Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных по Карте поддержки предпринимательства регионов Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.
Тармақ 2
2. Экономика салаларын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 36 бұйрығымен бекітілген Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Есепті кезең: 20___ жылдың ___ жартыжылдығы Индексі: 1 - Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы Кезеңділігі: жылына 2 рет Деректерді ұсынатындар: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Ұсыну мерзімі: есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 10 күніне дейін Нысан 20___жылғы ___ ай кезеңінде өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы бойынша есеп № Жо­ба­ның ата­уы Жо­ба­ның өті­ніш бе­ру­ші­сі Са­ла және қыз­мет тү­рі (ЭҚ­ЖЖ) Өңір (аудан неме­се қа­ла) және ӘА­ОК ко­ды Көр­се­ті­л­ген мем­ле­кет­тік қол­дау ша­ра­ла­ры Құ­ры­лыс ке­зе­ңін­де­гі жұ­мыс орын­да­ры, адам са­ны Пай­да­ла­ну ке­зе­ңін­де­гі жұ­мыс орын­да­ры, адам са­ны Ин­ве­сти­ци­я­лар кө­ле­мі, мил­ли­он тең­ге Қол­дау құ­ра­лы­ның ата­уы Мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма ата­уы Алын­ған қол­дау ша­ра­сы­ның кө­ле­мі, мың тең­ге. Мен­шік­ті қа­ра­жат, мил­ли­он тең­ге қарыз қа­ра­жа­ты, мил­ли­он тең­ге бюд­жет қа­ра­жа­ты, мил­ли­он тең­ге 1 2 3 4 5 6 7 8 Кестенің жалғасы Ин­ве­сти­ци­я­лар­ды иге­ру % Өн­ді­рі­ле­тін өнім­нің ата­уы СЭҚ ТН ко­ды (6 таң­ба) Заттай мән­де­гі қу­а­ты Құн­дық мән­де­гі қу­а­ты Экс­порт (ел) Заттай мән­де­гі өн­ді­рі­л­ген өнім кө­ле­мі Құн­дық мән­де­гі өн­ді­рі­л­ген өнім кө­ле­мі, мил­ли­он тең­ге Заттай мән­де­гі экс­порт кө­ле­мі Құн­дық мән­де­гі экс­порт кө­ле­мі, мил­ли­он тең­ге Ең­бек өнім­ді­лі­гі, адам/ мың тең­ге Бар­лық дең­гей­лер­де­гі бюд­жет­тер­ге (РБ және ЖБ) са­лық­тық ауда­рым­дар кө­ле­мі, мил­ли­он тең­ге 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Кестенің жалғасы Өнім­ге қол­да­ны­ла­тын стан­дарт ту­ра­лы мә­лі­мет Құ­ры­лыс ке­зе­ңі (жыл) Объ­ек­ті­ні пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­сі (ак­ті­нің нө­мі­рі мен кү­ні) Ағым­да­ғы жағ­дай 21 22 23 24 Орындаушы: ____________________________________________ _________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы Басқарма басшысы немесе оның міндетін атқарушы: _____________________________________________ _________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы Мөр орны (бар болған жағдайда) Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы ЭҚЖЖ – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші ӘАОК – Әкімшілік-аумақтық органның классификаторы СЭҚ ТН – Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы РБ – Республикалық бюджет ЖБ – Жергілікті бюджет
Басқа 0. Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
2019 жылғы « » №__ Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі түсіндірме оны толтыру тәртібін нақтылайды.
Тармақ 2
2. Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасының негізгі міндеті өңір деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйені мониторингілеу (iске асыру) болып табылады және мемлекеттік қолдау шаралары берілетін, индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің басым секторларындағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалардың жиынтығын білдіреді.
Тармақ 3
3. Толтырылған нысанды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1159 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 7-тармағына сәйкес есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 10 күніне дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ұсынады.
Тармақ 4
4. Көрсеткіштер әкімшілік деректер субъектілері ағымдағы есепті кезеңнің 5 күніне ұсынған нақты деректер бойынша қалыптастырылады.
Тармақ 5
5. Нысанға тиісті жергілікті атқарушы органның Басқарма басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 6
6. Нысанның 1-бағанында жобаның жалпы атауы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 2-бағанында жобаға өтінім берушісі көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 3-бағанында кәсіпорынның саласы және атауы мен ЭҚЖЖ белгілеу кодын көрсете отырып қызмет түpi көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 4-бағанында өңір (аудан және қала) мен әкімшілік-аумақтық органның классификаторы (ӘАОК) көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 5-бағанында көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары: қолдау құралының атауы, мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген мемлекеттік бағдарлама, алынған қолдау шарасының көлемі көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Нысанның 6, 7-бағандарында құрылыс кезеңінде құрылған жұмыс орындары, сондай-ақ пайдалану кезеңіндегі бар жұмыс орындары көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысанның 8, 9-бағандарында бекітілген жобалау-сметалық құжаттама бойынша жалпы құны көрсетіледі, атап айтқанда: меншік қаражат – кәсіпорындардың, ұйымдардың қаражаты; қарыз қаражат – субсидияланған сыйақы мөлшерлемесі түрінде мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде екінші деңгейдегі банктерден алынған қаражат, сондай-ақ сыртқы үкіметтік қарыздарды қоса алғанда, қайтарылатын және қайтарылмайтын негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат және жергілікті атқарушы органдардың қарыз қаражатын қоса алғанда, қайтарылатын және қайтарылмайтын негізде жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат көрсетіледі, сондай-ақ инвестициялардың игерілуі пайыздық мәнде көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Нысанның 10-бағанында кәсіпорын өндіретін өнімнің атауы көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Нысанның 11-бағанында 6 таңба бойынша Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (СЭҚ ТН) коды көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Нысанның 12, 13-бағандарында кәсіпорынның заттай және құндық мәндегі өндірістік қуаты көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Нысанның 15, 16-бағандарында кәсіпорын өндірген өнімнің заттай және құндық мәндегі көлемі көрсетіледі.
Тармақ 17
17. Нысанның 14, 17, 18-бағандарында елді көрсете отырып, өнім экспортының заттай және құндық мәндегі көлемі көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Нысанның 19-бағанында еңбек нәтижелілігін сипаттайтын көрсеткіш көрсетіледі.
Тармақ 19
19. Нысанның 20-бағанында барлық деңгейлердегі бюджеттерге (республикалық бюджет және / немесе жергілікті бюджет) салықтық аударымдардың құндық мәндегі жалпы көлемі көрсетіледі.
Тармақ 20
20. Нысанның 21-бағанында өнімге қолданылатын стандарт туралы мәлімет (аббревиатура, атауы, қабылданған жылы) көрсетіледі.
Тармақ 21
21. Нысанның 22, 23-бағандарында объектіні пайдалануға қабылдау актісінің күні мен нөмірін көрсете отырып құрылыстың кезеңі көрсетіледі.
Тармақ 22
22. Нысанның 24-бағанында жобаның ағымдағы жағдайы (кәсіпорын жобаны іске асырудың қандай сатысында) көрсетіледі. Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізілген респонденттердің деректерді жинауға арналған есептілікті тапсыру нысанын жергілікті атқарушы органдар EXCEL форматында мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.