О закреплении и комплексном использовании рыбохозяйственных водоемов Күшін жойған
Басқа 0
Балық шаруашылығы су айдындарын бекіту және кешенді пайдалану туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 21.02.2005 № 63 қаулысымен.
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14, 38-бабына, табиғат пайдаланушыларға балық шаруашылығы су айдындарын (бөліктерді) бекіту жөніндегі облыстық тендерлік комиссияның 2002 жылғы 18 шілдедегі № 18 шешімі, Қостанай облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы мен Костанай облыстық жануарлар және өсімдіктер әлеміне мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасының қорытындысы негізінде Қостанай облысы әкімияты КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кешенді балық шаруашылығына пайдалану үшін бекітілсін:
Жітіқара ауданының ауданы 13,8 га Бородинка тоғаны "Стадиес-2" ЖШС-іне;
Қарабалық ауданының ауданы 160 га Сарыкөл көлі "Восход-2030" ЖШС-іне;
Қостанай ауданының 4 га тоғаны (аты жоқ) "Медовик" ЖШС-іне;
Алтынсарин ауданының ауданы 534 га Сливное көлі, Сарыкөл ауданының ауданы 156,6 га Дедово көлі ҚР азаматы А.Б. Жүсіпбековке;
Меңдіқара ауданының ауданы 34 ға Қараңғалық сайдағы тоғаны "Север" ААҚ-ына;
Федоров ауданының ауданы 138 га Бикилек көлі жеке кәсіпкер Л.И. Мамаеваға;
Алтынсарин ауданының ауданы 138 га Тұрантайкөлі (Анастасьевское) "Игілік" ААҚ-ына;
Қамысты ауданының ауданы 1387 га Талдыкөл көлі "Қарабатыр" Агрофирма ЖШС-іне берілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылсын:
Таран ауданындағы "Смайловское" ЖШС-іне Большое Немецкое көлін бекіту туралы облыс әкімінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі № 217 шешімі;
Әулиекөл ауданындағы "Сұлтанғазы" ШҚ-ына Океан және Ақбура көлдерін бекіту туралы облыс әкімінің 2000 жылғы 8 қырқүйектегі № 170 шешімі;
Әулиекөл ауданындағы Әулиекөл аудандық аңшылық қоғамына Кішкенекөл, Мырзакөл және Сұлукөл жүйелерін бекіту туралы облыс әкімінің 1998 жылғы 27 мамырдағы № 86 шешімі;
"Қостанай Универсал Маркет" ТПК-іне "Шошқалы" көлдерінің жартысын бекіту туралы облыс әкімінің 1998 жылғы 16 қаңтардағы № 10 шешімі.
Тармақ 3
3. Орман және биоресурстар жөніндегі Қостанай облыстық аумақтық басқармасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес босатылған балық шаруашылығы айдындарын қайтадан бекітіп беру туралы ұсыныс енгізсін.