Об актуальных экологических проблемах области и мерах их решения в соответствии с требованиями законодательных актов Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың көкейкесті экологиялық проблемалары және оларды Қазақстан Республикасы заң актілерінің талаптарына сай шешу шаралары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 08.02.2005
№ 14-24 шешімімен.
Батыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Р.Х. Сүйiрбаевтың баяндамасын тыңдап талқылаған соң облыстық мәслихат облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының Орал қаласы мен облыс аудандарының өкiлеттi және атқарушы, уәкiлдi органдарымен бiрге өз қызметтерiн табиғат қорғауды басқаруды жетiлдiруге бағыттай отырып атқаратындықтарын атап көрсетедi.
2001-2002 жылдарда қала және аудан, ауылдық округ мәслихаттары мен әкiмшiлiктерiнде экология саласынан 300-ден астам мәселелер қаралып, орта мерзiмдi кешендi "Экология" және "Көгалдандыру" бағдарламалары бойынша iс-шаралар жүзеге асуда. Шаруашылық етушi субъектiлер қызметiне мемлекеттiк бақылау мен табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлейтiн төлемдерiне талап күшейтiлуде. 2001-2002 ж. қоршаған ортаны ластағаны үшiн түскен төлемдер сомасы 212,9 млн. теңге, салынған әкiмшiлiк айыппұлдар сомасы 2,3 млн. теңгенi құрап, келтiрiлген экологиялық зиянды өтеу үшiн 227,4 млн. теңге сомасындағы талаптар қойылды. Қоршаған ортаға тигiзетiн әсерiн бағалау үшiн облыстың 19 iрi өнеркәсiптерiнде өндiрiстiк мониторинг жүргiзiлiп келедi. 2001 жылы табиғат қорғау объектiлерiнiң құрылысы мен шараларына 2,47 млрд. теңге көлемiнде қаржы салымы енгiзiлдi.
Соңы бiр жарым жыл iшiнде облыста қаланың, аудан орталықтарының және елдi мекендердiң көркейтiлуi жөнiнен үлкен жұмыстар жасалуда. Аймақты тазарту бойынша экологиялық айлықтар, сенбiлiктер жүйелi түрде өткiзiлуде.
Осыған қоса облыстық мәслихат облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, басқа да өкiлеттi ведомстволар, жергiлiктi билiк органдары мен басқармалар жүргiзiп отырған экологиялық проблемаларды шешу және олардың қоршаған ортаға терiс әсерiн төмендету жөнiндегi қызметi экология және табиғатты пайдалану саласындағы қарым-қатынастарды реттейтiн ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының және басқа да заңды және нормативтi құқықтық актiлерiнiң талаптарына сай келмейтiндiгiн көрсетедi.
Облыстың төрт ауданында өткiзiлген қоғамдық тыңдаулардың нәтижелерi мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы-өкiлеттi органдар мәлiметтерiнiң анализi күрделi экологиялық проблемалардың бар екендiгiн көрсетедi.
Оларды шартты түрде үш топқа бөлуге болады. Бiрiншiсi - облыс территориясында әрекет етушi әскери полигондар. Екiншiсi - Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кенiшi. Үшiншiсi - Жайық өзенiнiң экожүйесiн сақтау, сонымен қатар орман, емен-тоғайлары, қорықшаларды қорғау мәселелерi, қалалар мен аудандарды сумен және қолайлы санитарлық жағдаймен қамтамасыз ету, балық қорларын және олардың мекен ету ортасын сақтау.
Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы үкiметтерiнiң арасында жасалған шартқа сай Бөкейорда және Жаңақала аудандарының 1,465 млн. га жерi "Капустин Яр" әскери сынақ полигонына берiлген.
Полигон қызметi әсерiнен болған экологиялық қолайсыз жағдай облыстың 6 оңтүстiк ауданы халқының денсаулығын күрт төмендеттi. Бұл аудандардағы сәби өлiмi облыстық көрсеткiштен 1,5 есе асады. Әсiресе балалар мен жасөспiрiмдердiң ауруға шалдығуы көбейiп, ол 100 мың адамға шаққанда 88638 болды. Iшектiң жұқпалы аурулары көрсеткiшi жоғары деңгейде қалып отыр. Ол облыс бойынша орташа 100 мың адамға шаққанда 164,7 болса, Жаңақала ауданында - 245,7, Казталовка ауданында - 248 құрайды. "Капустин Яр" полигонына жақын жатқан барлық аудандар тұрғындарының қатерлi iсiк ауруына ұшырауының өсуi байқалады, өмiрдiң орташа ұзақтығы қысқарып, ол ер адамдар үшiн - 56, әйелдер үшiн - 62 жас, ал облыс бойынша ол ер адамдар үшiн - 59,1, әйелдер үшiн - 70,7 жас құрайды.
2002 жылы алдын ала жүргiзiлген радиоэкологиялық зерттеулердiң нәтижелерi бойынша облыстың оңтүстiк территориясы топырақ, су және халықтың денсаулығына керi әсер ететiн радионуклидтер мен ауыр металдармен ластанғанын көрсетедi. Полигонға шектесiп жатқан Қаратөбе, Казталовка, Жаңақала, Ақжайық ауданының Тайпақ бөлiгi, Бөкейорда аудандарының барлық су көздерi фармокологиялық әсерi анық байқалатын радионуклидтер (радий-226) және ауыр металдар (мырыш, қорғасын, марганец және кобальт) құрамы бойынша шектi деңгейлi концентрациядан асып кеткендiктен шаруашылық және ауыз су қажеттiлiктерiне жарамсыз болып қалуда. Чернобыль авариясы мен басқа мемлекеттердегi ядролық қаруды сынаудан болған трансшекаралық ластанумен қоса "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарында әртүрлi сынақтарды өткiзу Бөкейорда мен Жаңақала аудандарында 1966-1980 жылдар, 1986-1988 ж. және 1990-1992 жылдардағы өсiмдiк және мал шаруашылығы өнiмдерiндегi бетта-активтiлiк қосындысының өсуiне әкелiп соқтырды. Жануарлар әлемiнiң тiршiлiк ортасы нашарлап, нәтижесiнде сол кезеңдерде жануарлардың белгiсiз эпизотиялардан жаппай жойылуы байқалды.
Бiрыңғай мемлекеттiк бағдарламаға сай республикалық бюджет есебiнен 2001 жылы Бөкейорда және Жаңақала аудандарында кешендi түрде ғылыми зерттеулер өттi. 2002 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының радиациялық қауiпсiздiк және экология институты облыстың төрт оңтүстiк аудандарын (Жәнiбек, Казталовка, Қаратөбе және Ақжайық ауданының Тайпақ бөлiгi) екiншi кезең бойынша зерттеуден өткiзуi керек. Бiрақ қаржыландыру көзi анықталмауынан бұл жұмыс әлi басталған жоқ, осыдан келiп зерттеулер бағдарламасында қарастырылған бұл жұмыстың жүргiзiлуi белгiсiз болып отыр.
"Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарындағы сынақ әсерiнен зардап шеккен оңтүстiк аудандардың халқы әлеуметтiк қорғауға, медициналық оңалтуға, тиiсiнше жеңiлдiктер алуға мұқтаж.
Қарашығанақ кен орны қоршаған ортаны ластап жатқан негiзгi көз болып табылады. Кенiштiң операторы Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг (КПО) б. в. бiрнеше қайтара санитарлық, табиғат қорғау заңдылықтарын ұстануын тексеру кезiнде анықталған заң бұзушылықтарға қарамастан өндiру ұңғыларынан барлық шектеулердi алып тастап, табиғи жұтау режимiнде оны өндiрудi жалғастырып жатыр. Кенiштi игеру және көмiрсутек шикiзатын өндiрудi ұлғайту атмосферадағы ластаушы заттар эмиссиясы көлемiнiң ұлғаюымен қатар жүруде. Егер 1997 жылы ол 4,3 мың тонна болса, 2001 жылы 13,7 мың тоннаны құрады. Жуық арадағы екi жылда тастамалар көлемi 27,0 мың тоннаға жетедi деп есептелуде. Осыған қарамастан кенiште осы уақытқа дейiн тастамаларды азайту шаралары жасалмаған. КПО б. в. өнiмдi бөлудiң ақыры келiсiмiнiң (ӨБАК) алаудағы газды жағуды тоқтату немесе соған пара-пар шараларды жүзеге асыру бойынша 17В қосымшасының 1.1.1. - бөлiмiнiң талаптарын орындамады.
Қарашығанақ кенiшiнде соңғы екi-үш жылда оның қоршаған ортаға терiс әсерiн төмендетушi бiрде-бiр табиғат қорғау объектiсi iске қосылмаған:
атап айтқанда 2000 жылы метанолды регенерациялау қондырғысы iске қосылмады, осыған байланысты жылына 12-15 мың кубметр сулы-метанолды қоспаны жағып жiберу жалғасып келедi;
2001 жылы 4-шi газ желдету компрессорының монтажы басталған жоқ, нәтижесiнде ГП-3-тегi төменгi қысымды алауда жылына 30-40 млн. куб метр газ жағылып кетiп жатыр.
Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кенiшiнiң (ҚМГКК) экологиялық бағдарламасында қаралған табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру толық көлемде жүргiзiлмей келедi, атап айтқанда:
1999-2000 жылдардағы мұнай және мұнай өнiмдерiнiң төгiлуi зардаптарын жою шаралары жасалмаған;
ГП-3-тегi тазалау қондырғысы жұмыс жобалау режимiне кiргiзiлмеген, мерзiмi 2000 жыл;
ҚМГКК объектiлерiнiң сумен қамтамасыз етiлу және суды алып кету схемасы жасалмаған, мерзiмi 2000-2001 ж.ж.;
уытты қалдықтар полигоны құрылысы жүзеге аспаған, мерзiмi 2000-2001 ж.ж.
Табиғат қорғау шараларының жылдық жоспарын жүзеге асыру жылдан-жылға орындалмай келедi. КПО б. в. ресми есебi бойынша табиғат қорғау жұмыстары жоспарының орындалуы 2001 жылы 94,3 пайыз құраған, бiрақ онда табиғат қорғау объектiлерiне жатпайтын шараларға кеткен шығындар қосыла көрсетiлген. 2001 жылға арналған табиғат қорғау шараларының жоспары экология органдарымен келiсiлмеген.
Өндiрiс қалдықтарын басқару жүйесiндегi экологиялық талаптар бұзылуда, олардың түзiлуi соңы төрт жылда 0,5-тен 33,8 мың тоннаға өскен және ол облыстың ластану көлемiнiң 58 % құрайды. Өндiрiстiң уытты қалдықтарының алдын-ала бейтарапсыздандырылмай, бұрғылау қалдықтарын сақтау алаңшасында жинақталады. Осыдан келiп қоршаған ортаның ластануына нақты қауiп төндiредi. Қазiргi кезде тек қалдықтарды залалсыздандырудың I-кешенiнiң құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасалған.
"Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңның 54-бабын бұза, 2001 жылғы наурыз айында ағын суларды залалсыздандыру және тазарту объектiлерiнiң құрылысы бiтпеген күйiнде әкiмшiлiк-қонақ үй кешенi пайдалануға берiлдi. Нәтижесiнде жинақтағыш тоған толып, қоршаған орта ластануына байланысты, авариялық жағдай қалыптасқан.
Кенiштегi эксплуатациялық скважиналардың техникалық жағдайлары күрделi болып қалып отыр. КПО б. в. су пайдалану мәселелерiне тиiстi көңiл аудармайды. Өндiрiс бойынша жалпы сумен қамтамасыз ету және суды алып кету схемалары жоқ. Ағын сулардың уақтылы нормалануы қамтамасыз етiлмеген. Төрт жыл бойы ГП-3-тегi ағын суларды тазарту қондырғысының құрылысы жүзеге аспай келедi, нәтижесiнде толық тазартылмаған ағын су қоршаған ортаға түсiп жер асты суларын ластайды және Березовка, Елек, Жайық өзендерiнiң ластануына нақты қатер төндiредi.
ҚР Су Кодексiнiң 65-бабын бұза отырып, Ақсай қаласын ауыз сумен қамтамасыз етуде салмақты мәселелер орын ала тұрып Жарсуат кенiшiнiң ауыз суы өндiрiстiк қажеттерге жұмсалып келедi. Ағын суларды залалсыздандыру мәселелерi тиiсiнше шешiлмеген.
Кенiштiң әсер ету аймағындағы өсiмдiк және жануарлар әлемiне өндiрiстiк мониторингтi ұйымдастыру жағынан ҚМГКК экологиялық бағдарламасының талаптары орындалмауда. Экологиялық заңдылықтарды бұза отырып кенiштi игеру өсiмдiк және жануарлар әлемiнiң жағдайына керi әсерiн тигiзуде. Флора мен фаунаның түр алуандылығы iргелес аймақпен салыстырғанда 1,5-3 есе төмендеп кеткен.
ҚМГКК тiкелей әсер ету аймағында он елдi-мекен орналасқан, соның iшiнде Тұңғыш поселкесi мен Березов ауылының солтүстiк бөлiгi кенiштiң қолайсыз экологиялық жағдайымен сипатталатын санитарлы-қорғанды аймағында (СҚА) орналасқан. Кенiште iрi авария бола қалған жағдайда осы ауылдарда тұратын адамдар өмiрi қауiптi жағдайда қалып отыр.
Соңғы екi жылда Тұңғыш және Березов ауылдарының ауасында меркаптан концентрациясы екi есе өсiп, 0,7 ПДК-ны құрады, топырақтың күкiртсутегi және мұнай өнiмдерiмен қарқынды түрде ластануы жүруде. Авариялық ахуал жағдайында күкiртсутек барынша көп мәнiне Березовка ауылында 10-36 минутта, ал Тұңғыш ауылында 8-10 минуттар шегiнде жетедi деп есептелiнуде. Бiрақ КПО б. в. екi мыңнан астам тұрғыны бар осы ауылдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қарапайым шараларды жасамай отыр.
Заң актiлерiнiң бiрлескен келiсiмдерiнiң талаптарын бұза отырып, санитарлы-қорғанды аймағын да орналастыру жобасы әлi күнге дейiн жасалмай, Березовка ауылы бойынша оңалту шаралары мен Тұңғыш ауылы тұрғындарын көшiру тиiстi деңгейде жүргiзiлмей келедi.
Орал қаласында, облыстың аудандарында басқа да экологиялық проблемаларға толықтай көңiл аударылмау жалғасуда. Жайық өзенi, Шалқар көлi және басқа да су қоймаларындағы бекiре және басқа да құнды қара балық тұқымдастарының өнiмдiлiгi мәселелерi шешiмдi қажет етедi.
Облыста балық шаруашылығымен айналысатын негiзгi су қоймаларындағы мүмкiн болатын балық аулаудың биологиялық негiздемесi бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарының жүргiзiлуi қамтамасыз етiлмей келедi.
Владимировка ауданындағы Жайық өзенi арнасының табиғи процесстерi соңы жылдары өзеннiң оң жағалауының қарқынды шайылуымен бiрге жүруi әсерiнен, Жайық өзенi арнасының Көшiм суғару-суландыру жүйесiне бұрылып кету қаупiн төндiрiп отыр. Егер олар қосылып кеткен жағдайда 156 мың тұрғыны бар 3 млн. га жердiң су астында қалуы мүмкiн.
Соңғы жылдары қаржы жетiспеушiлiгiне байланысты Жайық өзенiнiң түбiн тазарту және тереңдету жұмыстарының көлемi қысқарды. Өзен түбiн тазарту жұмыстары өзеннiң 623 км-нiң тек 340 км-iнде ғана жүргiзiлiп келедi. Осыдан келiп өзеннiң гидрологиялық режимi, балықтардың уылдырық шашу және балық қорларын молайту жағдайы нашарлады. Сулылығы төмендеп кеме жүзу кезеңi қысқарды. "Су жолдары" РМҚК өндiрiстiк базасы құралдармен жарақтандыруды қамтамасыз етедi. Қазiргi кезге дейiн Жайық өзенiнiң ластануын төмендетуге бағытталған үш табиғат қорғау объектiлерiнiң (Орал қаласы және Дарьинск ауылындағы полигондар, N 2 биотоған) Республикалық бюджеттен қаржыландыру мәселелерi шешiлмеуi ҚР Үкiметiнiң 2001 жылдың 20 ақпанындағы N 262 "Батыс Қазақстан облысының 2005 жылға дейiнгi кезеңдегi әлеуметтiк-экономикалық дамуы бойынша қосымша шаралар туралы" қаулысын бұзады. Жайық өзенiнiң экожүйесiн бағалау үшiн жүргiзiлген ғылыми-зерттеу жұмыстары тоқтатылған. Оның арнасының мониторингi жүргiзiлмей келедi, бұл жобаалды және жобалық құжаттамалары жоқ, осылардың барлығы бұр шаралардың Республикалық бюджет есебiнен қаржыландыруға қабыл алмаудың басты себебi болып табылады.
Облыста екпе ормандардың сақталуына қажеттi шаралар алынбайды, ормандар мен ементоғайлардың кеуiп кетуi жүруде, жол жиектерiндегi орман жолақтарын кесiп алу көбейiп, өрт жиiлеп кетуде. Ауылдық жерлерде жүйелi түрде тазарту мен абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылмаған. Қалалар мен ауылдық округтарда қоршаған ортаның санитарлы-эпидимиологиялық жағдайына әсер ететiн стихиялық қоқыс үйiндiлерi өсуде. Бұзылған үйлер және басқа объектiлердiң құрылыс қалдықтары шығарылмайды. Жол полициясы автокөлiктен шығатын тастамаларды азайту шараларын қолданбайды. Ал мемлекеттiк стандарт жағынан сатылатын жанар-жағар майдың сапасына көңiл аударылмайды. Жобалық, бағдарлама-шаруашылықтық және ғылыми-зерттеулiк сипаттағы құжаттардың мiндеттi түрде өтуi тиiс экологиялық сараптамасы толық түрде iске қосылмаған. Жердi пайдалануға, жердi пайдалану құқығына, объектiлер құрылысына рұқсатнамалар экологтардың оң бағасынсыз рәсiмделуде. Экологиялық бiлiмдердi насихаттау жеткiзiлiксiз түрде жүргiзiлуде. Тұрғын халықтың табиғат қорғау жұмыстарына қатынасуы, экологтардың қоғамдық ұйымдармен және жергiлiктi билiк органдарының басқармаларымен қарым-қатынасы әлсiз жүргiзiлiп келедi. Облыста экологиялық мәселелердi шешу жөнiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыстардың ҚР заң актiлерiнiң талаптарына толықтай сай келмейтiндiгiн ескере отырып облыстық мәслихат мынадай ШЕШIМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Өкiлеттi және атқарушы билiк органдарының, қоршаған ортаны қорғау басқармасының, басқа да шаруашылық субъектiлерiне бақылау жасаушы органдардың облыстың көкейкестi экологиялық проблемаларын шешудегi жеткiлiксiз қызметiн атап өтуге;
Тармақ 2
2. "Капустин Яр" және "Азғыр" әскери полигондарындағы сынақтардан зардап шеккен облыстың оңтүстiк 6 ауданы халқын әлеуметтiк қорғау мен медициналық сауықтыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметiнен төмендегi мәселелер сұралсын:
Қазақстан Республикасының Парламентi арқылы:
1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787 "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар әсерiнен зардап шеккен азаматтарға әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 7-бабына қосымша енгiзу туралы және сол баптың заңдылық аясына Бөкейорда және Жаңақала аудандарын да тарту туралы;
сол Заңның 9 бабына қосымша енгiзiп және баптың әсер ету аясын Батыс Қазақстан облысының Жәнiбек, Казталовка, Қаратөбе және Ақжайық ауданының Тайпақ жағына енгiзуге өтiнiш бiлдiру;
ҚР және Ресей Федерациясы Үкiметтерiнiң арасында трансшекаралық өзендер Жайық, Үлкен және Кiшi Өзендердi бiрлесiп пайдалану және қорғау туралы келiсiмге келу сұралсын.
Тармақ 3
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы өкiлеттi органдарға:
Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Сүйербаев Р.Х.), облыстық мемлекеттiк санэпидбасқармасы (Бирюков А.И.), төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма (Маючий А.Ф.), облыстық орман және биоқорлар жөнiндегi басқарма (Оразғалиев М.Н.), жер қойнауын қорғау жөнiндегi Орал инспекциясы (Арыкбаев К.А.), жануарлар мен өсiмдiктер әлемiне мемлекеттiк бақылау жасау басқармасына (Тубетов Ж.М.), Бөрлi ауданының әкiмшiлiгi (Еркебаев С.Б.):
Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау және санитарлық заңдылықтарының талаптарына сай Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кенiшiндегi экологиялық және газдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бақылауды күшейту;
КПО б.в. және басқа да мердiгерлiк мекемелердiң экологиялық нормалар мен ережелердi ұстанулары бойынша, "Лира" объектiлерiнiң жер асты авариялы 5 ТК және 6 ТК ұңғыларының мониторингiне және олардың жабылуы жөнiндегi техникалық шешiмдерiнiң жасалуына бақылауды күшейту;
Қарашығанақ кенiшiнiң маңындағы санитарлы-қорғанды аймақты жайластыру жобасының жүзеге асуына қол жеткiзу;
өндiрiстiк маңызы бар объектiлердiң құрылысы мен iске қосылу жобасын экология және санитарлы-эпидимиологиялық органдарының келiсiмiнсiз жүзеге асырмау;
тазарту, зиянды қалдықтарды залалсыздандыру мен қайта өңдеу қондырғыларымен қамтамасыз етiлмеген объектiлер мен мекемелердiң iске қосылуын жiбермеу.
Қарашығанақ кенiшiн игеру кезiндегi экологиялық және газдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында КПО б.в. -ға:
2002 жылы кенiштiң санитарлы-қорғанды аймағын жайластыру жобасын жасап оны жүзеге асыруға кiрiсу;
осы жылы "Қалдықтарды қайта өңдеу кешенi" (ҚҚӨК) жобалық құжаттамасын 2003 жылы құрылысы аяқталатын етiп толық көлемде әзiрлеудi аяқтау;
2002 жылдың қыркүйегiнде метанол регенерациясын iске қосу арқылы ГП-3 амбарындағы сулы-метанолды қоспасының жер қабатына айдалуын қамтамасыз етiп, оның жағылуын тоқтату;
осы жылдың соңына дейiн ГП-3-тегi төртiншi газ желдету компрессорын iске қосу;
өнiмдi бөлiсудiң ақырғы келiсiмi (ӨБАК) бойынша (17В қос) 2002 жылы желтоқсанында бұрғылау операцияларын өткiзу барысындағы тастамалардың көлемiн бiртiндеп төмендетудiң сатылы жоспарын әзiрлеу;
осы жылдың 1 тамызына кенiштiң әсер ету аймағындығы өсiмдiк және жануарлар әлемiнiң жағдайына өндiрiстiк мониторинг жүргiзу Бағдарламасын келiсiмге ұсыну және оны 1-қыркүйектен бастап жүзеге асыруға кiрiсу;
қалыптасып отырған жағдайларға байланысты уақытында кенiштiң көкейкестi экологиялық проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзiп отыру;
осы жылдың қыркүйек айында кенiштегi Тұңғыш және Березов ауылдарында атмосфералық ауа құрамында улы заттар концентрациясы межелi деңгейден асқан кезде дыбысты белгi шығаратын автоматтандырылған бақылау жүйесiн орнату;
2002 жылдың соңына дейiн Тұңғыш және Березов елдi-мекендерiнiң тұрғындарын құлақтандыратын жүйенi ендiру, тұрғындардың апат болған жағдайдағы iс-қимыл жоспарын жасап, оны тәжiрибе жүзiнде өткiзу. Елдi-мекендерде сәйкес автокөлiк бiрлiктерiнiң үзiлiссiз кезекшiлiгiн ұйымдастыру;
2002 жылы Қарашығанақ кен орны объектiлерiн сумен қамтамасыз ету және суларын бұрып алып кету сызбасы жасалсын;
кенiш аймағына кiретiн жерде "үдемелi жер өңдеу аймағын" ұйымдастыру мүмкiндiктерiн қарау ұсынылады.
Тармақ 4
4. Сұрақтардың қауырт шешiлуi және ӨБНК бақылануының орындалуы үшiн "Казмұнайгаз" ұлттық компаниясы алдында Орал қаласында өкiлеттiлiк ұйымдастыру туралы өтiнiш жасалсын.
Тармақ 5
5. Бөрлi ауданының әкiмшiлiгiне (Еркебаев С.Б.), аудан мәслихатына (Iзмағамбетов И.Х.) мүдделi ведомстволармен бiрге:
азаматтардың жиындағы ұсыныстарын ескере отырып 2002-2003 жылдары Березовка селосының көркейтiлуiн қамтамасыз ету, жол, аурухана, емхана, су құбыры, мектеп, балабақшаны жөндеу және басқа да әлеуметтiк шараларды жүзеге асыру жергiлiктi кадрлардың қатысуымен ұйымдастырылсын;
Тұңғыш селосы тұрғындарының тұтас көшiрiлуi мен орналастырылуын қамтамасыз ету, олардың қызметке орналасуына байланысты, балалардың оқуы, денсаулық сақтау, әлеуметтiк бейiмделу және жаңа жерде керектi жағдайлардың жасалу мәселелерiн қамтамасыз ету.
Тармақ 6
6. Тұрғындардың денсаулығын нығайту бойынша мемлекеттiк бағдарламаның орындалуы мақсатында Орал қаласы мен аудандардың әкiмшiлiктерiне, қалалық, аудандық мәслихаттарға, селолық округ әкiмдерiне, облыстық қоршаған ортаны қорғау, орман мен биоресурстар бойынша басқармаларға, облыстық денсаулық сақтау басқармасына, жеке меншiктiң барлық түрiндегi кәсiпорындардың жетекшiлерiне:
Батыс Қазақстан облысының "Экология" орта мерзiмдi кешендi бағдарламасы мен 2001-2003 жылдарға арналған "Көгалдандыру" және басқа да аудандық экологиялық бағдарламаларының iске асырылуын қамтамасыз ету;
2002 жыл бойына аудан тұрғындарының, әсiресе бiрiншi кезектi кен орындарына жақын орналасқан Березовка, Тұңғыш, Жарсуат, Димитрово, Қарашығанақ, Жаңаталап, Қаракемер, Успеновка, Приуральный селоларының тұрғындарын медициналық тексерудi өткiзудi ұйымдастыру;
облыс тұрғындарының, соның iшiнде бiрiншi кезекте мектепке дейiнгi және мектеп мекемелерi, денсаулық сақтау объектiлерiн сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшiн керектi шаралар қолдану;
әрқашан ведомстволық аймақтарда экологиялық жағдайдың нығайтылуы, санитарлық тазартылуы, елдi мекендердiң көгалдануы бойынша шаралар өткiзiп тұру;
стихиялық қоқыстар үйiндiсiн жою, мал қабiрлерiн, қалдық жинақтарының жайғастырылуын өткiзу, атмосфераға ластаушы заттардың шығарылу көлемiн азайту. Ормандардың өрттен және отаудан сақталуы бойынша шаралар қолдану;
қоғамдық ұйымдар және тұрғындардың қатысуымен жүйелi түрде экологиялық акциялар өткiзiп тұру (айлықтар, сенбiлiктер, санитарлық күндер және т.б.).
Тармақ 7
7. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасына:
қоршаған ортаны ластануы үшiн алынатын сомасын алу бойынша қолданылып жүрген заңдарды қатал басшылыққа ала отырып облыстың табиғат пайдаланушыларының 100 %-iн қамту;
Жайық өзенiне зиянды әсердiң азайтылуы жөнiндегi жобаға түзетулер енгiзудi, оның балық шаруашылығын жетiлдiруi бойынша керектi құжатнаманы өңдеудi ұйымдастыру;
жобалық бағдарлама-шаруашылықтық және ғылыми-зерттеушiлiк сипаттағы барлық құжаттардың мiндеттi өту кезеңi ретiнде мемлекеттiк экологиялық сараптау тетiгiн толық мөлшерде iске енгiзу;
облыстың барлық iрi кәсiпорындарында өндiрiстiк мониторинг енгiзу;
маңызды экологиялық мәселелердi шешуде мемлекеттiк емес экологиялық ұйымдармен және мемлекеттiк органдарымен өзара қарым-қатынасын нығайту.
Тармақ 8
8. Облыстық табиғатты пайдалану дирекциясы (Джуматаев Б.Б.) уақытымен экологиялық сипаттағы облыстық бағдарламалардың өңделуi (түзетiлуi) мен iске асу мониторингiн өткiзiп тұруын, басымдық табиғат қорғау шараларын облыстық бюджеттен қаржыландыруды қамтамасыз еткiзу.
Тармақ 9
9. Облыстық бiлiм, мәдениет, туризм және спорт басқармалары экологиялық бiлiмдi насихаттау жұмысын, жеткiншек ұрпақта табиғат қорғау дүниетанымын қалыптастыруды нығайта түсу.
Тармақ 10
10. Облыс әкiмшiлiгi қолданылып жүрген заң көлемiнде керектi мөлшерде қаржы бөлудi қарастырсын:
облыстың экологиялық жағдайының тұрақтануы бойынша маңызды орын алатын объектiлер бойынша жобалау құжаттамасының өңделуiне (25,0 млн. теңге);
облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасын ластау көздерi мен қоршаған орта жағдайына бақылау жасау үшiн қазiргi заманғы мобильдi және компьютер құралдарымен қамтамасыз етуге (20,0 млн. теңге);
елдi мекендердiң сумен қамтамасыз ету объектiлерiнiң құрылысы мен жөнделуiне және газдандырылуына (бағдарламаға сәйкес).
Тармақ 11
11. Жол полициясы басқармасы (Сұлтанбаев К.А.), Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттiк бақылау мен стандарттау басқармасы (Батырханов А.Т.) автотранспорттың шығару газдарының нормативтi талаптарға сай келуiне және жанар-жағар май материалдарының сапасына жеткiлiктi түрде бақылау жасау.
Тармақ 12
12. Облыстық, қалалық және аудандық газет редакцияларына, телерадиокомпанияларға, барлық жеке меншiк түрлерiнiң бұқаралық ақпарат құралдарына облыстың маңызды экологиялық мәселелерiн, табиғат ресурстарын қорғау және тиiмдi пайдалану сұрақтарын әдiл бағалап жарыққа шығаруға кепiлдiк беру.
Тармақ 13
13. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы облыстық мәслихат депутаттарын осы шешiмнiң орындалуы барысымен жыл сайын 1-шiлде және 1-желтоқсанда таныстырсын.
Тармақ 14
14. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология, индустрия және табиғи ресурстар бойынша тұрақты комиссиясына тапсырылсын (Клименко Н.А.).