Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым государственные закупки осуществляются способом конкурса с предварительным квалификационным отбором Күшін жойған
Басқа 0
Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілік іріктеуі арқылы конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту және «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 91 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13553 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жариялануы тиіс және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 4,5-тармақтарын қоспағанда, 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары–
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 31 мамырдағы
№ 521 бұйрығымен
бекітілген
Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
№
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы
1.
Сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізілген, бағдарламалық қамтамасыз етуге және электрондық өнеркәсіп өнімінің санатына (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауыштарына сәйкес) жататын тауарлар және осы тауарларды уақытша пайдалану жөніндегі ақпараттық-коммуникациялық қызметтер.
Ескертпе:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабының 1-тармағына сәйкес олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілікті іріктей отырып конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Алдын ала біліктілік іріктеуі бар конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылғанда, тапсырыс берушілер мұндай мемлекеттік сатып алуды Заңның 13-бабында айқындалған өзге де тәсілдермен жүзеге асырады.