О создании областного Совета по делам инвалидов Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектер iстерi жөнiндегi облыстық кеңес құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 21.02.2005 № 65 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 "Мүгедектер оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" қаулысын жүзеге асыру, жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының қызметiн үйлестiру, мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды және олардың қоғамға жан-жақты кiрiгуiне мүмкiндiктер берудi қолдау мақсатында облыс әкiмияты қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Мүгедектер iстерi жөнiндегi облыстық кеңес құрылсын, оның дербес құрамы бекiту үшiн облыстық мәслихатқа ұсынылсын (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қоса берiлiп отырған Мүгедектер iстерi жөнiндегi облыстық кеңес туралы ереже бекітiлсiн (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалысын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Е.Күмiсқалиға жүктелсiн.
Басқа 4
Маңғыстау облысы әкiмиятының
2002 жылғы 25 шiлдедегi
№ 141 қаулысына 1 қосымша
Мүгедектер iстерi жөнiндегi облыстық кеңестiң
ҚҰРАМЫ
📌 Ескерту. 1-қосымша өзгертілді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы № 87 қаулысымен .
Макежанов Сұлтанбек Алмасбекұлы облыс әкімінің орынбасары,
кеңес төрағасы
Баужанова Ақмоншақ Облыстық еңбек, халықты жұмыспен
қамту және әлеуметтiк қорғау
басқармасының бастығы,
кеңес төрағасының орынбасары
Байнеке Айса Сембайұлы облыстық еңбек, халықты жұмыспен
қамту және әлеуметтiк қорғау
басқармасының мүгедектер мен
ардагерлерге қызмет көрсету
бөлiмiнiң бастығы, кеңес хатшысы
Доронина Раиса Есқалиқызы облыстық соқырлар қоғамының
төрайымы (келісім бойынша)
Драч Александр Александрович облыстық туризм және спорт
жөнiндегi басқарма бастығы
Қарабалина Гүлшат Қабдулқызы Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің
Маңғыстау облысы бойынша
департаменті директорының
орынбасары, Маңғыстау облысы
бойынша медициналық әлеуметтік
сараптама жөніндегі бас сарапшы
(келісім бойынша)
Каджиков Таңатар Төребайұлы Маңғыстау облыстық Әділет
басқармасы бастығының орынбасары
Мурадян Татьяна Сергеевна облыстық "Балдырған" қорының
төрайымы (келiсiм бойынша)
Өсербаева Шолпан Құдабайқызы облыстық қаржы басқармасы
бастығының орынбасары
Сағымбаева Жанияш Наурызбайқызы облыстық бiлiм басқармасының
бастығы
Танцурина Алла Владимировна облыстық мүгедектер қоғамының
төрайымы (келiсiм бойынша)
Төралиев Сағыныш облыстық денсаулық сақтау
басқармасының бастығы
Басқа 5
Маңғыстау облысы әкiмиятының
2002 жылғы 25 шiлдедегi
№ 141 қаулысына 2 қосымша
Мүгедектер iстерi жөнiндегi облыстық кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже мүгедектер iстерi жөнiндегi облыстық кеңес қызметiнiң мiндеттерiн, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негiздерiн айқындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мүгедектер iстерi жөнiндегi облыстық кеңес (бұдан әрi - Кеңес) облыс әкiмiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Кеңестi құрудың мақсаты мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында мемлекеттiк органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың қызметiн үйлестiру жөнiндегi ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Заңын, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi және осы Ереженi басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары
2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары
Тармақ 2
2. Мүгедектiк және мүгедектер проблемаларымен айналысатын қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау.
Тармақ 3
3. Жергiлiктi мемлекеттiк органдардың мүгедектiктiң алдын алу, мүгедектердi оңалту, олардың әлеуметтiк қорғалуы, оларға бiлiм беру және кәсiбi даярлау, жұмыспен қамту проблемалары жөнiндегi қызметiн үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу.
Тармақ 4
4. Мүгедектер проблемалары бойынша ұсыныстар дайындау.
Тарау 3. 3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру
3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Кеңеске төраға басшылық жасайды. Кеңестiң мәжiлiстерiн қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жарты жылда кемiнде бiр рет төраға немесе оның тапсырмасы бойынша төрағаның орынбасары шақырады.
📌 Ескерту. 5 тармағына өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы № 87 қаулысымен .
Тармақ 6
6. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi материалдарын, ұсынымдарын дайындауды Кеңестiң хатшысы жүзеге асырады. Кеңес өз қызметiн қоғамдық негiзде жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Кеңестiң шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер, оларға Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс бергенде, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
Тармақ 8
8. Кеңес мәжiлiстерiн өткiзудiң нәтижелерi бойынша, оның төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттама жүргiзiледi. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
Тармақ 9
9. Кеңестiң жұмыс органы облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы болып табылады.