Об утверждении Методики проведения мониторинга осуществления сервисной поддержки ведения действующей предпринимательской деятельности Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдауды жүзеге асыру мониторингін жүргізу әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының 201-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдауды жүзеге асыру мониторингін жүргізу әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қолданыстағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдауды жүзеге асыру мониторингін жүргізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 606 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12086 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда «Әділет» ақпараттық-құққықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдауды жүзеге асыру мониторингін жүргізу әдістемесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдауды жүзеге асыру мониторингін жүргізу әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдауды жүзеге асыру мониторингін жүргізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) 201-тармағына сәйкес әзірленді және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету (бұдан әрі – сервистік қолдау) мониторингін жүргізуге арналған.
Тармақ 2
2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары – жергілікті бюджет қаражаты болған кезде кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарының жанынан құрылған және/немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсіпкерлер палаталарының жанынан, жергілікті атқарушы органдарда құрылатын инфрақұрылымдық кешен; кәсіпкерлікті қолдау орталықтары – базасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін оқыту, ақпараттық қамтамасыз ету, консультациялық және маркетингтік қызметтер көрсету, олардың жобаларына экономикалық және технологиялық сараптама жүргізу жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық кешен; кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталықтары – ауылдық елді мекендердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқына кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары бойынша көшпелі ақпараттық және консультациялық қызметтер ұсынуға бағытталған қаржы агенттігінің арнайы жабдықталған автобустары; клиент – сервистік қолдауды іске асыру шеңберінде көрсетілетін қызметті алған шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі; қаржы агенттігі – Бағдарлама шеңберінде қаржылық қолдауды іске асыру мен мониторингілеуді жүзеге асыратын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы; қаржылай емес қолдау көрсететін оператор – "Сыртқы консультанттарды тарту арқылы алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың консультациялық жобаларын бірлесіп қаржыландыру (ЕҚДБ-ның Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі бағдарламасы)", "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құрамдауыштарын қоспағанда, Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуді жүзеге асыратын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган.
Тарау 2. 2-тарау. Сервистік қолдауды жүзеге асыру мониторингін жүргізу
2-тарау. Сервистік қолдауды жүзеге асыру мониторингін жүргізу
Тармақ 3
3. Қаржылық емес қолдау операторы Бағдарламаның 196-202 және 279-285-тармақтарына сәйкес сервистік қолдауды іске асырады.
Тармақ 4
4. Қаржы агенттігі сервистік қолдауды іске асыруды мониторингілеуді жүзеге асырады, оның дереккөзі осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сервистік қолдауды іске асыру барысы туралы ақпарат болып табылады.
Тармақ 5
5. Сервистік қолдауды жүзеге асыру мониторингі мыналарды көздейді:
Тармақша 1
1) мына көрсеткіштерді тексеруді және өңдеуді қамтитын статистикалық көрсеткіштерді талдау: өңірлік бөліністе көрсетілетін қызметті алған клиенттер саны; өңірлер бойынша экономика салалары бөлінісінде көрсетілетін қызметті алған клиенттер саны; өңірлер бойынша ұйымдық-құқықтық нысан бөлінісінде клиенттер кәсіпорындарының саны; өңірлер бойынша гендерлік бөліністе көрсетілетін қызметті алған клиенттер саны (бір клиенттің бірнеше компаниялардан сервистік қызмет алу үшін жүгінуі кезінде, осы клиенттің гендерлік қатыстылығы бір рет есептеледі); жас санаты бойынша клиенттер саны (бір клиенттің бірнеше компаниялардан сервистік қызметті алу үшін жүгінуі кезінде, осы клиенттің жас санаты бір рет есептеледі); өңірлік бөліністе кәсіпкерлік субъектісі санаты бойынша көрсетілетін қызметі алған клиенттер саны; өңірлік бөліністе көрсетілген қызметтер тізбесі бойынша сандық көрсеткіштер; қаржылық емес қолдау операторы көрсеткен қызметтер саны; онлайн-режимде көрсетілген қызметтер саны;
Тармақша 2
2) қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарының желісі және/немесе қаржы агенттігінің Call-орталығы арқылы клиенттерге телефон арқылы пікіртерім жүргізу жолымен, клиенттердің қанағаттануын бағалау және мемлекеттік қолдау құралдарының қаржылық қажеттілігін талдау арқылы жүргізілетін сервистік қолдауды іске асыру сапасына мынадай өлшемшарттар бойынша аудит жүргізу: алынған қызмет және (немесе) консультациялар сапасын бағалау бойынша көрсеткіштер; алынған сервистік қызмет және (немесе) консультацияларға қанағаттану бойынша көрсеткіштер; клиенттердің мемлекеттік қолдаудың қаржылық құралдарын алудағы мүдделілігі.
Тармақ 6
6. Мониторинг жүргізу үшін: электрондық цифрлық қолтаңба арқылы көрсетілген қызметтердің қол қойылған актілері негізінде қаржылық емес қолдау операторының ақпараттық жүйесі қалыптастыратын немесе көрсетілетін қызметті онлайн режимде көрсетуді растайтын екі - (үш) факторлық аутентификация әдісі арқылы клиенттің жеке басын сәйкестендіруді жүргізумен расталған көрсетілген қызметтердің тізілімі (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметтер тізілімі) ақпараттық ресурс болып табылады. Қаржылық емес қолдау операторы осы Көрсетілетін қызметтер тізіліміне офлайн режимінде көрсетілген қызметтер туралы ақпарат енгізеді. Бұл ретте қаржы агенттігі мониторинг үшін қаржылық емес қолдау операторының ақпараттық жүйесінен Көрсетілетін қызметтер тізілімін қалыптастырады; клиенттер онлайн режимде көрсетілген қызметтердің сапасын бағалайтын, осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау сауалнамасы негізінде қаржылық емес қолдау операторының ақпараттық жүйесі қалыптастыратын онлайн режимде көрсетілген қызметтер сапасын бағалау сауалнамаларының тізілімі (бұдан әрі – Сауалнамалар тізілімі) ақпараттық ресурс болып табылады. Бұл ретте қаржы агенттігі мониторинг үшін қаржылық емес қолдау операторының ақпараттық жүйесінен Көрсетілетін қызметтер тізілімін қалыптастырады;
Тармақ 7
7. Қаржылық емес қолдау операторы ай сайын өзінің ақпараттық жүйесінде есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша Көрсетілетін қызметтер тізілімін қалыптастырады.
Тармақ 8
8. Қаржы агенттігі деректердің дұрыс енгізілмеуін және (немесе) Көрсетілетін қызметтер тізілімін сапасыз толтыруды анықтаған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржылық емес қолдау операторына хабарлама-хат жібереді.
Тармақ 9
9. Қаржылық емес қолдау операторы хабарландыру хат келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ескертулерді жояды, атап айтқанда өзінің ақпараттық жүйесі арқылы Көрсетілетін қызметтер тізілімінде түзету жүргізеді.
Тармақ 10
10. Қаржы агенттігі есепті кезеңнің сервистік қолдауды іске асыру мониторингі бойынша есебін (бұдан әрі-Есеп) қаржылық емес қолдау операторы осы Әдістеменің 7-тармағында көрсетілген мерзімді бұза отырып, ұсынған деректерді қоспай қалыптастырады.
Тармақ 11
11. Қаржы агенттігі қаржылық емес қолдау операторының ақпараттық жүйесінде көрсетілген қызметтер актілерін ресімдеудің дұрыстығын, олардың қаржылық емес қолдау операторының порталында ұсынылатын Көрсетілетін қызметтер тізілімінде көрсетілген қызметтер көрсету күніне, көрсетілген қызметтер тізбесіне сәйкестігін тексереді. Егер Көрсетілетін қызметтер тізілімінде көрсетілген деректер қаржылық емес қолдау операторының ақпараттық жүйесінде көрсетілген қызметтердің тиісті актілерімен расталмаған, сондай-ақ көрсетілген қызметтердің күні және (немесе) тізбесіне сәйкес келмеген жағдайда осы ақпарат Көрсетілетін қызметтер тізілімінен шығарылады және Есепті қалыптастыру кезінде қаржы агенттігі ескермейді.
Тармақ 12
12. Қаржы агенттігі осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тоқсан сайын Есепті есепті кезеңнен кейінгі айдың 12-сі күнінен кешіктірмей, ал қорытынды Есепті есепті жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша төртінші тоқсан үшін Есепті қоса отырып есепті жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей уәкілетті органға жолдайды.
Тармақ 13
13. Есепті қаржы агенттігі қағаз және электронды жеткізгіштерде ұсынады. CD диск, DVD форматындағы диск және (немесе) USB-флеш-жинақтаушы электрондық жеткізгіш болып танылады. Есеп уәкілетті органға ресми хатпен ұсынылады және уәкілетті органның кеңсесінде тіркеледі.
Тармақ 14
14. Қаржы агенттігі Есепте қаржылық емес қолдау операторының осы Әдістеменің 7-тармағында көзделген Көрсетілетін қызметтер тізілімін қалыптастыру мерзімдерін сақтамау жағдайларын көрсетеді.
Тармақ 15
15. Сапа көрсеткіштері бойынша талдау Сауалнамалар тізілімі бойынша, сондай-ақ клиенттерге телефон арқылы пікіртерім жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Телефон арқылы пікіртерім жүргізу осы Әдістемеге 4-қосымшада келтірілген сервистік қолдауды іске асыруды мониторингілеу шеңберінде өткізілетін телефон арқылы пікіртерім жүргізуге арналған сұрақтар тізбесіне сәйкес пікіртерім нәтижелерін өңдеу және талдау жолымен сервистік қолдаудың іске асырылуынан клиенттердің алған көрсетілетін қызмет сапасын бағалауды және қанағаттануын талдауды көздейді.
Басқа 1. Сервистік қолдаудың іске асырылу барысы туралы ақпарат
Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдауды жүзеге асыру мониторингін жүргізу әдістемесіне 1- қосымша Нысан Сервистік қолдаудың іске асырылу барысы туралы ақпарат Об­лыс /рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла және Аста­на Қыз­мет көр­се­ті­л­ген ел­ді ме­кен (аумақ­тық бө­лі­ніс) Қыз­мет көр­се­ту ор­ны Кли­ент­тің кә­сі­пор­ны­ның ата­уы Кли­ент­тің те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар бол­са) ШОБ субъ­ек­ті­ле­рі­нің ЖСН / БСН Кли­ент­тің жы­ны­сы Кли­ент­тің ту­ған кү­ні Кли­ент­тің жа­сы Кли­ент­тің мү­ге­дек­ті­гі Кә­сі­по­рын­ның ұй­ым­дық-құқық­тық ны­са­ны Кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі­нің са­на­ты кестенің жалғысы ЭҚ­ЖЖ бой­ын­ша са­ла кли­ент­тің кә­сі­пор­ны Кли­ент кә­сі­пор­ны­ның ЭҚ­ЖЖ бой­ын­ша кі­ші са­ла­сы Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған қыз­мет ата­уы Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы Қыз­мет көр­сет­кен қар­жы­лық емес қол­дау опе­ра­то­ры ме­не­дже­рі­нің те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар бол­са) Жү­гі­ну/ қыз­мет­тің ба­ста­лу кү­ні Қыз­мет­ті аяқ­тау / аяқ­тау кү­ні Кли­ент­тің жұ­мыс те­ле­фо­ны Кли­ент­тің ұя­лы те­ле­фо­ны Кли­ент­тің элек­трон­дық ме­кен­жайы Ескертулер: ШОБ - шағын орта бизнес ЭҚЖЖ - экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші
Басқа 2. Көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау сауалнамасы
Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдауды жүзеге асыру мониторингін жүргізу әдістемесіне 2-қосымша Нысан Көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау сауалнамасы Клиенттің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) _______________________________ Қызмет көрсеткен қаржылық емес қолдау операторы менеджерінің тегі, аты және әкесінің аты: _______________________________ Сізге көрсетілген мамандандырылған қызмет түрінің және кіші түрінің атауын көрсетіңіз:________________________________________________ Көрсетілген қызметтің/консультацияның сапасын бағалаңыз: Ас­пек­ті­лер Ба­ға Алын­ған кон­суль­та­ци­я­ның пай­да­лы­лық дә­ре­же­сі 1 2 3 4 5 Кон­суль­та­ция бе­ру про­це­сін ұй­ым­да­сты­ру са­па­сы 1 2 3 4 5 Алын­ған кон­суль­та­ция үмі­ті­ң­із­ді қан­ша­лық­ты ақ­та­ды? 1 2 3 4 5 Қыз­мет­тер­дің са­па­сы­на қа­на­ғат­та­нуы­ңы­здың дә­ре­же­сі 1 2 3 4 5 Жүгіну мақсатыңыз (қажеттісінің астын сызыңыз): Қандай қаржылай қолдау алғыңыз келеді (қажеттісін белгілеңіз)? Сый­а­қы­ның пай­ы­здық мөл­шер­ле­ме­сін суб­си­ди­я­лау Кре­дит алу үшін ке­піл­дік­тер бе­ру Грант­тық қар­жы­лан­ды­ру алу Іс­ін жа­ңа ба­с­та­ған кә­сіп­кер­лер­ге ке­піл­дік­тер бе­ру Қандай қаржылай емес қолдау алғыңыз келеді (қажеттісін белгілеңіз)? Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларына қатысу жөнінде консультация алу «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздерін қысқа мерзімде оқыту «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттарын қысқа мерзімде оқыту «Жас кәсіпкер мектебі» жобасына қатысу Кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру Шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату Жаңа басқару әдістерін, өндіріс, жабдықтар технологияларын және персоналды оқыту әдістерін енгізу мәселелері бойынша жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту («Аға сеньорлар») Сырттан консультанттар тарту арқылы жетекші кәсіпорындардың консультациялық жобаларын қоса қаржыландыру Толтырылған күні:        Клиенттің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы: ________________ _________________________
Басқа 3. Сервистік қолдаудың іске асырылуын мониторингілеу туралы есеп
Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдауды жүзеге асыру мониторингін жүргізу әдістемесіне 3-қосымша Нысан Сервистік қолдаудың іске асырылуын мониторингілеу туралы есеп
Тармақ 1
1. Кіріспе: «Жұмыс істеп тұрган кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету» құралының іске асырылуы жөніндегі жалпы ақпарат.
Тармақ 2
2. Көрсетілген мамандандырылған қызметтердің саны және тізбесі, сондай-ақ қызметтерді пайдаланған клиенттер жөніндегі статистикалық көрсеткіштерді талдау: өңірлік бөліністе көрсетілетін қызметті алған клиенттер саны; өңірлер бойынша экономика салалары бөлінісінде көрсетілетін қызметті алған клиенттер саны; өңірлер бойынша ұйымдық-құқықтық нысан бөлінісінде клиенттер кәсіпорындарының саны; өңірлер бойынша гендерлік бөліністе көрсетілетін қызметті алған клиенттер саны (бір клиенттің бірнеше компаниялардан сервистік қызмет алу үшін жүгінуі кезінде, осы клиенттің гендерлік қатыстылығы бір рет есептеледі); жас санаты бойынша клиенттер саны (бір клиенттің бірнеше компаниялардан сервистік қызметті алу үшін жүгінуі кезінде, осы клиенттің жас санаты бір рет есептеледі); өңірлік бөлінісінде кәсіпкерлік субъектісі санаты бойынша көрсетілетін қызметі алған клиенттер саны; өңірлік бөліністе көрсетілген қызметтер тізбесі бойынша сандық көрсеткіштер; қаржылық емес қолдау операторы көрсеткен қызметтер саны; онлайн-режимде көрсетілген қызметтер саны.
Тармақ 3
3. Қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарының желісі және/немесе қаржы агенттігінің Call-орталығы арқылы клиенттерге телефон арқылы пікіртерім жүргізу жолымен, клиенттердің қанағаттануын бағалау және мемлекеттік қолдау құралдарының қаржылық қажеттілігін талдау арқылы жүргізілетін сервистік қолдауды іске асыру сапасына мынадай өлшемшарттар бойынша аудит жүргізу: алынған қызмет және (немесе) консультациялар сапасын бағалау бойынша көрсеткіштер; алынған сервистік қызмет және (немесе) консультацияларға қанағаттану бойынша көрсеткіштер; клиенттердің мемлекеттік қолдаудың қаржылық құралдарын алудағы мүдделілігі.
Тармақ 4
4. Қорытынды: негізгі қорытындылар және ұсыныстар.
Басқа 4. Сервистік қолдаудың іске асырылуына мониторингілеу шеңберінде жүргізілетін телефон арқылы сұрастыруға арналған сұрақтардың тізбесі
Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдауды жүзеге асыру мониторингін жүргізу әдістемесіне № 4- қосымша Сервистік қолдаудың іске асырылуына мониторингілеу шеңберінде жүргізілетін телефон арқылы сұрастыруға арналған сұрақтардың тізбесі
Тармақ 1
1. Сізге _______ (Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, Кәсіпкерлерді қолдау орталығы атауы немесе қызмет Кәсіпкерлерді қолдаудың мобильді орталығы арқылы көрсетілсе онда елді мекеннің атауы) ____ күні консультация берілді ме немесе қызмет көрсетілді ме?
Тармақ 2
2. Көрсетілген қызметке және (немесе) кеңес беру қызметіне 5 балдық шкала бойынша қандай баға бересіз? (мұнда 1 бұл – өте жаман, 5 бұл – өте жақсы)
Тармақ 3
3. Көрсетілген қызмет және/немесе консультация қызметі бизнесіңізге көмектесті ме?
Тармақ 4
4. Сіз мемлекеттік қолдау қаржылық құралдарын алуға мүдделісіз бе?