармақ 62
62. ІАА ауыратын пациенттерге мамандандырылған стационарлық көмек көрсетуді денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы және республикалық денсаулық сақтау ұйымдары айқындайтын көпбейінді ауруханалардың гастроэнтерологиялық бөлімшелерінің (немесе гастроэнтерологиялық бейіні бар бөлімшілердің) немесе колопроктология бөлімшелердің (немесе колопроктологиялық мамандандыруы бар хирургиялық бөлімшелердің) базасында жүзеге асырылады.
Тармақ 63
63. ІАА ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсетуге:
Тармақша 1
1) бастапқы зерттеп-қарау;
Тармақша 2
2) диагнозды верфикациялау;
Тармақша 3
3) иммундық-супрессивтік және биологиялық терапияға көрсетілімдерін анықтай отырып терапия режимін таңдау;
Тармақша 4
4) иммундық-супрессивтік және (немесе) биологиялық терапияны жүргізу туралы хаттамалық шешім;
Тармақша 5
5) терапия және мониторинг жүргізу;
Тармақша 6
6) профилактикалық шаралар және консультация жүргізу кіреді.
Тармақ 64
64. ТМККК тізбесі және (немесе) МӘМС шегінде ІАА бар және оған күдікті пациенттерге бастапқы зерттеу мына зерттеулерді көздейді:
Тармақша 1
1) «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)» мамандығы бойынша немесе (болмаған жағдайда) МСАК дәрігері жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Клиникалық хаттамаларға сәйкес медициналық көмектің мынадай көлемін қамтиды: рутиндік зертханалық зерттеулер (тромбоциттер, биохимиялық бейін, коагулограмма, несептің жалпы талдауы, копрограммаларды есептей отырып қанның жалпы кеңейтілген талдауы) жүргізу жіті сатыдағы көрсеткіштерді анықтау (сандық СРА); нәжісті гельминттер мен қарапайымдыларға қатысты зерттеу; ішек иерсиниозына, сальмонеллезге, шигеллезге бактериологиялық зерттеу; нәжістегі жасырын қанды анықтау (гемокульт-тест); фекальды кальпротектинді анықтау;
Тармақша 3
3) ІҚА күдік туындататын нәтижелер алынған кезде әрі қарай зерттеп-қарау және пациенттерді емдеп-қарау тәсілін анықтау үшін ГГО-ға жіберіледі.
Тармақ 65
65. ТМККК тізбесі және (немесе) МӘМС шегінде ІАА диагнозын верификациялау мынаны қарастырады: диагнозды тексеру мынаны:
Тармақша 1
1) ГГО-да «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)» мамандығы бойынша дәрігер жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) медициналық көмектің мынадай көлемін қамтиды: иммунологиялық (серологиялық) зерттеулер (аутоантиденелерді анықтау); нәжістегі А және В Clostridium dificile уыттарын анықтау; эндоскопиялық зерттеулер (эзофагогастродуоденоскопия, илеоколоноскопия); патоморфологиялық (гистологиялық) зерттеу; ішперде қуысына (оның ішінде ішекке) және кіші жамбасқа жүргізілетін ультрадыбыстық зерттеулер; ішперде қуысына немесе кіші жамбас ағзаларына МРТ және КТ; МР (КТ)-энтерография (колонография); көрсетілімдер бойынша басқа да зерттеулер; «Жалпы хирургия (торакалдық хирургия, абдоминалдық хирургия, трансплантология, колопроктология, онкологиялық хирургия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия), «Онкология (химиотерапия, маммология) (ересектер)», Ревматология (ересектер)», «Инфекциялық аурулар (ересектер)», «Фтизиатрия (ересектер, балалар)», «Офтальмология (ересектер, балалар)» ж»не басқа бейінді дәрігерлерге және Акушерлік-гинекологиялық (балалар гинекологиясы, функционалдық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (жүктілікті жоспарлап жүрген ұрпақты болу жасындағы әйелдерде, сондай-ақ жүкті әйелдерде ІҚА болған жағдайларда) мамандығы бойынша бейінді дәрігерлерге консультацияға жіберу.
Тармақша 3
3) диагнозды верификациялау және ауруды жіктеу Клиникалық хаттамаларға сәйкес жүзеге асырылады және пациентке тиісті консультациялық қорытынды бере отырып, нозологиялық нысандарды, аурудың белсенділігін (ауырлығын), ішектен тыс көріністерін, асқынуларды, қосалқы ауруларды белгілеуді көздейді;
Тармақша 4
4) көрсетілімдер болған кезде пациент республикалық деңгейдегі ұйымға консультация алуға немесе емделуге жатқызуға жіберіледі.
Тармақ 66
66. Иммундық-супрессивтік және биологиялық терапияға көрсетілімдерді анықтай отырып терапия режимін таңдау мына мәселелерді көздейді:
Тармақша 1
1) емдеуге жатқызуды талап етпейтін жеңіл және бір қалыпты ауырлықтағы ІАА асқынбаған нысандары жағдайында ГГО басшысы, денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының жауапты бейінді маманы (гастроэнтеролог) және басқа бейінді мамандар (көрсетілімдер бойынша), сондай-ақ пациентті жіберген «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)» мамандығы бойынша дәрігер немесе (болмаған жағдайда) тіркелген жері бойынша МСАК дәрігерінің қатысуымен өтетін консилиумның шешімі бойынша ГГО базасында жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) терапия аурудың сипатын есепке ала отырып және болжамдалатын иммундық-супрессивтік немесе биологиялық терапия кезінде жүргізіледі, қосымша зерттеп-қарау, оның ішінде: Эпштейн-Барра вирусына, цитомегаловирусқа, 1 және 2 типті герпес вирусына серологиялық зерттеулерді (оппортунистік вирустық инфекцияларды жою үшін); Манту сынамасына (немесе туберкулезге өзге ерекше тестілер) және кеудеге рентгенографияны немесе компьютерлік томографияны; әйелдерде (РАР-тест, кольпоскопия, адамның папилломы вирусына ПЦР, маммологтың, онкологтың консультациясы) және ер адамдарда (жалпы және еркін простат-ерекше антигенін анықтауды) онкологиялық скринингті; электрокардиографияны, эхокардиографияны; тиопуриндер метаболитін анықтауды; көрсетілімдер бойынша басқа зерттеулерді көздейді.
Тармақша 3
3) терапия пациентке берілетін консультациялық қорытындыға тиісті ұсынымдарды енгізе отырып Клиникалық хаттамаларға негізделеді;
Тармақша 4
4) көрсетілімдер (аурудың ауырлығы, терапияға резистенттік ағым, асқынулардың дамуы, ішектен тыс құбылыстар, ауыр қосалқы аурулардың болуы, терапияны қайта қарау туралы мәселені шешу) болған кезде пациент консультацияға және (немесе) республикалық деңгейдегі ұйымға емдеуге жатқызуға жіберіледі.
Тармақ 67
67. ТМККК тізбесі және (немесе) МӘМС шегінде иммундық-супрессивтік және (немесе) биологиялық терапияны тағайындау, тоқтату немесе модификациялау туралы хаттамалық шешімді:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы құратын комиссия қабылдайды, оның құрамына: денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы басшысының (төрағасы) орынбасары; денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының жауапты бейінді маманы (гастроэнтеролог); ГГО басшысы кіреді.
Тармақша 2
2) ГГО консилиумының шешіміне негізделеді, ал биологиялық препартаттармен амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етілген жағдайда ГГО консилиумының шешімінен басқа – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған, республикалық медициналық ұйымының консультациялық қорытындысына (оның ішінде телемедицинаны пайдалану арқылы берілген) негізделеді;
Тармақша 3
3) пациентке берілетін консультациялық қорытындыға енгізіледі.
Тармақ 68
68. Терапия және мониторинг жүргізу:
Тармақша 1
1) тіркелген жері бойынша «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)» мамандығы бойынша дәрігер, ал ол болмаған кезде – МСАК дәрігерінің жолдауы;
Тармақша 2
2) ГГО-да «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)» мамандығы бойынша дәрігердің, оның ішінде денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы айқындайтын денсаулық сақтау ұйымының күндізгі стационарында (инфузия кабинетінде), немесе (емдеуге жатқызылған жағдайда) гастроэнтерологиялық бөлімшесінде немесе гастроэнтерологиялық бейіндегі бөлімшеде (күндіз емделетін төсекті қоса алғанда), сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік денсаулық сақтау республикалық ұйымдарында жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) клиникалық (клиникалық-эндоскопиялық) ремиссия кезеңіндегі және иммундық-супрессивтік және (немесе) биологиялық терапияны қабылдамайтын ІАА асқынбаған ағымы бар пациенттерде тіркелген жері бойынша «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)» мамандығы бойынша дәрігердің, ал ол болмаған кезде - ГГО берген консультациялық қорытындыға сәйкес МСАК дәрігерінің жүзеге асыру мүмкіндігін көздейді.
Тармақша 4
4) медициналық көмектің мынадай көлемін қамтиды: дәрілік препарттарды қолданудың мақсаты, қағидалары, болжамды тиімділік режимі, мүмкін болатын жанама құбылыстары мен қауіптері туралы түпкілікті түсініктер, ал иммундық-супрессивтік немесе биологиялық терапияны тағайындаған немесе модификациялаған жағдайда - ІАА бар пациенттің немесе оның заңды өкілінің ақпараттындырылған келісімге алдын ала қол қояды; ГГО берген консультациялық қорытындыға сәйкес ГГО дәрігері немесе «Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)» мамандығы бойынша дәрігер жүзеге асыратын пациенттерге дәрілік заттарды алуға рецепт жазады; тиімділік, қауіпсіздік мониторингін жүргізу және бағалау, сондай-ақ Клиникалық хаттамаларға сәйкес зерттеп-қарау жиілігімен клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеулердің (клиникалық, серологиялық, микробиологиялық, эндоскопиялық, патоморфологиялық, сәулелік рутиндік зерттеулер, сондай-ақ сырқаттың белсенділігін бағалаудың өзіндік зертханалық әдістерін, оппортунистік инфекциялар мен дәрілік терапияға кері әсерлерді қоса алғанда) негізінде емдеу режимін түрлендіреді;
Тармақша 5
5) ГГО ІАА терапиясына алынған пациенттердің саны және терапия алынып тасталған, өзгертілген немесе аяқталған пациенттердің саны туралы ақпаратты денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік басқарудың жергілікті органына тоқсан сайын ұсынуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) қажеттілігі мен қолжетімділігін ескере отырып аудандық деңгейге жеткізе отырып, ІАА емдеуге арналған препараттарды босату, сондай-ақ босатылуын және олардың болуын бақылауды денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары айқындайтын фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы жүргізеді.
Тармақ 69
69. Профилактикалық шаралар мен консультациялар мынаны көздейді:
Тармақша 1
1) ІАА бар пациенттер тіркелген жері бойынша динамикалық бақылауға алынады;
Тармақша 2
2) ІАА бар пациенттерге аурудың барлық кезеңінде емдеп-қарауды жүзеге асыратын мамандар аурудың даму қаупінің факторларына қатысты, сондай-ақ ұрпақты болу денсаулығы туралы толық түсінік беріледі;
Тармақша 3
3) ІАА бар пациенттер ГГО базасында, ал мүмкіндік болмаған кезде – денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының шешімі бойынша басқа медициналық ұйымда илеоколоноскопияны жүргізуді қоса алғанда колореактальдық обырға үнемі скрининг жасауға жатады;
Тармақша 4
4) ІАА бар пациенттерге қажетті психологиялық көмек, сондай-ақ отбасын жоспарлау бойынша консультациялық көмек (акушер-гинекологпен, урологпен бірлесіп) ұсынылады;
Тармақ 70
70. Бұрын басқа медициналық ұйымда қойылған ІАА диагнозы бар пациенттерді есепке қою медициналық құжатты беру және алдыңғы тіркелген, есепке алынған және бақыланған жері бойынша медициналық ұйымның бейінді мамандарымен талқылау арқылы тіркелген жері бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымда жүргізіледі.
Тармақ 71
71. ІАА диагнозын анықтау фактісі, зерттеп-қарау, емдеу нәтижелері бойынша (терапияны тағайындау, модификациялау немесе алып тастауды қоса алғанда), ІАА бар пациенттердегі колоректальдық обырға скрининг жүргізу бойынша тіркелген жері бойынша «Гастроэнтерология (негізгі мамандығы бойынша эндоскопия, негізгі мамандығы бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектер)» мамандығы бойынша дәрігер, ал ол болмаған кезде МСАК дәрігері тиісті ақпаратты медициналық ақпараттық жүйелерге енгізеді.
Тарау 7. 7-тарау. Бауырды транспланттауға дейін және кейін пациенттерге гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетудің жалпы сипаттамалары
7-тарау. Бауырды транспланттауға дейін және кейін пациенттерге гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетудің жалпы сипаттамалары
Тармақ 72
72. ТМККК тізбесі және (немесе) МӘМС шегінде бауырды транспланттауға дейін және кейін пациенттерге медициналық көмек көрсету тіркелген жері бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, ГГО, көпбейінді стационарларда, ведомстволық және республикалық ұйымдарда, оның ішінде бауырды транспланттауды орындайтын медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады.
Тармақ 73
73. Бауырды транспланттауға дейін және кейін пациенттерге медициналық көмек «Қазақстан Республикасында тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау бойынша медициналық қызметтерді және донорлар мен реципиенттерге медициналық көмектің басқа түрлерін көрсетуді ұйымдастыру стандартын және Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № ҚР ДСМ-13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 129772 болып тіркелген) сәйкес ұсынылады.
Басқа 1. Құрылымында гастроэнтерология кабинеті бар денсаулық сақтау ұйымындағы медициналық жабдықтардың ең аз тізбесі
Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына 1-қосымша Құрылымында гастроэнтерология кабинеті бар денсаулық сақтау ұйымындағы медициналық жабдықтардың ең аз тізбесі № Са­ны Эзо­фа­го­га­стро­дуо­де­но­ско­пия ка­би­не­ті 1 Бей­не­эн­до­ско­пи­я­лық жүйе (бей­не­про­цес­сор, мо­ни­тор, жа­рық бе­ру­ші, сор­ғыш) 1 2 Бей­не­га­стро­скоп 2 3 Биоп­си­я­лық қы­сқаш­тар 2 4 1.Па­ци­ент­ті қа­ра­у­ға ар­нал­ған ку­шет­ка неме­се үстел 1 5 Ас­пап­тар үсте­лі 2 6 Ме­ди­ци­на­лық шкаф 1 7 2.Бак­те­ри­цид­тік лам­па 1 8 Мор­фо­ло­ги­я­лық зерт­те­у­ге ма­те­ри­ал­ды алу­ға ар­нал­ған фор­ма­ли­ні бар құ­ты­ла­ры мен шы­ны­лар Қыз­мет кө­ле­міне бай­ла­ны­сты Рек­то­ско­пия ка­би­не­ті 9 Рек­то­скоп 2 10 Рек­то­ско­пи­я­ға ар­нал­ған биоп­си­я­лық қы­сқаш­тар 2 11 Эн­до­ско­пи­я­лық жа­рық бе­ру­ші неме­се про­цес­сор 1 12 Па­ци­ент­ті қа­ра­у­ға ар­нал­ған ку­шет­ка неме­се үстел 1 13 1.Ме­ди­ци­на шка­фы 1 14 2.Ас­пап­тар үсте­лі 1 15 3.Бак­те­ри­цид­тік лам­па 1 16 Мор­фо­ло­ги­я­лық зерт­те­у­ге ма­те­ри­ал­ды алу­ға ар­нал­ған фор­ма­лин құ­ты­ла­ры мен шы­ны­лар Қыз­мет кө­ле­міне бай­ла­ны­сты Эн­до­скоп­тар мен ас­пап­тар­ды за­рар­сыздан­ды­ру­ға ар­нал­ған ка­би­нет 17 Эн­до­скоп­тар­ды ав­то­мат­ты жу­у­ға және за­рар­сыздан­ды­ру­ға ар­нал­ған ап­па­рат 1 18 Эн­до­скоп­тар­ды кеп­ті­ру мен сақ­та­у­ға ар­нал­ған шкаф 1 Сәу­ле­лік ди­а­гно­сти­ка ка­би­не­ті 19 Рент­ге­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы 1 20 Уль­тра­ды­быст­ық ди­а­гно­сти­ка­ға ар­нал­ған ап­па­рат 1 Өзге жаб­дық­тар 21 Ты­ныс алу­дың уре­аз­дық те­сті­сін жүр­гізу­ге ар­нал­ған ас­пап 1
Басқа 2. Құрылымында ГГО бар денсаулық сақтау ұйымындағы медициналық жабдықтардың ең аз тізбесі
Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына 2-қосымша Құрылымында ГГО бар денсаулық сақтау ұйымындағы медициналық жабдықтардың ең аз тізбесі № Эзо­фа­гог­стро­дуо­де­но­ско­пия ка­би­не­ті Са­ны 1 Бей­не­эн­до­ско­пи­я­лық жүйе (бей­не­про­цес­сор, мо­ни­тор, жа­рық бе­ру­ші, сор­ғыш) 1 2 Бей­не­га­стро­скоп 2 3 Биоп­си­я­лық қы­сқаш­тар 2 4 4.Па­ци­ент­ті қа­ра­у­ға ар­нал­ған ку­шет­ка неме­се үстел 1 5 Ас­пап­тар үсте­лі 2 6 Ме­ди­ци­на­лық шкаф 1 7 5.Бак­те­ри­цид­тік лам­па 1 8 Мор­фо­ло­ги­я­лық зерт­те­у­ге ма­те­ри­ал алу­ға ар­нал­ған фор­ма­ли­ні бар құ­ты­ла­ры мен шы­ны­лар Қыз­мет кө­ле­міне бай­ла­ны­сты Ко­лон­на­лық- және рек­то­ско­пия ка­би­не­ті 9 Бей­не­эн­до­ско­пи­я­лық жүйе (про­цес­сор, мо­ни­тор, сор­ғыш) 1 10 1.Бей­не­ко­ло­но­скоп 2 11 Рек­то­скоп 2 12 Рек­то­скоп­қа ар­нал­ған биоп­сия қы­сқаш­та­ры 2 13 Эн­до­ско­пи­я­лық жа­рық бе­ру­ші неме­се про­цес­сор 1 14 Па­ци­ент­ті қа­ра­у­ға ар­нал­ға ку­шет­ка неме­се үстел 1 15 3.Ме­ди­ци­на­лық шкаф 1 16 4.Ас­пап­тар үсте­лі 2 17 5.Бак­те­ри­цид­тік лам­па 1 18 Мор­фо­ло­ги­я­лық зерт­те­у­ге ма­те­ри­ал алу­ға ар­нал­ған фор­ма­ли­ні бар құ­ты­ла­ры мен шы­ны­лар Қыз­мет кө­ле­міне бай­ла­ны­сты Эн­до­скоп­тар мен құ­рал­дар­ды жуу мен за­рар­сыздан­ды­ру­ға ар­нал­ған ка­би­нет 19 Эн­до­скоп­тар­ды за­рар­сыздан­ды­ру және ав­то­мат­тық жу­у­ға ар­нал­ған ап­па­рат 1 20 Эн­до­скоп­тар­ды кеп­ті­ру мен сақ­та­у­ға ар­нал­ған шкаф 1 Сәу­ле­лік ди­а­гно­сти­ка ка­би­не­ті 21 Рент­ге­но­ло­ги­я­лық құ­ры­л­ғы 1 22 До­ппле­ро­гра­фи­я­лық кар­тир­леу қыз­ме­ті бар уль­тра­ды­быст­ық ди­а­гно­сти­ка қыз­ме­тіне ар­нал­ған ап­па­рат 1 23 Ба­уыр­дың ту­ра емес эла­сто­гра­фи­я­сы­на ар­нал­ған ап­па­рат 1
Басқа 3. Құрылымында гастроэнтерология (гастроэнтерология және гепатология) бөлімшесі бар денсаулық сақтау ұйымындағы медициналық жабдықтардың ең аз тізбесі
Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына 3-қосымша Құрылымында гастроэнтерология (гастроэнтерология және гепатология) бөлімшесі бар денсаулық сақтау ұйымындағы медициналық жабдықтардың ең аз тізбесі № Са­ны Эн­до­ско­пия бө­лім­ше­сі Эзо­фа­гог­стро­дуо­де­но­ско­пия ка­би­не­ті 1 Бей­не­эн­до­ско­пия жүй­е­сі (про­цес­сор, мо­ни­тор, сор­ғыш) 1 2 Бей­не­га­стро­скоп 2 3 Биоп­сия қы­сқаш­та­ры 2 4 Эн­до­ско­пи­я­лық жа­рық бе­ру­ші неме­се про­цес­сор 1 5 Элек­тр­лік сор­ғыш 1 6 Па­ци­ент­ті қа­ра­у­ға ар­нал­ған ку­шет­ка неме­се үстел 1 7 Ас­пап­тар үсте­лі 2 8 Ме­ди­ци­на­лық шкаф 1 9 Бак­те­ри­цид­тік лам­па 1 10 Мор­фо­ло­ги­я­лық зерт­те­у­ге ма­те­ри­ал алу­ға ар­нал­ған фор­ма­ли­ні бар құ­ты мен шы­ны­лар Қыз­мет кө­ле­міне бай­ла­ны­сты Ко­лон­на­лық- және рек­то­ско­пия ка­би­не­ті 11 Бей­не­эн­до­ско­пи­я­лық жүйе (про­цес­сор, мо­ни­тор, сор­ғыш) 1 12 2.Бей­не­ко­ло­но­скоп 2 13 Рек­то­скоп 2 14 Рек­то­скоп­қа ар­нал­ған биоп­си­я­лық қы­сқаш­тар 2 15 Эн­до­ско­пи­я­лық жа­рық бе­ру­ші неме­се про­цес­сор 1 16 Па­ци­ент­ті қа­ра­у­ға ар­нал­ған ку­шет­ка неме­се үстел 1 17 Ме­ди­ци­на­лық шкаф 1 18 Ас­пап­тар үсте­лі 2 19 6.Бак­те­ри­цид­тік лам­па 1 20 Мор­фо­ло­ги­я­лық зерт­теу ма­те­ри­а­лын алу­ға ар­нал­ған фор­ма­ли­ні бар құ­ты мен шы­ны­лар Қыз­мет кө­ле­міне бай­ла­ны­сты Ренг­т­ге­нэн­до­ско­пи­я­лық опе­ра­ция жа­сау бөл­ме­сі 21 Бей­не­эн­до­ско­пи­я­лық жүйе (про­цес­сор, мо­ни­тор, сор­ғыш) 1 22 Бей­не­дуо­де­но­скоп 1 23 Уль­траз­ды­быст­ық эн­до­скоп 1 24 Элек­тр­лік оп­ти­ка­лық жа­ңа­ру неме­се С-до­ға­лы ста­ци­о­нар­лық рент­ген­дік ап­па­рат 1 25 Нар­коз­бен ты­ныс алу ап­па­ра­ты 1 26 Па­ци­ент мо­ни­то­ры 1 27 Элек­тр­лік хи­рур­ги­я­лық құ­ры­л­ғы 1 28 ЭРХ­ПГ ар­нал­ған ка­те­тер 2 29 Па­пил­ло­том 2 30 Га­стро­ско­пи­я­ға ар­нал­ған іл­гек 2 31 Ко­ло­но­ско­пи­я­ға ар­нал­ған іл­гек 2 32 Га­стро­ско­пи­я­ға ар­нал­ған ин­жек­тор 2 33 Ко­ло­но­ско­пи­я­ға ар­нал­ған ин­жек­тор 2 34 Дор­миа кәр­зең­ке­сі 2 35 Га­стро- және ко­ло­но­ско­пи­я­ға ар­нал­ған клипс жиын­тығы бар кли­па­тор Қыз­мет кө­ле­міне бай­ла­ны­сты 36 Өзге де­не­лер­ді жо­ю­ға ар­нал­ған ас­пап­тар Қыз­мет кө­ле­міне бай­ла­ны­сты 37 Эн­до­ско­пи­я­лық жа­рық бе­ру­ші неме­се про­цес­сор 1 38 Па­ци­ент­ті қа­ра­у­ға ар­нал­ған ку­шет­ка неме­се үстел 1 39 6.Ме­ди­ци­на­лық шкаф 1 40 Ас­пап­тар үсте­лі 2 41 7.Бак­те­ри­цид­тік лам­па 1 42 Мор­фо­ло­ги­я­лық зерт­теу ма­те­ри­а­лын алу­ға ар­нал­ған фор­ма­ли­ні бар құ­ты­лар мен шы­ны­лар Қыз­мет кө­ле­міне бай­ла­ны­сты Эн­до­скоп­тар мен құ­рал­дар­ды жуу мен за­рар­сыздан­ды­ру­ға ар­нал­ған ка­би­нет 43 Эн­до­скоп­тар­ды жуу мен за­рар­сыздан­ды­ру­ға ар­нал­ған ап­па­рат 1 44 Эн­до­скоп­тар­ды кеп­ті­ру мен сақ­та­у­ға ар­нал­ған шкаф Қыз­мет кө­ле­міне бай­ла­ны­сты Сәу­ле­лік ди­а­гно­сти­ка бө­лім­ше­сі 45 Ста­ци­о­нар­лық рент­ген­дік құ­ры­л­ғы 1 46 До­ппле­ро­гра­фи­я­лық кар­тир­леу қыз­ме­ті бар уль­тра­ды­быст­ық ди­а­гно­сти­ка қыз­ме­тіне ар­нал­ған ап­па­рат 1 47 Ба­уыр эла­сти­ка­сын (эла­сто­мет­ри­я­сын) өл­ше­у­ге ар­нал­ған ап­па­рат 1 48 Ком­пью­тер­лік, маг­нит­тік ре­зо­нан­стық то­мо­граф 1 49 Кон­тра­стық затты ен­гі­зу ин­жек­то­ры 1 Өзге жаб­дық­тар 50 Ба­уыр­дың пунк­ци­я­лық биоп­си­я­сы­на ар­нал­ған жиын­тық­тар Қыз­мет кө­ле­міне бай­ла­ны­сты 51 Ас­қа­за­ні­ші­лік рН-мет­рия жүр­гізу­ге ар­нал­ған ас­пап 1 52 Ты­ныс алу те­стін жүр­гізу­ге ар­нал­ған құ­рал 1