Об утверждении перечня, наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования районного значения по Мартукскому району Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн, атаулары мен индекстерін бекiту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Мәртөк ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 402 «Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5120 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 қарашада жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Мәртөк аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И. Еспағанбетовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді: «Ақтөбе облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы __________ Н. Аспенов «___» _______ 20__ жыл
Басқа 9
Мәртөк ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 206 қаулысына қосымша Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері № р/с Ав­то­жол­дың ин­дек­сі Ав­то­жол­дың ата­уы Жал­пы­ұзынды­ғы, ша­қы­рым 1 KD-МА-1 «Мәр­төк-Дмит­ри­ев­ка-Бай­то­ры­сай-Пол­тав­ка» 0-44,275 км 44,275 2 KD- МА -2 «Мәр­төк-Ақ­тө­бе тас жо­лы­нан Воз­не­се­нов­ка-Жа­ңа­жол» 0-33 км 33 3 KD- МА -3 «Бай­то­ры­сай-Шев­чен­ко-Қы­зы­л­жар-Бөр­те» 0-43,825 км 43,825 4 KD- МА -4 «До­стық ауы­лы­на кі­ре бе­ріс» 0-12 км 12 5 KD- МА -5 «Мәр­төк-Қа­ра­та­у­сай-Ақ­қай­ың» 0-44 км 44 6 KD- МА -6 «Жай­саң-Көк­пек­ті» 0-7 км 7 7 KD- МА -7 «Құр­ман­сай-Шан­ды-Егі­за­та» 0-39 км 39 8 KD- МА -8 «Құр­ман­сай ауы­лы­на кі­ре бе­ріс» 0-28,315 км 28,315 9 KD- МА -9 «По­кров­ка­а­уы­лы­на­кі­ре­бе­ріс» 0-9,1 км 9,1 10 KD- МА -10 «Мәр­төк-Ақ­тө­бе тас жо­лы­нан Қа­ра­то­ғай ауы­лы­на кі­ре бе­ріс» 0-6 км 6 11 KD- МА -11 «Мәр­төк-Ақ­тө­бе тас жо­лы­нан Мәр­төк ауы­лы­на кі­ре бе­ріс» 0-6 км 6 12 KD- МА -12 «Жай­саң ауы­лы­на кі­ре бе­ріс» 0-3,21 км 3,21 13 KD- МА -13 «Са­ры­жар ауы­лы­на кі­ре бе­ріс» 0-4,56 км 4,56 Барлығы 280,285