Вопросы медицинского осмотра юношей допризывного возраста Қолданыста
Басқа 0
Әскерге дейiнгi жасөспiрiмдердi медициналық тексеруден өткiзу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 27 қаңтардағы "Тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiн бекiту туралы" № 135 қаулысына сәйкес және әскерге дейiнгi жасөспiрiмдердi кешендi медициналық тексеруден ұйымдасқан түрде өткiзу, сондай-ақ емдеудi қажет ететiн жасөспiрiмдерге медициналық көмек көрсету мақсатында:
Тармақ 1
1. Қала және аудан әкiмдерi, бiлiм (бастық мiндетiн атқарушы Ш.Ж.Сазабаева) және денсаулық сақтау (Б.Б.Баймаханов) департаменттерi басшылары:
Тармақша 1
1) 2002 жылғы 20 қыркүйектен 10 қазанға дейiнгi кезеңде облыс бойынша 1986-1987 жылы туған әскерге дейiнгi жасөспiрiмдердi қалалық және аудандық емдеу-алдын алу мекемелерiнде медициналық тексеруден өткiзсiн. Медициналық тексеру қорытындысын тиiстi медициналық құжаттарға енгiзсiн;
Тармақша 2
2) емдеу-алдын алу мекемелерiнде медициналық тексеру жұмысын бөлiнген қаржы шегiнде, қалалар мен аудандар бюджетi есебiнен жүзеге асырсын;
Тармақша 3
3) 2002 жылғы 1 қазанға дейiн медициналық тексеру өткiзу кестесiн бекiтсiн;
Тармақша 4
4) жоспар-кестеге сәйкес жасөспiрiмдердiң медициналық тексеруге және емделуге толық келуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 2
2. Ұйым, кәсiпорын, мекеме басшылары, меншiк нысанына қарамастан, 2002 жылғы 1 қазанға дейiн 1986-1987 жылы туған жасөспiрiмдердiң тiзiмiн № 278-нысан бойынша қалалық (аудандық) медицина бiрлестiктерiне, № 1 МО-нысаны бойынша аудандық, қалалық әскери комиссариаттарға тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау департаментi (Б.Б.Баймаханов) бекiтiлген кестеге сәйкес жасөспiрiмдердi медициналық тексеруден өткiзсiн. Осы мақсатта:
Тармақша 1
1) қажеттi медициналық мүлiк пен жабдық бөлсiн, сондай-ақ дәрiгер-мамандар мен орта буын медицина қызметкерлерiн тағайындасын;
Тармақша 2
2) жасөспiрiмдердi тексеру барысында зертханалық және флюорографиялық зерттеулер, антропометрия мен ауыз қуысын санациялауды жүргiзсiн;
Тармақша 3
3) тексерудi, емдеудi, дәрiгерлiк бақылауды қажет ететiн жасөспiрiмдердi анықтап, оларды диспансерлiк есепке алсын;
Тармақша 4
4) жасөспiрiмдер дәрiгерлерiнiң жұмысын, тексерулердi ұйымдастыруды, жоспарлауды, өткiзудi, анықталған науқастарды емдеудi, осы жұмыстағы есепке алу және есептiлiк құжаттарын жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Н.С.Сейiтжапаровқа жүктелсiн.