Об утверждении профессионального стандарта «Страхование» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Сақтандыру» кәсіптік стандартын бекіту туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабының 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Сақтандыру» кәсіптік стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Е. Ж. Жылқыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Сақтандыру» кәсіптік стандарты
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 16 маусымдағы № 253 бұйрығымен бекітілген «Сақтандыру» кәсіптік стандарты
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Сақтандыру» кәсіптік стандарты біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды, сонымен қатар білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорын қызметкерлерін оқытуға, білім беру мекемелерінің жұмысшылары мен түлектерін сертификаттауға, сақтандыру бойынша қызметтегі кең ауқымды міндеттерді шешуге арналған. Осы кәсіптік стандарт негізінде ұйымдар ішкі қолданыс үшін қызметкерлерге арналған корпоративтік кәсіптік стандарттарды, олардың кәсіптік білім деңгейін, еңбек функцияларының, біліктіліктерінің, іскерліктері мен дағдыларының тізбесін нақтылай отырып, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктерін, олардың жауапкершілігін ескере отырып әзірлей алады. «Сақтандыру» кәсіптік стандарты мемлекеттік заңды тұлғалар көрсететін қызметтерге қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы кәсіптік стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) аджастер - функциясына сақтандыру төлемі бойынша өтінішті қарау және сақтандыру жағдайынан болған залалды бағалау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері;
Тармақша 2
2) актуарий – уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген актуарийлерді оқытудың ең төмен міндетті бағдарламасы бойынша емтихан тапсырған жеке тұлға;
Тармақша 3
3) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резерві - есептеу күнінен кейінгі сақтандыру қорғаудың қолданылуы кезеңіне қатысты, келесі есепті кезеңдерде туындауы мүмкін төлемдерді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындауға арналған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақының (жарналарының) бөлігі (еңбек сіңірілмеген сыйлықақы);
Тармақша 4
4) андеррайтер – функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін бағалау және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының талаптарын айқындау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері;
Тармақша 5
5) ассистанс – сақтандыру ұйымдарының, заңды тұлғалардың сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) саяхатта не тұрғылықты жерінен алыста жүрген уақытта қиын жағдайға душар болғанда сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан оған техникалық, медициналық жәрдемдесу арқылы ақшалай және (немесе) табиғи-заттай нысанда көмек көрсетуі;
Тармақша 6
6) орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар резерві (бұдан әрі - ОМШР) - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есепті кезеңде немесе оның алдындағы кезеңдерде орын алған, басталуы фактісі туралы Қазақстан Республикасының заңында немесе шартта белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен есепті кезеңде немесе оның алдындағы кезеңдерде мәлімделмеген сақтандыру жағдайларына байланысты туындаған шығындарды реттеу бойынша шығыстарды қоса алғандағы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерінің бағалауы болып табылады;
Тармақша 7
7) мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резерві - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есеп беру күніне шығындарды реттеуге шығыстарды қоса алғандағы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша орындалмаған немесе толық орындалмаған міндеттемелерінің бағалауы болып табылады;
Тармақша 8
8) сақтандыру залалын реттеу жөніндегі шығыстар - сақтандыру жағдайына қатысты туындаған сақтандырушының мүліктік мүддесіне келтірген залалдың (зиянның) көлемін бағалауға және оны азайтуға байланысты сараптама, консультациялық және өзге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қажетті ақшалай сомасы.
Тармақ 3
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар пайдалынылады:
Тармақша 1
1) БА – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16 тармағының 16-2) тармақшасына сәйкес әзірленіп және бекітілген Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы);
Тармақша 2
2) СБШ – салалық біліктілік шеңбері.
Тарау 2. 2-тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты
2-тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты
Тармақ 4
4. Кәсіптік стандарттың атауы: «Сақтандыру».
Тармақ 5
5. Кәсіптік стандартты әзірлеу мақсаты: қызметкерлердің біліміне, шеберлігіне, дағдыларына және жеке құзыреттеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін еңбек функцияларын жүйелі және құрылымдалған сипаттауды кәсіп бойынша ұсыну; сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде қызметкерлерге қажетті іскерлікті, дағдыларды, білімді және құзыреттілікті сипаттау.
Тармақ 6
6. «Сақтандыру» кәсіби стандартының қысқаша сипаттамасы: сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша міндеттемелер мөлшерлері есептерін орындау; сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының ставкаларын белгілеу; сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін бағалау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының табыстылығы және кірістілігі; сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының талаптарын айқындау; сақтандыру объектісін алдын-ала тексеру және бағалау бойынша қызмет көрсету; сақтандыру ұйымының тәуекелдердің жүйелі бағалау және олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (клиенттердің тәуекелдері мен меншік тәуекелдері) қызметіне теріс әсерін төмендету; мүлікке келтірілген зиян мөлшерін бағалау және есептеу; клиенттердің шағымдарын реттеу; сақтандыру ұйымының атынан және тапсырмасы бойынша тапсырма шарты немесе жеке еңбек шарты (штаттық қызметкер) негізінде сақтандыру шартын жасасу, сондай- ақ әлеуетті клиентінің сақтандыру мәселелері бойынша консультациясын беру.
Тармақ 7
7. Кәсіптік кіші топ: тауарларды сатып алу және сату жөніндегі қосалқы кәсіби персонал; қаржылық қызмет, сандық ақпаратты есепке алу және өңдеу саласындағы қосалқы кәсіби персонал; қаржы саласының мамандар-кәсіпқойлары; әкімшілік саласынының мамандар-кәсіпқойлары; математиктер, актуарийлер, статистиктер.
Тармақ 8
8. Кәсіби топ: сақтандыру агенттері; шығындар бойынша бағалаушылар және сарапшылар (консультанттар); қаржылық талдаушылар мен мамандар-кәсіпқойлар; бизнесті басқару мен жүргізу бойынша консультанттар; математиктер, актуарийлер, статистиктер.
Тарау 3. 3-тарау. Кәсіптер карточкалары
3-тарау. Кәсіптер карточкалары
Тармақ 9
9. Кәсіптер тізімі:
Тармақша 1
1) сақтандыру агенті – БҰШ бойынша 4 біліктілік деңгейі;
Тармақша 2
2) сақтандыру сатылымдары жөніндегі агент – БҰШ бойынша 4 біліктілік деңгейі;
Тармақша 3
3) аджастер – БҰШ бойынша 5 біліктілік деңгейі;
Тармақша 4
4) сақтандыру саласындағы талдаушы (андеррайтер) – БҰШ бойынша 6 біліктілік деңгейі;
Тармақша 5
5) сақтандырудағы тәуекел-менеджер – БҰШ бойынша 6 біліктілік деңгейі;
Тармақша 6
6) сақтандыру жөніндегі актуарий – БҰШ бойынша 7 біліктілік деңгейі. Кәсіптер карточкалары аталған кәсіптік стандарттың қосымшасында келтіріледі.
Басқа 0
«Сақтандыру» кәсіптік стандартына қосымша «Сақ­тан­ды­ру аген­ті» кә­сіп­тік кар­точ­ка­сы Кә­сіп­тің ко­ды: 3321-1-004 Кә­сіп­тің ата­уы: Сақ­тан­ды­ру аген­ті БҰШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі: 4 БА сәй­кес кә­сіп­тер үшін бі­лік­ті­лік дең­гейі Ти­іс­ті ма­ман­дық (бі­лік­ті­лік) бой­ын­ша ор­та тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік (ор­та ар­найы, ор­та кә­сіп­тік) бі­лі­мі және бел­гі­лен­ген бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша ар­найы дай­ын­дық бо­луы ти­іс, жұ­мыс өті­ліне та­лап қой­ыл­май­ды. Кә­сіп­тік бі­лім бе­ру дең­гейі Ти­іс­ті ма­ман­дық (бі­лік­ті­лік) бой­ын­ша тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік (ор­та ар­найы, ор­та кә­сіп­тік) бі­лі­мі және бел­гі­лен­ген бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша ар­найы дай­ын­дық бо­луы ти­іс, жұ­мыс өті­ліне та­лап қой­ыл­май­ды. 1-ең­бек функ­ци­я­сы: Сақ­тан­ды­ру қыз­ме­тін және сақ­тан­ды­ру агент­те­рі­нің қыз­ме­тін тал­дау, нор­ма­тив­ті құқық­тық ак­ті­лер­мен және әді­сте­ме­лік ма­те­ри­ал­дар­мен та­ны­су 1-мін­дет Сақ­тан­ды­ру қыз­ме­тін тал­дау Ма­шық­та­ры мен дағ­ды­ла­ры: 1. Өңір­лік шар­ттар­ды және сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті­нің сұ­ра­ны­сын зерт­теу. 2. Әле­ует­ті және нақ­ты сақ­тан­ды­ру­шы­лар мен сақ­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің есе­бін жүр­гі­зу. 3. Сақ­тан­ды­ру шар­тта­рын ұзар­ту және шар­тта­рын жа­сау мақ­са­ты­мен тұ­рақ­ты кли­ент­те­ріне қыз­мет көр­се­ту және сұх­бат­тар жүр­гі­зу. 4. Кли­ент­тер­ді ба­қы­лау, олар­дың қа­был­да­уын, жадын, на­за­рын, өзін ұстау уәж­де­ме­ле­рін ба­ға­лау, қа­ты­на­суын ұй­ым­да­сты­ру және көз­қа­рас­та­рын ке­лі­сті­ру. Бі­лу­ге ти­іс: 1. «Сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті ту­ра­лы» 2000 жы­л­ғы 18 жел­тоқ­са­нын­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы (бұ­дан әрі - «Сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті ту­ра­лы» Заң). 2. «Сақ­тан­ды­ру ұй­ы­мы­ның сақ­тан­ды­ру қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­руы­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды, оның ішін­де сақ­тан­ды­ру на­ры­ғы­ның қа­ты­су­шы­ла­ры­мен өза­ра қа­рым-қа­ты­на­ста­ры жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды және сақ­тан­ды­ру аген­ті­нің сақ­тан­ды­ру на­ры­ғын­да дел­дал­дық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­руы­на өкі­лет­тікте­рін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы на­ры­ғын және қар­жы ұй­ым­да­рын рет­теу мен қа­да­ға­лау агент­ті­гі Бас­қар­ма­сы­ның 2010 жы­л­ғы 1 на­уры­зда­ғы № 25 қа­улы­сы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 6164 тір­кел­ген). 3. Сақ­тан­ды­ру қыз­ме­тін рет­тей­тін ма­те­ри­ал­дар мен әді­сте­ме­лік ма­те­ри­ал­дар. 4. 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек Ко­дек­сі (бұ­дан әрі - Ең­бек Ко­дек­сі). 5. Қа­уіп­сіз­дік және ең­бек­ті қор­ғау, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі ту­ра­лы ере­же­ле­рі. 6. На­рық эко­но­ми­ка­сы­ның негіз­де­рі. 7. Пси­хо­ло­ги­я­ның және ең­бек ұй­ым­да­сты­ру негіз­де­рі, іс­кер­лік қа­ты­нас әдеп­те­рі. 8. Се­нім­ді пай­да­ла­ну­шы дең­гей­ін­де цифр­лық са­у­ат­ты­лық­ты бі­лу: се­нім­ді пай­да­ла­ну­шы (негіз­гі дағ­ды­лар). Офи­стік қо­сым­ша­лар­мен се­нім­ді жұ­мыс іс­теу: мәтін­мен, гра­фи­ка­мен, пре­зен­та­ци­я­мен, элек­трон­дық кесте­лер­мен, ре­ля­ци­я­лық де­рекқор­мен, со­ны­мен қа­тар ерекше сек­тор­лық бағ­дар­ла­ма­лық өнім­мен се­нім­ді жұ­мыс іс­теу. 9. Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік мә­се­ле­ле­рі. 2-ең­бек функ­ци­я­сы: Сақ­тан­ды­ру аген­ті­нің негіз­гі функ­ци­я­ла­рын орын­дау 1-мін­дет Сақ­тан­ды­ру тәу­е­кел­де­рін анық­тау Ма­шық­та­ры мен дағ­ды­ла­ры: 1. Ден­са­улық, жас, жы­ныс, бі­лім, ең­бек қыз­ме­ті­нің өті­лі, ма­те­ри­ал­дық қам­сыздан­ды­ру дең­гейі және кли­ент­ті си­паттай­тын бас­қа субъ­ек­тив­ті са­па­ла­рын есеп­ке ала оты­рып, сақ­тан­ды­ру қыз­мет­те­ріне шарт жа­сау ке­зін­де тәу­е­кел дең­гей­ін ал­дын ала анық­тау. 2. Мү­лік­тік және же­ке сақ­тан­ды­ру шар­тта­рын жа­сау бой­ын­ша ең же­ңіл опе­ра­ци­я­лар­ды іс­ке асы­ру. 3. Есеп­те­улер дұ­ры­стығ­ын және сақ­тан­ды­ру жар­на­ла­рын қа­был­да­уды қам­та­ма­сыз ету. 4. Сақ­тан­ды­ру құ­жат­та­рын рә­сім­деу және олар­дың сақ­та­лын қол­да­ныс мер­зі­мі ішін­де қам­та­ма­сыз ету. 5. Сақ­тан­ды­ру шар­тта­ры ту­ра­лы ақ­па­рат­ты алу­да кли­ент­тер­ге кон­суль­та­ция бе­ру. 6. Сақ­тан­ды­ру қыз­мет­те­ріне шар­ттық қа­ты­на­стар­ға ен­ген тұ­лға­лар­мен жа­сал­ған шар­ттар­дың, бай­ла­ны­стың қол­да­ны­лу мер­зі­мі ішін­де қол­дау. 7. Сақ­тан­ды­ру жар­на­ма­ла­рын есеп­теу және тө­леу, сақ­тан­ды­ру өтім­де­рін тө­леу мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша кли­ент­тер­ден түс­кен ша­ғым­дар мен на­ра­зы­лық­та­рын ал­дын ала қа­рау. 8. Бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес қа­жет­ті құ­жат­та­ма­ны рә­сім­деу, есеп жүр­гі­зу және құ­жат­тар­дың сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ету. Бі­лу­ге ти­іс: 1. Сақ­тан­ды­ру қыз­мет­те­рі­нің түр­ле­рі және сақ­тан­ды­ру­дың әр түр­ле­рі­нің жағ­дай­ла­ры. 2. Сақ­тан­ды­ру қыз­мет­те­ріне шарт жа­са­су және кел­ті­рі­л­ген за­лал­дар­ды ба­ға­ла­лау ке­зін­де­гі тәу­е­кел­дер­ді анық­тау әді­сте­рі. 3. Сақ­тан­ды­ру қыз­мет­те­ріне шар­ттар жа­са­су және рә­сім­деу тәр­ті­бі. 4. Се­нім­ді пай­да­ла­ну­шы дең­гей­ін­де цифр­лық са­у­ат­ты­лық: офи­стік қо­сым­ша­лар­мен жұ­мыс: мәтін­мен, гра­фи­ка­мен, пре­зен­та­ци­я­мен, элек­трон­дық кесте­лер­мен, де­рекқор­мен, сон­дай-ақ ерекше сек­тор­лық бағ­дар­ла­ма­лық өнім­мен жұ­мыс. 5. Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік мә­се­ле­ле­рі. 3-ең­бек функ­ци­я­сы: Орын­дал­ған жұ­мыстар са­па­сын ба­ға­лау, жұ­мыс­та­ғы кем­ші­лік­тер­ді тал­дау, ай­қын­дау және жою 1-мін­дет: Орын­да­ла­тын жұ­мыстар­дың са­па­сын ба­ға­лау Ма­шық­та­ры мен дағ­ды­ла­ры: 1. Сақ­тан­ды­ру қыз­ме­тін тал­дау және қиын­дық­та­рын ай­қын­дау. 2. Сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ым­да­ры­ның кли­ент­те­рі­мен, жұ­мыс­кер­ле­рі­мен қа­ты­на­сын және өза­ра әре­ке­тін ба­ға­лау, қиын­дық­та­рын ай­қын­дау. 3. Сақ­тан­ды­ру қыз­мет­те­рін же­тіл­ді­ру бой­ын­ша ұсы­ны­стар, ұсы­ным­дар әзір­леу. 4. Есеп­тер­ді дай­ын­дау. Бі­лу­ге ти­іс: 1. Сақ­тан­ды­ру қыз­ме­тін тал­дау және қиын­дық­та­рын ай­қын­дау әді­сте­рі. 2. Сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ым­да­ры­ның және ара­лас қыз­мет­тер­дің қыз­мет­кер­ле­рі­мен қа­ты­нас және өза­ра іс-қи­мыл са­па­сын ба­ға­лау кри­те­рийі. 3. Сақ­тан­ды­ру аген­ті­нің есе­бін дай­ын­дау мен рә­сім­де­у­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар. 4. Се­нім­ді пай­да­ла­ну­шы дең­гей­ін­де цифр­лық са­у­ат­ты­лы­ғы мәтін­мен, гра­фи­ка­мен, пре­зен­та­ци­я­лар­мен, элек­трон­дық кесте­лер­мен, де­рекқор­мен, сон­дай-ақ ар­найы-сек­тор­лық бағ­дар­ла­ма­лы өнім­дер­мен жұ­мыс. 5. Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік мә­се­ле­ле­рі. Же­ке құ­зы­рет­ті­лік­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар Тіл та­бы­са бі­луі Ой­ын дұ­рыс және нақ­ты ай­қын­дау қа­бі­ле­ті Кли­ент­тің қызығ­у­шы­лы­ғын ту­ғы­за бі­лу, әң­гі­ме­ні үз­беу БҰШ ішін­де­гі бас­қа ма­ман­дық­тар­мен бай­ла­ныс 7 6 6 5 4 Сақ­тан­ды­ру жө­нін­де­гі ак­ту­а­рий сақ­тан­ды­ру­да­ғы тәу­е­кел-ме­не­джер сақ­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы тал­да­у­шы (ан­дер­рай­тер) ад­жастер сақ­тан­ды­ру са­ты­лым­да­ры жө­нін­де­гі агент БТ­БА неме­се БА бай­ла­ныс Сақ­тан­ды­ру аген­ті Бас­шы­лар­дың, ма­ман­дар­дың және бас­қа да қыз­мет­ші­лер ла­у­а­зым­да­ры­ның бі­лік­ті­лік анық­та­ма­лы­ғы. «Сақ­тан­ды­ру са­ты­лым­да­ры жө­нін­де­гі агент» кә­сіп­тік кар­точ­ка­сы Кә­сіп­тің ко­ды: 3321-1-002 Кә­сіп­тің ата­уы: Сақ­тан­ды­ру са­ты­лым­да­ры жө­нін­де­гі агент БҰШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі: 4 БА сәй­кес кә­сіп­тер үшін бі­лік­ті­лік дең­гейі Жоқ Кә­сіп­тік бі­лім бе­ру дең­гейі Ти­іс­ті ма­ман­дық (бі­лік­ті­лік) бой­ын­ша тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік (ор­та ар­найы, ор­та кә­сіп­тік) бі­лі­мі және бел­гі­лен­ген бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша ар­найы дай­ын­дық бо­луы ти­іс, жұ­мыс өті­ліне та­лап қой­ыл­май­ды. 1-ең­бек функ­ци­я­сы: Сақ­тан­ды­ру өнім­де­рі­нің пре­зен­та­ци­я­ла­рын өт­кі­зу және сақ­тан­ды­ру шар­тта­ры мен бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша кон­суль­та­ци­я­лар 1-мін­де­ті: Пре­зен­та­ци­я­лар­ды рә­сім­деу және кон­суль­та­ци­я­лау Ма­шық­та­ры мен дағ­ды­ла­ры: 1. Дер­бес ком­пью­тер­лер­дің мүм­кін­дік­те­рін пай­да­ла­ну (Excel, Word, PowerPoint). 2. Кли­ент­тің қа­жет­ті­лік­те­рін анық­тау. 3. Ер­кін қа­рым-қа­ты­нас және әң­гі­ме­ле­су­де кли­ент­тің мүд­де­сін қол­дау. 4. Кли­ент­ке сақ­тан­ды­ру­ға эко­но­ми­ка­лық мүд­де­сін анық­тау. 5. Өз ой­ын жет­кі­зу. 6. Сақ­тан­ды­ру құ­жат­та­ма­сын дұ­рыс және са­у­ат­ты тол­ты­ру. Бі­лу­ге ти­іс: 1. Сақ­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер. 2. Ком­па­ни­я­ның іш­кі құ­жат­та­ры. 3. Сақ­тан­ды­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры мен шар­тта­ры, оның ішін­де на­рық­та­ғы ба­ла­ма ұсы­ны­стар. 4. Са­ту­ды ұй­ым­да­сты­ру са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік және әді­сте­ме­лік құ­жат­тар. 5. Ком­па­ни­я­ның сақ­тан­ды­ру құ­жат­та­ма­сы­на қой­ы­ла­тын та­лап­та­ры. 2-ең­бек функ­ци­я­сы: Сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) шар­тта­рын жа­са­су 1-мін­дет: Шарт жа­са­су және рә­сім­деу Ма­шық­та­ры мен дағ­ды­ла­ры: 1. Ком­пью­тер мен бағ­дар­ла­ма­лар­ды қол­да­ну (Word, Excel) . 2. Сақ­тан­ды­ру­ға өті­ніш және са­у­ал­на­ма тол­ты­ру. 3. Сақ­тан­ды­ру ком­па­ни­я­сы­на рас­та­у­ға са­у­ал­дар­ды дұ­рыс және же­дел түр­де қа­лып­та­сты­ру. 4. Сақ­тан­ды­ру шар­тта­ры­ның үл­гі­ле­рін тол­ты­ру. 5. Кли­ент бой­ын­ша сақ­тан­ды­ру құ­жат­та­ма­сын және есеп­ті­лі­гін қа­лып­та­сты­ру. Бі­лу­ге ти­іс: 1. «Сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті ту­ра­лы» За­ңы. 2. Сақ­тан­ды­ру шар­тта­рын тол­ты­ру және жа­сау. 3. Та­риф­тік жур­нал­дар мен ан­дер­рай­тин­гі­лік үсте­ма­қы­ла­рын қол­да­ну. 4. Кли­ент­тер­мен жұ­мыс бой­ын­ша нор­ма­тив­тік және әді­сте­ме­лік құ­жат­тар. 5. Құ­жат­та­ма­лар және кли­ент­тер­ден ақ­ша қа­был­дау бой­ын­ша заң­на­ма­лық та­лап­тар. 3-ең­бек функ­ци­я­сы: Ком­па­ни­я­ның ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­сіне мә­лі­мет­тер ен­гі­зу 1-мін­дет: Ақ­па­рат­ты ен­гі­зу Ма­шық­та­ры мен дағ­ды­ла­ры: 1. Тол­ты­ру үшін қа­жет­ті па­ра­метр­лер­ді анық­тау. 2. Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­ге кі­ру және шы­ғу. 3. Тұ­ты­ну­шы ақ­па­ра­тын ен­гі­зу үшін бө­лім­дер­ді та­бу. 4. Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­де сақ­тан­ды­ру шар­ты бой­ын­ша де­ректер­ді ен­гі­зу. 5. Ақ­па­рат­ты ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­де сақ­тау. Бі­лу­ге ти­іс: 1. «Сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ы­мын­да сақ­та­ла­тын де­ректер­ге санк­ци­я­лан­ба­ған қол жет­кі­зу­ден ақ­па­рат­тың сақ­та­луын және қор­ға­луын қам­та­ма­сыз ете­тін қа­уіп­сіз жұ­мысты ұй­ым­да­сты­ру­ға, сон­дай-ақ сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ы­мы­ның ки­бер­қа­уіп­сіз­ді­гіне қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның 2018 жы­л­ғы 30 шiл­де­де­гi № 164 қа­улы­сы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 17289 бо­лып тір­кел­ді). 2. Ком­па­ни­яда са­ты­лым са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар үшін есеп­ті­лік ны­сан­да­ры ны­сан­дар. Же­ке құ­зы­рет­ті­лік­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар Тіл та­бы­са бі­луі Ой­ын дұ­рыс және нақ­ты ай­қын­дау қа­бі­ле­ті Кли­ент­ті қы­зық­ты­ру­ға, әң­гі­ме­ні үз­беу БҰШ ішін­де­гі бас­қа кә­сіп­тер­мен бай­ла­ныс 7 6 6 5 4 Сақ­тан­ды­ру жө­нін­де­гі ак­ту­а­рий сақ­тан­ды­ру­да­ғы тәу­е­кел-ме­не­джер сақ­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы тал­да­у­шы (ан­дер­рай­тер) ад­жастер сақ­тан­ды­ру аген­ті БА-мен бай­ла­ныс Сақ­тан­ды­ру аген­ті Бас­шы­лар­дың, ма­ман­дар­дың және бас­қа да қыз­мет­ші­лер ла­у­а­зым­да­ры­ның бі­лік­ті­лік анық­та­ма­лы­ғы «Ад­жастер» кә­сіп­тік кар­точ­ка­сы Кә­сіп­тің ко­ды: 3315-3-001 Кә­сіп­тің ата­уы: Ад­жастер БҰШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі: 5 БА сәй­кес кә­сіп­тер үшін бі­лік­ті­лік дең­гейі Жоқ Кә­сіп­тік бі­лім бе­ру дең­гейі Жо­ға­ры кә­сі­би бі­лім, ба­ға­лау қыз­ме­ті са­ла­сын­да қо­сым­ша дай­ын­дау. 1-ең­бек функ­ци­я­сы Сақ­тан­ды­ру жағ­дайы туын­да­ған зи­ян мөл­ше­рін анық­тау про­це­сін анық­тау және / неме­се ұй­ым­да­сты­ру 1-мін­дет: Зи­ян­ды ба­ға­лау және сақ­тан­ды­ру тө­ле­мі­нің мөл­ше­рі Ма­шық­та­ры мен дағ­ды­ла­ры: 1. Сақ­тан­ды­ру жағ­дайы бой­ын­ша қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сін ай­қын­дау. 2. Бай­қау жүр­гі­зу және сақ­тан­ды­ру жағ­дайы ор­нын және бү­лін­ген мү­лік­ті бай­қау ак­ті­сін жа­сау. 3. За­лал­дар­ды есеп­теу әді­сте­ме­сін пай­да­ла­ну 4. Шы­ғын­ды ақ­ша­лай және та­би­ғи заттай ма­ғы­на­да ай­қын­дау. 5. Есеп­те­уді, сме­та­ны, бү­лін­ген мү­лік­ті жөн­деу бой­ын­ша каль­ку­ля­ци­я­ны, оның на­рық­тық құ­нын неме­се қал­дық құ­нын жа­сау неме­се жа­са­уды ұй­ым­да­сты­ру және сақ­тан­ды­ру тө­лем со­ма­сын есеп­теу. Бі­лу­ге ти­іс: 1. Сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті ту­ра­лы за­ңы, 2. «Сақ­тан­ды­ру порт­фе­лін бе­ру қа­ғи­да­ла­рын және сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ы­мын мәж­бүр­леп та­ра­ту ту­ра­лы сот­тың ше­ші­мі заң­ды кү­шіне ен­ген кү­ні­нен ба­стап, сон­дай-ақ сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ы­мын кон­сер­ва­ци­я­лау неме­се ли­цен­зи­ядан ай­ы­ру ке­зін­де сақ­тан­ды­ру порт­фе­лін бе­ру­дің ерекше­лік­те­рін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның 2018 жы­л­ғы 29 қа­зан­да­ғы № 262 қа­улы­сы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 17885 бо­лып тір­кел­ді). 3. Cақ­тан­ды­ру­да­ғы шы­ғын­ды ба­ға­лау әді­сте­ме­сі, сон­дай-ақ каль­ку­ля­ция жа­сау бой­ын­ша бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­де­рі. 4. Шы­ғын­дар­ды рет­те­удің нор­ма­тив­тік және әді­сте­ме­лік құ­жат­та­ры. 5. Сақ­тан­ды­ру тәу­е­ке­лі­нің са­ла­лық ерекше­лік­те­рі. 2-ең­бек функ­ци­я­сы: Сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) шар­тта­ры бой­ын­ша сақ­тан­ды­ру жағ­дай­ла­рын рет­теу 1-мін­дет: Сақ­тан­ды­ру жағ­дайы бой­ын­ша құ­жат­тар­ды ре­сім­деу Ма­шық­та­ры мен дағ­ды­ла­ры: 1. Сақ­тан­ды­ру жағ­дай­ы­ның се­беп­те­рін және жағ­да­ят­та­рын анық­тау. 2. Қа­жет болған жағ­дай­да бү­лін­ген мү­лік­ті оның на­рық­тық құ­нын неме­се оның қал­дық­та­рын ба­ға­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру. 3. Ре­сми ор­ган­дар мен кли­ент­тер үшін құ­жат­тар­ды ұсы­ну ту­ра­лы сұ­ра­у­лар­ды дай­ын­дау. 4. Ин­спек­ци­я­ла­на­тын объ­ек­ті­ге кел­ті­рі­л­ген зи­ян­ды әр­түр­лі құ­рал­дар мен әді­стер ар­қы­лы тү­зе­ту. 5. Сақ­тан­ды­ру шар­ты­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес шы­ғын мөл­ше­рін анық­тау. 6. Сақ­тан­ды­ру жағ­дайы (шы­ғын) ре­т­ін­де­гі мә­лім­дел­ген оқи­ға­ны та­ну неме­се та­ну ту­ра­лы қо­ры­тын­ды дай­ын­дау. 7. Сақ­тан­ды­ру жағ­дайы ту­ра­лы ак­ті­лер­ді және сақ­тан­ды­ру тө­лем­де­рін жү­зе­ге асы­ру­ға бұй­рық­тар­ды әзір­леу. 8. Сақ­тан­ды­ру тө­лем­де­рін жү­зе­ге асы­ру­да бас тар­ту­лар­ды әзір­леу. Бі­лу­ге ти­іс: 1. «Сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті ту­ра­лы» За­ңы. 2. «Сақ­тан­ды­ру хол­дин­гі­нің, сон­дай-ақ сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ы­мы­ның да­уыс бе­ру­ші ак­ци­я­ла­ры­ның (ар­тық­шы­лық бе­рі­л­ген­де­рін ше­гер­ген­де) жиыр­ма бес пай­ы­здан аста­мын ті­ке­лей неме­се жа­на­ма ие­ле­не­тін сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ы­мы­ның ірі қа­ты­су­шы­сы­ның - же­ке тұл­ға­ның пру­ден­ци­я­лық нор­ма­тив­те­рін қол­дау жө­нін­де­гі ша­ра­лар ту­ра­лы нұс­қа­улық­ты бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы на­ры­ғын және қар­жы ұй­ым­да­рын рет­теу мен қа­да­ға­лау агент­ті­гі Бас­қар­ма­сы­ның 2010 жы­л­ғы 3 қыр­күй­ек­те­гі № 135 қа­улы­сы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 6546 бо­лып тір­кел­ді). 3. Каль­ку­ля­ция жа­сау бой­ын­ша бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­дер. 4. Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ме­ке­ме­лер мен са­рап­шы­лар­ды тар­ту тәр­ті­бі. 5. Сақ­тан­ды­ру­да­ғы шы­ғын­ды ба­ға­лау әді­сте­ме­сі. 6. Шы­ғын­дар­ды рет­те­удің нор­ма­тив­тік және әді­сте­ме­лік құ­жат­та­ры. 7. Сақ­тан­ды­ру тәу­е­ке­лі­нің са­ла­лық ерекше­лік­те­рі. 2- мін­дет: Сақ­тан­ды­ру тө­ле­мін ұй­ым­да­сты­ру Ма­шық­та­ры мен дағ­ды­ла­ры: 1. Сақ­тан­ды­ру тө­ле­мі үшін ма­те­ри­ал­дар­ды қа­лып­та­сты­ру. 2. Сақ­тан­ды­ру ком­па­ни­я­сы­ның мүд­де­лі бө­лім­ше­ле­рі­нің және сырт­қы жет­кі­зу­ші­лер­дің жұ­мысын үй­ле­сті­ру және жос­пар­лау. 3. Мем­ле­кет­тік және бас­қа ор­ган­дар мен кли­ент­тер­ге сұ­рау са­лу. 4. Кли­ент­пен, ба­ға­ла­у­шы­мен (ол болған кез­де), сон­дай-ақ сақ­тан­ды­ру тө­ле­мі мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша өзге де үшін­ші тұ­лға­лар­мен өза­ра іс-қи­мыл жа­сау. 5. Тө­лем құ­жат­та­рын, бұй­рық­тар, ак­ті­лер, есеп­тер дай­ын­да­уды ұй­ым­да­сты­ру. Бі­лу­ге ти­іс: 1. «Сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті ту­ра­лы» За­ңы. 2. «Сақ­тан­ды­ру ре­зерв­те­рін қа­лып­та­сты­ру­ға, есеп­теу әдiсте­месiне және олар­дың құ­ры­лы­мы­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның 2019 жы­л­ғы 31 қаң­тар­да­ғы № 13 қа­улы­сы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 18290 бо­лып тір­кел­ді) (бұ­дан әрі - Сақ­тан­ды­ру ре­зерв­те­рін қа­лып­та­сты­ру­ға, есеп­теу әдiсте­месiне және олар­дың құ­ры­лы­мы­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар). 3. Сақ­тан­ды­ру ұй­ы­мы­ның әр­түр­лі бө­лім­ше­ле­рін­де биз­нес-про­це­стер­ді ұй­ым­да­сты­ру ре­гла­мент­те­рі. 4. Сақ­тан­ды­ру тө­ле­мі бой­ын­ша құ­жат­тар па­ке­тіне, сон­дай-ақ жа­сал­ған сақ­тан­ды­ру шар­тта­ры­ның та­лап­та­ры­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар. 5. Шы­ғын­дар­ды рет­те­удің нор­ма­тив­тік және әді­сте­ме­лік құ­жат­та­ры, сон­дай-ақ жа­сал­ған сақ­тан­ды­ру шар­тта­ры­ның та­лап­та­ры. 6. Тө­леу мер­зім­де­рі мен тәр­ті­бін қо­са ал­ған­да, сақ­тан­ды­ру тө­ле­мін ұй­ым­да­сты­ру­дың са­ла­лық ерекше­лік­те­рі. Же­ке құ­зы­рет­ті­лік­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар Нұс­қа­у­лар­ды нақ­ты орын­дау Стрес­ске тө­зім­ді­лік Жыл­дам ше­шім қа­был­дау қа­бі­ле­ті БҰШ ішін­де­гі бас­қа кә­сіп­тер­мен бай­ла­ныс 7 6 6 4 4 Сақ­тан­ды­ру жө­нін­де­гі ак­ту­а­рий сақ­тан­ды­ру­да­ғы тәу­е­кел-ме­не­джер сақ­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы тал­да­у­шы (ан­дер­рай­тер) сақ­тан­ды­ру са­ты­лым­да­ры жө­нін­де­гі агент сақ­тан­ды­ру аген­ті БА - мен бай­ла­ныс Ба­ға­ла­у­шы Бас­шы­лар­дың, ма­ман­дар­дың және бас­қа да қыз­мет­ші­лер ла­у­а­зым­да­ры­ның бі­лік­ті­лік анық­та­ма­лы­ғы. «Сақ­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы тал­да­у­шы (ан­дер­рай­тер)» кә­сіп­тік кар­точ­ка­сы Кә­сіп­тің ко­ды: 2413-6-001, 2413-6-002 Кә­сіп­тің ата­уы: Сақ­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы тал­да­у­шы (ан­дер­рай­тер) БҰШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі: 6 БА сәй­кес кә­сіп­тер үшін бі­лік­ті­лік дең­гейі Ти­іс­ті ма­манды­ғы бой­ын­ша жо­ға­ры (неме­се жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі) бі­лі­мі, жұ­мыс өті­лі ке­мін­де 2 жыл бо­луы ти­іс. Кә­сіп­тік бі­лім бе­ру дең­гейі Жо­ға­ры (неме­се жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі) кә­сі­би бі­лім және прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе. 1-ең­бек функ­ци­я­сы Сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) шар­тын жа­сас­қан кез­де тәу­е­кел­ді ба­ға­лау 1-мін­дет: Әле­ует­ті кли­ент­тің тәу­е­кел то­бын анық­тау Ма­шық­та­ры мен дағ­ды­ла­ры: 1. Негіз­гі тәу­е­кел­дер­ді анық­тау. 2. Кли­ент­тің негіз­гі тәу­е­кел­дер­ге ұшы­ра­уын анық­тау. 3.Сақ­тан­ды­ру тәу­е­ке­лі­нің сақ­тан­ды­ру та­ри­фіне әсер ету дә­ре­же­сін анық­тау. 4. Сақ­тан­ды­ру тәу­е­ке­лі­нің то­бын, тү­рін анық­тау 5. Өңір­дің са­ра­ла­нуын және тәу­е­кел­дік то­бын есеп­теу. 6. Кли­ент­тің сақ­тан­ды­ру порт­фе­ліне ық­па­лы. Бі­лу­ге ти­іс: 1. «Сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті ту­ра­лы» За­ңы. 2. «Сақ­тан­ды­ру то­бы­ның тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру және іш­кі ба­қы­лау жүй­е­сіне қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның 2012 жы­л­ғы 24 ақ­пан­да­ғы № 99 қа­улы­сы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 7559 тір­кел­ді) (бұ­дан әрі - Сақ­тан­ды­ру то­бы­ның тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру және іш­кі ба­қы­лау жүй­е­сіне қой­ы­ла­тын та­лап­тар). 3. Сақ­тан­ды­ру ре­зерв­те­рін есеп­теу әді­сте­ме­сі және олар­дың құ­ры­лы­мын қа­лып­та­сты­ру­ға та­лап­тар. 4. Ық­ти­мал шы­ғын­ды есеп­теу негіз­де­рі. 5. Сақ­тан­ды­ру шар­ты бой­ын­ша шы­ғын­ды көр­се­ту есе­бін жүр­гі­зу әді­сте­ме­сі. 6. Сақ­тан­ды­ру түр­ле­рі мен сы­нып­та­ры бой­ын­ша сақ­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің құ­ны­на ба­ға­лау жүр­гі­зу жө­нін­де­гі нор­ма­тив­тік және әді­сте­ме­лік құ­жат­тар. 7. Сақ­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі­нің ерекше­лік­те­рін сақ­тан­ды­ру та­ри­фінің (сақ­тан­ды­ру сый­лы­қа­қы­сы­ның) мөл­ше­ріне әсе­рі. 2-ең­бек функ­ци­я­сы: Сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) үшін оң­тай­лы жағ­дай­лар әзір­леу 1-мін­дет: Сақ­тан­ды­ру тәу­е­кел­де­рін және сақ­тан­ды­ру та­ри­фін са­ра­лау түр­ле­рін ай­қын­дау Ма­шық­та­ры мен дағ­ды­ла­ры: 1. Кли­ент­тің сақ­тан­ды­ру қа­жет­ті­лік­те­рін тү­сі­ну. 2. Сақ­тан­ды­ру қызығ­у­шы­лы­ғы­ның бо­луын анық­тау. 3. Осы кли­ент­ке тән сақ­тан­ды­ру тәу­е­ке­лін анық­тау. 4. Сақ­тан­ды­ру объ­ек­ті­нің әле­ует­ті құ­нын ба­ға­лау. 5. Сақ­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі бой­ын­ша сақ­тан­ды­ру шар­тта­рын ай­қын­дау (сақ­тан­ды­ру та­ри­фін, сақ­тан­ды­ру сый­лы­қа­қы­сы­ның/сақ­тан­ды­ру со­ма­сы­ның мөл­ше­рін есеп­теу). Бі­лу­ге ти­іс: 1. «Сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті ту­ра­лы» За­ңы. 2. Сақ­тан­ды­ру то­бы­ның тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру және іш­кі ба­қы­лау жүй­е­сіне қой­ы­ла­тын та­лап­тар. 3. «Сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ы­мы­м­ен ерекше қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты тұ­лға­лар­ға же­ңіл­дік­ті жағ­дай­лар бе­ру­ге тый­ым са­лу­ды бел­гі­ле­удің кей­бір мә­се­ле­ле­рі ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның 2018 жы­л­ғы 29 қа­зан­да­ғы № 258 қа­улы­сы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 17826 тір­кел­ді). 4. Сақ­тан­ды­ру құ­ны­ның ком­по­нент­те­рі. 5. Сақ­тан­ды­ру­да шы­ғын­дар­ды ба­ға­лау әді­сте­ме­сі, та­риф­тер­ге әсер ете­тін фак­тор­лар. 6. Сақ­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі­нің құ­нын сақ­тан­ды­ру­дың сы­нып­та­уы­шы мен түр­ле­ріне қа­рай ба­ға­лау жүр­гі­зу бой­ын­ша нор­ма­тив­тік және әді­сте­ме­лік құ­жат­тар. 7. Са­ла­лық ерекше­лік­тер­ді, ан­дер­рай­тинг тә­жі­ри­бе­сі. Же­ке құ­зы­рет­ті­лік­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар Тал­да­ма­лық ой­лау Жыл­дам ше­шім қа­был­дау қа­бі­ле­ті Бай­қау және мұ­қи­ят бо­лу БҰШ ішін­де­гі бас­қа ма­ман­дық­тар­мен бай­ла­ныс 7 6 5 4 4 Сақ­тан­ды­ру жө­нін­де­гі ак­ту­а­рий сақ­тан­ды­ру­да­ғы тәу­е­кел-ме­не­джер ад­жастер сақ­тан­ды­ру са­ты­лым­да­ры жө­нін­де­гі агент сақ­тан­ды­ру аген­ті БА - мен бай­ла­ныс Сақ­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы тал­да­у­шы (ан­дер­рай­тер) Бас­шы­лар­дың, ма­ман­дар­дың және бас­қа да қыз­мет­ші­лер ла­у­а­зым­да­ры­ның бі­лік­ті­лік анық­та­ма­лы­ғы. «Сақ­тан­ды­ру­да­ғы тәу­е­кел-ме­не­джер» кә­сіп­тік кар­точ­ка­сы Кә­сіп­тің ко­ды: 2421-0-011 Кә­сіп­тің ата­уы: Сақ­тан­ды­ру­да­ғы тәу­е­кел-ме­не­джер БҰШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі: 6 БА сәй­кес кә­сіп­тер үшін бі­лік­ті­лік дең­гейі Ти­іс­ті ма­манды­ғы бой­ын­ша жо­ға­ры (неме­се жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі) бі­лі­мі, жұ­мыс өті­лі ке­мін­де 2 жыл бо­луы ти­іс. Кә­сіп­тік бі­лім бе­ру дең­гейі Жо­ға­ры (неме­се жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі) кә­сі­би бі­лім және прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе. 1-ең­бек функ­ци­я­сы: Сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ы­мы­ның тәу­е­кел­де­рін ба­ға­лау, сәй­кестен­ді­ру және мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу 1- мін­дет: Сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ы­мы­ның кли­ент­тер­ден қа­был­дан­ған тәу­е­кел­де­рін ба­ға­лау Ма­шық­та­ры мен дағ­ды­ла­ры: 1. Сақ­тан­ды­ру порт­фе­лі­нің тәу­е­кел­де­рін ба­ға­лау. 2. Ком­па­ни­я­ның сақ­тан­ды­ру порт­фе­ліне олар­дың жиын­тық әсе­рі­нің дә­ре­же­сін анық­тау. 3. Тәу­е­кел­дер кар­та­сын құ­ру. 4. Тәу­е­кел­дер бой­ын­ша ти­іс­ті есеп­тер дай­ын­дау. 5. Тәу­е­кел­дер­ді азай­ту жос­па­ры­ның орын­да­луы­на мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу. 6. Сақ­тан­ды­ру, ин­ве­сти­ци­я­лық және бас­қа да қыз­мет түр­ле­ріне және әр­түр­лі мәмі­ле­лер­ге қа­ты­сты шек­те­улер­дің сақ­та­луы. Бі­лу­ге ти­іс: 1. «Сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті ту­ра­лы» За­ңы. 2. Сақ­тан­ды­ру то­бы­ның тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру және іш­кі ба­қы­лау жүй­е­сіне қой­ы­ла­тын та­лап­тар. 3. Сақ­тан­ды­ру ре­зерв­те­рін есеп­теу әді­сте­ме­сі және олар­дың құ­ры­лы­мын қа­лып­та­сты­ру­ға та­лап­тар. 4. Ме­недж­мент тәу­е­кел­де­рі­нің негі­зі және және тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру. 5. Нор­ма­тив­тік және әді­сте­ме­лік құ­жат­тар. 6. Сақ­тан­ды­ру ұй­ы­мы­ның қар­жы­лық жағ­дай­ы­на олар­дың ық­ти­мал те­ріс әсе­рін азай­ту жол­да­ры. 2- мін­дет: Сақ­тан­ды­ру ұй­ы­мы­ның өзі­нің тәу­е­кел­де­рін ба­ға­лау Ма­шық­та­ры мен дағ­ды­ла­ры: 1. Сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ы­мы­на тән тәу­е­кел­дер­ді сәй­кестен­ді­ру және олар­ға мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу. 2. Ком­па­ни­я­ның қар­жы­лық жағ­дай­ы­на те­ріс әсер ету дә­ре­же­сін анық­тау. 3. Тәу­е­кел­дің пай­да бо­лу ық­ти­мал­ды­ғын ба­ға­лау және оны жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де ық­ти­мал за­лал­ды ба­ға­лау. 4. Тәу­е­кел­дер кар­та­сын құ­ру. 5. Тәу­е­кел­дер бой­ын­ша ти­іс­ті есеп­тер дай­ын­дау. 6. Тәу­е­кел­дер­ді азай­ту жос­па­ры­ның орын­да­луы­на мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу. Бі­лу­ге ти­іс: 1. «Сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті ту­ра­лы» За­ңы. 2. Сақ­тан­ды­ру то­бы­ның тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру және іш­кі ба­қы­лау жүй­е­сіне қой­ы­ла­тын та­лап­тар. 3. Сақ­тан­ды­ру ре­зерв­те­рін есеп­теу әді­сте­ме­сі және олар­дың құ­ры­лы­мын қа­лып­та­сты­ру­ға та­лап­тар. 4. Тәу­е­кел­дер-ме­недж­мент негіз­де­рі. 5. Тәу­е­кел­дер­ді іс­ке асы­ру­дан шы­ғын­дар­ды ба­рын­ша азай­та­тын ти­ім­ді биз­нес-про­це­стер. 6. Сақ­тан­ды­ру ұй­ы­мы­ның опе­ра­ци­я­лық қыз­ме­ті­нің сырт­қы және іш­кі ор­та фак­тор­ла­ры­ның ара­сын­да­ғы се­беп-сал­дар­лық қа­ты­на­стар. 7. Бар­лық ық­ти­мал тәу­е­кел­дер­ді ба­ға­ла­удың тех­ни­ка­лық құ­рал­да­ры 2-ең­бек функ­ци­я­сы: Қо­лай­сыз тәу­е­кел­дер­ден кел­ті­рі­л­ген зи­ян­ды азай­ту бой­ын­ша ша­ра­лар­ды әзір­леу 1- мін­дет: Тәу­е­кел­дер­дің азаю жос­па­рын құ­ру Ма­шық­та­ры мен дағ­ды­ла­ры: 1.Ық­ти­мал ша­ра­лар­ды әзір­леу. 2. Эко­но­ми­ка­лық орын­ды­лық­ты есеп­теу. 3. Мүм­кін бо­ла­тын ша­ра­лар ту­ра­лы есеп дай­ын­дау. 4. Жос­пар­ға сәй­кес ша­ра­лар­ды іс­ке асы­ру. 5. Жос­пар­ды тү­зе­ту. Бі­лу­ге ти­іс: 1. «Сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті ту­ра­лы» За­ңы. 2. Сақ­тан­ды­ру то­бы­ның тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру және іш­кі ба­қы­лау жүй­е­сіне қой­ы­ла­тын та­лап­тар. 3. Тәу­е­кел­дер-ме­недж­мент негіз­де­рі. 4. Нор­ма­тив­тік және әді­сте­ме­лік құ­жат­тар. 5. Тәу­е­кел­дер-ме­недж­мент са­ла­лық ерекше­лік­те­рі. Же­ке құ­зы­рет­ті­лік­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар Тал­да­ма­лық ой­лау Стрес­ске тө­зім­ді­лік Ко­ман­да­да жұ­мысты ұй­ым­да­сты­ру қа­бі­ле­ті БҰШ ішін­де­гі бас­қа ма­ман­дық­тар­мен бай­ла­ныс 7 6 5 4 4 Сақ­тан­ды­ру жө­нін­де­гі ак­ту­а­рий сақ­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы тал­да­у­шы (ан­дер­рай­тер) ад­жастер сақ­тан­ды­ру са­ты­лым­да­ры жө­нін­де­гі агент сақ­тан­ды­ру аген­ті БА неме­се бас­қа да кә­сіп­тік анық­та­ма­лық­тар­мен бай­ла­ныс Ме­не­джер Бас­шы­лар­дың, ма­ман­дар­дың және бас­қа да қыз­мет­ші­лер ла­у­а­зым­да­ры­ның бі­лік­ті­лік анық­та­ма­лы­ғы «Сақ­тан­ды­ру жө­нін­де­гі ак­ту­а­рий» кә­сіп­тік кар­точ­ка­сы Кә­сіп­тің ко­ды: 2120-2-003 Кә­сіп­тің ата­уы: Сақ­тан­ды­ру жө­нін­де­гі ак­ту­а­рий БҰШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі: 7 БА сәй­кес кә­сіп­тер үшін бі­лік­ті­лік дең­гейі Жоқ Кә­сіп­тік бі­лім бе­ру дең­гейі Жо­ға­ры (неме­се жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі) кә­сі­би бі­лім және прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе. 1-ең­бек функ­ци­я­сы: Сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) шар­тта­ры бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­ді ба­ға­лау 1-мін­дет: Алын­ба­ған сый­лы­қа­қы­лық ре­зерв­тер­ді, шы­ғын­дар­дың ре­зер­він, шы­ғын­дар ре­зер­він және қо­сым­ша ре­зерв­тер­ді есеп­теу Ма­шық­та­ры мен дағ­ды­ла­ры: 1. Сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) шар­ты­ның қол­да­ны­лу мер­зі­мін, сақ­тан­ды­ру­ды қам­ту ке­зе­ңін ай­қын­дау. 2. Алын­ба­ған сый­лы­қа­қы­лық ре­зерв­тер­ді есеп­теу. 3. Қор­лар­дың мөл­ше­ріне әсер ете­тін бо­лжам­дық па­ра­метр­лер­ді анық­тау. 4. Өлім­нің, өмір сү­ру­дің, ава­ри­я­лар­дың және бас­қа да сақ­тан­ды­ру оқи­ға­ла­ры­ның ық­ти­мал­ды­ғын есеп­теу. 5. Бол­ма­ған шы­ғын­дар­дың ре­зер­він есеп­теу. Шы­ғын­дар­дың да­муы­ның ко­эф­фи­цент­тін анық­тау және есеп­теу. 6. Шы­ғын­дар­дың өсу ко­эф­фи­ци­ен­тін есеп­теу және анық­тау. 7. Шы­ғын­дар ре­зерв­те­рін есеп­теу. 8. Сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) шар­тта­ры бой­ын­ша қо­сым­ша ре­зерв­тер­ді қа­лып­та­сты­ру­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды ай­қын­дау. 9. Ак­ту­ар­лық есеп­те­улер­дің оң­тай­лы үл­гі­ле­рін таң­дау және есеп­теу. Бі­лу­ге ти­іс: 1. Ық­ти­мал­дық тео­ри­я­сы­ның негіз­де­рі (оқи­ға ық­ти­мал­ды­ғы, ық­ти­мал­дық қа­си­ет­те­рі, ық­ти­мал­дық­тың та­ра­луы, кү­ті­ле­тін оқи­ға­лар). 2. Сақ­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер. 3. Ак­ту­ар­лық прак­ти­ка­ның стан­дарт­та­ры. 4. Бол­ма­ған шы­ғын­дар­ға ре­зерв­ті есеп­теу әді­сте­ме­сі. 5. Қор­лар­ға қа­ты­сты Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры (бұ­дан әрі - ХҚЕС стан­дарт­та­ры). 6. Шы­ғын­дар­дың ре­зерв­те­рін есеп­те­удің ак­ту­ар­лық әді­сте­рі. 2- мін­дет: Сақ­тан­ды­ру ре­зерв­те­рін­де­гі (қай­та сақ­тан­ды­ру ак­тив­те­рін­де­гі) қай­та сақ­тан­ды­ру­шы­ның үле­сін анық­тау Ма­шық­та­ры мен дағ­ды­ла­ры: 1. Қай­та сақ­тан­ды­ру шар­ты бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­дің үле­сін анық­тау. 2. Қай­та сақ­тан­ды­ру сый­лы­қа­қы­сы­ның мөл­ше­рін және есеп­те қол­да­ны­ла­тын бө­лік­ті анық­тау. 3. Қай­та сақ­тан­ды­ру шар­тта­рын тал­дау және та­лап еті­л­ген на­ра­зы­лық­тар бой­ын­ша (шы­ғын­дар) қай­та сақ­тан­ды­ры­л­ған­ның өте­мін аңық­тау. 4. Қай­та сақ­тан­ды­ру­шы­ның үле­сін және үле­сін­сіз ТКШР анық­тау. Бі­лу­ге ти­іс: 1. Қай­та сақ­тан­ды­ру­дың негіз­де­рі мен түр­ле­рі. Про­пор­ци­о­нал­ды және дис­про­по­ра­тив­тік қай­та сақ­тан­ды­ру шар­тта­ры бой­ын­ша қай­та сақ­тан­ды­ру шар­тта­ры. 2. Сақ­тан­ды­ру ре­зерв­те­рін есеп­теу үшін уәкі­лет­ті ор­ган­дар­дың нор­ма­тив­тік та­лап­та­ры. 3. Сақ­тан­ды­ру және сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті ту­ра­лы заң­на­ма 4. ХҚЕС стан­дарт­та­ры. 2-ең­бек функ­ци­я­сы: Сақ­тан­ды­ру та­риф­те­рі мен сақ­тан­ды­ру сый­лы­қа­қы­ла­ры­ның мөл­шер­ле­ме­ле­рін есеп­теу 1-мін­дет: Сақ­тан­ды­ру та­риф­те­рі мен сақ­тан­ды­ру сый­лы­қа­қы­ла­ры­ның мөл­шер­ле­ме­ле­рін есеп­теу Ма­шық­та­ры мен дағ­ды­ла­ры: 1. Ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат­ты жи­нау, жүй­е­леу және тал­да­уды ұй­ым­да­сты­ру. 2. Сақ­тан­ды­ру жағ­дай­ы­ның ық­ти­мал­ды­ғын қо­са ал­ған­да, сақ­тан­ды­ру та­ри­фінің ком­по­нент­те­рін есеп­теу. 3. Сақ­тан­ды­ру жағ­дай­ы­ның ық­ти­мал­ды­ғы мен за­лал­дың ауыр­лы­ғы­на әсер ете­тін фак­тор­лар­ды анық­тау. 4. Тәу­е­кел­дер мен қыз­мет­тер па­ке­тіне бай­ла­ны­сты сақ­тан­ды­ру та­ри­фін қа­лып­та­сты­ру. 5. Тір­кел­ген, ауы­спа­лы, бө­лін­ген және бө­лін­бе­ген шы­ғы­стар­ды анық­тау. 6. Ақ­ша­лай қа­ра­жат­тар­дың ағым­да­ры­ның ағым­да­ғы кү­ті­ле­тін құ­нын анық­тау. Бі­лу­ге ти­іс: 1. Ық­ти­мал­дық тео­ри­я­сы­ның негіз­де­рі. 2. Сақ­тан­ды­ру және ак­ту­ар­лық қыз­мет са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер. 3. Ак­ту­ар­лық прак­ти­ка­ның ха­лы­қа­ра­лық стан­дарт­та­ры. 4. Сақ­тан­ды­ру­да­ғы шы­ғын­дар­ды ба­ға­лау және бо­лжау әді­сте­рі (соң­ғы үл­гі­лер­ді есеп­ке ала оты­рып, жи­нақ­тал­ған). 5. Тәу­е­кел­дер мен фак­тор­лар­дың сақ­тан­ды­ру та­ри­фінің дең­гей­іне ық­пал ету дә­ре­же­сін анық­тау. 6. Ай­мақ­тар бой­ын­ша та­риф­тер­ді және тәу­е­кел клас­ста­рын са­ра­лау. 3 -ең­бек функ­ци­я­сы: Сақ­тан­ды­ру өнім­де­рі­нің кі­рі­сті­лі­гін тал­дау 1-мін­дет: Сақ­тан­ды­ру өнім­де­рі­нің та­быст­ы­лы­ғын тал­дау Ма­шық­та­ры мен дағ­ды­ла­ры: 1. Сақ­тан­ды­ру оқи­ға­ла­ры орын ал­ған негіз­гі тәу­е­кел­дер­ді анық­тау. 2. Сақ­тан­ды­ру өні­міне кі­ре­тін түр­лі тәу­е­кел­дер­ді іс­ке асы­ру­дан кел­ті­рі­л­ген шы­ғын­ды ба­ға­лау. 3. Ак­ту­ар­лық есеп­те­улер­ді жү­зе­ге асы­ру үшін ак­ту­ар­лық қыз­мет­тің нор­ма­ла­ры­на сәй­кес ке­ле­тін ма­те­ма­ти­ка­лық мо­дель мен оның па­ра­метр­ле­рін пай­да­ла­ну. 4. Сақ­тан­ды­ру по­ли­сте­рін пай­да­ла­ну­дың әр­бір жы­л­ға ар­нал­ған ре­зерв­те­рін есеп­теу. 5. Ак­ту­ар­лық жол бе­рі­л­ген­дер­ді оң­тай­лы таң­дау. 6. Ық­ти­мал­дық­тар­ды есеп­теу және кү­ті­ле­тін дең­гей­лер­ді анық­тау. 7. Же­ке сақ­тан­ды­ру по­ли­сіне де, ке­лі­сім­шар­ттар жиы­ны­на да та­быст­ар мен шы­ғы­стар­ды анық­тау Бі­лу­ге ти­іс: 1. «Сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті ту­ра­лы» За­ңы. 2. «Ең­бек­пен та­был­ма­ған сый­лы­қа­қы­лар, бол­ма­ған за­лал­дар, мә­лім­дел­ген, бі­рақ рет­тел­ме­ген за­лал­дар, болған, бі­рақ мә­лім­дел­ме­ген за­лал­дар бой­ын­ша сақ­тан­ды­ру ре­зерв­те­рі мөл­ше­рі­нің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның сақ­тан­ды­ру және сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті ту­ра­лы заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны ұсы­ну қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стрі­нің 2018 жы­л­ғы 6 ақ­пан­да­ғы № 130 және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның 2018 жы­л­ғы 26 ақ­пан­да­ғы № 23 бір­лес­кен бұй­ры­ғы және қа­улы­сы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 16569 бо­лып тір­кел­ді). 3. Тү­сі­ну бағ­дар­ла­ма­лар және сақ­тан­ды­ру шар­тта­ры. 4. Ма­те­ма­ти­ка­лық мо­дель­деу әді­сте­рі және ак­ту­ар­лық есеп­тер­ді орын­дау бой­ын­ша мін­дет­тер­ді ре­сім­деу. 5. Рен­та­бель­ді жо­ба­лар­дың таң­дау кри­те­рий­ле­рі. 6. Нор­ма­тив­тік және әді­сте­ме­лік құ­жат­тар бой­ын­ша ак­ту­ар­лық тә­жі­ри­бе. 7. Сақ­тан­ды­ру ұй­ы­мы­ның та­быст­а­ры мен шы­ғы­ста­ры. 8. Сақ­тан­ды­ру ком­па­ни­я­сы­ның қар­жы­лық көр­сет­кіш­те­ріне сақ­тан­ды­ру өнім­де­рін са­ту­дың әсер етуі. 4-ең­бек функ­ци­я­сы: Сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ы­мы­ның қар­жы­лық тұ­рақ­ты­лы­ғы мен тө­лем қа­бі­лет­ті­лі­гін ба­ға­лау 1- мін­дет: Стрес­стік сце­на­рий­лер­ді қо­са ал­ған­да, сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ы­мы­ның тө­лем қа­бі­лет­ті­лі­гін ба­ға­лау Ма­шық­та­ры мен дағ­ды­ла­ры: 1. Сақ­тан­ды­ру ұй­ы­мы­ның сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) бой­ын­ша мін­дет­те­ме­ле­рін ба­ға­лау. 2. Сақ­тан­ды­ру ұй­ы­мы­ның жа­сы­рын мін­дет­те­ме­ле­рін ба­ға­лау. 3. Мін­дет­ті ак­ту­ар­лық ба­ға­ла­удың нәти­же­ле­рін қа­был­дан­ған нор­ма­лар­ға сәй­кес ба­ға­лау және тал­дау. 4. Сақ­тан­ды­ру ұй­ы­мы­ның ак­тив­те­рі­нің әділ құ­нын есеп­теу және ба­ға­лау. 5. Стрес­стік те­сті­леу жүр­гі­зу, стрес­стік сце­на­рий­лер­ді іс­ке асы­ру ке­зін­де ық­ти­мал шы­ғын­дар­ды анық­тау. Бі­лу­ге ти­іс: 1. «Сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті ту­ра­лы» За­ңы. 2. Сақ­тан­ды­ру то­бы­ның тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру және іш­кі ба­қы­лау жүй­е­сіне қой­ы­ла­тын та­лап­тар. 3. «Сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ы­мы­на іш­кі аудит жүр­гі­зу тәр­ті­біне қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ры­но­гын және қар­жы­лық ұй­ым­дар­ды рет­теу мен қа­да­ға­лау жө­нін­де­гі агент­ті­гі Бас­қар­ма­сы­ның 2004 жы­л­ғы 16 ақ­пан­да­ғы № 35 қа­улы­сы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 2752 бо­лып тір­кел­ді). 3. Сақ­тан­ды­ру ме­ке­ме­сі­нің опе­ра­ци­я­лық қыз­ме­ті. 4. Сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) шар­тта­ры бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­ді ба­ға­лау және есеп­теу тәр­ті­бі ту­ра­лы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің та­лап­та­ры. 5. Мо­дель­дер құ­ру, ак­ту­ар­лық мо­дель­деу. 5-ең­бек функ­ци­я­сы: Тәу­е­кел­дер және (неме­се) тәу­е­кел­дер­ге бай­ла­ны­сты қар­жы­лық мін­дет­те­ме­лер­ді сан­дық қар­жы­лық ба­ға­лау және тал­дау 1- мін­дет: Тәу­е­кел­дер­ді ба­ға­лау Ма­шық­та­ры мен дағ­ды­ла­ры: 1. Ақ­па­рат­ты, жи­нау, жүй­е­леу және тал­да­уды ұй­ым­да­сты­ру. 2. Тәу­е­кел­дер­ді ба­ға­лау. 3. Тәу­е­кел­дің пай­да бо­лу ық­ти­мал­ды­ғы­на әсер ете­тін фак­тор­лар­ды анық­тау. Бі­лу­ге ти­іс: 1. Ық­ти­мал­дық­тар тео­рия негіз­де­рі. 2. Тәу­е­кел­дер­ді ба­ға­лау са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік-құқық­тық ак­ті­лер. 3. Ха­лы­қа­ра­лық тәу­е­кел стан­дарт­та­ры. 4. Тәу­е­кел­дер­ді ба­ға­лау әді­сте­рі. 6-ең­бек функ­ци­я­сы: Сақ­тан­ды­ру және қай­та сақ­тан­ды­ру шар­тта­ры бой­ын­ша ірі мәмі­ле бой­ын­ша ак­ту­ар­лық есеп­ті­лік­ті жа­сау, жи­нақ­та­у­шы сақ­тан­ды­ру шар­тта­ры бой­ын­ша по­лис ұста­у­шы­лар­ға бе­рі­л­ген за­ем­дар­дың мөл­ше­рін анық­тау 1- мін­дет: Ак­ту­ар­лық қо­ры­тын­ды­лар­ды жа­сау және за­ем­дар мөл­ше­рін ай­қын­дау Ма­шық­та­ры мен дағ­ды­ла­ры: 1. Ақ­па­рат­ты жи­нау, жүй­е­леу және тал­да­уды ұй­ым­да­сты­ру. 2. Ак­ту­ар­лық есеп­те­улер­ді жү­зе­ге асы­ру үшін ак­ту­ар­лық қыз­мет­тің нор­ма­ла­ры­на сәй­кес ке­ле­тін ма­те­ма­ти­ка­лық мо­дель мен па­ра­метр­ле­рін қол­да­ну. 3. Шы­ғын­дар мен өтеу со­ма­сын есеп­теу. 4. Сақ­тан­ды­ру оқи­ға­ла­ры­ның пай­да бо­лу ық­ти­мал­ды­ғы­на әсер ете­тін фак­тор­лар­ды анық­тау. 5. Сақ­тан­ды­ру порт­фе­лін тал­дау. Бі­лу­ге ти­іс: 1. Ық­ти­мал­дық­тар тео­ри­я­сы негіз­де­рі. 2. «Сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті ту­ра­лы» За­ңы. 3. Сақ­тан­ды­ру ре­зерв­те­рін есеп­теу әді­сте­ме­сі және олар­дың құ­ры­лы­мын қа­лып­та­сты­ру­ға та­лап­тар. 4. Ха­лы­қа­ра­лық стан­дарт­тар. 5. Сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) шар­тта­ры бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­ді есеп­теу және ба­ға­лау әді­сте­ме­ле­рі. Же­ке құ­зы­рет­ті­лік­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар Тал­да­ма­лық ой­лау Стрес­ске тө­зім­ді­лік Жыл­дам ше­шім қа­был­дау, ко­ман­да­лық жұ­мыс жа­сау қа­бі­ле­ті Есеп­те­улер мен зерт­те­улер нәти­же­ле­рін қа­лып­та­сты­ру қа­бі­ле­ті БҰШ ішін­де­гі бас­қа ма­ман­дық­тар­мен бай­ла­ныс 6 6 5 4 4 Сақ­тан­ды­ру­да­ғы тәу­е­кел-ме­не­джер сақ­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы тал­да­у­шы (ан­дер­рай­тер) ад­жастер сақ­тан­ды­ру са­ты­лым­да­ры жө­нін­де­гі агент сақ­тан­ды­ру аген­ті БТ­БА неме­се БА неме­се бас­қа да кә­сіп­тік анық­та­ма­лық­тар­мен бай­ла­ныс Ма­те­ма­тик Бас­шы­лар­дың, ма­ман­дар­дың және бас­қа да қыз­мет­ші­лер ла­у­а­зым­да­ры­ның бі­лік­ті­лік анық­та­ма­лы­ғы