О повышении базовых ставок земельного налога, в десять раз на земли сельскохозяйственного назначения, не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін он есеге арттыру туралы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 509-бабы 5-тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.