О переименовании улиц Каракудыкского сельского округа Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарақұдық ауылдық округі көшелерін қайта атау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Ақтөбе облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 1 тамыздағы № 3 және 20 желтоқсандағы № 4 қорытындылары негізінде аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қарақұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қарақұдық ауылдық округі көшелеріне қайта атау берілсін: Қарақұдық ауылындағы: Новая көшесі – Күншуақ көшесіне; Степная көшесі – Кең дала көшесіне; Геотехника көшесі – Өркен көшесіне; Тікқайын ауылындағы: Советская көшесі – Балауса көшесіне; Комсомольская көшесі – Жас дәурен көшесіне; Колхозная көшесі – Самал көшесіне; Набережная көшесі – Толқын көшесіне; Көктоғай ауылындағы: Интернациональная көшесі – Кемеңгер көшесіне; Садовая көшесі – Шырайлы көшесіне; Юбилейная көшесі – Көксай көшесіне.
Тармақ 2
2. «Қарақұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Ақтөбе облысының әділет департаментінде мемлекетті тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.