Об утверждении схемы пастбищеоборотов района Тереңкөл на основании геоботанического обследования пастбищ Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Тереңкөл ауданының жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Тереңкөл ауданының жайылым айналымдарының схемасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.А. Мақашевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Тереңкөл ауданының жайылым айналымдарының схемасы
Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы «31» мамырдағы № 165/3 қаулысына қосымша Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Тереңкөл ауданының жайылым айналымдарының схемасы