Об установлении ограничительных мероприятий в крестьянских хозяйствах «Сабыр», «Даурен», «Алибек» на участке Баракпай относящийся Колдененскому сельскому округу Урджарского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий в крестьянских хозяйствах «Сабыр», «Даурен», «Алибек» на участке Баракпай относящийся Колдененскому сельскому округу Урджарского района
- Атауы (қаз.)
- Үржар ауданы Көлденең ауылдық округіне қарасты Барақпай учаскесіндегі «Сабыр», «Дәурен», «Әлібек» шаруа қожалықтарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 24.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 03.10.2019 131941_423512.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.10.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VR005973
- ЭКБ идентификаторы
- 131941
- Редакция идентификаторы
- 131941_423512
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:48
0 Үржар ауданы Көлденең ауылдық округіне қарасты
Барақпай учаскесіндегі «Сабыр», «Дәурен», «Әлібек» шаруа қожалықтарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы министірлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 5 мамырдағы № 101 ұсынысы негізінде Көлденең ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Үржар ауданы Көлденең ауылдық округіне қарасты Барақпай учаскесіндегі «Сабыр», «Даурен», «Әлібек» шаруа қожалықтарында ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. «Үржар ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министірлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша) анықталған эпизотиялық ошақта ветеринариялық-санитарлық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық санитарлық іс шараларды жүргізу ұсынылсын.
3 3. «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көлденең ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы шаруашылық құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресіми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресіми жариялау және енгізу үшін жолдансын;