Об утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории города Рудного Күшін жойған
Басқа 0
Рудный қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Рудный қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Рудный қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Әкімдіктің
2019 жылғы «3» маусымдағы
№ 667 қаулысына
қосымша
Рудный қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Тармақ 1
1. 50 лет Октября көшесі, № 66 үйдің қасында.
Тармақ 2
2. И. Франко көшесі, № 9 үйдің қасында.
Тармақ 3
3. 50 лет Октября көшесі, № 25 үйдің қасында.
Тармақ 4
4. Горняков көшесі, № 43 үйдің қасында.
Тармақ 5
5. П. Корчагин көшесі, № 88 үйдің қасында.
Тармақ 6
6. П. Корчагин көшесі, № 112 үйдің қасында.
Тармақ 7
7. Горняков көшесі, № 68 үйдің қасында.
Тармақ 8
8. Горький көшесі, № 58 үйдің қасында.