О проведении приписки граждан к призывным участкам Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 12 бабына сәйкес:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 1986 жылы туған азаматтардың 2003 жылғы 2 қаңтардан бастап 30 наурызға дейін аудандық және қалалық әскери комиссариаттардың шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізсін.
Тармақ 2
2. Қалалар және аудандар әкімдері:
Тармақша 1
1) қосымшаға сәйкес тіркеу жөнінде комиссия құрсын, қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер, медбикелер, техникалық қызметкерлер қызмет көрсетуші кісілер мен көлік бөлсін;
Тармақша 2
2) азаматтарды тіркеу жөніндегі жұмысты жүргізу үшін әскери комиссариаттарды талапқа сай орындармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әскерге шақыру учаскелеріне 1984 жылы туылған азаматтарды тіркеу жөніндегі медициналық комиссиялардың жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ емдеу-алдын алу мекемелерінде медициналық тексеруден өтуді қаржыландыру қалалардың және аудандардың бюджеттері есебінен, бөлінген қаржылардың шегінде жүзеге асырылсын;
Тармақша 4
4) әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу үшін аудандық, қалалық әскери комиссариаттарына азаматтардың ұйымдасқан түрде келуі бойынша шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Б.Баймаханов), облыстық әскери комиссариатпен (А.А.Саттаров, келісімі бойынша) бірлесе отырып облыстық тіркеу жөніндегі комиссияда жұмыс жүргізу үшін облысты емдеу мекемелерінің дәрігер-мамандарын тарту тәртібін белгілесін және аудандық, қалалық тіркеу жөніндегі комиссиялары облыстық емдеу мекемелеріне жіберген азаматтарды бірінші кезекте тексеруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер басшылары, меншік нысанына қарамастан, тіркеу және медициналық куәландыру жөніндегі комиссияның жұмысына қатыстырылатын азаматтардың, сондай-ақ тіркеуге жатқызылған азаматтармен тұрақты жұмыс орындарындағы орташа еңбекақылары сақталатынын еске алсын. Азаматтар шақырылушыларды әскери есепке қою кезіндегі міндеттерін орындау үшін қажетті уақытқа жұмыстан (оқудан) босатылады.
Тармақ 5
5. Облыстық ішкі істер басқармасы (Р.Х.Өзбекғалиев келісімі бойынша) әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуден жалтарып жүргендерді іздеу және әскерге шақыру учаскелеріне оларды жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімді орындау жөніндегі атқарылған жұмыс туралы ақпаратты 2003 жылғы 15 сәуірге қарай облыс әкімі аппаратына тапсырсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Н.Громовқа жүктелсін.
Басқа 12. 1986 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі қалалық (аудандық) комиссиялардың ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің 2002 жылғы 15 тамыздағы № 55 шешіміне қосымша 1986 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі қалалық (аудандық) комиссиялардың ҚҰРАМЫ Комиссия төрағасы - қала (аудан) әкімінің орынбасары Комиссия төрағасының орынбасары - қалалық (аудандық) әскери комиссар Комиссия мүшелері: - медициналық куәландыруға қатысушы дәрігерлер - әскери комиссариаттың өкілі - комиссия хатшысы