О кредитовании субъектов малого предпринимательства из средств городского бюджета Күшін жойған
Басқа 0
Қала бюджетінің қаражатынан шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 11.11.2004 N 4/926 қаулысымен.
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау мақсатында және Үкіметтің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1440 "Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органы беретін несиелер ережелері туралы" Қаулысын орындау жолында, Алматы қаласының Әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін қысқа мерзімді несиелердің мына шарттары бекітілсін:
Тармақша 1
1) бюджет несиесінің беру үлгісі - жедел несие, заемшы-банкінің есеп шотына барлық бюджет несиесінің сомасы бір жақты аударым жолымен беріледі;
Тармақша 2
2) бюджет несиесінің берілу мерзімі - 1 жыл;
Тармақша 3
3) бюджет несиесі ұлттық валюта - теңгемен беріледі;
Тармақша 4
4) түпкі заемшыға арналған бюджеттік несиенің шекті мөлшері 4 (төрт) миллион теңге;
Тармақша 5
5) ең соңғы заемшыға сыйлық ставкасы жылдық теңгемен - 10%.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы Әкімінің 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 5/814 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қысқа мерзімде несиелеуді жүзеге асыру Алматы қаласы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымды бағыты жөніндегі тізбеге сәйкес жүргізіледі (N 1 қосымша).
Тармақ 3
3. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қалалық бюджет қаражатынан несиелеу үшін заемшы-банкілерді таңдау үшін конкурстық комиссия құрылсын (N 2 қосымша).
Ашық конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия конкурсты өткізіп жеңімпаз банкіні анықтасын.
Тармақ 4
4. Алматы қаласы Әкімінің 2001 жылғы 25 мамырдағы N 354 "Қала бюджетінің қаражатынан шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 14 наурыздағы N 2/166 "Қала бюджетінің қаражатынан шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу туралы" Қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары К.Е.Жаңбыршинге жүктелсін.
Басқа 12
2002 жылғы 08 тамыздағы
Алматы қаласы Әкімшілігінің
N 4/520 Қаулысына
N 1 қосымша
Алматы қаласы бойынша Шағын кәсіпкерлікті
дамытудың басымды бағытының
ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Жоғары сапалы киімдер мен трикотаж бұйымдарды өндіру;
Тармақ 2
2. Жоғары сапалы жиһаздар мен фурнитураларды өндіру;
Тармақ 3
3. Жаңа түрдегі картон-қағаз өнімдерін өндіру, полиграфиялық және баспа өнімдері;
Тармақ 4
4. Ауылшаруашылық өнімдерін даярлау, өңдеу және сақтау;
Тармақ 5
5. Балалар тағамын, нан, тоқаш, кондитер бұйымдарын, алкогольсіз сусындарды, минералдық суларды және оларға арналған қаптамаларды шығару;
Тармақ 6
6. Ет, сүт, колбаса-шұжық, макарон өнімдерін шығару;
Тармақ 7
7. Жаңа технологиялық түрдегі машиналар мен жабдықтарды шығару;
Тармақ 8
8. Өнеркәсіп және тұрмыстық электроника мен электротехникалық өнімдерді өндіру;
Тармақ 9
9. Тұрмыстық химия мен парфюмерлік-косметикалық, зергерлік бұйымдарды өндіру;
Тармақ 10
10. Дәрі-дәрмектік табиғи шикізатты даярлау және өндіру, сондай-ақ дәрі-дәрмек құралдарын, тану материалдары мен тазалық-гигиеналық заттарды шығару;
Тармақ 11
11. Жергілікті шикізат базасында құрылыс материалдарының, конструкциялары мен бұйымдардың озық және жаңа түрлерін өндіру;
Тармақ 12
12. Қаланың инфрақұрылымы саласында шағын кәсіпорындарды құру (дәрілеу, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды өңдеу, пәтер иелері кооперативінің және тамақтандыру объектілеріне қызмет көрсету, сұлулық салондары, көшелерді тазалау, және басқалары);
Тармақ 13
13. Қалаға шет елден саясатшыларын тартуға бағытталған туристік қызмет және Алматы қаласының демалыс қонақ үй бизнесі;
Тармақ 14
14. Медициналық және ветеринарлық қызмет көрсететін шағын кәсіпорындар құру;
Тармақ 15
15. Ғылыми икемді өндірістер мен технологияларды дамытуға байланысты қызмет, жоғары экспорттық қайтарымы бар, былай айтқанда венчурлық фирмалар, олардың өнімі ішкі және сыртқы базарларға арналған;
Тармақ 16
16. Құрылыс және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізетін кәсіпорындар құру.
Тармақ 17
17. Cауда қызметін жасайтын заңды және жеке тұлғалар, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары.
📌 Ескерту. 1-қосымша 17 тармақпен толықтырылды - Алматы қаласы Әкімінің 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 5/814 қаулысымен.
Басқа 30
2002 жылғы 08 тамыздағы
Алматы қаласы Әкімшілігінің
N 4/520 Қаулысына
N 2 қосымша
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қала бюджетiнен
несиелендiру үшiн несие-банк анықтау жөнiндегi
конкурс комиссиясының
ҚҰРАМЫ
1. Жаңбыршин Қозы-Көрпеш Есiмұлы - Алматы қаласы Әкiмiнiң
орынбасары-комиссия төрағасы
2. Бисенов Марат Смағұлұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісi
Алматы қаласы филиалы бастығының
орынбасары - комиссия
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелерi:
3. Тоқтасынов Әлiмжан Имтахунұлы - Қалалық қаржы басқармасы
бастығының бiрiншi орынбасары
4. Тұржанов Серiк Әбдiқалиұлы - Шағын бизнес Департаментiнiң директоры
5. Иманғожин Алмат Отжанұлы - Салық комитетi төрағасының орынбасары
6. Бексұлтанов Азамат - Қазына басқармасы бастығының
Имұхамбетұлы орынбасары
7. Қасенов Қ.Т. - Экономика жөнiндегi комитеттiң қаржы
менеджментi және маркетинг
бөлiмiнiң бастығы