Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, переработку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Семей Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Семей қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Семей қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Семей қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес  бекітілсін.
Тармақ 2
2. Семей қаласының мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылсын деп танылсын:
Тармақша 1
1) Семей қаласы мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 38/211-V «Семей қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3862 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде № 31 «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінде жарияланған);
Тармақша 2
2) Семей қаласы мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 38/211-V 2016 жылғы 5 қазандағы № 6/49-VI «Семей қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, өңдеу және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4722 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 10 қарашада, 2016 жылғы 11 қарашада № 90 «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінде жарияланған).
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Семей қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер
Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 мамырдағы № 38/265-VI шешіміне қосымша Семей қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер р/с № Атауы Есептік бірлік Қызметтердің құны, теңге 1. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тариф 1.1. Жайлы үйлер тұрғын/айына 190 1.2. Жайлы емес үйлер тұрғын/айына 346 1.3. Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері 1 м3 1 284 2. Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тариф 2.1. Жеке тұлғалар үшін 1 м3 300 2.2. Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін 1 м3 300 3. Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуге арналған тариф 1 м3 846