Об утверждении натуральных норм положенности специального автотранспорта и натуральных норм площадей для специфических помещений ведомств Министерства финансов Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының Арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы үй-жайлары үшін заттай нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөліктерінің тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 251 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 11031 болып тіркелген, «Әділет» ақпаратық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 маумырдағы № 337 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 11545 болып тіркелген, «Әділет» ақпаратық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы
28 шілдеде жарияланған).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі сатып алу және Министрліктің активтері департаменті (Е.С. Қалас) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші
орынбасары – Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2019 жылғы 21
мамырдағы № 470
бұйрығына 1-қосымша
№
Атауы
Әрбір заңды тұлғаға
арналған арнайы автокөліктің заттай нормалары
Жүру лимиті айына 1 автомобильдің (километр)
салықтық тексерулер үшін
кедендік бақылау үшін
жеңіл авто негізінде
жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустарының шассиіне
жеңіл авто негізінде
жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустарының шассиіне
1
2
3
4
5
6
7
1.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
3
0
3
0
2500
2.
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері
4
0
3
1
2500
3.
Кедендер
-
8
1
2500
4.
Кеден бекеттері
-
2
0
2500
5.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандандырылған мемлекеттік мекемелері
-
2
1
2500
Ескертпе:
арнайы автокөлік – салықтық, кедендік заңнамалардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларын, қызметкерлері мен қызметшілеріне көлік қызметін көрсетуге арналған жеңіл не жүк автокөлігі, автобус, шағын автобус;
жеңіл автомобильдер базасында қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден аспауы тиіс; жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустарының шассиіндегі қозғалтқыш көлемі автомобиль моделіне байланысты.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары
№
Атауы
Әрбір заңды тұлғаға
арналған арнайы автокөліктің заттай нормалары
Жүру лимиті айына 1 автомобильдің (километр)
жеңіл авто негізінде
жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустарының шассиіне
1
2
3
4
5
1.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті
12
5
2600
2.
Саны 80 штат бірлігіне дейін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық тергеу департаменттері
8
1
2600
3.
80 штат бірлігінен бастап облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық тергеу департаменттері
12
2
2600
Ескертпе:
арнайы автокөліктерді пайдалану Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер, Қаржы мониторингі комитеттері төрағаларының бұйрығымен бекітілген тәртіпте, белгіленген лимит шегінде жүзеге асырылады;
арнайы автокөлік – салықтық, кедендік заңнамалардың және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер, қаржы мониторингі органдарының, лауазымды адамдарын, қызметкерлері мен қызметшілеріне көлік қызметін көрсетуге арналған жеңіл не жүк автокөлігі, автобус, шағын автобус;
жеңіл автомобильдер базасында қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден аспауы тиіс; жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустарының шассиіндегі қозғалтқыш көлемі автомобиль моделіне байланысты.
Басқа 3
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші
орынбасары – Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2019 жылғы
21 мамырдағы № 470
бұйрығына 3-қосымша
№ р/с
Үй-жайлардың атауы
Өлшем бірлігі
Үй-жайдың алаңы
1
2
3
4
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы:
1.
Көкшетау, Ақтөбе, Талдықорған, Атырау, Өскемен, Тараз, Орал, Қызылорда, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Петропавл қалалары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары
шаршы метр
900
Степногорск, Қапшағай, Текелі, Жезқазған, Сарань, Теміртау, Шахтинск, Балхаш, Приозерск, Қаражал, Сәтпаев, Лисаковск, Рудный, Арқалық, Жаңаөзен, Арыс, Кентау, Түркістан, Ақсу, Екібастұз, Риддер, Курчатов, Семей қалалары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары
шаршы метр
200
Қалалардағы аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары
шаршы метр
500
Аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары
шаршы метр
100
Қазынашылық органдарына арналған ерекше үй-жайлар
2.
Мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған зал:
Аудандық қазынашылық басқармалары
шаршы метр
30
Қалалық қазынашылық басқармалары
шаршы метр
45
Облыстар бойынша Қазынашылық департаменттері
шаршы метр
60
Республикалық манызы бар қалалар және астана бойынша Қазынашылық департаменттері
шаршы метр
90