Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) на территории Глубоковского района Күшін жойған
Басқа 0
Глубокое ауданының аумағында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге салықтардың базалық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 505-бабына, 509-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 – бабы 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Глубокое ауданының аумағында орналасқан автотұрақтардың (паркингтердің) келесі санаттары белгіленсін:
жабық түрлі жер бетіндегі автотұрақтар (паркингтер), ашық түрлі жер бетіндегі автотұрақтар (паркингтер) – 1 санат;
басқа мақсаттағы ғимараттарға қатар салынған немесе басқа мақсаттағы ғимараттарға жалғаса салынған автотұрақтар (паркингтер) – 2 санат;
ғимараттардың астында жер астындағы, жертөледегі, төменгі қабатта немесе төменгі жер үстіндегі қабаттарда орналасқан автотұрақтар (паркингтер) – 3 санат.
Тармақ 2
2. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына байланысты, тұрғын үй қоры, оның ішінде іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, Глубокое ауданының аумағындағы елді мекендердің жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері бойынша салық салуға жататын автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері келесі мөлшерлерде ұлғайтылсын:
1 санатты автотұрақтарға (паркингтер) 10 есе;
2 санатты автотұрақтарға (паркингтер) 9 есе;
3 санатты автотұрақтарға (паркингтер) 8 есе.
Тармақ 3
3. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде базалық салық мөлшерлемелер қолданылатын жақын елді мекен болып Глубокое кенті анықталсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.