О создании комиссии Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Заңының 14-бабына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 8 сәуірдегі "Әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өтеген мерзiмдi әскери қызметтегi қызметкерлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2002 жылғы қазан-желтоқсан айларында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы" № 844 Жарлығына сәйкес, азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық ету және бақылау жасау үшiн:
Тармақ 1
1. Облыстық шақыру комиссиясы құрылсын және оның құрамы бекiтiлсiн (қоса тiркеледi).
Тармақ 2
2. Облыстық комиссия бiр апталық мерзiмде iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ә.Ә.Бектаевқа жүктелсiн.
Басқа 4. Облыстық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Облыс әкiмiнiң 2002 жылғы 20 қыркүйектегi № 69 шешiмiне қосымша Облыстық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ 1. Ә.Ә.Бектаев - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы 2. А.А.Саттаров - облыстың әскери комиссары, комиссия төрағасының орынбасары (келiсiмi бойынша) 3. Е.Серебренникова - облыстық аурухананың медбикесi, комиссия хатшысы (келiсiмi бойынша) Комиссия құрамы: 4. Б.Н.Дүйсебаев - облыс әкiмi аппараты мемлекеттiк-құқық жұмысы бөлiмiндегi облыс әкiмiнiң бас инспекторы 5. С.О.Тұрсынбеков - облыстық iшкi iстер бас басқармасы бастығының орынбасары (келiсiмi бойынша) 6. Д.А.Төлепбергенов -облыстық денсаулық сақтау департаментi бастығының орынбасары 7. Н.Ахметұлы - дәрiгер, облыстық әскери-дәрiгерлiк комиссиясының төрағасы (келiсiмi бойынша) 8. М.К.Егiзбаев - облыстық мәслихаттың депутаты, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрiгерi (келiсiмi бойынша) 9. О.С.Сидоров - облыстық әскери комиссариат 2-бөлiмiнiң бастығы (келiсiмi бойынша)