О ратификации Соглашения о предотвращении инцидентов на Каспийском море Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Каспий теңізінде тосын оқиғаларды болғызбау
туралы келісімді ратификациялау туралы
2018 жылғы 12 тамызда Ақтауда жасалған Каспий теңізінде тосын оқиғаларды болғызбау туралы келісім ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Каспий теқосымңізінде тосын оқиғаларды болғызбау туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Әзербайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Түрікменстанның үкіметтері
осы Келісім шеңберінде Каспий теңізінде Тараптар мемлекеттерінің қарулы күштері әскери корабльдерінің жүзуі және әуе кемелерінің ұшуы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
тиісті жалпыға бірдей қабылданған қағидаттар мен халықаралық құқық нормаларын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Тармақ 1
1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
Тармақша a
a) "әскери корабль" Тараптар мемлекеттерінің бірінің қарулы күштеріне тиесілі, тегі әскери қызметшілердің тізіміне немесе оған балама құжатқа енгізілген, тиісті Тараптың мемлекеттік қызметінде тұратын офицердің қолбасшылығындағы жүйелі әскери тәртіпке бағынатын экипажбен жасақталған, мұндай кеменің ұлттық белгісімен ерекшеленетін сыртқы белгілері бар кемені білдіреді;
Тармақша b
b) "әуе кемесі" Тараптар мемлекеттерінің бірінің қарулы күштеріне тиесілі, ауадан ауыр немесе жеңіл, мұндай ұшу аппараттарының ұлттық белгісімен ерекшеленетін сыртқы белгілері бар ұшу аппаратын білдіреді;
Тармақша с
с) "әскери корабльдер тобы" бірге жүзетін және бірлесіп маневр жасайтын екі немесе одан да көп әскери корабльдер құралымын білдіреді;
Тармақша d
d) "маневр жасау" әскери корабльдің немесе әскери корабльдер тобының қозғалыс бағытын (бағдарын) және/немесе жылдамдығын өзгертуді білдіреді.
Бап 2. 2-бап
2-бап
Осы Келісім Тараптардың Каспий теңізінде, аумақтық сулардан және оның үстіндегі әуе кеңістігінен тыс жерде іс-қимыл жасайтын әскери корабльдеріне және әуе кемелеріне қолданылады.
Бап 3. 3-бап
3-бап
Тараптар өз әскери корабльдері командирлерінің 1972 жылғы Теңізде кемелер соқтығысуының алдын алудың халықаралық қағидаларын (ТКСАХҚ-72) мүлтіксіз сақтауы жөнінде шаралар қолданады.
Бап 4. 4-бап
4-бап
Тармақ 1
1. Тараптардың әрқайсысының басқа Тараптардың әскери корабльдеріне жақын жерде іс-қимыл жасайтын әскери корабльдері соқтығысу қаупін болғызбау үшін әскери корабльдер ТКСАХҚ-72-ге сәйкес бағдары мен жылдамдығын сақтау қажет болатын жағдайларға ұшырамайтындай қауіпсіз қашықтықта болуға тиіс.
Тараптардың әскери корабльдері күндіз 2 теңіз милінен және түнде 3 теңіз милінен кем арақашықтыққа немесе нашар көріну жағдайларында жақындаған кезде осы Келісімнің 6-бабында айқындалған тәртіппен байланыс орнатады.
Тармақ 2
2. Тараптардың әрқайсысының басқа Тараптардың әскери корабльдері топтарымен кездесетін немесе оларға жақын жерде іс-қимыл жасайтын әскери корабльдері ТКСАХҚ-72-ні орындау үшін осы әскери корабльдер топтарының маневр жасауын орындауды қиындататын осындай маневр жасауды болдырмайды.
Тармақ 3
3. Тараптардың бір-біріне көріну шегінде болатын әскери корабльдері өз іс-қимылдары мен ниеттерін белгілеу үшін ТКСАХҚ-72-де Халықаралық сигналдар жиынтығында көзделген сигналдарды (жалаушамен, дыбыспен немесе жарықпен берілетін), осы Келісімге қосымшада қамтылған Арнайы сигналдар кестесін пайдаланады. Түнде немесе күндіз шектеулі көріну жағдайларында немесе жарықтың түсуі және қашықтық жалауша сигналдары байқалмайтындай болған жағдайларда бұл мақсаттар үшін жарық сигналдарын немесе 16-арнадағы (156,8 МГц) УҚТ-радиобайланысы құралдарын пайдаланған жөн.
Тармақ 4
4. Тараптардың әскери корабльдері:
Тармақша a
a) басқа Тараптың әскери корабльдері мен әуе кемелері бағытына жауынгерлік маневр жасау, қаруды, зымырандарды ұшыру қондырғыларын, торпедалық аппараттар мен қару-жарақтың басқа да түрлерін бұру жолымен шабуылдарды имитациялауды қолданбауға тиіс;
Тармақша b
b) басқа Тараптың әскери корабльдері бағытына осы әскери корабльдер үшін қауіп төндіретіндей не теңізде жүзуі үшін кедергі келтіретіндей қандай да бір заттарды тастамауға тиіс;
Тармақша c
c) прожекторларды немесе басқа да жарықтандыру құралдарын басқа Тараптың әскери кораблін немесе әуе кемесін басқаруда кедергі келтіретіндей етіп пайдаланбауға тиіс;
Тармақша d
d) лазерлер мен кез келген басқа да техникалық құралдарды басқа Тараптың әскери кораблін немесе әуе кемесін басқаруда кедергі келтіретіндей, ондағы жеке құрамның денсаулығына зиян келтіретіндей немесе жабдыққа залал тигізетіндей етіп қолданбауға тиіс;
Тармақша е
е) басқа Тараптың әскери корабльдері мен әуе кемелері бағытына осы әскери корабльдер немесе әуе кемелері үшін қауіп төндіретіндей етіп сигналдық зымырандарды ұшырмауға тиіс;
Тармақша f
f) басқа Тараптың әскери корабльдері мен әуе кемелерінің радиоэлектрондық және навигациялық құралдарына қасақана кедергі келтірмеуге тиіс.
Тармақ 5
5. Суасты жағдайында болатын сүңгуір қайықтармен оқу-жаттығуларын өткізу кезінде сүңгуір қайықтармен ілесіп жүзетін суүсті әскери корабльдері басқа Тараптың әскери корабльдеріне осы ауданда сүңгуір қайықтардың бар екені туралы ескерту үшін Халықаралық сигналдар жиынтығы бойынша немесе осы Келісімге қосымшада қамтылған Арнайы сигналдар кестесі бойынша тиісті сигналмен жүруге тиіс.
Тармақ 6
6. Тараптардың әрқайсысының әскери корабльдері ТКСАХҚ-72 3 (g) қағидасына сәйкес басқа Тараптың маневр жасау мүмкіндігі шектеулі әскери корабльдеріне, атап айтқанда, әуе кемелерін ұшыруды немесе қабылдауды қамтамасыз етумен айналысатын әскери корабльдерге, сондай-ақ жүзіп келе жатып қорларды толтырумен айналысатын әскери корабльдерге жақындаған кезде осындай әскери корабльдердің маневр жасауын шектемеу және олардан жеткілікті қашықтықта қалу үшін тиісті шаралар қолдануға тиіс.
Тармақ 7
7. Тараптардың әскери корабльдері мен әскери корабльдерінің топтары теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесіне орай қарқынды кеме қатынасы және өзге де шаруашылық-экономикалық қызмет аудандарында қауіпті маневр жасамайды.
Тармақ 8
8. Тараптардың әскери корабльдері мен әуе кемелерінің іс-қимылы осы Келісімнің ережелеріне сәйкес Тараптардың егемендік және айрықша құқықтарына нұқсан келтірмей жүзеге асырылады және Тараптардың егемен және айрықша құқықтарын жүзеге асыруда ақталмаған кедергіге әкеп соқпауға тиіс.
Бап 5. 5-бап
5-бап
Тармақ 1
1. Тараптардың әрқайсысының әуе кемелері басқа Тараптың әуе кемелеріне немесе әскери корабльдеріне, әсіресе, әуе кемелерін ұшыруды немесе қабылдауды қамтамасыз етумен айналысатын әскери корабльдерге жақындаған кезде барынша сақтық танытуға тиіс.
Тармақ 2
2. Тараптардың әуе кемелері:
Тармақша a
a) басқа Тараптың әскери корабльдеріне және әуе кемелеріне шабуылдауды имитациялауды немесе қару қолдануды имитациялауды қолданбауға тиіс;
Тармақша b
b) басқа Тараптың әскери корабльдері мен әуе кемелеріне тікелей жақын жерде әртүрлі пилотаждық фигуралар мен қауіпті маневр жасауды орындамауға тиіс;
Тармақша c
c) басқа Тараптың әскери корабльдері мен әуе кемелері бағытына қандай да бір заттарды теңізде жүзуге және ұшуға кедергі келтіретіндей етіп тастамауға тиіс;
Тармақша d
d) прожекторларды немесе басқа да жарықтандыру құралдарын басқа Тараптың әскери кораблін немесе әуе кемесін басқаруда кедергі келтіретіндей етіп пайдаланбауға тиіс;
Тармақша е
е) лазерлер мен кез келген басқа да техникалық құралдарды басқа Тараптың әскери кораблін немесе әуе кемесін басқаруда кедергі келтіретіндей, олардағы жеке құрамның денсаулығына зиян келтіретіндей немесе жабдыққа залал тигізетіндей етіп қолданбауға тиіс;
Тармақша f
f) басқа Тараптың әскери корабльдері мен әуе кемелерінің радиоэлектрондық және навигациялық құралдарына қасақана кедергі жасамауға тиіс.
Тармақ 3
3. Тараптар әуе кемелерінің тәуліктің қараңғы уақытында немесе нашар көріну жағдайларында ұшу кезінде аэронавигациялық шамдары қосылып тұруға тиіс.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Тармақ 1
1. Тараптардың әскери корабльдері мен әуе кемелері радиобайланысты орнату кезінде "(ұлты) warship/aircraft" нысаны бойынша өзінің ұлты туралы ақпаратты қамтитын ағылшын тіліндегі шақыру белгілерін пайдаланады.
Тармақ 2
2. Радиобайланыс ағылшын немесе басқа да қолайлы тілдерде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Тараптардың әскери корабльдері мен әуе кемелері ақпарат алмасу және өзара жақсы түсіну үшін:
Тармақша а
а) Тараптардың әскери корабльдері арасында - осы Келісімнің 4-бабының 3-тармағына сәйкес жиіліктердегі радиобайланысты пайдаланады. Бастапқы байланыс орнатылғаннан кейін жұмыс бабында алмасу командирлердің уағдаластығы бойынша, әдетте халықаралық практикада пайдаланылатын УҚТ-диапазондағы арналардың бірінде жүзеге асырылады;
Тармақша б
б) бір Тараптың әуе кемесі мен басқа Тараптың әуе кемесі арасында, сондай-ақ бір Тараптың әскери кораблі мен басқа Тараптың әуе кемесі арасында - УҚТ-диапазонда 121,5 МГц немесе 243 МГц жиіліктеріндегі радиобайланысты пайдаланады. Бастапқы байланыс орнатылғаннан кейін ақпарат алмасу 130 МГц немесе 278 МГц жиіліктерінде жүзеге асырылады.
Бап 7. 7-бап
7-бап
Тараптардың әскери корабльдері мен әскери корабльдерінің топтары суасты кабельдері мен құбыржолдарының трассалары өтетін, сондай-ақ жасанды аралдар, қондырғылар, құрылыстар орналасқан аудандарда осы объектілерге және олардың қызметіне қатер төндіретін кез келген іс-қимылдардан тартынатын болады.
Бап 8. 8-бап
8-бап
Тармақ 1
1. Тараптар навигациялық ақпаратты жеткізудің белгіленген жүйесі арқылы кемінде:
Тармақша a
a) 3 тәулік бұрын - теңізде жүзуге қауіп төндіретін өздерінің әскери корабльдерінің іс-қимылдары туралы құлақтандыру беруді;
Тармақша b
b) 7 тәулік бұрын - әуе навигациясына қауіп төндіретін өздерінің әскери корабльдері мен әуе кемелерінің іс-қимылдары туралы аэронавигациялық ақпарат қызметінің хабарламаларын беруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Басқа Тараптар мемлекеттерінің балық аулайтын аймақтарында осы баптың 1-тармағында айтылатын іс-қимылдарды жүргізу аудандарын белгілеуге жол берілмейді.
Ортақ су кеңістігінде осындай аудандарды белгілеу оларда жасанды аралдар, қондырғылар, құрылыстар болмаған жағдайда ғана мүмкін болады. Осындай ауданды белгілеген Тарап өзінің басқа Тараптарға келтірген залалы үшін жауапты болады.
Тармақ 3
3. Тараптардың әрқайсысы әскери корабльдер мен әуе кемелері командирлерінің осы баптың 1-тармағына сәйкес бұл туралы ақпарат берілген, іс-қимылдар жүргізу аудандарында барынша сақтық танытуы үшін қажетті шаралар қабылдайды.
Бап 9. 9-бап
9-бап
Тараптардың әскери корабльдері мен әуе кемелері арасында нәтижесінде материалдық залал келтірілген тосын оқиғалар және теңіздегі басқа да тосын оқиғалар жағдайлары немесе оларға алып келуге қабілетті жағдайлар туралы Тараптар дипломатиялық арналар арқылы уақтылы тиісті ақпарат алмасады.
Бап 10. 10-бап
10-бап
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға байланысты кез келген келіспеушіліктер мен даулар Тараптар арасында консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.
Бап 11. 11-бап
11-бап
Тармақ 1
1. Осы Келісімнің ережелері барлық Тараптардың уағдаластығы бойынша өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар оның ажырамас бөлігі болып табылады және осы Келісімнің 13-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін жекелеген хаттамалармен ресімделеді.
Бап 12. 12-бап
12-бап
Қазақстан Республикасы осы Келісімнің Депозитарийі болып табылады.
Бап 13. 13-бап
13-бап
Тармақ 1
1. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны Депозитарий алған күннен бастап отызыншы күні күшіне енеді.
Тармақ 2
2. Тараптардың әрқайсысы өзінің осы Келісімнен шығу ниеті туралы Депозитарийге жазбаша хабарламаны жіберу арқылы осы Келісімге өзінің қатысуын тоқтата алады. Бұл Тарап үшін осы Келісім Депозитарий осындай хабарламаны алған күннен бастап он екі ай ішінде қолданыста болады.
Тармақ 3
3. Осы Келісімнің ережелері Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
2018 жылғы 12 тамызда Ақтау қаласында әзербайжан, қазақ, орыс, түрікмен, парсы және ағылшын тілдерінде бір төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндер тең түпнұсқалы болып табылады.
Келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді пайдаланады.
Төлнұсқа данасы Депозитарийге сақтауға тапсырылады, ол осы Келісімнің расталған көшірмелерін Тараптарға жібереді.
Әзербайжан Республикасының Үкіметі үшін
Иран Ислам Республикасының Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін
Ресей Федерациясының Үкіметі үшін
Түрікменстан Үкіметі үшін
Басқа 0. Арнайы сигналдар кестесі
Айырым сигналы: ҮV1
(келесі топ осы сигналмен алдын ала ескертіледі)
Каспий теңізінде тосын
оқиғаларды болғызбау туралы
келісімге қосымша
Арнайы сигналдар кестесі
Айырым сигналы: ҮV1
(келесі топ осы сигналмен алдын ала ескертіледі)
Сигнал
Сигналдардың мағынасы
1
2
IR1
Мен мұхиттану жұмыстарымен айналысудамын
IR2
/.../
Менің бортымның сыртында кеменің артқы жағында _________ метр гидрографиялық зерттеу аппаратурасы бар (тіркеп тартудамын)
IR3
Мен бортқа гидрографиялық зерттеу аппаратурасын көтерудемін
IR4
Мен құтқару жұмыстарымен айналысудамын
JH1
Мен кемені қайраңнан шығаруға тырысудамын
MH1
Менің бағдарымды алдыңғы жағымнан кесіп өтпеуді сұраймын
NB1
/.../
Менен ________ бағытта/ІІІ МСС кестесі/ менің бортымның сыртында тіркелмейтін гидрографиялық зерттеу аспаптары бар
PJ1
Мен бағдарымды оңға өзгерте алмаймын
РJ2
Мен бағдарымды солға өзгерте алмаймын
РJ3
Абайлаңыз, менің рульдік басқаруым істен шықты
РР8
/.../
Қауіпті операциялар жүргізілуде. Менен _______ жақтағы бағытта /III МСС кестесі//болмауды сұраймын _______
QF1
Абайлаңыз, мен жүрісімді баяулаттым
QS6
/.../
Мен бағдар бойынша зәкір тұрағына бет алдым
QV2
Мен екі немесе одан көп зәкірді немесе кеменің алдыңғы және артқы жағынан бекіту бөшкелерін пайдалана отырып, мықты бекітілгенмін. Кедергі келтірмеуді сұраймын.
QV3
Мен борттың сыртында гидрографиялық зерттеу аппаратурасымен үлкен тереңдіктегі зәкірде тұрмын
RT2
Мен сіздің сол жақ бортыңыз жағымен өтуге ниеттенудемін
RT3
Мен сіздің оң жақ бортыңыз жағымен өтуге ниеттенудемін
RT4
Мен сол жақ бортыңыз жағынан сізді басып озамын
RT5
Мен оң жақ бортыңыз жағынан сізді басып озамын
RT6
/.../
Мен ______ маневр жасаудамын (Құрама маневр жасауда). Менен ____ жақтағы бағытта /III МСС кестесі/болмауды сұраймын ________
RT7
/.../
Мен сіздің корабліңізге оң жақ борттан ___ жүз метр (ярд) қашықтықта жақындаймын
RT8
/.../
Мен сіздің корабліңізге сол жақ борттан ___ жүз метр (ярд) қашықтықта жақындаймын
RT9
/.../
Мен сіздің корабліңіздің артқы жағынан ___ жүз метр (ярд) қашықтықта өтемін
RU2
/.../
Мен _________ шамамен минуттан кейін солға бұрыла бастаймын
RU3
/.../
Мен _________ шамамен минуттан кейін оңға бұрыла бастаймын
RU4
Құрама бағдарды сол жаққа өзгертуге дайындалуда
RU5
Құрама бағдарды оң жаққа өзгертуге дайындалуда
RU6
Маневр жасау бойынша оқу-жаттығу өткізудемін, ордер ішінде болу қауіпті
RU7
Мен су астына түсуге дайындалудамын
RU8
Сүңгуір қайық менен екі миль шегінде 30 минуттан кешікпей су бетіне шығатын болады. Кедергі келтірмеуді сұраймын
SL2
Алшақтау үшін бағдарыңызды, жылдамдығыңызды және ниетіңізді көрсетуді сұраймын
ТХ1
Мен балық аулауды қадағалаумен айналысудамын
UҮ1
/.../
Мен ________ бағдар бойынша ұшақты ұшыруға (қондыруға) дайындалудамын
UҮ2
/.../
Мен зымырандық оқу-жаттығу атысын өткізуге дайындалудамын. Менен __________ III МСС кестесі/ бағытта болмауды сұраймын
UҮ3
/.../
Мен артиллериядан оқу-жаттығу оқ атысын жүргізуге дайындалудамын. Менен _________ /III МСС кестесі/ бағытында болмауды сұраймын
UҮ4
Мен жарылғыш заттарды пайдаланып іс-қимыл жасауға дайындалудамын (жүргізіп жатырмын)
UҮ5
/.../
Менен _________ /III МСС кестесі/ жақтағы бағдар бойынша торпедалық оқу-жаттығу атысын өткізуге дайындалу үшін маневр жасаудамын.
UҮ6
/.../
Мен __________ бағдарда жүзіп келе жатып қорды толықтыруға дайындалудамын (толықтырудамын). Кедергі келтірмеуді сұраймын
UҮ7
/.../
Мен шағын түсіру құралдарының көп санын пайдаланып, десанттық оқу-жаттығуды өткізуге дайындалудамын. Менен ________ /III МСС кестесі/бағытында болмауды сұраймын
UҮ8
/.../
Мен десант түсіру құралдарын түсіру (қабылдау) үшін маневр жасаудамын. Менен _______ /III МСС кесте/бағытында болмауды сұраймын
UҮ9
Мен корабльдің артқы жағында тікұшақпен іс-қимыл жасауға дайындалудамын (жасаудамын)
UY10
Мен артиллериялық жүйелерді тексерудемін
UY11
Мен зымыран жүйелерін тексерудемін
UҮ12
/.../
Мен тіркеп тартылатын нысаналар бойынша ұшақтардан оқу-жаттығу атыстарын (бомбалауды) өткізуге дайындалудамын (өткізудемін). Менен ________ /III МСС кесте/ бағытында болмауды сұраймын
ZL1
Мен сіздің сигналыңызды қабылдадым және түсіндім
ZL2
Сіз мені түсіндіңіз бе? Растауыңызды сұраймын
ZL3
Сіздің сигналыңыз қабылданды, бірақ түсініксіз