О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения города Аксу Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақсу қаласының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңының 50-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақсу қаласының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелері 10 (он) есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Ақсу қаласының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге арттырылсын.
Тармақ 3
3. Ақсу қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Ақсу қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 шілдедегі «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы Ақсу қаласының жерлеріне жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есе жоғарылату туралы» № 356/47 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4671 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Тармақша 2
2) Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы «Ақсу қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 шілдедегі «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы Ақсу қаласының жерлеріне жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есе жоғарылату туралы» № 356/47 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» № 429/56 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5065 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 сәуірде «Ақсу жолы», «Новый путь» газеттерінде жарияланған).
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қалалық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.