Қолданыстағы ред. 24.07.2002

Облыстық төтенше Эпидемияға қарсы комиссиясы туралы от 24.07.2002 г. № 151 (Облыстық төтенше Эпидемияға қарсы комиссиясы туралы)

0

Облыстық төтенше Эпидемияға қарсы комиссиясы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 02.12.2002 № 249 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына сәйкес және кадрлардың өзгерiстерiне байланысты, облыс әкімияты
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Облыстық төтенше эпидемияға қарсы комиссияның құрамы жаңартылсын және облыстық мәслихаттың кезектi сессиясының бекiтуiне ұсынылсын (1 қосымша).

2

2. Облыстық төтенше эпидемияға қарсы комиссиясы туралы Ереже бекiтiлсiн (2 қосымша).

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Е.Күмiсқалиға жүктелсiн.

4

Маңғыстау облысы әкiмиятының
2002 жылғы 25 шiлдедегi
№ 151 қаулысына 1 қосымша
Облыстық төтенше эпидемияға қарсы комиссиясының
құрамы
Күмiсқали Есен облыс әкiмiнiң орынбасары,
төрағасы
Нейзер Валерий Эрвинович облыстық бас мемлекеттiк
санитарлық
дәрiгерi, комиссия төрағасының
орынбасары (келiсiм бойынша)
Калугина Инга Владимировна облыс әкiмi аппаратының бас
маманы,
хатшысы
Комиссия мүшелерi
Әміров Табылды Әмiрұлы "Қазақстантемiржолы" жабық
акционерлiк қоғамы Маңғыстау
тасымалдау бөлiмшесiнiң
бастығы (келiсiм бойынша)
Берiшбаев Серік Берiшұлы Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы Министрлiгi облыстық
аймақтық басқармасының бастығы
(келiсiм бойынша)
Бермұхамедов Серік Аджарұлы Ұлттық қауiпсiздiк Комитетiнiң
Маңғыстау облысы бойынша
Департаментi бастығының
бiрiншi орынбасары (келiсiм
бойынша)
Бинаев Нұрғозаров облыстық телекоммуникация
дирекциясының бас
директоры (келiсiм бойынша)
Төралиев Сағыныш Көшербайұлы облыстық денсаулық сақтау
басқармасының бастығы
Досекенов Асқар Әдиханұлы облыс прокурорының бiрiншi
орынбасары (келiсiм бойынша)
Баймұханбетов Мұрат Маңғыстау облысы бойынша кеден
Әлмұратұлы басқармасының бастығы (келiсiм
бойынша)
Косовцев Валерий Яковлевич облыстық обаға қарсы
станциясының
бастығы (келiсiм бойынша)
Оспанов Мұхамеджан Абдулұлы Маңғыстау облыстық iшкi iстер
басқармасы бастығының орынбасары
Новиков Василий Антонович "Ақтаутеңiзсауда порты"
Республикалық мемлекеттiк
кәсiпорны
директорының орынбасары (келiсiм
бойынша)
Поляков Виталий Степанович "Ақтаухалықаралықәуежайы" ашық
акционерлiк қоғамының атқарушы
директоры (келiсiм бойынша)
Филиппов Борис Валентинович Ақтау қаласы әкiмiнiң орынбасары
Хайрушев Қажымұрат Сейiлханұлы облыстық төтенше жағдайлар
жөнiндегi
басқармасының бастығы (келiсiм
бойынша)

5

Маңғыстау облысы әкiмиятының
2002 жылғы 25 шiлдедегi
№ 151 қаулысына 2 қосымша
Эпидемияға қарсы облыстық төтенше комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже облыстық төтенше эпидемияға қарсы комиссия қызметiнiң мiндеттерiн, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негiздерiн айқындап белгiлейдi.

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Облыстық төтенше эпидемияға қарсы комиссиясы (бұдан әрі Комиссия) заңды және жеке тұлғаларға, олардың санитарлық-эпидемияға қарсы iс-шараларын жүргiзуiне, олардың санитарлық заңнаманы сақтауына басшылық етудi, сондай-ақ азаматтардың денсаулығын, қолайлы өмiр сүру ортасын қорғау құқығын қамтамасыз етудi жүзеге асыру мақсатында құрылған.

2

2. Комиссия облыс әкiмi жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

3

3. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына, Президент пен Үкiметтiң, облыс әкiмияты мен әкiмiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2. 2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

4

4. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1

1) жергілікті атқарушы органдардың, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың (бұдан әрі-заңды тұлғалар) жұқпалы аурулар эпидемиясы мен адамдардың жаппай улануының малдың індетке ұшырауы мен өсімдік ауруларының алдыналуға, тараптауға және жоюға, облыс шекарасы мен аумағын аса қауіпті және карантиндік жұқпалы аурулардың әкелінуінен және таралуынан санитариялық қорғауға бағытталған қызметін үйлестіру;

2

2) қалалардың, аудандардың эпидемияға қарсы төтенше комиссияларының қызметіне әдістемелік басшылық жасау мен үйлестіруді жүзеге асыру, эпидемиялық жұқпалы аурулар мен адамдардың жаппай улануының, жануарлардың індеті мен өсімдіктер ауруының алдыналу, таратылу және жоюға бағытталған шараларды орындауға практикалық көмек көрсету кіреді.

5

5. Комиссияға аталған міндеттерді орындау мақсатында:

1

1) эпидемиялық жұқпалы ауруларға және адамдардың жаппай улануына жол бермеу, аса қауіпті және карантиндік жұқпалы аурулардың әкелінуі мен таралуының алдын алуға бағытталған шешімдерді жетілдіру;

2

2) заңдытұлғалар мен азаматтардың жұқпалы аурулардың, жаппай уланудың алдыналуға, жоюға бағытталған қызметтеріне әдістемелік басшылық жасау мен үйлестіру;

3

3) заңды тұлғалардың күштері мен қаражаттарын эпидемияға қарсы және індетке қарсышараларды орындау үшін тартуды ұйымдастыру;

4

4) эпидемияға қарсы және індетке қарсы шаралар жүргізуге байланысты карантиндік шектеу шараларын енгізу және оны қолданыстан шығару, ұсыныстар жасау;

5

5) жауапты тұлғалардың эпидемияға қарсы және індетке қарсышаралардың орындалу барысы туралы баяндамаларын мезгіл-мезгілтың дау, тыңдаудың нәтижелері бойынша ұйымдық және практикалық шешімдер қабылдау;

6

6) денсаулық сақтау органдарының аурулардың таралуының алдыналу және олардың пайда болуы зардаптарын жою үшін мамандандырылған медициналық құрылымдардың облыстық денсаулық сақтау басқарма оперативтік жедел топтарының, басқа да облыстық басқармалардың, комитеттердің, ведомстволардың жеделтоптарын аса қауіпті жұқпалы аурулар ошақтарына жіберу жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіру;

7

7) денсаулық сақтау және мал дәрігері органдарының бұқаралық ақпарат құралдарын қауіпті жұқпалы аурулардың алдыналу ойын шахалықты медициналық және мал дәрігерлік-санитариялық ағарту үшін пайдалану жөніндегі қызметтерін үйлестіру;

8

8) облыс аумағы мен одан тысқары жерлерде қауіпті аурулармен науқастан улар туралы ақпараттар жиналуына және талдануына бақылау жасау;

9

9) адамдар мен жануарлардың мекен ауыстыруына, жүктерін ауру ошағынан тысқары жерлерге тасымалдануына, енгізілген шектеулердің сақталуына, басқа да карантиндік шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

10

10) облыс әкімін, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетін облыстағы және көршілес аумақтардағы эпидемиялық және эпизоотиялық қауіпті жұқпалы аурулар жағдайы туралы хабардар ету жүктеледі.

6

6. Комиссияның мынадай құқықтары бар:

1

1) жергілікті атқарушы органдардан адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің жұқпалы ауруға шалдығуы туралы ақпарат алуына;

2

2) кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы жұқпалы аурулар мен тамақтан уланудың профилактикасы жөніндегі жұмыстардың жағдайына тексеру жүргізуіне;

3

3) адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің арасында жұқпалы аурулардың таралуының алдыналу мақсатында карантиндік-шектеулікшараларын енгізу туралы облыс әкімиятына ұсыныстар жасауына;

4

4) жұқпалы аурулардың алдыналу, санитариялық-профилактикалық эпидемияға қарсы және мал індетіне қарсы шаралардың орындалуы туралы құжаттар талап етуіне жәнек омиссияның мәжілістерінде тиісті басшылардың хабарламасынтың дауына;

5

5) кінәсі бойынша жұқпалы аурулар эпидемияларына, мал індеттерінен емес адамдар арасындағы тамақтан жаппай улануға жол берген лауазымды тұлғаларды жұмыстан босатуына, әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы тиісті органдарға материалдар жолдауына;

6

6) облыс әкімияты мен әкімінің қарауына жұқпалы аурулардың профилактикасына және деңгейін төмендетуге, сондай-ақ тамақтан уланудың алдыналуға байланысты мәселелер енгізуіне құқы бар.

3. 3. Жұмысты ұйымдастыру

3. Жұмысты ұйымдастыру

7

7. Комиссия ағымдағы және болашақтағы мәселелерді шешуді көздейтін мынадай жұмыс жоспарын жүргізеді.

1

1) жұқпалы аурулардың және тамақтан уланудың пайда болуы мен таралуының алдыналуды;

2

2)заңды тұлғалардың жұқпалы аурулардың профилактикасы және оның таралуының алдыналуы жөніндегі Қазақстан республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және облыс әкімінің шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі шараларды, сондай-ақ комиссияның шешімдерін орындауды.

8

8. Комиссия қалыптасқан эпидемиялық және мал індеті жағдайын ескере отырып, жоспарлын емес кезектен тыс мәжіліс өткізеді және қабылданған шешімдердің орындалуына бақылау жасауды ұйымдастырады.

9

9. Комиссияның жұмысын ұйымдық қамтамасыз етуді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма мен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы жүзеге асырады.

10

10. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және олорындау үшін заңды тұлғалар мен азаматтарға жолданады.
Хаттамаға мәжіліске төрағалық етуші адам мен жауапты хатшы қол қояды.