Об утверждении Положения о порядке уплаты лицензионного сбора за право занятия отдельными видами деятельности Күшін жойған
Басқа 0
Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензия беру туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 және "Салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 заң күшi бар Жарлықтарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеу тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Лицензия беруге құзыреттi мемлекеттiк органдар лицензия берiлетiн нақты қызмет түрлерiмен айналысудың ерекшелiктерiне сәйкес лицензия берудiң тәртiбi мен шарттарын әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын.
Басқа 3. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы
үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы
Ереже
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 16 тамыздағы
N 1127 Қаулысымен
Бекiтiлген
Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы
үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы
Ереже
Тармақ i
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Лицензия деп құзыреттi мемлекеттiк орган белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға немесе белгiлi бiр iс-әрекет жасауға заңды немесе жеке тұлғаға беретiн рұқсат ұғынылады.
Тармақ 2
2. Лицензия алу Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында лицензия беру көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру және iс-әрекет түрлерiн жасау үшiн қажет.
Тармақ ii
II. Лицензия алымының мөлшерi мен төлеу тәртiбi
Тармақ 3
3. Лицензиялық алымның мөлшерiн Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары мен Табиғи монополияларды реттеу және бәсекенi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi және ол лицензияларды ресiмдеу мен беру кезiнде, сондай-ақ лицензиялық тәртiптiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру кезiнде лицензиарлардың шеккен шығындарына сүйене отырып айқындалады.
Бүкiл кезең бойы тиiстi кәсiпкерлiк қызмет түрiмен айналысуға
лицензия беру үшiн лицензиялық алым қосымшаға сәйкес ставкалар бойынша
лицензия беру сәтiне бiр жолғы тәртiпте жүзеге асырылады.
📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.08.09.
N 987 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 1998.12.14.
N 1283 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 1999.05.31. N 669
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.20.
N 1218 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың 2-абзацы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.09.22. N 1439 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Лицензиялық алым жергіліктi бюджеттің кiрiсiне енгiзiледi.
📌 ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 1997.04.08. N 505
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінiң 1999.05.31. N 669
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.06.07. N 708
қаулысымен.
Тармақ 5
5. Лицензия алымын заңды және жеке тұлғалар лицензия
алғанға дейiн төлейдi.
Тармақ 6
6. Лицензия бiр жылдан астам мерзiмге берiлген жағдайда лицензия алымын төлеу жыл сайын кезектi лицензия алымын төлегеннен кейiн он екi ай мерзiм өткен соң жүзеге асырылады. Кезектi лицензия алымын төлеу лицензиат лицензия берiлген қызмет түрiмен айналысуды жалғастырғанын растайды және қайтадан лицензия берудi көздемейдi.
Тармақ 7
7. Егер лицензия алушы лицензияны алғаннан кейiн лицензия берiлген қызметке кiрiспе немесе онымен айналысуды тоқтатқан жағдайда лицензия алымын қайтару немесе мөлшерiн қайта есептеу жүргiзiлмейдi.
📌 Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095
қаулысымен.
Тармақ iii
III. Лицензия алымын төлеу үшiн жауапкершiлiк
және бақылау
Тармақ 8
8. Төленген алыс сомасының дұрыстығы, толық және уақтылы бюджетке аударылуы үшiн жауапкершiлiк лицензия берушi органға жүктеледi.
Тармақ 9
9. Лицензиялау тәртiбi белгiленген қызметтi лицензиясыз жүзеге асырудан алынған табыс Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жергiлiктi бюджетке алынуы тиiс.
Тармақ 10
10. Бюджетке аударылуы тиiс белгiленген мерзiмде төленбеген соманы салық қызметiнiң органдары Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген санкцияларды қолданып өндiрiп алады.
Басқа 17. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу
құқығына лицензиялық алымның
ставкалары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 16 тамыздағы
N 1127 қаулысымен
бекітілген ережеге
қосымша
📌 ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.20.
N 1218 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Қосымша толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.07.
N 179 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Қосымша толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.22.
N 273 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2000.09.30. N 1481
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2001.04.19. N 522
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2001.04.28. N 581
қаулысымен.
Ескерту. Қосымшаның күші 2001 жылғы 4 шілдеден 10 қазанға дейін
тоқтатыла тұрсын - ҚР Үкіметінің 2001.06.01. N 751
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2001.09.14. N 1213
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2001.11.02. N 1389
қаулысымен.
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу
құқығына лицензиялық алымның
ставкалары
Лицензияланатын қызмет түрлері Лицензиялық алымның
ставкалары айлық
есептік көрсеткіштерде
1 2
Тармақ 1
1. Азаматтар мен заңды тұлғаларға қызмет
көрсетуге байланысты қызметтерді лицензиялау
үшін лицензиялық алымның ставкалары:
Тармақша 1
1) нақты мамандықтар бойынша дипломдар беру 10
құқығы бар орта, арнаулы орта білім беретін
оқу орындарының қызметі;
нақты мамандықтар бойынша дипломдар беру 10
құқығы бар жоғары білім беретін оқу
орындарының қызметі;
Тармақша 2
2) медициналық, дәрігерлік қызметпен айналысу; 10
мал дәрігерлігі қызметімен айналысу; 6
Тармақша 3
3) тыңшылық (детективтік) қызметке байланысты 6
мемлекеттік емес субъектілерге заң қызметін көрсету;
Тармақша 4
4) адвокаттық қызметтер көрсету; 6
Тармақша 5
5) адвокаттық қызметке байланысты емес ақылы заң 6
қызметтерiн көрсету;
Тармақша 6
6) нотариалдық қызмет көрсету 6
Тармақша 7
7) лотереяларды (мемлекеттiктен (ұлттықтан) басқа), 10
тотализаторларды, казиноларды ұйымдастыру және
өткiзу
Тармақша 8
8) қолма-қол шетелдiк валюта үшiн бөлшек сауданы 10
жүзеге асыру және қызметтер көрсету;
Тармақша 9
9) мүлiктi бағалау жөнiндегi қызмет;
6
Тармақша 10
10) заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметiн 6
жүзеге асыру
Тармақша 11
11) туристiк операторлық қызмет 5
туристiк агенттiк қызмет 15
экскурсиялық қызмет 5
туризм нұсқаушысының қызметiн көрсету 1
Тармақша 12
12) астықты сақтау 10
Тармақ 2
2. Қаржылық қаражатты шоғырландыруға байланысты
қызметтi лицензиялау үшiн лицензиялық
алымның ставкалары:
Тармақша 11
11) банк операцияларын, сондай-ақ банк заңдарына 20
сәйкес банктер жүзеге асыратын өзге де операцияларды
жүзеге асыру, заңдарға сәйкес валюталық операцияларға
жатқызылатын шетелдiк валюталармен операцияларының,
клирингiлiк және есеп айырысу ұйымдарының қызметi,
банк қызметiн аудиторлық тексеру;
Тармақша 12
12) аудиторлық қызмет; 10
Тармақша 13
13) сақтандыру қызметi; 10
Тармақша 14
14) бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтер, 10
бағалы қағаздар мен сауда-саттық ұйымдастырушылардың
және бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылардың
өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметтерi;
Тармақша 15
15) зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызмет; 10
Тармақша 16
16) зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi 10
қызмет;
Тармақша 17
17) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару 10
жөнiндегi қызмет;
Тармақша 18
18) инвестициялық қор қызметi; 10
Тармақ 3
3. Қауiптiлiгi жоғары және (немесе) ерекше
мемлекеттiк маңызы бар объектiлермен байланысты
қызметтi лицензиялау үшiн лицензиялық алымның
ставкалары.
Тармақша 19
19) қару-жарақ пен оларға оқ-дәрiлердi, әскери 22
техникалар мен қосалқы бөлшектердi, құрастырмалы
элементтер мен оларға тән аспаптарды, егер олар
басқа салаларда қолданылмайтын болса, сондай-ақ
оларды өндiру үшiн арнаулы материалдар мен
қондырғыларды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату;
ақпаратты қорғаудың криптографиялық 9
құралдарын, арнаулы жедел-iздеу шараларын жүргiзу
үшiн арнаулы техникалық құралдарды әзiрлеу,
өндiру, жөндеу және сату;
Тармақша 20
20) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен 22
олар қолданылатын бұйымдарды әзiрлеу, өндiру және
сату;
Тармақша 21
21) ғарыш кеңiстiгiн пайдалану жөнiндегi 186
қызметтердiң барлық түрi, бұған ракеталық-ғарыш
техникасын жасауды, өндiрудi, жөндеудi және
жетiлдiрудi қоса, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету
үшiн жер үстiндегi инфрақұрылымды (полигон,
командалық-өлшеу кешенi, стендалық база және
Тармақша басқалар
басқалар) пайдалану;
Тармақша 22
22) радиожиiлiк спектрiн пайдалану; 6
геостационарлық байланыс серiктерiнiң 186
орбиталарын пайдалану;
Тармақша 23
23) атом энергиясын пайдаланумен байланысты
қызмет түрлері оның iшiнде:
атом энергияларын пайдалану объектiлерiн 230
орналастыру, жобалау, салу, iске қосу, пайдалану,
қайта құру, консервация және пайдаланудан шығару;
радиоактивтi қалдықтармен жұмыс iстеу; 230
ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды 230
физикалық қорғау;
ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi бақылау 100
жөнiндегi қызметтер
радиоэкологиялық зерттеулер мен радиациялық 100
сауықтыру жөнiнде жұмыстар жүргiзу;
ядролық жарылыс жасалатын жерлердегi қызметтiң 50
барлық түрлерi;
Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде 50
ядролық материалдар мен радиоактивтi заттарды
тасымалдау (транзиттi қоса);
атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет 10
үшiн адамдар мен мамандарды даярлау және
аттестациялау;
Тармақша 24
24) арнаулы қорғану құралдарын қолданудың 200
қажетiнсiз оларды пайдалануға рұқсат етiлетiн
нормадан артық мөлшерде радиоактивтi заттары бар
өнiмдердi дайындау және сату;
Тармақша 25
25) электр және жылу энергиясын өндiру, беру және 10
бөлу;
Тармақша 26
26) босаған әскери-техникалық құралдарды жою 22
(құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу;
10
Тармақша 27
27) өнеркәсiптiк жарылу-өрт қаупi бар және тау-кен
өндiрiстерiн электр станцияларының, электр желiлерi
мен кiшi станцияларын, гидротехникалық құрылыстарды,
магистралды газ, мұнай өнiмдерi желiлерін
көтергiш құрылыстарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс
iстейтiн қазандарды, түтiктер мен құбыр
желiлерiн жобалау салу және пайдалану;
Тармақша 28
28) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, 10
геологиялық барлау, кен-шахта металлургия,
энергетика жабдықтарын жарылудан қорғайтын
электротехникалық қондырғыларды, аппаратуралар
мен бақылау, аварияға қарсы қорғану мен белгi
беру жүйелерiн, көтергiш құрылыстарды, сондай-ақ
қысыммен жұмыс iстейтiн қазандарды, түтiктер мен
құбыр желiлерiн жобалау, дайындау, монтаждау және
жөндеу;
Тармақша 29
29) электр энергиясын қайта сату мақсатындағы сатып алу; 10
Тармақша 30
30) атылатын азаматтық және қызметтiк қаруларды 7
және оның оғын, суық қаруларды өндiру, жөндеу,
сауда жасау;
атылатын азаматтық және қызметтiк қаруларды 5
және оның оғын, суық қаруларды алу, сәнге жинау;
атылатын азаматтық және қызметтiк қаруларды 11
және оның оғын, суық қаруларды жасау, көрмеге
қою;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар 5
қолданылатын бұйымдарды жасау, сауда жасау, сәнге
жинау;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар 11
қолданылатын бұйымдарды өндiру, алу, көрмеге қою;
өзiн-өзi қорғаудың химия құралдарымен сауда 5
жасау, сәнге жинау, алу;
өзiн-өзi қорғаудың химия құралдарын жөндеу, 10
көрмеге қою;
өзiн-өзi қорғаудың химия құралдарын әзiрлеу, 7
өндiру;
Тармақша 31
31) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық 10
объектiлердi газдандыру жөнiндегi өндiрiстiк, жөндеу
және құрылыс жұмыстары;
Тармақша 32
32) күзет, өрт белгiсiн беру және өртке қарсы 10
автоматика құралдарын жобалау, монтаждау, жолға
қою және техникалық қызмет көрсету;
өртке қарсы техниканы, өртке қарсы қорғану 10
жабдықтары мен құралдарын өндiру және сату;
Тармақша 33
33) жолаушылар лифтiлерiн монтаждау, жөндеу және 10
қызмет көрсету;
Тармақша 34
34) өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық объектiлерiн 10
дезинфекциялау мен дезодорациялау;
Тармақша 35
35) рентген жабдықтарын және радиоактивтi заттар 200
мен изотоптар пайдаланылатын аспаптар мен
жабдықтарды әзiрлеу, өндiру және сату;
Тармақша 36
36) жолаушылар мен жүктердi тасымалдау:
темiржолмен; 3
өзенмен, теңiзбен; 3
әуе көлiгiмен; 15
автомобиль көлiгiмен жолаушыларды және 3
жүктердi халықаралық тасымалдау;
көлiктiң барлық түрлерiмен қауiптi жүктердi 3
тасымалдау;
авиациялық жұмыстар; 15
Тармақша 37
37) әуежайларда әуе кемелерiне, жолаушылар мен 10
жүктерге қызмет көрсетуге байланысты әуежайлық
қызметтер;
Тармақша 38
38) технологиялық және iшкi өндiрiстiк мақсаттағы, 6
сондай-ақ курьерлiк қызметтер көрсетудi қоспағанда,
почта байланысы мен телекоммуникация саласындағы қызмет;
Тармақша 39
39) ақпараттарды қорғаудың техникалық құралдарын, 9
ақпараттарды өңдеудiң қорғалған техникалық
құралдарын әзiрлеудi, жасауды, дайындауды,
монтаждауды, iске қосуды және сервистiк қызмет
көрсетудi қосқанда, Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк құпияларын техникалық қорғау
жөніндегі қызметтің барлық түрлері;
Тармақша 40
40) байланыстың жалпы республикалық магистральды 6
және халықаралық желілерін жобалау, салу және
пайдалану;
Тармақша 41
41) Жерге орналастыру топографиялық-геодезиялық және
картографиялық жұмыстарды жүргізу мен топографиялық-
геодезиялық және картографиялық өнімдерді сату;
10
Тармақша 42
42) емдік препараттарды (есірткі және психотроптық
заттары жоқ жануарлардың, өсімдіктер мен шөптердің
шипалы өнімдерін өсіру, жинау мен сатудан басқа)
дайындау және сату; 10
Тармақша 43
43) минералдық шикізат өңдеу;
Тармақша 44
44) жобалау-іздестіру, сарапшылық, құрылыс-монтаж 10
жұмыстары, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен
конструкцияларды өндіру жөніндегі жұмыстар;
Тармақша 45
45) өлшем құралдарын тексеру, шығару және жөндеу; 10
Тармақша 46
46) этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру; 36
этил спиртін сақтау және сату; 14
алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме сауда 14
мен сату (сырадан басқа);
алкоголь өнімдерінің (сырадан басқа) бөлшек 10
саудасы;
Тармақша 47
47) Қазақстан Республикасының кеден заңдарына *
сәйкес жекелеген кеден режимдерiнiң шегiнде
жүзеге асырылатын қызмет, сондай-ақ кедендiк
қызмет көрсетулер;
Тармақша 48
48) бағалы қағаздардың бланкiлерiн, сондай-ақ 10
елтаңбалық қағаздарды, чектiк кiтапшалар мен
депозиттiк сертификаттардың бланкiлерiн жасау
және әкелу;
* кәсіпкерлік қызметтің аталған түрлері үшін
лицензиялық алымның ставкасы жеке нормативтік
құқықтық актімен белгіленеді.
Тармақша 49
49) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ жұмыс 10
күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға
байланысты қызметтер;
Тармақша 50
50) заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың 10
сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы),
сақтауы, өңдеуi және сатуы;
Тармақша 51
51) сот-сараптау қызметi; 6
Тармақша 52
52) археологиялық, тарихи және мәдени 10
ескерткiштердi жаңғырту жұмыстары;
Тармақша 53
53) есiрткi, психотроптық заттардың,
прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет:
әзiрлеу, өндiру, қайта өңдеу, тасымалдау, қайта 20
жiберу, алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою;
есiрткi және психотроптық заттары бар 20
өсiмдiктер мен шөптердi өсiру, жинау, дайындау.
Тармақша 54
54) банкроттық рәсімдерде төлем жасауға қабілеті жоқ
борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі
қызмет 10
Тармақ 4
4. Өнімдердің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) 6
экспорты мен импортын лицензиялау үшiн
лицензиялық алымның ставкалары
Тармақ 5
5. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған
ортаны қорғау жөнiндегі қызметтi лицензиялау үшiн
лицензиялық алымның ставкалары:
экологиялық аудиторлық қызмет, шаруашылық қызметтiң 6
экологиялық қауiптi түрлерi; табиғи ресурстарды
олар туралы заңдарға сәйкес пайдалану;
қоршаған ортаға ластанған заттарды тастауды
(шығаруды) жүзеге асыру; қоршаған орта мен халықтың
денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн
өндiріс пен тұтыну қалдықтарын көму және сақтау;
табиғат қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық
сараптама саласындағы жұмыстар.