Об утверждении Инструкции по оценке служебной деятельности местных органов военного управления Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже 21-тармағының 19-50) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10. Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалау жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы «__» ________ № _____ бұйрығымен бекітілген Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалау жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалау жөніндегі нұсқаулық жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалауды нақтылайды.
Тармақ 2
2. Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалау жұмыстың тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Жергілікті әскери басқару органдарындағы қызметтік істер мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:
Тармақша 1
1) есепке алу-әскерге шақыру жұмысының жай-күйін айқындау;
Тармақша 2
2) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйін айқындау;
Тармақша 3
3) қызметтік істердің жай-күйін айқындау.
Тармақ 4
4. Бағалау нәтижелері бойынша жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істеріндегі кемшіліктерді жою және тиімділік сапасын жақсарту жөніндегі ұсыныстар дайындалады, олардың жақсарту талап етілетін қызметінің бағыттары айқындалады.
Тарау 2. 2-тарау. Есепке алу-әскерге шақыру жұмысының жай-күйін бағалау
2-тарау. Есепке алу-әскерге шақыру жұмысының жай-күйін бағалау
Тармақ 5
5. Есепке алу-әскерге шақыру жұмысының жай-күйін айқындау кезінде:
Тармақша 1
1) азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау;
Тармақша 2
2) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру;
Тармақша 3
3) запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру;
Тармақша 4
4) азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу;
Тармақша 5
5) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу;
Тармақша 6
6) азаматтарды бастапқы әскери даярлау;
Тармақша 7
7) азаматтарды әскери-техникалық мектептерде даярлау;
Тармақша 8
8) әскерге шақыру ресурстарын есепке алу;
Тармақша 9
9) әскерге шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жұмыс және құқық қорғау органдарына жолданған материалдар бағаланады.
Тармақ 1. 1-параграф. Азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау
1-параграф. Азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау
Тармақ 6
6. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:
Тармақша 1
1) құжаттарды толық және сапалы орындау: «өте жақсы» – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Жоспарланатын міндеттер мен қызметті талдаудың өзара байланысы айқындалады. Жоспарланатын іс-шаралар қойылған міндеттерді уақтылы шешуге бағытталған; «жақсы» – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған жоспарланатын іс-шараларға түзетулер уақтылы енгізілмейді; «қанағаттанарлық» – жоспарлау құжаттары жоспарланған іс-шараларды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпейді; «қанағаттанарлықсыз» – ағымдағы қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлау құжаттамасы жоқ. Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға бақылау жүзеге асырылмайды;
Тармақша 2
2) азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау және жіберу жөніндегі тапсырманы орындау: «өте жақсы» – 90 %; «жақсы» – 75 %; «қанағаттанарлық» – 50 %; «қанағаттанарлықсыз» – 50 %-тен төмен.
Тармақ 7
7. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) «Азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау» өлшемшарты үшін бағалау: «өте жақсы» – екінші өлшемшарт «өте жақсы», біріншісі «өте жақсы» немесе «жақсы» деп бағаланған кезде; «жақсы» – екінші өлшемшарт «жақсы», біріншісі «өте жақсы» немесе «жақсы» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлық» – бір өлшемшарт «қанағаттанарлық» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлықсыз» – бір өлшемшарт «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған кезде.
Тармақ 2. 2-параграф. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру
2-параграф. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру
Тармақ 8
8. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:
Тармақша 1
1) құжаттарды толық және сапалы орындау: «өте жақсы» – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Жоспарланған міндеттер мен қызметті талдаудың өзара байланысы айқындалады. Жоспарланатын іс-шаралар қойылған міндеттерді уақтылы шешуге бағытталған; «жақсы» – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған жоспарланатын іс-шараларға түзетулер уақтылы енгізілмейді; «қанағаттанарлық» – жоспарлау құжаттары жоспарланған іс-шараларды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпейді; «қанағаттанарлықсыз» – ағымдағы қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлау құжаттамасы жоқ. Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға бақылау жүзеге асырылмайды;
Тармақша 2
2) мерзімді әскери қызметке шақыру нарядын орындау: «өте жақсы» – 100 %; «жақсы» – 95 %; «қанағаттанарлық» – 90 %; «қанағаттанарлықсыз» – 90 %-тен төмен;
Тармақша 3
3) әскери қызмет өткерумен байланысты емес диагнозбен денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылған мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің саны: «өте жақсы» – 0 адам; «жақсы» – 1 адам; «қанағаттанарлық» – 2 адам; «қанағаттанарлықсыз» – 2 адамнан астам.
Тармақ 9
9. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) «Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру» өлшемшарты үшін бағалау: «өте жақсы» – екінші өлшемшарт «өте жақсы», қалғандары «өте жақсы» және «жақсы» деп бағаланған кезде; «жақсы» – екінші өлшемшарт «жақсы», қалғандары «өте жақсы», «жақсы» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлық» – бір өлшемшарт «қанағаттанарлық» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлықсыз» – бір өлшемшарт «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған кезде.
Тармақ 3. 3-параграф. Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру
3-параграф. Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру
Тармақ 10
10. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:
Тармақша 1
1) құжаттарды толық және сапалы орындау: «өте жақсы» – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Жоспарланған міндеттер мен қызметті талдаудың өзара байланысы айқындалады. Жоспарланатын іс-шаралар қойылған міндеттерді уақтылы шешуге бағытталған; «жақсы» – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған жоспарланатын іс-шараларға түзетулер уақтылы енгізілмейді; «қанағаттанарлық» – жоспарлау құжаттары жоспарланған іс-шараларды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпейді; «қанағаттанарлықсыз» – ағымдағы қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлау құжаттамасы жоқ. Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға бақылау жүзеге асырылмайды;
Тармақша 2
2) запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыруға арналған тапсырманы орындау: «өте жақсы» – 100 %; «жақсы» – 95 %; «қанағаттанарлық» – 90 %; «қанағаттанарлықсыз» – 90 %-тен төмен.
Тармақ 11
11. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру» өлшемшарты үшін бағалау: «өте жақсы» – екінші өлшемшарт «өте жақсы», біріншісі «өте жақсы» немесе «жақсы» деп бағаланған кезде; «жақсы» – екінші өлшемшарт «жақсы», біріншісі «өте жақсы» немесе «жақсы» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлық» – бір өлшемшарт «қанағаттанарлық» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлықсыз» – бір өлшемшарт «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған кезде.
Тармақ 4. 4-параграф. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу
4-параграф. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу
Тармақ 12
12. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу мынадай болып бағаланады: «өте жақсы» – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Жоспарланған міндеттер мен қызметті талдаудың өзара байланысы айқындалады. Жоспарланатын іс-шаралар қойылған міндеттерді уақтылы шешуге бағытталған; «жақсы» – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған жоспарланатын іс-шараларға түзетулер уақтылы енгізілмейді; «қанағаттанарлық» – жоспарлау құжаттары жоспарланған іс-шараларды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпейді; «қанағаттанарлықсыз» – ағымдағы қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлау құжаттамасы жоқ. Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға бақылау жүзеге асырылмайды.
Тармақ 13
13. Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда (бөлімдерде) азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:
Тармақша 1
1) құжаттарды толық және сапалы орындау: «өте жақсы» – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Жоспарланған міндеттер мен қызметті талдаудың өзара байланысы айқындалады. Жоспарланатын іс-шаралар қойылған міндеттерді уақтылы шешуге бағытталған; «жақсы» – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған жоспарланатын іс-шараларға түзетулер уақтылы енгізілмейді; «қанағаттанарлық» – жоспарлау құжаттары жоспарланған іс-шараларды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпейді; «қанағаттанарлықсыз» – ағымдағы қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлау құжаттамасы жоқ. Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға бақылау жүзеге асырылмайды;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген азаматтардың саны: «өте жақсы» – 100 %; «жақсы» – 95 %; «қанағаттанарлық» – 90 %; «қанағаттанарлықсыз» – 90 %-тен төмен.
Тармақ 14
14. Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда (бөлімдерде) «Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу» өлшемшарты үшін бағалау: «өте жақсы» – екінші өлшемшарт «өте жақсы», біріншісі «өте жақсы» немесе «жақсы» деп бағаланған кезде; «жақсы» – екінші өлшемшарт «жақсы», біріншісі «өте жақсы» немесе «жақсы» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлық» – бір өлшемшарт «қанағаттанарлық» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлықсыз» – бір өлшемшарт «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған кезде.
Тармақ 5. 5-параграф. Әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу
5-параграф. Әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу
Тармақ 15
15. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) әскери оқу орындарына (бұдан әрі – ӘОО-лар) кандидаттарды іріктеу мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:
Тармақша 1
1) құжаттарды толық және сапалы орындау: «өте жақсы» – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Жоспарланған міндеттер мен қызметті талдаудың өзара байланысы айқындалады. Жоспарланатын іс-шаралар қойылған міндеттерді уақтылы шешуге бағытталған; «жақсы» – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған жоспарланатын іс-шараларға түзетулер уақтылы енгізілмейді; «қанағаттанарлық» – жоспарлау құжаттары жоспарланған іс-шараларды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпейді; «қанағаттанарлықсыз» – ағымдағы қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлау құжаттамасы жоқ. Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға бақылау жүзеге асырылмайды;
Тармақша 2
2) жастар арасынан ӘОО-ларға канидаттарды қабылдау жоспарын орындау: «өте жақсы» – 100 %; «жақсы» – 95 %; «қанағаттанарлық» – 90 %; «қанағаттанарлықсыз» – 90 %-тен төмен;
Тармақша 3
3) жоспарға қатысы бойынша ӘОО-ларға жіберілген кандидаттар: «өте жақсы» – 100 %; «жақсы» – 95 %; «қанағаттанарлық» – 90 %; «қанағаттанарлықсыз» – 90 %-тен төмен;
Тармақша 4
4) ӘОО-ларға жіберілгендер қатарынан оқуға түскен кандидаттар саны: «өте жақсы» – 80 %; «жақсы» – 70 %; «қанағаттанарлық» – 60 %; «қанағаттанарлықсыз» – 60 %-тен төмен.
Тармақ 16
16. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) «Әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу» өлшемшарты үшін бағалау: «өте жақсы» – төртінші өлшемшарт «өте жақсы», қалғандары «өте жақсы» және «жақсы» деп бағаланған кезде; «жақсы» – төртінші өлшемшарт «жақсы», қалғандары «өте жақсы» және «жақсы» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлық» – бір өлшемшарт «қанағаттанарлық» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлықсыз» – бір өлшемшарт «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған кезде.
Тармақ 6. 6-параграф. Азаматтарды бастапқы әскери даярлау
6-параграф. Азаматтарды бастапқы әскери даярлау
Тармақ 17
17. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) азаматтарды бастапқы әскери даярлау мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:
Тармақша 1
1) құжаттарды толық және сапалы орындау: «өте жақсы» – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Жоспарланған міндеттер мен қызметті талдаудың өзара байланысы айқындалады. Жоспарланатын іс-шаралар қойылған міндеттерді уақтылы шешуге бағытталған; «жақсы» – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған жоспарланатын іс-шараларға түзетулер уақтылы енгізілмейді; «қанағаттанарлық» – жоспарлау құжаттары жоспарланған іс-шараларды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпейді; «қанағаттанарлықсыз» – ағымдағы қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлау құжаттамасы жоқ. Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға бақылау жүзеге асырылмайды;
Тармақша 2
2) бастапқы әскери даярлық бағдарламасы бойынша білім алушылар санына оқушылар саны: «өте жақсы» – 100 %; «жақсы» – 95 %; «қанағаттанарлық» – 90 %; «қанағаттанарлықсыз» – 90 %-тен төмен;
Тармақша 3
3) бастапқы әскери даярлық бағдарламасы бойынша білім алушылар қатарынан оқу-жаттығу далалық (лагерьлік) жиындардан өткен оқушылар саны: «өте жақсы» – 100 %; «жақсы» – 95 %; «қанағаттанарлық» – 90 %; «қанағаттанарлықсыз» – 90 %-тен төмен;
Тармақша 4
4) білім беру ұйымдарының бастапқы әскери даярлық мәселелері жөніндегі жұмысын тексеру және бағалау жоспарын орындау: «өте жақсы» – 100 %; «жақсы» – 95 %; «қанағаттанарлық» – 90 %; «қанағаттанарлықсыз» – 90 %-тен төмен;
Тармақша 5
5) білім беру ұйымдарын бастапқы әскери даярлықты оқытушы-ұйымдастырушылармен жасақтау: «өте жақсы» – 100 %; «жақсы» – 95 %; «қанағаттанарлық» – 90 %; «қанағаттанарлықсыз» – 90 %-тен төмен.
Тармақ 18
18. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) «Азаматтарды бастапқы әскери даярлау» өлшемшарты үшін бағалау: «өте жақсы» – екінші өлшемшарт «өте жақсы», қалғандары «өте жақсы» және «жақсы» деп бағаланған кезде; «жақсы» – екінші өлшемшарт «жақсы», қалғандары «өте жақсы» және «жақсы» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлық» – бір өлшемшарт «қанағаттанарлық» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлықсыз» – бір өлшемшарт «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған кезде.
Тармақ 7. 7-параграф. Азаматтарды өтеусіз негізде әскери-техникалық мектептерде даярлау
7-параграф. Азаматтарды өтеусіз негізде әскери-техникалық мектептерде даярлау
Тармақ 19
19. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) азаматтарды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектептерінде (бұдан әрі – ҚР ҚМ ӘТМ) өтеусіз негізде даярлау мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:
Тармақша 1
1) құжаттарды толық және сапалы орындау: «өте жақсы» – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Жоспарланған міндеттер мен қызметті талдаудың өзара байланысы айқындалады. Жоспарланатын іс-шаралар қойылған міндеттерді уақтылы шешуге бағытталған; «жақсы» – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған жоспарланатын іс-шараларға түзетулер уақтылы енгізілмейді; «қанағаттанарлық» – жоспарлау құжаттары жоспарланған іс-шараларды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпейді; «қанағаттанарлықсыз» – ағымдағы қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлау құжаттамасы жоқ. Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға бақылау жүзеге асырылмайды;
Тармақша 2
2) ҚР ҚМ ӘТМ-да оқыту үшін кандидаттарды іріктеу жоспарын орындау: «өте жақсы» – 100 %; «жақсы» – 95 %; «қанағаттанарлық» – 90 %; «қанағаттанарлықсыз» – 90 %-тен төмен;
Тармақша 3
3) ӘТМ-ны бітіргендер (жіберілгендер қатарынан) азаматтар саны: «өте жақсы» – 100 %; «жақсы» – 95 %; «қанағаттанарлық» – 90 %; «қанағаттанарлықсыз» – 90 %-тен төмен;
Тармақша 4
4) ҚР ҚМ ӘТМ-да оқуды аяқтағандар қатарынан әскери қызметке шақырылғандар саны: «өте жақсы» – 100 %; «жақсы» – 95 %; «қанағаттанарлық» – 90 %; «қанағаттанарлықсыз» – 90 %-тен төмен.
Тармақ 20
20. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) «Азаматтарды ҚР ҚМ ӘТМ-да даярлау» өлшемшарты үшін бағалау: «өте жақсы» – бірінші өлшемшарт «өте жақсы» және «жақсы», қалғандары «өте жақсы» деп бағаланған кезде; «жақсы» – бірінші өлшемшарт «өте жақсы» және «жақсы», қалғандары «жақсы» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлық» – бір өлшемшарт «қанағаттанарлық» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлықсыз» – бір өлшемшарт «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған кезде.
Тармақ 8. 8-параграф. Әскерге шақыру ресурстарын есепке алу
8-параграф. Әскерге шақыру ресурстарын есепке алу
Тармақ 21
21. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде әскерге шақыру ресурстарын есепке алу мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:
Тармақша 1
1) құжаттарды толық және сапалы орындау: «өте жақсы» – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Жоспарланған міндеттер мен қызметті талдаудың өзара байланысы айқындалады. Жоспарланатын іс-шаралар қойылған міндеттерді уақтылы шешуге бағытталған; «жақсы» – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған жоспарланатын іс-шараларға түзетулер уақтылы енгізілмейді; «қанағаттанарлық» – жоспарлау құжаттары жоспарланған іс-шараларды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпейді; «қанағаттанарлықсыз» – ағымдағы қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлау құжаттамасы жоқ. Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға бақылау жүзеге асырылмайды;
Тармақша 2
2) әскери есепте тұрған әскерге шақырылушылар әскерге шақырылушыларды электрондық есепке алуға енгізілді: «өте жақсы» – 100 %; «жақсы» – 95 %; «қанағаттанарлық» – 90 %; «қанағаттанарлықсыз» – 90 %-тен төмен;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылушыларды электрондық есепке алуды толтырудың бастапқы нысандарында жол берілген қателер саны мыналарды құрайды және бағаланады: «өте жақсы» – 0 %; «жақсы» – 5 %; «қанағаттанарлық» – 10 %; «қанағаттанарлықсыз» – 10 %-тен астам.
Тармақ 22
22. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде «Әскерге шақыру ресурстарын есепке алу» өлшемшарты үшін бағалау: «өте жақсы» – екінші өлшемшарт «өте жақсы», қалғандары «өте жақсы» және «жақсы» деп бағаланған кезде; «жақсы» – екінші өлшемшарт «жақсы», қалғандары «өте жақсы» және «жақсы» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлық» – бір өлшемшарт «қанағаттанарлық» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлықсыз» – бір өлшемшарт «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған кезде.
Тармақ 23
23. Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда (бөлімдерде) әскерге шақыру ресурстарын есепке алу мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:
Тармақша 1
1) құжаттарды толық және сапалы орындау: «өте жақсы» – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Жоспарланған міндеттер мен қызметті талдаудың өзара байланысы айқындалады. Жоспарланатын іс-шаралар қойылған міндеттерді уақтылы шешуге бағытталған. Жеке істер картотекасын жасау, әскерге шақырылушыларды іздеу жұмысы, сондай-ақ әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына (бұдан әрі – Әскери есепке алу қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 10 наурызда № 14881 болып тіркелген) сәйкес келеді; «жақсы» – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Қойылған міндеттерге қол жеткізуге бағытталған жоспарланатын іс-шараларға түзетулер уақтылы енгізілмейді. Жеке істер картотекасын жасау, әскерге шақырылушыларды іздеу жұмысы, сондай-ақ әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару Әскери есепке алу қағидаларына сәйкес келеді; «қанағаттанарлық» – жоспарлау құжаттары жоспарланатын іс-шараларды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпейді. Жеке істер картотекасын жасау, әскерге шақырылушыларды іздеу жұмысы, сондай-ақ әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару Әскери есепке алу қағидаларына сәйкес келмейді; «қанағаттанарлықсыз» – ағымдағы қызметті ұйымдастыруды регламенттейтін жоспарлау құжаттамасы жоқ. Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындауға бақылау жүзеге асырылмайды. Жеке істер картотекасын жасау, әскерге шақырылушыларды іздеу жұмысы, сондай-ақ әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару Әскери есепке алу қағидаларына сәйкес келмейді;
Тармақша 2
2) картотекадағы әскерге шақырылушылар жеке істері санының қозғалысты есепке алу журналымен, әліпбилік кітаптармен және әскерге шақырылушыларды электрондық есепке алумен сәйкес келуі: «өте жақсы» – 100 %; «жақсы» – 90 %; «қанағаттанарлық» – 80 %; «қанағаттанарлықсыз» – 80 %-тен төмен;
Тармақша 3
3) әскери есепте тұратын әскерге шақырылушылар әскерге шақырылушыларды электрондық есепке алуға енгізілді: «өте жақсы» – 100 %; «жақсы» – 95 %; «қанағаттанарлық» – 90 %; «қанағаттанарлықсыз» – 90 %-тен төмен;
Тармақша 4
4) әскерге шақырылушыларды электрондық есепке алуды толтырудың бастапқы нысандарында жол берілген қателер саны: «өте жақсы» – 0 %; «жақсы» – 5 %; «қанағаттанарлық» – 10 %; «қанағаттанарлықсыз» – 10 %-тен астам;
Тармақша 5
5) әскерге шақырылушыларды электрондық есепке алу деректерінің әскерге шақырылушылардың жеке істері деректерінен айырмашылығы мыналарды құрайды және бағаланады (кемінде 20 жеке іс есебінен ішінара салыстырып тексеру жүргізу кезінде): «өте жақсы» – 0 %; «жақсы» – 10 %; «қанағаттанарлық» – 15 %; «қанағаттанарлықсыз» – 15 %-тен астам.
Тармақ 24
24. Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда (бөлімдерде) «Әскерге шақыру ресурстарын есепке алу» өлшемшарты үшін бағалау: «өте жақсы» – екінші өлшемшарт «өте жақсы», қалғандары «өте жақсы» және «жақсы» деп бағаланған кезде; «жақсы» – екінші өлшемшарт «жақсы», қалғандары «өте жақсы» және «жақсы» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлық» – бір өлшемшарт «қанағаттанарлық» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлықсыз» – бір өлшемшарт «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған кезде.
Тармақ 25
25. «Есепке алу-әскерге шақыру жұмысы» өлшемшарты үшін бағалау: «өте жақсы» – бірден үшке дейінгі өлшемшарттар «жақсы», қалғандары «өте жақсы» деп бағаланған кезде; «жақсы» – бірден үшке дейінгі өлшемшарттар «қанағаттанарлық», қалғандары «өте жақсы» және «жақсы» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлық» – бір өлшемшарт «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлықсыз» – екі және одан көп өлшемшарт «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған кезде.
Тармақ 9. 9-параграф. Әскерге шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жұмыс және құқық қорғау органдарына жолданған материалдар
9-параграф. Әскерге шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жұмыс және құқық қорғау органдарына жолданған материалдар
Тармақ 25-1
25-1. Әскерге шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жұмыс және құқық қорғау органдарына жолданған материалдар қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен басқармаларда (бөлімдерде) мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:
Тармақша 1
1) құжаттарды толық және сапалы пысықтау: «өте жақсы» – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Жоспарланған іс-шаралар мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан жалтарған адамдарды уақтылы іздестіру жөніндегі жұмысқа бағытталған; «жақсы» – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жоспарланған іс-шаралар уақтылы жүргізілмейді; «қанағаттанарлық» – жоспарлау құжаттары мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жұмысты уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпейді; «қанағаттанарлықсыз» – жоспарлау құжаттары жоқ, құқық қорғау органдарына жолданған материалдардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылау жүзеге асырылмайды;
Тармақша 2
2) материалдар құқық қорғау органдарына жолданған: «өте жақсы» – 100 %; «жақсы» – 80 %; «қанағаттанарлық» – 70 %; «қанағаттанарлықсыз» – 50 %-тен аз.
Тармақ 25-2
25-2. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) әскерге шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жұмыстың және құқық қорғау органдарына жолданған материалдардың өлшемшарты үшін бағалау: «өте жақсы» – екінші өлшемшарт «өте жақсы», біріншісі «өте жақсы» немесе «жақсы» деп бағаланған кезде; «жақсы» – екінші өлшемшарт «жақсы», біріншісі «өте жақсы» немесе «жақсы» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлық» – бір өлшемшарт «қанағаттанарлық» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлықсыз» – бір өлшемшарт «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған кезде.
Тарау 3. 3-тарау. Қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйін бағалау
3-тарау. Қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйін бағалау
Тармақ 26
26. Қаржы-шаруашылық қызмет мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:
Тармақша 1
1) ақшалай ризықты және жалақыны, сондай-ақ басқа да ақшалай төлемдерді есептеу үшін қажетті құжаттарды орындау мынадай болып бағаланады: «өте жақсы» – құжаттар сапалы және мерзімінде пысықталады, жеке құрамға ақшалай ризықты, жалақы мен басқа да ақшалай төлемдерді есептеу және аудару дұрыс және уақтылы жүргізіледі, артық және кем төлеу фактілері жоқ; «жақсы» – құжаттар сапалы және мерзімінде пысықталады, жеке құрамға ақшалай ризықты, жалақы мен басқа да ақшалай төлемдерді есептеу және аудару дұрыс және уақтылы жүргізіледі, болмашы қателер бар, артық және кем төлеу фактілері жоқ; «қанағаттанарлық» – құжаттар сапалы пысықталмайды, жеке құрамға ақшалай төлемдерді есептеу кезіндегі есептерде қателіктерге жол берілген, жеке құрамға ақшалай төлемдерді артық және кем төлеу фактілері бар; «қанағаттанарлықсыз» – құжаттар сапалы пысықталмайды, жеке құрамға ақшалай төлемдерді есептеу кезіндегі есептерде белгілі бір қателіктерге бірнеше рет жол берілген, төлемдер уақтылы жүргізілмейді, жеке құрамға ақшалай төлемдерді артық және кем төлеу фактілері бар;
Тармақша 2
2) шарттық қызметті ұйымдастырудың жай-күйі мынадай болып бағаланады: «өте жақсы» – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда № 12590 болып тіркелген) сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен шарттар уақтылы және сапалы жасалады және орындалады, шарт талаптарына сәйкес барлық құжаттар қоса берілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомына сәйкес (бұдан әрі – Нысандар альбомы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 15 тамызда № 7126 болып тіркелген) № 6 мемориалдық ордерде шарттық қызмет жөніндегі операциялар уақтылы көрсетіледі, ақша қаражатын мақсатты пайдаланбау фактілері анықталмаған, шарттарды есепке алу журналы белгіленген тәртіппен жүргізіледі; «жақсы» – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен шарттар жасалады және орындалады, шарт талаптарына сәйкес барлық құжаттар қоса берілген, Нысандар альбомына сәйкес № 6 мемориалдық ордерде шарттық қызмет жөніндегі операциялар уақтылы көрсетіледі, ақша қаражатын мақсатты пайдаланбау фактілері анықталмаған, шарттарды есепке алу журналында түзету фактілері бар; «қанағаттанарлық» – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен шарттар жасалады және орындалады, шарттар бойынша уақтылы төлемеу, Нысандар альбомына сәйкес № 6 мемориалдық ордерде шарттық қызмет жөніндегі операцияларды уақтылы көрсетпеу фактілері бар, ақша қаражатын мақсатты пайдаланбау фактілері анықталмаған, шарттарды есепке алу журналы белгіленген тәртіппен жүргізіледі; «қанағаттанарлықсыз» – тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен шарттар уақтылы жасалмайды немесе Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұзумен жасалады, шарт талаптарына сәйкес уақтылы төлемеу фактілері бар, Нысандар альбомына сәйкес № 6 мемориалдық ордерде шарттық қызмет жөніндегі операциялар уақтылы немесе сапалы көрсетілмейді, ақша қаражатын мақсатты пайдаланбау фактілері анықталған, шарттарды есепке алу журналы жүргізілмейді;
Тармақша 3
3) материалдық құралдарды есепке алудың жай-күйі мынадай болып бағаланады: «өте жақсы» – есепке алу кітаптары басталған және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 15 тамызда № 10954 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі, мүлік пен материалдық құралдар ақаусыз жай-күйде, белгіленген мерзімі өткен және жарамсыз жай-күйге келген мүлікті есептен шығару уақтылы жүргізіледі, мүлікті салыстырып тексеру уақтылы жүргізіледі, жетіспеушіліктер мен артықшылықтар фактілері анықталмаған, кабинеттегі мүлік тізімдемесі нақты қолда барына сәйкес келеді, барлық материалдық жауапты адамдармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалған, тауар-материалдық құндылықтарды түгендеу уақтылы жүргізіледі, материалдық жауапты адамдар қаржы қызметіне материалдық есеп берулерді сапалы және уақтылы ұсынады; «жақсы» – есепке алу кітаптары басталған және Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі, мүлік пен материалдық құралдар ақаусыз жай-күйде, жарамсыз жай-күйге келген мүлікті есептен шығару уақтылы жүргізіледі, мүлікті ұқыпсыз пайдалану жағдайлары бар; мүлікті салыстырып тексеру белгіленген мерзімдерде жүргізіледі, мүліктің жетіспеу фактілері анықталмаған, кабинеттегі мүлік тізімдемесі нақты қолда барына сәйкес келеді, барлық материалдық жауапты адамдармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалған, тауар-материалдық құндылықтарды түгендеу уақтылы жүргізіледі, материалдық жауапты адамдар қаржы қызметіне материалдық есеп берулерді сапалы және уақтылы ұсынады; «қанағаттанарлық» – есепке алу кітаптары басталған, бірақ Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бұзумен жүргізіледі, мүлік ұқыпсыз пайдаланылады, жарамсыз жай-күйге келген мүлікті есептен шығару және салыстырып тексеру мерзімін бұзумен жүргізіледі, мүліктің жетіспеу фактілері анықталмаған, кабинеттегі мүлік тізімдемесі нақты қолда барына сәйкес келеді, барлық материалдық жауапты адамдармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалмаған, тауар-материалдық құндылықтарды түгендеу уақтылы жүргізілмейді, материалдық жауапты адамдар қаржы қызметіне материалдық есеп берулерді сапалы жасамайды және ұсынбайды; «қанағаттанарлықсыз» – мүлікті есепке алу ұйымдастырылмаған, есепке алу кітаптары жүргізілмейді, материалдық құралдардың жетіспеушіліктері мен артықшылықтары жағдайлары анықталған, бағаланбаған мүлік бар, жарамсыз жай-күйге келген мүлікті есептен шығару және салыстырып тексеру жүргізілмейді, кабинеттегі мүлік тізімдемесі нақты қолда барына сәйкес келмейді, материалдық жауапты адамдармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалмаған, тауар-материалдық құндылықтарды түгендеу жүргізілмейді, материалдық жауапты адамдар қаржы қызметіне материалдық есеп берулерді ұсынбайды;
Тармақша 4
4) жоғары тұрған штабқа, бақылау және жабдықталым органдарына қаржы жұмысы жөніндегі есеп берулер мен мәліметтерді уақтылы және сапалы ұсыну мынадай болып бағаланады: «өте жақсы» – қаржы жұмысы жөніндегі есеп берулер мен мәліметтер сапалы пысықталады және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментіне, бақылау және жабдықталым органдарына уақтылы ұсынылады, жеткізілімдерді уақтылы ұсынбау фактілері анықталмаған; «жақсы» – қаржы жұмысы жөніндегі есеп берулер мен мәліметтер сапалы пысықталады және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментіне, бақылау және жабдықталым органдарына уақтылы, бірақ белгілі бір қателермен ұсынылады; «қанағаттанарлық» – құжаттар негізінен сапалы пысықталады, белгілі бір қателер бар. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментіне, бақылау және жабдықталым органдарына қаржы жұмысы жөніндегі есеп берулер мен мәліметтерді кешіктіріп ұсынуға жол берілген; «қанағаттанарлықсыз» – құжаттар сапалы пысықталмайды; есеп берулерде жүйелі қателерге жол берілген, қаржы жұмысы жөніндегі есеп берулер мен мәліметтер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментіне, бақылау және жабдықталым органдарына уақтылы ұсынылмайды.
Тармақ 27
27. Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) бағаланбайды, өйткені дербес қаржы қызметін жүргізбейді және қорғаныс істері жөніндегі департаментте қаржылық жабдықталымда тұрады.
Тармақ 28
28. «Қаржы-шаруашылық қызмет» өлшемшарты үшін бағалау: «өте жақсы» – бірінші өлшемшарт «өте жақсы», қалғандары «өте жақсы» және «жақсы» деп бағаланған кезде; «жақсы» – бірінші өлшемшарт «жақсы», қалғандары «өте жақсы» және «жақсы» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлық» – екі өлшемшарт «қанағаттанарлық», қалғандары «өте жақсы» және «жақсы» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлықсыз» – бір өлшемшарт «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған кезде.
Тарау 4. 4-тарау. Қызметтік істердің жай-күйін бағалау
4-тарау. Қызметтік істердің жай-күйін бағалау
Тармақ 29
29. Жергілікті әскери басқару органдары қызметтік істерінің жай-күйі мынадай болып бағаланады: «өте жақсы» – қорғаныс істері жөніндегі департамент және «өте жақсы» және «жақсы» деп бағаланатын бағынысты қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің кемінде 70 %-і, бұл ретте «жұмылдыру әзірлігі» өлшемшарты үшін «өте жақсы» деп бағаланса; «жақсы» – қорғаныс істері жөніндегі департамент және «өте жақсы» және «жақсы» деп бағаланатын бағынысты қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің 70 %-і, бұл ретте «жұмылдыру әзірлігі» өлшемшарты үшін «жақсы» деп бағаланса; «қанағаттанарлық» – қорғаныс істері жөніндегі департамент және «жақсы» және «қанағаттанарлық» деп бағаланатын бағынысты қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің 70 %-і, бұл ретте «жұмылдыру әзірлігі» өлшемшарты үшін «қанағаттанарлық» деп бағаланса; «қанағаттанарлықсыз» – қорғаныс істері жөніндегі департамент және «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланатын бағынысты қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің 30 %-тен астамы.