Об утверждении программ подготовки и переподготовки владельцев и пользователей гражданского и служебного оружия Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламалары
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 536 бұйрығымен бекітілген Азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламалары (бұдан әрі – Бағдарламалар) «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 2) – 11) тармақшаларында көрсетілген адамдарға қолданылады.
Тармақ 2
2. Бағдарламалар қарудың иелері мен пайдаланушыларының, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қаруды сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат алуға үміткер адамдардың азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын, қаруды қауіпсіз ұстау және қаруды қауіпсіз ұстау дағдыларын игеруді зерделуге, сондай-ақ азаматтарды қаруды қолдану мәдениетін танысуға бағытталған.
Тармақ 3
3. Бағдарламалар бойынша оқу сағатының ұзақтығы: теориялық сабақтар (дәрістер, семинарлар, топтық сабақтар) – 45 минут, практикалық сабақтар өткізу кезінде қорытындылауға, құжаттамаларды ресімдеуге жұмсалатын уақытты қосқанда – 45 минут. Әрбір пәнді зерделеуге бөлінетін сағаттардың жалпы саны, сондай-ақ сынақ қабылдауға шығарылатын тақырыптар қысқартылмайды.
Тармақ 4
4. Бағдарламаларды тыңдаған адамдар құқықтық және атыс даярлығын білуге сынақтар тапсырады. Сынақты өткізу үшін басшының бұйрығымен Орталықтың нұсқаушылар қатарынан: құрамында төраға және екі мүше бар емтихан қабылдау комиссиясы тағайындалады, сондай-ақ комиссия құрамына аумақтық полиция органдарының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымын бақылау бөліністерінің өкілі кіреді. Сынақтарды қабылдауға жұмсалған уақыт бағдарламалардың жалпы оқыту уақытына кіреді. Сынақтың практикалық бөлігі осы бағдарламалармен бекітілген жаттығуларды орындауды қамтиды. «Атыс даярлығы» бойынша практикалық сабақтар аумақтық полиция органдарының бөліністері атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стендтерін ашуға берілген рұқсаты бар үй-жайларда ғана өткізіледі. Сынақтың практикалық бөлігін орындауға сынақтың теориялық бөлігі бойынша сынақ тапсырмаған тыңдаушылар жіберілмейді.
Тармақ 5
5. Сынақты табысты тапсырған адамдарға осы Бағдарламаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуіне даярлау (қайта даярлау) бағдарламалардан өткені туралы анықтама» беріледі, ол комиссия төрағасының және аумақтық полиция органының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлінісі өкілінің қолтаңбасымен, сондай-ақ Азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын арнайы даярлау және қайта даярлау орталықтарының, сондай-ақ жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 16 қаңтарда № 10095 болып тіркелген) спорттың атыс түрлері бойынша (оқ ату, стендтік, практикалық), аккредиттелген Республикалық федерация құрамындағы спорттық ұйымдарының (бұдан әрі – Орталықтың) және сәйкесінше полиция органының «Лицензиялық-рұқсат беру жүйесі» деген бедері бар мөрімен куәландырылады. Сынақты тапсыра алмаған адамдардан қайта сынақ қабылдау бастапқы сынақ тапсырғаннан кейін күнтізбелік 7 күннен ерте емес жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Азаматтық атыс қару иелері мен пайдаланушыларды даярлау және қайта даярлау бағдарламасы
2-тарау. Азаматтық атыс қару иелері мен пайдаланушыларды даярлау және қайта даярлау бағдарламасы р/с № Та­қы­ры­бы Дә­ріс, са­ғат Прак­ти­ка, са­ғат Бар­лық са­ғат 1. Ой­ық қа­ру­дың так­ти­ка­лық-тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры* 1 1 2 2. Те­гіс ұң­ғы­лы қа­ру­дың так­ти­ка­лық-тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры* 1 1 2 3. Бал­ли­сти­ка* 2 2 4. Атыс қа­руын сақ­тау, алып жү­ру, та­сы­мал­дау тәр­ті­бі 1 1 2 5. Қа­ру­ды сақ­тау, алып жү­ру, та­сы­мал­дау және тір­кеу (қай­та тір­кеу) тәр­ті­бін бұз­ға­ны үшін әкім­ші­лік және қыл­мыстық жа­у­ап­кер­ші­лік 1 1 6. Атыс қа­руын қол­да­ну қа­ғи­да­ла­ры мен тәр­ті­бі* 1 1 7. Қа­жет­ті қор­ға­ныс, аса қа­жет­ті­лік неме­се қыл­мыс жа­са­ған адам­ды ұстау ке­зін­де атыс қа­руын қол­да­ну негіз­де­рі* 2 2 8. Атыс қа­руы­нан жа­ра­лан­ған кез­де ал­ғаш­қы ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту 1 1 9. «Атыс да­яр­лы­ғы» бой­ын­ша прак­ти­ка­лық са­бақ (атыс)* 1 1 10. Сы­нақ­тар қа­был­дау Уа­қыт бағ­дар­ла­ма­ның жал­пы оқы­ту уа­қы­ты­на кі­ре­ді Бар­лы­ғы 10 4 14 Ескертпе: *- азаматтық қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсатының жарамдылық мерзімінің өтуіне байланысты рұқсатты ресімдейтін қару иелері үшін оқыту бағдарламасына 1, 2, 3, 6, 7, 9-тармақтар кірмейді.
Тарау 3. 3-тарау. Өзін-өзі қорғау (газды, электрлі) қаруының иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы
3-тарау. Өзін-өзі қорғау (газды, электрлі) қаруының иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы р/с № Та­қы­ры­бы Дә­ріс, са­ғат Прак­ти­ка, са­ғат Бар­лық са­ғат 1. Қа­ру­ды қол­да­ну қа­ғи­да­ла­ры мен тәр­ті­бі* 1 1 2 2. Қа­жет­ті қор­ға­ныс, аса қа­жет­ті­лік неме­се қыл­мыс жа­са­ған адам­ды ұстау ке­зін­де атыс қа­руын қол­да­ну негіз­де­рі* 1 1 3. Адам­ға қа­ру­дың тигі­зе­тін әсе­рі 1 1 4. Қа­ру­ды сақ­тау, алып жү­ру, та­сы­мал­дау тәр­ті­бі 1 1 5. Қа­ру­дың так­ти­ка­лық-тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры* 1 1 2 6. Ал­ғаш­қы ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту 1 1 7. Қа­ру­ды сақ­тау, алып жү­ру, та­сы­мал­дау және тір­кеу (қай­та тір­кеу) тәр­ті­бін бұз­ға­ны үшін әкім­ші­лік және қыл­мыстық жа­у­ап­кер­ші­лік 1 1 8. «Атыс да­яр­лы­ғы» бой­ын­ша прак­ти­ка­лық са­бақ (атыс)* 1 1 9. Сы­нақ­тар қа­был­дау Уа­қыт бағ­дар­ла­ма­ның жал­пы оқы­ту уа­қы­ты­на кі­ре­ді Бар­лы­ғы 7 3 10 Ескертпе:*- өзін-өзі қорғау қаруын сақтауға және алып жүруге рұқсатының жарамдылық мерзімінің өтуіне байланысты рұқсатты ресімдейтін қару иелері үшін оқыту бағдарламасына 1, 2, 5, 8-тармақтар кірмейді.
Тарау 4. 4-тарау. Лақтырылатын қару (садақ және арбалет) иелері мен пайдаланушыларды даярлау және қайта даярлау бағдарламасы
4-тарау. Лақтырылатын қару (садақ және арбалет) иелері мен пайдаланушыларды даярлау және қайта даярлау бағдарламасы р/с № Та­қы­ры­бы Дә­ріс, са­ғат Прак­ти­ка, са­ғат Бар­лық са­ғат 1. Лақ­ты­ры­ла­тын қа­ру­дың так­ти­ка­лық-тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры* 1 1 2 2. Бал­ли­сти­ка * 2 2 3. Лақ­ты­ры­ла­тын қа­ру­ды сақ­тау, алып жү­ру, та­сы­мал­дау тәр­ті­бі, оны пай­да­ла­ну ке­зін­де­гі тех­ни­ка­лық қа­уіп­сіз­дік қа­ғи­да­ла­ры 1 1 2 4. Қа­ру­ды сақ­тау, алып жү­ру, та­сы­мал­дау және тір­кеу (қай­та тір­кеу) тәр­ті­бін бұз­ға­ны үшін әкім­ші­лік және қыл­мыстық жа­у­ап­кер­ші­лік 1 1 5. Жа­ра­лан­ған кез­де ал­ғаш­қы ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту 1 1 6. Сы­нақ­тар қа­был­дау Уа­қыт бағ­дар­ла­ма­ның жал­пы оқы­ту уа­қы­ты­на кі­ре­ді Бар­лы­ғы 6 2 8 Ескертпе:*- лақтырылатын қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсатының жарамдылық мерзімінің өтуіне байланысты рұқсатты ресімдейтін қару иелері үшін оқыту бағдарламасына 1, 2-тармақтар кірмейді.
Тарау 5. 5-тарау. Қызметтік қару иелері мен пайдаланушыларын даярлау бағдарламасы
5-тарау. Қызметтік қару иелері мен пайдаланушыларын даярлау бағдарламасы р/с № Та­қы­ры­бы Дә­ріс, са­ғат Прак­ти­ка, са­ғат Бар­лық са­ғат 1. Ату негіз­де­рі. Бал­ли­сти­ка. 2 2 2. Қа­ру­дың және ар­найы құ­рал­дар­дың құқық­тық негіз­де­рі және қол­да­ну тәр­ті­бі 4 4 3. Ой­ық, те­гіс ұң­ғы­лы, га­з­ды, трав­ма­ти­ка­лық және элек­тр­лі қа­ру­дың мақ­са­ты, жа­уын­гер­лік си­патта­ма­сы, құ­ры­лы­сы 2 2 4. Атыс қа­руы­ның (ой­ық, те­гіс ұң­ғы­лы және га­з­ды) ма­те­ри­ал­дық бө­лі­гі 1 1 2 5. Атыс жүр­гі­зу ке­зін­де қа­ру­ды қа­уіп­сіз қол­да­ну қа­ғи­да­ла­ры 1 1 2 6. Қа­ру­дан ату тә­сіл­де­рі мен қа­ғи­да­ла­ры 1 1 2 7. Ой­ық, те­гіс ұң­ғы­лы, га­з­ды және трав­ма­ти­ка­лық қа­ру­ды қол­да­ну ке­зін­де­гі қа­уіп­сіз­дік ша­ра­ла­ры 1 1 2 8. Та­пан­ша­дан, ре­вольвер­ден, ка­ра­бин­нен, вин­тов­ка­дан, қа­ру­дан және ЭТҚ-дан ату үшін жат­тығ­у­лар­ды орын­дау тәр­ті­бі 1 1 2 9. Аты­стан жа­ра­лан­ған кез­де ал­ғаш­қы ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту 1 1 2 10. «Атыс да­яр­лы­ғы» бой­ын­ша прак­ти­ка­лық са­бақ (атыс). 1 1 11. Сы­нық­тар қа­был­дау. Уа­қыт бағ­дар­ла­ма­ның жал­пы оқы­ту уа­қы­ты­на кі­ре­ді Бар­лы­ғы 14 7 21 Ескертпе: - «Атыс даярлығы» бойынша практикалық сабақтар аумақтық полиция органдарының бөліністері атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стендтерін ашуға берілген рұқсаты бар үй-жайларда ғана өткізіледі.
Басқа 1
Азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларына қосымша Азамат (ша) ___________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) _________________________________________________________ тұратын (мекенжайы) 20__жылғы «___» ______ бастап 20__жылғы «___» ______ аралығында Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын зерделеу бойынша даярлық (қайта даярлау) курсынан өтті ____________________________________________________________________ (керегінің астын сызу) 1. Құқықтық даярлық ____________; (нәтижесі) 2. Атыс даярлығы: 2.1. өзін-өзі қорғаудың азаматтық қаруы ___________; (нәтижесі) 2.2. аңшылық азаматтық қару: 2.2.1 ойық ұңғылы ___________; нәтижесі) 2.2.2 тегіс ұңғылы ___________; (нәтижесі) 3. Қызметтік қару: ___________; (нәтижесі) 20___ жылғы «__» _______ Аумақтық полиция органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөліністерінің өкілі __________________________________________________ (лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) МО Орталық басшысы: ______________ _________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) МО