Об утверждении перечня обязательных теле-, радиоканалов Күшін жойған
Басқа 0
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесін бекіту туралы
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған міндетті теле-, радиоарналар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Міндетті теле-, радиоарналар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 368 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13707 болып тіркелген, 2016 жылғы
21 мамырда «Казахстанская правда» № 96 (28222) және «Егемен Қазақстан» № 96 (28824) республикалық газеттерінде жарияланған);
Тармақша 2
2) «Міндетті теле-, радиоарналар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 368 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы
31 мамырдағы № 246 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17043 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Міндетті теле-, радиоарналар тізбесі
Қазақстан Республикасы Ақпарат
және қоғамдық даму министрінің
2019 жылғы 17 маусымдағы
№ 171 бұйрығымен
бекітілген
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесі
№
Теле-, радиоарналардың атауы
Тарату аумағы
1
2
3
1
«QAZAQSTAN»
Қазақстан Республикасы
2
«Хабар»
3
«Хабар 24»
4
«BALAPAN»
5
«ABAI TV»
6
«QAZSPORT»
7
«Kazakh TV»
8
«МИР»
9
«Астана»
10
«Almaty»
11
«Первый канал Евразия»
12
«КТК»
13
«31 канал»
14
«Седьмой канал»
15
«El arna»
16
«ATAMEKEN BUSINESS»
17
«НТК»