Некоторые вопросы Фонда науки Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ғылым қорының кейбiр мәселелерi 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2004 N 113 қаулысымен. "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ғылым қоры туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен Ғылым қорының қаржылық активтерiн жинақтау үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң тиiстi шотын ашсын.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгі жанындағы Ғылым қоры туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 19 наурыздағы N 218 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 8, 100-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 5. Ғылым қоры туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 24 қыркүйектегi N 1048 қаулысымен бекітiлген Ғылым қоры туралы ереже Осы Ереже "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және Ғылым қорын (бұдан әрi - Қор) қалыптастыру, оның жұмыс iстеуi және басқару мәселелерiн реттейдi.
Тарау 1. 1. Анықтамалар
1. Анықтамалар Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар: Қор - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң есебiне жинақталатын қаржылық активтердiң жиынтығы. Уәкiлеттi орган - ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. Ұлттық ғылым академиясы - "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесi. Қор Кеңесi - осы Ережеде көзделген тәртіппен құрылатын Қор қаражатын басқарудың жоғары органы. Грант туралы келiсiм - Ұлттық ғылым академиясы мен грант алушы арасында жасалатын келiсiм. Грант алушы - осы Ережеде көзделген және Қор Кеңесiнiң шешiмiне сәйкес Қор қаражатынан қаржыландырылатын жобалар мен iс-шараларды iске асырушы тұлға.
Тарау 2. 2. Жалпы ережелер
2. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қор республикалық бюджеттен Қорға түскен қаражат және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердiң есебiнен iргелi, бастамашылық және тәуекелдi ғылыми зерттеулердi грант түрiнде мақсатты қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Тармақ 2
2. Қорды басқару мен оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудi уәкiлеттi органмен келiсе отырып, Ұлттық ғылым академиясы жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Қорды қалыптастыру көздерi
3. Қорды қалыптастыру көздерi
Тармақ 3
3. Қор мынадай түсiмдердiң есебiнен қалыптасады:
Тармақша 1
1) ғылымға көзделген республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстерден.
Тарау 4. 4. Қазақстан Республикасы Yкiметінiң Қор қаражатын басқару аясындағы құзыретi
4. Қазақстан Республикасы Yкiметінiң Қор қаражатын басқару аясындағы құзыретi
Тармақ 4
4. Үкiмет Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде айқындалған тәртiппен Қорды қаржыландыруды қамтамасыз етедi.
Тарау 5. 5. Уәкiлеттi органның Қор қаражатын басқару аясындағы құзыреті
5. Уәкiлеттi органның Қор қаражатын басқару аясындағы құзыреті
Тармақ 5
5. Уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) Қордан қаржыландырылатын iргелi, бастамашылық және тәуекелдi зерттеулердiң бағдарламаларын бекiтедi;
Тармақша 2
2) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қор қаражатын пайдалану нәтижелерi туралы есептi ұсынады;
Тармақша 3
3) Қордың сыртқы аудитiн жүргізудi қамтамасыз етедi;
Тармақша 4
4) белгіленген тәртiппен бекiтiлген iргелi, бастамашылық және тәуекелдi ғылыми зерттеулер бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Грант туралы келiсiмнiң үлгiлiк нысанын бекiтедi;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде көзделген өзге де өкiлеттiктерді жүзеге асырады.
Тарау 6. 6. Ұлттық ғылым академиясының Қор қаражатын басқару аясындағы құзыретi
6. Ұлттық ғылым академиясының Қор қаражатын басқару аясындағы құзыретi
Тармақ 6
6. Ұлттық ғылым академиясы:
Тармақша 1
1) Қор қаражатын басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) уәкiлеттi орган бекiткен iргелi, бастамашылық және тәуекелдi ғылыми зерттеулер бағдарламалары шеңберiнде Қордан қаржыландырылатын ғылыми зерттеулер жобаларының бағыттары мен құрылымын айқындайды;
Тармақша 3
3) Қор Кеңесi құрамын қалыптастыру мен өзгерту, соның iшiнде Қор Кеңесi мүшелерiнiң өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату мәселелерiн шешедi;
Тармақша 4
4) Қорды басқару мәселелерi бойынша Қор Кеңесi үшiн мiндеттi тапсырмалар бередi;
Тармақша 5
5) Қор қаражатынан қаржыландырылуға өтiнiш бiлдiрiлген жобаларды iрiктеу, бағалау және олардың мониторингi жөнiндегi iс-шараларға әдiстемелiк басшылықты, оларды үйлестiрудi жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) Грант туралы келiсiм жасасады;
Тармақша 7
7) Қор қаражатының пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етедi;
Тармақша 8
8) жыл сайын уәкiлеттi органға Қор қаражатын басқару нәтижелерi туралы есеп береді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Ұлттық ғылым академиясының Жарғысына қайшы келмейтiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тарау 7. 7. Қор Кеңесiнiң құрамы мен функциялары
7. Қор Кеңесiнiң құрамы мен функциялары
Тармақ 7
7. Қор қаражатын басқару жөнiндегi Ұлттық ғылым академиясының өкiлеттiктерiн iске асыру мақсатында Ұлттық ғылым академиясы құрамы 9 адамнан тұратын Қор Кеңесiн құрады.
Тармақ 8
8. Қор Кеңесiнiң жұмысына Ұлттық ғылым академиясы тағайындаған төраға басшылық етедi. Қор Кеңесiнiң отырысы, егер оған мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысқанда, заңды болып саналады. Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешушi болып табылады. Қор Кеңесiнiң отырыстары ашық өтеді және хаттамалармен ресiмделедi.
Тармақ 9
9. Қор Кеңесi:
Тармақша 1
1) осы Ережеде көзделген тәртiппен Қор қаражатын тiкелей басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Қор қаражатын пайдалану туралы шешiмдер қабылдайды;
Тармақша 3
3) жыл сайын Ұлттық ғылым академиясына Қордан қаржыландырылатын орындалған ғылыми зерттеулер, жобалар мен iс-шаралар, қаржыландыру жоспарының орындалуы және Қорға түскен түсiмдер мен Қорды басқаруға байланысты өзге де мәлiметтер туралы есептер бередi;
Тармақша 4
4) Ұлттық ғылым академиясына Қорды басқару және пайдалану мәселелерi бойынша ұсынымдар бередi;
Тармақша 5
5) Ұлттық ғылым академиясының бекiтуiне iргелi, бастамашылық және тәуекелдi ғылыми зерттеулердi конкурстық iрiктеудi мен сараптамалық бағалауды жүргiзу тәртiбi туралы ұсыныстар әзiрлейдi;
Тармақша 6
6) Қор қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылайды;
Тармақша 7
7) осы Ережеде көзделген тәртiппен өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тарау 8. 8. Қор қаражатын пайдалану тәртiбi
8. Қор қаражатын пайдалану тәртiбi
Тармақ 10
10. Қор қаражатынан қаржыландыру үшiн өтiнiш бiлдiрiлген жобаларды дайындау, бағалау және iрiктеу жөнiндегі iс-шараларды Қор Кеңесi жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Қор қаражатынан қаржыландыру үшiн өтiнiш бiлдiрiлген жобаларды дайындау, бағалау және iрiктеу жөнiндегi iс-шараларға әдiстемелiк басшылықты, оларды үйлестiрудi Ұлттық ғылым академиясы жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Қорға республикалық бюджеттен түскен қаражат есебiнен iргелi, бастамашылық және тәуекелдi ғылыми зерттеулердiң жобаларын грант түрiнде қаржыландыруға арналған өтiнiмдердiң нысандарын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Тармақ 13
13. Қорға республикалық бюджеттен түскен қаражат есебiнен iргелi, бастамашылық және тәуекелдi ғылыми зерттеулер жобаларын грант түрiнде қаржыландыру бойынша Қор Кеңесi осы жобаларды конкурстық iрiктеудi ұйымдастырады және осы жобаларды қаржыландыруға конкурс өткiзу туралы ықтимал үмiткерлердi хабарландыруды қамтамасыз етедi.
Тармақ 14
14. Iргелi, бастамашылық және тәуекелдi ғылыми зерттеулердiң конкурстық жобалары мынадай өлшемдердi ескере отырып бағаланады:
Тармақша 1
1) жобаның белгiленген тәртiппен бекiтiлген iргелi зерттеулердiң басымдықтарына, негiзгi бағыттары мен бағдарламаларына сәйкестiгi;
Тармақша 2
2) жоспарланып отырған зерттеулердiң жаңалығы, өзектiлігі, жинақтылығы және практикалық маңыздылығы (табиғаттың және қоғамның даму заңдылықтары туралы жаңа бiлiм алуға, түбегейлi жаңа техника мен технологиялар жасау үшiн ғылыми негiздердi әзiрлеуге бағытталушылық), олардың Қазақстан Республикасында, таяу және алыс шет елдерде бұрын жүргiзiлген (жүргiзiлiп жатқан) ұқсас зерттеулерден айырмашылығы;
Тармақша 3
3) шешу жолдарының және күтiлетін нәтижелердiң зерттеулер мiндеттерiне сәйкестiгi;
Тармақша 4
4) ғылыми негiздiң болуы (негiзгі жарияланымдар, авторлық куәлiктер, патенттер және басқалары);
Тармақша 5
5) қойылған мiндеттердi орындау үшiн орындаушылар ұжымы бiлiктiлiгінiң және олардың тәжiрибесiнiң сәйкестігі (кадрлық құрам, жоба тақырыбы бойынша жарияланымдар, соңғы 3 жылдағы ғылыми зерттеулерінің қорытындылары);
Тармақша 6
6) зерттеулердiң ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiнiң болуы;
Тармақша 7
7) сұраныс жасалған қаржыландырудың негiздiлiгi.
Тармақ 15
15. Қорға түскен қаражат есебiнен қаржыландырылатын iргелi, бастамашылық және тәуекелдi ғылыми зерттеулер жобаларын конкурстық iрiктеу, осы жобаларға мiндеттi түрде мемлекеттiк ғылыми-техникалық, сараптама жүргiзе отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Конкурстық iрiктеу өткiзу мақсатында Қор Кеңесi Ұлттық ғылым академиясының, уәкiлеттi органның қызметкерлерiн, тәуелсiз консультанттар мен сарапшылар тартуға құқылы.
Тармақ 17
17. Қорға түскен қаражат есебiнен қаржыландырылатын iргелi, бастамашылық және тәуекелдi ғылыми зерттеулер жобаларының конкурстық iрiктеу қорытындылары бойынша шешiмдi Қор Кеңесi қабылдайды және хаттама түрiнде ресiмделедi.
Тармақ 18
18. Осы Ережеде көзделген тәртiппен конкурстық iрiктеуден өткен Қорға республикалық бюджеттен түскен қаражат есебiнен қаржыландырылатын iргелi, бастамашылық және тәуекелдi ғылыми зерттеулер жобалары бойынша Ұлттық ғылым академиясы мен грант алушы арасында грант туралы келiсiм жасалады.
Тармақ 19
19. Грант туралы келiсiмде мiндеттi түрде грантты пайдалану мақсаттары мен оның шарттары, грант алушының Қор Кеңесiне ғылыми зерттеулердiң орындалу барысы, олардың нәтижелерi, грантты пайдалану тәртiбi және Грант туралы үлгiлiк келiсiмнiң өзге де негiзгi шарттары туралы есептердi беру мiндетi көзделуi тиiс. Грант алушы тоқсан сайын Қор Кеңесiне Қордан қаржыландырылатын iске асырылатын жоба немесе iс-шаралар бойынша есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей есеп бередi.
Тарау 9. 9. Қорды қалыптастыру мен пайдалану туралы есептiлiк
9. Қорды қалыптастыру мен пайдалану туралы есептiлiк
Тармақ 20
20. Қор қаражатын есептеудi Ұлттық ғылым академиясы жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Ұлттық ғылым академиясы жыл сайын уәкiлеттi органға Қорды басқару нәтижелерi туралы есептi ұсынады.
Тармақ 22
22. Қорды қалыптастыру мен пайдалану туралы жылдық есеп мынадай мәлiметтердi қамтуы тиiс:
Тармақша 1
1) есептi кезеңдегi Қор қаражатының түсiмдерi мен жұмсалуы туралы;
Тармақша 2
2) жобалар мен iс-шаралардың тiзбесi және олардың есептi кезеңдегi қысқаша нәтижелерi;
Тармақша 3
3) өзге де қажеттi мәлiметтер.
Тармақ 23
23. Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша есептер белгiленген тәртiппен Қазақ мемлекеттiк ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институтында мемлекеттiк тiркеуден өтеді.