О льготном проезде на общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения Күшін жойған
Басқа 0
Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасындағы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық бюджеттің есебінен қаржыландырылатын, Сәтбаев қаласында ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру билетінің толық құнының елу пайызы мөлшерінде (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда) жеңілдікпен жол жүру құқығы берілсін.
Тармақ 2
2. «Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2018 жылғы 22 ақпандағы № 246 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4638 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 наурыздағы «Шарайна» № 11 (2304) газетінде және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 16 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Жанасылова Қамар Қапасқызы) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.