Некоторые вопросы поддержки сельскохозяйственных товаропроизводителей Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі N 665 қаулысында (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, N 17, 152-құжат): 2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен несиелендіру бағдарламаларына қатысу".
Тармақ 2
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.04. N 297 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Аталған қаулының 2-қосымшасында: атауындағы "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы" жабық акционерлік қоғамының несиелік қаражатының есебінен" деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 1
1) 1997/98 жылдың астығын сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Төлеухан Мұратқанұлы Нұрқиянов - комиссия төрағасының орынбасары болып; Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі Иван Иванович Отто - комиссия мүшесі болып; "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамының президенті Алтынбек Смағұлұлы Үмбетов - комиссия мүшесі болып енгізілсін; "Әзімов Руслан Жұмабайұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы, Ведомствоаралық комиссия төрағасының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Әзімов Руслан Жұмабайұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі, комиссия мүшесі"; "Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі салық комитетінің төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің міндетін атқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы";
Тармақша 2
2) Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы аталған құрамнан шығарылсын;
Тармақ 4
4. Ведомствоаралық комиссия "1997/98 жылғы егіннің астығын сатып алуды ұйымдастырудың тәртібін" әзірлеп, бекітсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.