Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 756 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Кәріздік коллекторда орын алған апатқа байланысты Екібастұз қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Х.А. Хабылбеков төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Х.А. Хабылбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.