О теплоснабжении многоэтажных жилых домов пос. Верх-Березовка, Опытное поле, Алтайский и бюджетной сферы Глубоковского района Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Глубокое ауданының Верх-Березовка, Опытное поле, Алтайский кенттерінің және бюджеттік саласының көпқабатты үйлерін жылумен жабдықтау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі № 100 шешімімен. Глубокое ауданының Верх-Березовка, Опытное поле, Алтайский кенттерiнiң және бюджеттiк ұйымдарының көпқабатты тұрғын үйлерiн жылу қуатымен қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Глубокое ауданының әкiмi М.Ә.Әкiрамов аудан бюджетiнiң кепiлiмен лизингтiк негiзде автономдық жылу беру жүйелерiн қойғызу үшiн "Керуен" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiмен келiсiм-шарт жасассын.
Тармақ 2
2. Облыстық құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жабдықтарды жеткiзудi қамтамасыз етсiн, құрылыс-монтаж жұмыстарын ұйымдастырсын, пайдалануға беру мерзiмдерiн айқындасын.
Тармақ 3
3. Аудан әкiмi:
Тармақша 1
1) жалпы сметалық құнына байланысты ақшалай қаражаттарды қайтарудың шарттары және мерзiмдерi туралы пәтер иелерiмен түсiнiк жұмысын жүргiзсiн;
Тармақша 2
2) қаражаттарды қайтару механизмiн әзiрлесiн, ақшалай қаражаттар жинауға арналған арнаулы шоттар ашсын және оларды кестеге сәйкес жабдықтау және қондыру жұмысы үшiн ай сайын ақы төлеу кезiнде пайдалансын;
Тармақша 3
3) тұрғын үй жәрдемақылары есебiнен тұрмысы төмен жанұяларға және халықтың жеңiлдiкпен пайдаланатын санатына ақы төлеу мәселесiн шешсiн;
Тармақша 4
4) тұрғындардың жүйенi жөндеуге және жалпықұрылыстық жұмыстарға қатысулары арқылы қазандықтарды қондыру жұмысының сметалық құнын арзандату жөнiнде шаралар қолдансын.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, облыстық басқармалар мен департаменттердiң бастықтары 1999 жылға және одан кейiнгi жылдарға арналған осындай схема бойынша бюджеттiк ұйымдарда және тұрғын үй қорында жылу берудiң автономды жүйелерiн қондыру мәселесiн зерттесiн және ұсыныстар енгiзсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Н.Л.Никитинге жүктелсiн.