О составе комиссии по делам семьи и женщин при Акиме области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкiмi жанындағы отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi комиссия құрамы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 21.02.2005 № 68 қаулысымен. "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес және облыс әкiмi орынбасарларының функционалдық мiндеттерiнiң өзгеруi мен кадрлар өзгерiстерiне байланысты, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмi жанындағы отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi комиссияның құрамы жаңартылсын және облыстық мәслихаттың кезектi сессиясына бекiтуге ұсынылсын (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Облыс әкiмi жанындағы отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн (2 қосымша).
Басқа 3
Маңғыстау облысы әкiмиятының 2002 жылғы 25 шiлдедегi № 140 қаулысына 1 қосымша Маңғыстау облысы әкiмiнiң жанындағы отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi комиссияның құрамы 📌 Ескерту. 1-қосымша өзгертілді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы № 93 ; Маңғыстау облысы әкімиятының 2004 жылғы 29 қазандағы № 212 қаулыларымен. Макежанов Сұлтанбек Алмасбекұлы облыс әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасы Баужанова Ақмоншақ Баужанқызы Облыстық еңбек халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары Жақаева Сәуле Бердiханқызы Қазақстанның ауданы әкiмiнiң орынбасары, аудан әкiмi жанындағы комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары Нүсiп Зере Қалиқызы облыс әкiмi аппаратының басмаманы, хатшысы Комиссия мүшелерi Айтуаров Жармағамбет Маңғыстау ауданы әкiмiнiң Қадырмағанбетұлы орынбасары, Аудан әкiмi жанындағы комиссия төрағасы Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы облыстық білім басқармасының бастығының міндетін атқарушы Досанова Айкүмiс Түпқараған ауданы әкiмiнiң орынбасары, аудан әкiмi жанындағы комиссия төрағасы Жаңбыршин Едiл Терекбайұлы Е.Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттiк университетi Ақтау филиалының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты (келiсiм бойынша) Иванова Галина Борисовна облыстық статистика басқармасының бастығы (келiсiм бойынша) Исабаева Сәуле Сәуiрғалиқызы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттiк университетiнiң оқу-тәрбие жөнiндегi проректоры (келiсiм бойынша) Қалмұратова Гүлмира Мұратқызы Ақтау қаласы әкiмiнiң орынбасары Оңғаров Мақсат Оңғарұлы Маңғыстау облысы бойынша әділет Департаментінің бастығы (келісім бойынша) Сейтмағанбетова Гүлнар Маңғыстау облысының Сүлейменқызы коммуналдық меншігін басқару жөніндегі Департаментінің директоры Сағымбай Исахан Қарақия ауданы әкiмiнiң орынбасары, аудан әкiмi жанындағы комиссия төрағасы Ушакова Анна Васильевна Маңғыстау педагогикалық колледжiнiң директоры Әлібекова Марина Борисовна облыстық мәслихаттың депутаты, тексеру комиссиясының төрайымы Ахметова Ұлбосын Жүзбайқызы "Заман" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, "Замандас" кәсіпкер әйелдерді қолдау Орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы, "Заман" шағын несие мекемесінің директоры (келісім бойынша) Қабдолова Сұлушаш Қайыржанқызы облыстық ішкі істер басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі қызметін ұйымдастырудың аға инспекторы (келісім бойынша) Мурадян Татьяна Сергеевна Маңғыстау облыстық "Балдырған" балалар қорының атқарушы директоры (келісім бойынша) Садыр Мұрат Талапұлы Қызыл Жартыай Қоғамы облыстық комитетінің төрағасы (келісім бойынша) Төлеуғалиева Ажар Ғиниятқызы облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары
Басқа 4
Маңғыстау облысы әкiмиятының 2002 жылғы 25 шiлдедегi № 140 қаулысына 2 қосымша Облыс әкiмi жанындағы отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыс әкiмiнiң жанындағы отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) облыс, қала және аудан әкiмдерi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық актiлерi, әкiмнiң шешiмдерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi Ұлттық комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстары, сондай-ақ осы ереже құрайды.
Тарау ii. II. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
II. Комиссияның негiзгi мiндеттерi Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi Ұлттық комиссияның белгiлеген ұсынымдары мен басымдықтарына сәйкес отбасы әйелдер мен балалар мәселелерi жөнiндегi облыстық бағдарламаларды қалыптастыру;
Тармақ 4
4. отбасын, әйелдер мен балалары әлеуметтiк-экономикалық, заңдық және психологиялық қолдау жөнiндегi өзге де iс-шараларды әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
Тармақ 5
5. халықтың денсаулық жағдайын, ана мен баланы қорғауды, отбасының тыныс-тiршiлiгiнiң әлеуметтiк-экономикалық шарттарын қайта өркендету процестерiне кешендi талдау жүргiзу.
Тармақ 6
6. отбасының, әйелдер мен балалардың қоғамның экономикалық, әлеуметтiк саяси және мәдени өмiрiндегi нақты жағдайы мәселелерi жөнiндегi ақпараттық базаны қалыптастыруға қатысу.
Тармақ 7
7. әйелдердiң жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарға өкiлдiгiн кеңейтуге жәрдемдесу.
Тармақ 8
8. әйелдердi тарта отырып, шағын және орта бизнестi дамыту мәселелерi жөнiнде ұсыныс әзiрлеу және оны iске асыруға қатысу.
Тармақ 9
9. жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң (келiсiм бойынша) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын қарауға қатысу;
Тармақ 10
10. көп балалы және аз қамтамасыз етiлген отбасыларға әлеуметтiк қолдау көрсетудi жүзеге асыруға, мектепте жаппай оқуды қамтамасыз етуге, жетiм балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға, отбасы әйелдер мен балалар мәселелерi жөнiндегi өзге де әлеуметтiк жобаларды iске асыруға жәрдемдесу;
Тармақ 11
11. жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар үшiн Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
Тармақ 12
12. отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайы аспектiлерiн неғұрлым толық және объективтi көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасау;
Тармақ 13
13. өз құзыретiнiң шегiнде барлық мүдделi ұйымдармен ынтымақтасу, сондай-ақ отбасы, әйелдер мен балалар мәселелерi жөнiнде аумақтық конференциялар, семинарлар мен кеңестер өткiзу;
Тармақ 14
14. функциялары жөнiнен өзiнен төмен тұрған комиссиялардың қызметiн үйлестiру және әдiстемелiк қамтамасыз ету.
Тарау iii. III. Комиссияның өкiлеттiгi
III. Комиссияның өкiлеттiгi Комиссия өз құзыретiнiң шегiнде:
Тармақ 15
15. өзiнiң отырысында әкiмге тiкелей бағынышты және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың басшыларын шақыруға және тыңдауға;
Тармақ 16
16. белгiленген тәртiппен өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қажет құжаттар, материалдар және ақпарат сұратуға;
Тармақ 17
17. тиiстi жергiлiктi мемлекеттiк органдардың басшыларына отбасы, әйелдер мен балалар мәселелерiн реттейтiн заңдардың бұзылуы жол берiлген фактiлер бойынша тексерулер мен қызметтiк тексерiстер жүргiзу туралы ұсыныстар енгiзуге;
Тармақ 18
18. белгiленген тәртiппен Комиссияның отырыстарын дайындауға, тексерулерге және аймақтық бағдарламаларды дайындауға қатысу үшiн штаттан тыс сарапшылар ретiнде қоғамдастықтың беделдi және кәсiби даярланған өкiлдерiн тартуға;
Тармақ 19
19. функциялары бойынша өзiнен төмен тұрған комиссиялардың қызметiн үйлестiруге және бақылауға;
Тармақ 20
20. әйелдердiң арасынан кандидатураларын басшы лауазымдарға ұсынуға жәрдемдесуге;
Тармақ 21
21. отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсарту мақсатында жергiлiктi мемлекеттiк органға, қоғамдық бiрлестiктерге және өзге ұйымдарға статистикалық, талдаулық, әдiстемелiк және өзге ақпараттық материалдар жолдауға құқылы;
Тармақ 22
22. комиссия азаматтардың келiп түскен өтiнiштерiн қарау, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларының қорытындысы бойынша шешiм қабылдау үшiн тиiстi мемлекеттiк органның, немесе лауазымды тұлғаның қарауына материалдар жолдай алады.
Тарау iv. IV. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
IV. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 23
23. Комиссия өз қызметiн әкiм бекiткен ереженiң негiзiнде жүзеге асырады.
Тармақ 24
24. Комиссияны Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi Ұлттық комиссияның төрағасымен келiсiм бойынша әкiм тағайындайтын төраға басқарады. Комиссия төрағасының орынбасары бола алады.
Тармақ 25
25. Комиссияға, әдетте, жергiлiктi мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерi кiредi. Комиссияның сандық және жеке құрамын Комиссия төрағасының ұсынысы бойынша әкiм белгiлейдi.
Тармақ 26
26. Комиссиялардың отырысы қажетiне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет өткiзiледi.
Тармақ 27
27. Комиссия шешiмдi Комиссия мүшелерiнiң отырысқа қатысып отырған санының қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады. Комиссия отырысы егер оған комиссия мүшелерiнiң жалпы санының 2/3 қатысса құқық күшi бар болып саналады. Комиссияның шешiмi хаттамамен рәсiмделедi.
Тарау v. V. Комиссияның төрағасы
V. Комиссияның төрағасы
Тармақ 28
28. Комиссияның қызметiне басшылық жасауды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Тармақ 29
29. Комиссия отырысының күн тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 30
30. Комиссияның отырыстарын шақырады және төрағалық етедi. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның тапсырысы бойынша отырыстарға оның Комиссия төрағасы орынбасарларының бірі төрағалық етедi. 📌 Ескерту. 30-тармақ өзгертілді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы № 93 қаулысымен .
Тармақ 31
31. Комиссия мүшелерiнiң қатарынан Комиссия отырысының күн тәртiбiне енгiзiлген мәселе бойынша баяндамашы белгiлейдi.
Тармақ 32
32. Тоқсан сайын әкiм мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi Ұлттық комиссия төрағасының алдында Комиссия жұмысының қорытындылары туралы есеп бередi.
Тармақ 33
33. әкiмнiң шешiмiнде көзделген өзге өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тарау vi. VI. Комиссияның қызметiн қамтамасыз ету
VI. Комиссияның қызметiн қамтамасыз ету
Тармақ 34
34. Комиссияның қызметiн ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi, функциясын әкiмнiң аппаратының құрылымдық бөлiмдерiнiң бiрi орындайтын оның хатшылығы жүзеге асырады.