Об утверждении дифференцированных размеров компенсаций и вознаграждений за секретные изобретения и порядка их выплат Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құпия өнертабыстар үшiн өтемақылар мен сыйақылардың сараланған мөлшерiн және оларды төлеудiң тәртiбiн бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.02.2005 № 124 қаулысымен. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүддесiн қорғау, құпия өнертабыстарды жасау мен пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Патент иесiне өнертабысты құпиялағаны үшiн, өнертабыстың құндылығына қарай, есептiк көрсеткiштiң 10-нан 15-ке дейiнгi мөлшерiнде өтемақылар төлеу бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Авторларға құпия өнертабыстар жасағаны үшiн бiржолғы көтермелеу сыйақысын, сондай-ақ оларды пайдаланғаны үшiн сыйақыны төлеу тараптардың арасындағы келiсiмге сәйкес белгiленген мөлшерде жүргiзiлсiн, бұл ретте сыйақы сомасы есептiк көрсеткiштен кем болмайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы алдын ала патент немесе патент бергеннен соң бiр ай мерзiм iшiнде өнертабыстарды құпиялағаны үшiн ақшалай өтемақы мен бiржолғы көтермелеу сыйақысын төлеудi, сондай-ақ патент бажын төлеудi және құпия өнертабысқа арналған өтiнiмдердi сараптауға ақы төлеудi жүргiзсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.