Об утверждении перечня праздничных дат в Республике Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң
2017 жылғы 31 қазандағы
№ 689 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі
1.
Ұлттық басылым күні
– 2 ақпан
1-1.
Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні
– 15 ақпан
2.
Алғыс айту күні
– 1 наурыз
2-1.
Ұлттық кітап күні
– 23 сәуір
3.
Аналар күні
– мамырдың екінші жексенбісі
4.
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
– 31 мамыр
5.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні
– 4 маусым
6.
Әкелер күні
– маусымның үшінші жексенбісі
7.
Ұлттық домбыра күні
– шілденің бірінші жексенбісі
8.
Абай күні
– 10 тамыз
9.
Спорт күні
– тамыздың үшінші жексенбісі
10.
Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні
– 29 тамыз
11.
Білім күні
– 1 қыркүйек
11-1.
Қазақы тазы мен төбет күні
– 3 қыркүйек
12.
Отбасы күні
– қыркүйектің екінші жексенбісі
13.
Қазақстан халқы тілдері күні
– 5 қыркүйек
14.
Еңбек күні
– қыркүйектің соңғы жексенбісі
15.
Қарттар күні
– 1 қазан
15-1.
Радио күні
– 1 қазан
16.
Нан күні
– 16 қазан
17.
Энергия үнемдеу күні
– 11 қараша
18.
Ұлттық валюта – теңге күні
– 15 қараша
19.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
– 1 желтоқсан
_________________________________