Вопросы Комитета внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Iшкi әскерлер комитетінің мәселелерi "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлерi қолбасшысының бас басқармасы оны Қазақстан Республикасы Ішкі iстер министрлiгi Iшкi әскерлер комитетi (бұдан әрi - Комитет) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. 📌 Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.22. N 607 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1)
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар (1-тармақ құпия) бекiтiлсiн. 📌 Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.22. N 607 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 7. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінің Iшкi әскерлер комитетi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 26 қыркүйектегі N 1057 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінің Iшкi әскерлер комитетi туралы ЕРЕЖЕ 📌 Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.22. N 607 қаулысымен.
Басқа 8. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 26 қыркүйектегі N 1057 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. Құпия.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының шектi штат санын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 8 қазандағы N 1018-74 қаулысына: "Орталық органдардың аппараты" бөлiмiндегi республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын iшкi iстер органдарының санында: "Iшкi әскерлердiң бас басқармасының аппараты" деген сөздер "Iшкi әскерлер комитетiнiң аппараты" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. 📌 Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.22. N 607 қаулысымен.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 ақпандағы N 202 қаулысына : көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттарында: "Iшкi әскерлер қолбасшысының бас басқармасы", "Iшкi әскерлер қолбасшысының бас басқармасының", "Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнің Iшкi әскерлер қолбасшысының бас басқармасы" деген сөздер "Iшкi әскерлер комитетi", "Iшкi әскерлер комитетiнiң" "Қазақстан Республикасы IIМ Iшкi әскерлер комитет" деген сөздермен ауыстырылсын.