О внесении изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қаулы етемін:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-бап):
аталған Жарлыққа 1-қосымшадағы:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі 331
оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің
"Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілінің аппараты 6" деген жолдар алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) күші жойылды - ҚР Президентінің 2004.03.31 N 1327 Жарлығымен;
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 806 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 8 мамырдағы N 868 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.03.31 N 1327 Жарлығымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің аумақтық органдары штат санының лимитін қысқарту есебінен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аппараттарының штат саны лимитін ұлғайтсын.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.