Об утверждении Правил проведения мониторинга средств массовой информации, распространяемых на территории Республики Казахстан, и методики его расчета Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын және оны есептеу әдістемесін бекіту туралы
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-3-бабының 13-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидалары;
Тармақ 2
2. осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін есептеу әдістемесі бекітілсін. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 73 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13132 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Тармақша 2
2) «Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 73 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 13 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13989 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық жарияланғаннан кейін оны кейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық ресми жариялануға тиіс және 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
Басқа 1. Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2019 жылғы 29 сәуірдегі
№ 84 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-3-бабының 13-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі – бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін жинау және оны Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау тұрғысынан талдау процесі;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралының өнiмi – мерзiмдi баспасөз басылымының жеке нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, радио-, теле-, кинохроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, интернет-ресурста орналастырылған ақпарат;
Тармақша 4
4) желілік басылым – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, уәкілетті органда есепке қою рәсімінен өткен интернет-ресурс;
Тармақша 5
5) интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;
Тармақша 6
6) мерзiмдi баспасөз басылымы – тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және кемiнде үш айда бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, оларға қосымша;
Тармақша 7
7) теле-, радиоарна – кейіннен трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау үшін хабар тарату торына сәйкес қалыптастырылған теле-, радиобағдарламалар мен дыбыс-бейне туындыларының, сюжеттер мен материалдардың жиынтығын білдіретін бұқаралық ақпарат құралы;
Тармақ 3
3. Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі «Ұлттық ақпараттық кеңістіктің автоматтандырылған мониторингі» ақпараттық жүйесін пайдаланумен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын
бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу тәртібі
2-тарау. Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын
бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу тәртібі
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының бұзылуын анықтау және тіркеу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүргізеді.
Тармақ 5
5. Мониторинг объектісі мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) теле-, радиоарналар;
Тармақша 2
2) мерзімді баспа басылымдар;
Тармақша 3
3) интернет-ресурстар және желілік басылымдар;
Тармақша 4
4) киноқұжаттама;
Тармақша 5
5) дыбыс-бейне жазба.
Тармақ 6
6. Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу келесі кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін қарау (тыңдау), бұзушылықтарды анықтау, тіркеу және жинақтау;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпарат құралдарындағы бұзушылықтар туралы ақпаратты құқықтық талдау және жинақтау;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган жүргізетін заңнаманың анықталған бұзушылық фактілерін қосымша талдау.
Тармақ 7
7. Мониторинг нәтижелері бойынша мынадай мәліметтер көрсетіледі:
Тармақша 1
1) адресат туралы негізгі деректер:
мерзімді баспасөз басылымдары үшін – бұқаралық ақпарат құралы меншік иесінің атауы, заңды мекенжайы, электрондық поштаның ресми мекенжайы;
теле -, радиоарналар үшін – бұқаралық ақпарат құралы меншік иесінің атауы, заңды мекенжайы, электрондық поштаның ресми мекенжайы;
желілік басылымдар, ақпараттық агенттіктер және интернет-ресурсттар үшін – желілік басылымдар меншік иесінің, ақпараттық агенттіктің, интернет-ресурстың атауы, заңды мекенжайы, интернет-ресурстың IP-мекенжайы, бар болса – электрондық почтаның ресми мекенжайы. Интернет-ресурстың меншік иесі туралы мәліметтерді анықтау мүмкін болмаған жағдайда уәкілетті орган серверде орналасқан хостинг-провайдердің мекенжайына хабарлама жібереді.
Тармақша 2
2) сипаттау-дәлелдеу бөлігі:
ақпаратты талдау және жинау нәтижелері.
Тармақша 3
3) қосымша (дәлелді материалдар):
мерзімді баспа басылымдары үшін -талдау нәтижесінен шыққан басылым фрагментінің сканерленген көшірмесі;
теле -, радиоарналар үшін – электрондық тасымалдағышта жазу, талдау нәтижесінен алынған материалдың экрандық суреттері;
желілік басылымдар, ақпараттық агенттіктер және интернет-ресурстар – ақпаратты тарату тәсіліне байланысты экрандық суреттер, электрондық тасымалдағыштағы жазба.
Тармақ 8
8. Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету бойынша мониторинг жүргізу үшін уәкілетті орган бюджеттiк заңнамаға сәйкес мониторингті техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымды (бұдан әрі – ұйым) шарт негізінде қатыстырады.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган әдістемелік және техникалық қолдау көмегімен, оның ішінде ұйымдардан мәліметтер ала отырып, бұқаралық ақпарат құралының мониторингі процесінде, сондай-ақ мемлекеттік органдардың хабарламалары бойынша, уәкілетті органға жіберілген жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, лауазымды тұлғалардың сұрау салулары бойынша анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарын тіркеуді және жинауды жүргізеді.
Тармақ 10
10. Бұқаралық ақпарат құралдарының бұзушылықтарын қарау (тыңдау), тіркеу және жинақтау арқылы жүргізілген бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі нәтижелері бойынша уәкілетті орган Заңның 4-5-бабына сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу шеңберінде шаралар қабылдайды.
Тармақ 11
11. Қылмыстық жауапкершілікке алып келетін Қазақстан Республикасыз аңнамасының бұзушылықтарын жіктеу кезінде уәкілетті орган құзыретіне бұзушылықтардың аталған түрі бойынша істерді қарау жататын мемлекеттік органға анықталған бұзушылықтармен материалдарды жібереді.
Тармақ 12
12. Уәкілетті орган жыл қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына жүргізілген мониторинг туралы қорытынды ақпаратты өз интернет-ресурсында келесі жылдың бірінші айының 30 күнінен кешіктірмей орналастырады.
Басқа 2. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін есептеу әдістемесі
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2019 жылғы 29 сәуірдегі
№ 84 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін есептеу әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-3-бабының 13-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін есептеу, сондай-ақ қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың хабар тарату, теле-, радиоарналарда қазақ тіліндегі жарнаманың тең бөліну көлемдерін, отандық өндірістің теле-, радиобағдарламаларының және музыкалық шығармаларының көлемдерін, шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын ретрансляциялау көлемдерін, теле-, радиоарналарда жарнаманың тәулікпен алғандағы көлемдерін, теле-, радиоарналарда бір сағат хабар тарату уақыты ішінде жергілікті уақыт бойынша он сегіз сағаттан бастап жиырма үш сағатқа дейінгі уақыт аралығындағы кезеңде жарнама ұзақтығының жалпы көлемін, жарнамалық сипаттағы хабарламаларға және материалдарға мамандандырылмаған телеарналарда телесауда көлемдерін есептеу тәсілдерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы әдістемеде мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) ақпараттық-талдамалық телебағдарлама – көрермендер аудиториясы үшін қоғамдық маңызды қызығушылықты тудыртатын белгілі бір уақыт аралығында орын алған оқиғалардың жүйелендірілген ақпараты мен талдауын қамтитын телебағдарлама;
Тармақша 2
2) әлеуметтік жарнама – адамдардың беймәлім тобына арналған және қайырымдылық пен коммерциялық емес сипаттағы өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ақпарат;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың өзге де нысаны;
Тармақша 4
4) бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі – бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін жинау және оны Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау тұрғысынан талдау процесі;
Тармақша 5
5) бұқаралық ақпарат құралының өнiмi – мерзiмдi баспасөз басылымының жеке нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, радио-, теле-, кинохроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, интернет-ресурста орналастырылған ақпарат;
Тармақша 6
6) жаңалықты телебағдарлама – қоғамдық маңызды оқиғалар туралы жаңалықтарды қамтитын телебағдарлама;
Тармақша 7
7) жарнама – адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат;
Тармақша 8
8) жас санатының белгісі – жас санатын графикалық және (немесе) мәтіндік белгілеу;
Тармақша 9
9) жүгiртпе жол – сыртқы (көрнекі) жарнама объектiлерiнде орналастырылатын немесе телеарналар бойынша кино және бейне қызмет көрсетуде берiлетiн жарнаманы тарату тәсiлi, бұл жиынтығында белгiлi бiр ақпаратты құрайтын әрiптер, цифрлар, белгiлер тiркесiнiң тiзбектесiп алмасуымен (қозғалуымен) сипатталады;
Тармақша 10
10) қосымша ақпарат – мазмұны телерадио хабарларын тарату сигналының құрамында берілетін негізгі телебағдарламаның мазмұнына байланысты емес, бір жиілікті және (немесе) эфир уақытын пайдалана отырып, негізгі телебағдарламамен бір уақытта трансляцияланатын әріптік, цифрлық, графикалық ақпарат;
Тармақша 11
11) отандық теле-, радиобағдарламалар – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде жүзеге асыратын теле-, радиокомпаниялар немесе жеке және заңды тұлғалар жасаған теле-, радиобағдарламалар;
Тармақша 12
12) ретрансляция – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып, телекоммуникация желілерінде де теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды қабылдау және сонымен бір мезгілде не жазып алып тарату;
Тармақша 13
13) телесауда – тауарларды өткізу немесе қызметтерді көрсету мақсатында телеарнадағы жария ұсыныс;
Тармақша 14
14) трансляция – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып, телекоммуникациялар желілерінде де теле-, радиоарналардың сигналын бастапқы тарату;
Тармақша 15
15) теле-, радиобағдарлама – тиісті атауы, хабар тарату көлемі бар және теле-, радиоарнаның басқа бөлімдеріне қарамастан пайдаланылуы мүмкін теле-, радиоарнаның мазмұны жағынан аяқталған бөлімі;
Тармақша 16
16) теле-, радиоарна – кейіннен трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау үшін хабар тарату кестесіне сәйкес қалыптастырылған теле-, радиобағдарламалар мен дыбыс-бейне туындыларының, сюжеттер мен материалдардың жиынтығын білдіретін бұқаралық ақпарат құралы;
Тармақша 17
17) теле-, радиоарнаның өз ақпараты (анонс) – үшінші жақтың жарнамасын қамтымайтын, теле-, радиоарнаның өз өнімі туралы ақпараты (анонс);
Тармақша 18
18) хабар тарату кестесі – хабар таратудың бағдарламалық тұжырымдамасының нақты кезеңдегі негізгі бағыттарын көрсететін, теле-, радиобағдарламалардың тізбесі, реттілігі, атауы, эфирге шығу уақыты;
Тармақша 19
19) эфирге шығу – ұқсас және цифрлық электромагниттi жүйелердi пайдалана отырып, теле-, радиобағдарламаларды, дыбыс-бейне жазбаларды тарату.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын
бұқаралық ақпарат құралдары мониторингін есептеу тәсілдері
2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын
бұқаралық ақпарат құралдары мониторингін есептеу тәсілдері
Тармақ 3
3. Осы Әдістемеде есептеудің мынадай түрлері көзделген:
Тармақша 1
1) қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың хабар тарату көлемі;
Тармақша 2
2) теле-, радиобағдарламалардағы қазақ тіліндегі жарнаманы тең бөлу;
Тармақша 3
3) отандық өндірістің теле-, радиобағдарламаларының және музыкалық шығармаларының көлемі;
Тармақша 4
4) шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын ретрансляциялау көлемі;
Тармақша 5
5) теле-, радиоарналарда жарнаманың тәулікпен алғандағы көлемі;
Тармақша 6
6) теле-, радиоарналарда бір сағат хабар тарату уақыты ішінде жергілікті уақыт бойынша он сегіз сағаттан бастап жиырма үш сағатқа дейінгі уақыт аралығындағы кезеңде жарнама ұзақтығының жалпы көлемі;
Тармақша 7
7) жарнамалық сипаттағы хабарламаларға және материалдарға мамандандырылмаған телеарналардағы телесауда көлемі;
Тармақша 8
8) Экран алаңынан коммерциялық жарнама сипатындағы, жарнаманы қосарластыру және жүгіртпе жол түріндегі қосымша ақпарат алаңы.
Тармақ 4
4. Теле-, радиоарналардың жазбаларын қарауды (тыңдауды) «Ұлттық ақпараттық кеңістіктің автоматтандырылған мониторингі» ақпараттық жүйесін қолдана отырып, бейне мен дыбысты тыңдап-көру мүмкіндігі бар дербес аппараттық-бағдарламалық кешендерде мамандар жүргізеді.
Теле-, радиоарналардың эфирін жазу телерадио хабарларын тарату операторлары беретін форматта жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Теле-, радиоарналардың өніміне мониторинг жүргізу кезінде мынадай элементтер тіркеледі:
Тармақша 1
1) теле-, радиобағдарлама;
Тармақша 2
2) жарнама;
Тармақша 3
3) эфирлік қосымшалар (Мемлекеттік Гимннің орындалуы, теле-, радиоарнаның өз атауын хабарлауы, теле-, радиоарнаның өз ақпараты (анонс);
Тармақша 4
4) әлеуметтік жарнама;
Тармақша 5
5) техникалық үзілістер.
Тармақша 6
6) қосымша ақпарат;
Тармақша 7
7) музыкалық шығарма;
Тармақша 8
8) телесауда.
Тармақ 6
6. Теле-, радиоарналардың мониторингін жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін мынадай параметрлер тіркеледі:
Тармақша 1
1) теле-, радиобағдарламаларға қатысты – ұзақтығы, саны, тілі, өндіруші елі, жас санаты белгісінің, ретрансляцияның болуы;
Тармақша 2
2) жарнамаға қатысты – ұзақтығы, тілі, Заң және «Жарнама туралы» Заң бұзушылықтарының орын алуы;
Тармақша 3
3) әлеуметтік жарнамаға қатысты – тілі, шығу саны;
Тармақша 4
4) қосымша ақпаратқа қатысты – қосарластыру алаңы;
Тармақша 5
5) музыкалық шығармаларға қатысты – саны, өндіруші елі;
Тармақша 6
6) телесаудаға қатысты – ұзақтығы, тілі.
Техникалық үзілістер теле-, радиоарналардың тәуліктік эфирінің жалпы көлемінде ескерілмейді.
Тармақ 1. 1-параграф. Қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың хабар тарату көлемін есептеу әдістемесі
1-параграф. Қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың хабар тарату көлемін есептеу әдістемесі
Тармақ 7
7. Қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың хабар тарату көлемін есептеу екі бағытты қамтиды:
Тармақша 1
1) қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы хабар тарату көлемі;
Тармақша 2
2) жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін, әрқайсысының ұзақтығы алты сағаттық уақыт аралығындағы қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың көлемi.
Тармақ 8
8. Тіл теңгеріміне қойылатын талаптарды сақтау нысанасында теле-, радиоарналарға мониторинг жүргізу кезінде мынадай өлшемшарттар ескеріледі:
Тармақша 1
1) қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың көлемі оларды трансляциялау (ретрансляциялау) уақытында қазақ тілінде айтылатын теле, радиобағдарламаларды қамтиды. Басқа тілдегі (орыс, ағылшын және басқа) теле-, радиобағдарламалардың көлемін қазақ тілінен өзгеше тілде дыбыстық сүйемелдеуі бар теле-, радиобағдарламалар құрайды;
Тармақша 2
2) көп тілді теле-, радиобағдарламалар – егер теле-, радиобағдарламаларды трансляциялау уақытында сөйлеу тілі екі және одан да астам тілде болса, теле-, радиобағдарламалардың қазақ және басқа тілдердегі хабар тарату уақыты бөлек тіркеледі;
Тармақша 3
3) сөзбен сүйемелденбейтін теле-, радиобағдарламалар – оларды сүйемелдеуде қандай да бір тілдегі сөзді және оның негізгі мазмұнымен байланысты ақпаратты қамтымайтын теле-, радиобағдарламалардың көлемі «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заң) 10-бабының 1-тармағында және 2-тармағында белгіленген заңнаманың талаптарын сақтау тұрғысындағы мониторингте ескерілмейді;
Тармақша 4
4) отандық теле-, радиоарна ретрансляциялайтын шетелдік теле-, радиобағдарламалардың ұзақтығы жарнама уақыты, техникалық үзіліс және эфирлік қосымшалар есепке алынбай тіркеледі;
Тармақша 5
5) телеарналарда тарату кезінде субтитрлер түріндегі телебағдарламалар аудармасы қазақ тіліндегі телебағдарламалардың жалпы көлемінде ескерілмейді;
Тармақша 6
6) жарнама, эфирлік қосымшалар (Мемлекеттік Гимннің орындалуы, теле-, радиоарнаның өз атауын хабарлауы, теле-, радиоарнаның өз ақпараты (анонс), әлеуметтік жарнама, қосымша ақпарат мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлеміне енгізілмейді;
Тармақша 7
7) бір теле-, радиобағдарламадан екіншісіне көшу кезінде көшу жүзеге асырылатын теле-, радиобағдарламаның тілі тіркеледі.
Сөйлеу арасындағы үзіліс уақыты соңғы айтылған тілдің уақытына жатады.
Дербес эфир оқиғасы ретінде таратылатын және музыкалық сипаттағы хабарлар мен материалдарда маманданған радиоарналардағы радиобағдарламаларда немесе телеарналардағы телебағдарламаларда таратылатын музыкалық туындылар «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңның 10-бабының 2-тармағында белгіленген заңнаманың талаптарын сақтау тұрғысындағы мониторингте ескерілмейді.
Телеарналар қазақ тілінде негізгі дыбыстық сүйемелдеуі бар көп арналы хабар беруді пайдаланған жағдайда, «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңның 10-бабының 2-тармағында белгіленген заңнама талаптарын сақтау тұрғысында осы телеарнаның басқа тілдегі дыбыстық жолдары бар мониторингі жүзеге асырылмайды.
Тармақ 9
9. Жол берілетін қателіктің мөлшері эфирдің 360 минутінен ≤1,38% құрайды. Аталған қателікті ескере отырып, бұзуды тіркеу қазақ тілдегі теле-, радиобағдарламалардың көлемі ≤48,6% құраған жағдайларда жүргізіледі. Осы тәсіл апталық көлемдегі тілдік теңгерімді есептеген кезде қолданылады.
Тармақ 10
10. Егер эфир толығымен алты сағатты алмаған жағдайда, тілдік теңгерімге қойылатын талаптар хабар тарату уақытына қолданылады.
Егер уақыт аралығында техникалық іркілістер анықталған жағдайда, қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың көлемін есептеу аталған аралықта жүзеге асырылмайды.
Қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
Tkz - қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың ұзақтығы минутпен алғанда;
Tfl - басқа тілдердегі теле-, радиобағдарламалардың ұзақтығы минутпен алғанда;
Тkz% - қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың көлемі.
Тармақ 2. 2-параграф. Теле-, радиоарналарда қазақ тіліндегі жарнаманы тең бөлуді есептеу әдістемесі
2-параграф. Теле-, радиоарналарда қазақ тіліндегі жарнаманы тең бөлуді есептеу әдістемесі
Тармақ 11
11. «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Жарнама туралы» Заң) талаптарын сақтау мәнінде теле-, радиоарналардың мониторингін жүргізу кезінде әлеуметтік жарнамалық роликтер, жүгіртпе жол, теле-, радиоарнаның өз ақпараты (анонс) жарнаманың көлемін есептеу кезінде ескерілмейді.
Тармақ 12
12. Қазақ тіліндегі жарнаманы тең бөлуді есептеу кезінде теле-, радиоарналарда мынадай өлшемшарттар қолданылады:
Тармақша 1
1) теле-, радиоарналарда қазақ тіліндегі жарнаманың көлемі оларды трансляциялау уақытында қазақ тіліндегі айтылатын жарнаманы қамтиды;
Тармақша 2
2) қазақ тіліндегі жарнаманы тең таратуды есептеу жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін, әрқайсысының ұзақтығы әрбір алты сағаттық уақыт аралығында басқа тілдердегі жарнама уақытының жиынтық хронометражына қатысты қазақ тіліндегі жарнама уақытының жалпы хронометражының тең арақатынасын талдау болып табылады. Бұл ретте ұзақтығы әрбір алты сағаттық уақыт аралығында жарнама уақытының жалпы хронометражы басқа интервалдарға сәйкес келмеуі мүмкін, бұл қазақ тіліндегі жарнаманы тең бөлу туралы норманы бұзушылық болып табылмайды. Аталған норманың орындалуын талдау мақсатында әрбір алты сағаттық уақыт аралығы дербес уақыт аралығы ретінде қаралады.
Тармақша 3
3) жарнама орналастырылмайтын уақыт аралықтары тіркелмейді;
Тармақша 4
4) жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін, әрқайсысының ұзақтығы алты сағаттық уақыт аралығында техникалық іркілістер анықталған жағдайда, аталған уақыт аралығында жарнаманың көлемін есептеу жүзеге асырылмайды.
Тармақ 13
13. «Жарнама туралы» Заңының талаптарын сақтау мәнінде телеарналардың өніміне мониторинг жүргізу кезінде мынадай:
Тармақша 1
1) қазақ тілінде толық дыбысталған немесе мәтінмен сүйемелденетін;
Тармақша 2
2) шет тілдерінде мәтіні бар, бірақ қазақ тілінде дыбысталған титрлерді және/немесе музыкалық шығармаларды қамтитын;
Тармақша 3
3) сауда белгілерінің (маркаларының, брендтерінің) түпнұсқалық атаулары және/немесе заңды тұлғалардың атаулары және/немесе тауарлардың атаулары шет тілдерінде дыбысталған, бірақ қазақ тіліндегі мәтіндік хабарландырумен сүйемелденетін;
Тармақша 4
4) дыбыстық мәтіндік сүйемелдеу қамтылмаған, бірақ қазақ тіліндегі титрлері бар жарнамалық хабарландырулар ескеріледі.
Тармақ 14
14. Қазақ тіліндегі жарнаманы тең бөлу көлемін есептеу үшін мына формула қолданылады:
мұнда:
TAkz - қазақ тіліндегі жарнаманың ұзақтығы, минутпен алғанда;
TAfl - басқа тілдердегі жарнаманың ұзақтығы, минутпен алғанда;
TAkz% - қазақ тіліндегі жарнаманың көлемі.
Тармақ 15
15. Теле-, радиоарнаның эфирін есепке алу және жазу технологиясына байланысты жол берілген қателіктің мөлшері жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін, әрқайсысының ұзақтығы әрбір алты сағаттық уақыт аралығында эфирдің 3 минутын құрайды. Аталған қателікті ескере отырып, бұзушылықты тіркеу теле-, радиоарналарда қазақ және орыс тілдеріндегі жарнама көлемінің арақатынасы >3 минутты құраған жағдайда жүргізіледі.
«Ұлттық ақпараттық кеңістіктің автоматтандырылған мониторингі» ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, теле-, радиоарна эфирінің үздіксіз жазылуын қамтамасыз ету техникалық тұрғыдан мүмкін болған жағдайда, >3 минут бұзушылық тіркелген кезде қателік ескерілмейді.
Тармақ 3. 3-параграф. Отандық теле-, радиобағдарламалардың және музыкалық шығармалардың көлемін есептеу әдістемесі
3-параграф. Отандық теле-, радиобағдарламалардың және музыкалық шығармалардың көлемін есептеу әдістемесі
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген және өз қызметін Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде жүзеге асыратын теле-, радиокомпаниялар немесе жеке және заңды тұлғалар жасап шығарған теле-, радиобағдарламалар Қазақстан Республикасы заңнамасының отандық теле-, радиобағдарламалар көлеміне қойылатын талаптарын сақтау мәнінде мониторинг жүргізу объектісі болып табылады.
Тармақ 17
17. Теле-, радиобағдарламаны жасап шығарушы ел сүйемелдейтін ақпарат және ашық көздердегі, оның ішінде Интернет желісіндегі ақпарат негізінде айқындалады.
Тармақ 18
18. Отандық теле-, радиобағдарламаларға:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген теле-, радиокомпаниялар немесе жеке және заңды тұлғалар шетелдік компаниялармен бірлесіп жасалған теле-, радиобағдарламалар;
Тармақша 2
2) оларға авторлық құқықтарды бере отырып, отандық теле-, радиоарналардың тапсырысы бойынша (олардың қаражаты есебіне тең) жасалған теле-, радиобағдарламалар;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасында франшиза бойынша тіркелген отандық телерадиоарналар, жеке және заңды тұлғалар жасаған теле-, радиобағдарламалар;
Тармақша 4
4) қазақстандық комментаторлар мен дикторлардың қатысуымен өтетін теле-, радиобағдарламалар жатады.
Тармақ 19
19. Телеарналарда дербес эфирлік оқиға ретінде таратылатын музыкалық шығармалар, сондай-ақ бір телебағдарлама шеңберіндегі музыкалық шығармалар отандық өндіріс көлемін есептеу кезінде ескерілмейді.
Тармақ 20
20. Бір радиобағдарлама шеңберінде таратылатын музыкалық туындылар дербес эфирлік оқиға ретінде есепке алынбайды және отандық радио хабарларын таратудың апталық көлемінде радио бағдарламалардың санына есептелмейді. Музыкалық туындылар өз бетінше және қандай да бір радиобағдарлама шеңберінде таратылмаған жағдайда, олар отандық өндірістегі дербес эфирлік оқиғалар ретінде музыкалық туындылардың радиобағдарламаларының санына есептеледі.
Тармақ 21
21. Қазақстан Республикасы заңнамасының отандық теле-, радиобағдарламалар көлеміне қойылатын талаптарын сақтау мәнінде
теле-, радиоарналарға мониторинг жүргізу кезінде мыналар ескеріледі:
Тармақша 1
1) теле-, радиобағдарламаның әрбір шығарылымы және оның эфирде одан әрі қайталануы телерадио хабарларын таратудың апталық көлемінде жеке теле-, радиобағдарлама болып саналады;
Тармақша 2
2) жарнамаға немесе өзге де теле-, радиобағдарламаға теңестірілген теле-, радиобағдарлама шығарылымының жекелеген бөліктері бірлесіп бір теле-, радиобағдарлама болып саналады;
Тармақша 3
3) отандық телекомпаниялар қазақ және өзге де тілдерге аударған шетелдік теле-, радиобағдарламалар отандық теле-, радиобағдарламаларға жатпайды;
Тармақша 4
4) жарнама, эфирлік қосымшалар (Мемлекеттік Гимннің орындалуы, теле-, радиоарнаның өз атауын хабарлауы, теле-, радиоарнаның өз ақпараты (анонс), әлеуметтік жарнама отандық теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлеміне енгізілмейді.
Тармақ 22
22. Телеарналардағы отандық телебағдарламалардың көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
Ntvrkz - отандық телебағдарламалардың аптадағы саны;
Ntvr – телебағдарламалардың аптадағы жалпы саны;
Ntvrkz% - отандық телебағдарламалардың көлемі.
Тармақ 23
23. Отандық радиобағдарламалардың және музыкалық шығармалардың көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
Ntvrkz - отандық радиобағдарламалардың аптадағы саны;
N mkz - отандық өндірістің бір апта ішіндегі дербес музыкалық туындыларының саны;
Ntvr - радиобағдарламалардың аптадағы жалпы көлемі;
Nm-бір апта ішіндегі өзіндік музыкалық туындылардың жалпы көлемі;
Ntvrkz% - отандық радиобағдарламалардың және музыкалық шығармалардың көлемі.
Тармақ 4. 4-параграф. Шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын ретрансляциялау көлемін есептеу әдістемесі
4-параграф. Шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын ретрансляциялау көлемін есептеу әдістемесі
Тармақ 24
24. Шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын ретрансляциялау көлемін есептеу кезінде жарнама уақыты, техникалық үзіліс және теле-, радиоарнаның эфирлік қосымшалары есепке алынбай, ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламалардың ұзақтығы тіркеледі және мынадай формула қолданылады:
мұнда:
Trtfl - шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын ретрансляциялау, минутпен алғанда;
Ttvr - теле-, радиобағдарламалар хабарларын таратудың аптадағы жалпы көлемі, минутпен алғанда;
Т rtfl % - ретрансляциялау көлемі.
Тармақ 5. 5-параграф. Теле-, радиоарналарда жарнаманың тәуліктегі көлемін есептеу әдістемесі
5-параграф. Теле-, радиоарналарда жарнаманың тәуліктегі көлемін есептеу әдістемесі
Тармақ 25
25. Жүгіртпе жолды, әлеуметтік жарнаманы, үшінші жақтың жарнамасын қамтымайтын теле-, радиоарналардың өз өнімі туралы ақпаратты (анонстарды), теле-, радиоарна дайындаған және өткізетін іс-шаралар туралы хабарландыруды, сондай-ақ тікелей эфирде немесе қайталау жазбасында трансляцияланған жағдайда, оқиға орнында орналастырылатын жарнаманы қоспағанда, жарнама сипатындағы хабарламалар мен материалдарға мамандандырылмаған теле-, радиоарналардағы жарнаманың тәуліктегі көлемін есептеу мынадай формуланы пайдаланған кезде жүзеге асырылады:
мұнда:
TaD - тәуліктегі жарнама, минутпен алғанда;
TbgD - тәулігіне хабар таратудың жалпы көлемі;
Т aD% - тәулігіне жарнама көлемі.
Тармақ 6. 6-параграф. Теле-, радиоарналарда хабар тарату уақытының бір сағаты ішінде жарнаманың жергілікті уақытпен сағат он сегізден бастап жиырма үшке дейінгі уақыт кезеңіндегі ұзақтығының жалпы көлемін есептеу әдістемесі
6-параграф. Теле-, радиоарналарда хабар тарату уақытының бір сағаты ішінде жарнаманың жергілікті уақытпен сағат он сегізден бастап жиырма үшке дейінгі уақыт кезеңіндегі ұзақтығының жалпы көлемін есептеу әдістемесі
Тармақ 26
26. Әр сағат сайынғы жарнаманың жергілікті уақытпен сағат он сегізден бастап жиырма үшке дейінгі уақыт кезеңіндегі ұзақтығының көлемі мына формула бойынша айқындалады:
мұнда:
TaDp - сағат 18.00-ден 23.00-ге дейінгі аралықтағы әр сағат сайынғы жарнаманың ұзақтығы көлемі;
TaD - сағат 18.00-ден 23.00-ге дейінгі аралықтағы бір сағат ішінде хабар таратудың жалпы көлемі;
TaDp % - бір сағат ішінде хабар таратудың жалпы көлемінен сағат 18.00-ден 23.00-ге дейінгі аралықтағы әр сағат сайынғы жарнаманың ұзақтығы көлемі.
Уақыт аралығында техникалық іркілістер анықталған жағдайда, әр сағат сайынғы жарнаманың жергілікті уақытпен сағат он сегізден бастап жиырма үшке дейінгі уақыт кезеңіндегі ұзақтығының көлемін есептеу жүзеге асырылмайды.
Тармақ 7. 7-параграф. Жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылмаған телеарналардағы
телесауда көлемін есептеу әдістемесі
7-параграф. Жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылмаған телеарналардағы
телесауда көлемін есептеу әдістемесі
Тармақ 27
27. Жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылмаған телеарналардағы телесауда көлемін есептеу мына формуланы пайдаланған кезде жүзеге асырылады:
мұнда:
Tcomg – минутпен алғандағы телесауда;
VaDinD – тәулікпен алғанда жарнама таратудың және телесауданың жалпы көлемі;
PTcomg% - тәулікпен алғанда телесауда көлемі.
Тармақ 8. 8-параграф. Коммерциялық жарнама сипатындағы
қосымша ақпарат, қосарластыру және жүгiртпе
жол түрiндегі жарнама алаңының телеарналардағы
экран алаңына арақатынасын есептеу әдістемесі
8-параграф. Коммерциялық жарнама сипатындағы
қосымша ақпарат, қосарластыру және жүгiртпе
жол түрiндегі жарнама алаңының телеарналардағы
экран алаңына арақатынасын есептеу әдістемесі
Тармақ 28
28. Жарнаманың, жүгіртпе жолдың, коммерциялық жарнама сипатындағы қосымша ақпараттың қосарластыру өлшемі салынған графиканың экранның жалпы алаңының нүктелер санына қатысты нүктелер саны бойынша айқындалады.
Тармақ 29
29. Теле-, радиоарналардың «Телерадио хабарларын тарату туралы» және «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының кадр алаңына қойылатын талаптарын сақтау мәніне мониторинг жүргізу кезінде келесі өлшемшарттар ескеріледі:
Тармақша 1
1) ашықтық дәрежесіне қарамастан, кез келген қосарластыру қосымша ақпарат болып саналады;
Тармақша 2
2) екі телебағдарламаны бір уақытта көрсеткен кезде (бір бағдарламадан екінші бағдарламаға өту) қосымша ақпарат факторы ескерілмейді.
Тармақ 30
30. Кадр алаңы суреті бар экран бейнесі болып табылады. Телеарна дабылы 16:9 форматында хабар тарататын болса, экрандық кашесінің алаңы (бейненің жоғарғы және үстінгі жағында бос қара кеңістік) экран алаңына есептелмейді. Экрандық каше жарнаманы, қосымша ақпаратты қосарластырған кезде қолданылатын болса, оның алаңы экран алаңына есептеледі.
Тармақ 31
31. Коммерциялық жарнама сипатындағы қосымша ақпарат немесе жарнама анимацияланған қосарластыру түрінде пайдаланылатын болса, оның алаңы кадрлар бойынша едәуір алаңмен есептеледі.
Тармақ 32
32. Коммерциялық жарнама сипатындағы қосымша ақпараттың, анимацияланған қосарластыру түрінде жарнаманың алаңын экран алаңынан есептеу мынадай формуланы қолдану кезінде жүзеге асырылады:
мұнда:
Si – коммерциялық жарнама сипатындағы қосымша ақпараттың, анимацияланған қосарластыру түрінде жарнаманың алаңы;
Ssc – экран алаңы;
Si% - қосымша ақпараттың алаңы.
Тармақ 33
33. Жүгіртпе жол тәсілімен көрсетілетін жарнама алаңын экран алаңынан есептеуге арналған формула:
мұнда:
Sacm – жүгіртпе жол тәсілімен көрсетілетін жарнама алаңы;
Ssc – экран алаңы;
Sacm% - қосарластыру түріндегі жарнама алаңы.
Тармақ 9. 9-параграф. Теле-, радиоарналардың Қазақстан Республикасы заңнамасының Мемлекеттік гимнді орындауға, телебағдарламаларды тарату кезінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауға қойылатын талаптарды сақтауы тұрғысынан мониторингті есептеу ерекшеліктері әдістемесі
9-параграф. Теле-, радиоарналардың Қазақстан Республикасы заңнамасының Мемлекеттік гимнді орындауға, телебағдарламаларды тарату кезінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауға қойылатын талаптарды сақтауы тұрғысынан мониторингті есептеу ерекшеліктері әдістемесі
Тармақ 34
34. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 8-бабы 1-тармағының 4) тармақшасымен белгіленген талаптарды сақтау мәніне теле-, радиоарналардың мониторингін жүзеге асырған кезде тәулік сайын теле-, радиоарналар эфирге шыққан кезде, олардың хабар таратуы басталғанда және аяқталғанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалмаған жағдайда бұзушылық тіркеледі.
Үздіксіз хабар тарататын теле-, радиоарналарға қатысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін тәулігіне бір рет орындау міндетті болып табылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау ұзақтығы теле-, радиоарналардың тәуліктік эфирінің жалпы көлемінде ескерілмейді.
Тармақ 35
35. «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңның 30-бабының 1-тармағын сақтау туралы талап ақпараттық-талдамалық телебағдарламаны қоспағанда, телеарнаның хабар тарату кестесіне жергілікті уақытпен он алтыдан жиырма екі сағатқа дейінгі кезеңде жаңалықтар сипатындағы кемінде бір телебағдарламаның шығуы енгізілген күндерге қолданылады.