О некоторых вопросах Бассейновых инспекций по регулированию использования и охране водных ресурсов Комитета по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларының кейбір мәселелері туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 175 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықтың 1, 2, 3 ,4 ,5 ,6 , 7, 8 қосымшаларында:
2 – бөлімнің 14 – тармақтың 12) тармақшасы алып тасталсын;
3 – бөлімнің 16 – тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Инспекцияға басшылықты Инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқаратын Инспекция Басшысы жүзеге асырады.».
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 175 бұйрығына өзгеріс туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасының 2019 жылғы 8 ақпандағы №51 бұйрығының кұші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасына заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақ 3
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.