Вопросы Агентства Республики Казахстан по государственным закупкам Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөнiндегi агенттiгінiң мәселелерiн 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.10.2004 N 1134 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттігі (бұдан әрi - Агенттiк) туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi комитет таратылсын.
Тармақ 3
3. Агенттiк төрағасының үш орынбасары болуына рұқсат етiлсiн. 📌 Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.11.11. N 1192 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Агенттiктi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру 2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Агенттiкке берілетiн штат санының шегуiнде қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігін ұстауға арналған қаражат есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
Тармақ 5
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.01. N 314 қаулысымен.
Тармақ 5-1
5-1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің қарауында "Электрондық коммерция орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бар. 📌 Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.12.13. N 1262 қаулысымен.
Тармақ 6
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 қыркүйектегi N 1031 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөніндегі агенттігі (бұдан әрi - Агенттiк) басқаруды және заңнамада көзделген шектерде арнайы атқарушылық және рұқсат етушi функцияларын, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетудi мемлекеттiк сатып алу процесiн салааралық үйлестiруi жүзеге асыратын Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Агенттiк өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Агенттiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртабаны, белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң қазынашылық органдарында және банкiлерде шоттары болады. Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Агенттiк, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Агенттiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тармақ 5
5. Агенттiктiң заңды мекен-жайы: 473000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Әуезов көшесi, 126.
Тармақ 6
6. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 7
7. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 8
8. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Агенттiктiң өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттерiн орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынас жасауға тыйым салынады. Агенттiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген жағдайда, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.
Тарау 2. 2. Агенттіктiң негiзгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары
2. Агенттіктiң негiзгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары
Тармақ 9
9. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк сатып алу саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзудi қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк сатып алу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және бекiту;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк сатып алу процестерiн үйлестiру және оның мониторингі;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк сатып алуға қатысушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 10
10. Агенттiк заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк сатып алу саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуi және iске асыруды қамтамасыз етудi;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк сатып алу процестерiн үйлестiрудi және оның мониторингiн;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк сатып алу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды қорытуды және әзiрлеудi, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдауды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк сатып алу мәселелерi жөнiндегi есептiлiктiң нысанын, оны жасау мен табыс етудiң тәртiбiн әзiрлеудi;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк сатып алу мәселелерi бойынша конкурстарды ұйымдастырушыларға әдiстемелiк материалдарды, үлгiлiк конкурстық құжаттаманы әзiрлеудi және бекiтудi, консультациялық көмек көрсетудi;
Тармақша 7
7) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасы мен көлемiне талдау жасауды;
Тармақша 8
8) өзiне заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Агенттiктiң алдына қойылған мiндеттердi шешу және функцияларды жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) өз құзыретi шегiнде тапсырыс берушiлерден жоспарланып отырған, жүзеге асырылып жатқан және өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы есептiлiктi, оның iшiнде мемлекеттiк сыртқы қарыздар мен гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын сатып алу туралы есептiлікті, ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) ұсынылған есептiк деректердiң дұрыстығын тексеруге;
Тармақша 3
3) өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк сатып алуды, ұйымдастыру мен жүргiзу мәселелерi жөнiнде тапсырыс берушiлер орындауы үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдауға;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк сатып алудың ұйымдастырылуы мен оның жүргiзiлуiне бақылау жасауға;
Тармақша 5
5) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанға дейiн конкурстарды ұйымдастырушылардың, тапсырыс берушілер мен конкурстық комиссиялардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып қабылданған шешiмдерiн қайта қарау немесе олардың күшiн жою жөнiнде шешiмдердi қабылдауға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған мәмiлелердi жарамсыз деп тану жөнiнде соттарға талап-арыз беруге;
Тармақша 7
7) мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын сараптамалар мен консультациялар жүргiзу үшiн тартуға;
Тармақша 8
8) заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Агенттіктiң мүлкі
3. Агенттіктiң мүлкі
Тармақ 12
12. Агенттiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Тармақ 13
13. Агенттiк мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады, сондай-ақ құны Агенттiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
Тармақ 14
14. Агенттiкке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 15
15. Агенттiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi, егер заңнамалық кесiмдермен өзгеше көзделмесе, өз бетiмен оқшаулауға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Тарау 4. 4. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
4. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Агенттiк Төрағасының, оның ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
Тармақ 17
17. Агенттiктiң төрағасы Агенттiктiң жұмысын ұйымдастыру әрi оған басшылық етедi және Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
Тармақ 18
18. Төраға осы мақсатта:
Тармақша 1
1) Агенттiктiң құрылымын және Агенттiктiң құрылымдық бөлімшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
Тармақша 2
2) өзiнiң орынбасарлары мен Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттiгiн айқындайды;
Тармақша 3
3) заңнамаға сәйкес Агенттiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) заңнамада белгiленген тәртiппен Агенттiктiң қызметкерлерiне тәртіптiк жаза қолданады;
Тармақша 5
5) бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Агенттiктiң мүдделерiн бiлдiредi;
Тармақша 7
7) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттердi жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Агенттiк қабылдайтын шешiмдер Агенттiк Төрағасының бұйрығымен ресiмделедi.
Тармақ 20
20. Агенттiк төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесші орган болып табылатын Алқа құрылады. Алқаның сандық және жеке құрамын Агенттiктiң төрағасы бекiтедi.
Тарау 5. 5. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату
5. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 21
21. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 63. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегi N 1031 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 20 қаңтардағы N 87 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 1-2, 22-құжат).
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 20 қаңтардағы N 87 және 2001 жылғы 9 ақпандағы N 214 қаулыларына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 6 сәуiрдегі N 452 қаулысы.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 12 маусымдағы N 813 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 22, 276-құжат).