О льготном проезде отдельных категорий граждан города Жезказган на общественном пассажирском транспорте (кроме такси) Күшін жойған
Басқа 0
Жезқазған қаласының жекеленген
санаттағы азаматтарының қоғамдық
жолаушылар көлігінде (таксиден басқа)
жеңілдікпен жол жүруі туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жезқазған қалалық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде, қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру келесі санаттағы Жезқазған қаласының азаматтары үшін белгіленсін:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
Тармақша 2
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
Тармақша 3
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
Тармақша 4
4) бірінші және екінші санаттағы мүгедектерге;
Тармақша 5
5) зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерге;
Тармақша 6
6) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр-Ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;
Тармақша 7
7) бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік,жоғарғы оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы аналарға;
Тармақша 8
8) бала жасынан 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелейтін аналарға;
Тармақша 9
9) үйлеріне барып әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің қызметкерлеріне.
Тармақ 2
2. «Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен қаулыдан және шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қаржыландыру көзі ретінде қалалық бюджет белгіленсін.
Тармақ 4
4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Жезқазған қаласы азаматарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Жезқазған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 3 қазандағы № 28/36 бірлескен қаулысы және Жезқазған қаласы мәслихатының 2016 жылғы 13 қазандағы № 5/57 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4021 тіркелген, 2016 жылғы 11 қарашадағы № 46 (148) «Жезказганский вестник», 2016 жылғы 11 қарашадағы № 46 (8006) «Сарыарқа» газеттерінде, 2016 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2016 жылғы 23 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Тармақша 2
2) «Жезқазған қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен Жезқазған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 3 қазандағы № 28/36 қаулысы және Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 13 қазандағы № 5/57 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Жезқазған қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 18/04 бірлескен қаулысы және Жезқазған қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 12/128 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4350 тіркелген, 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 38 (193) «Жезказганский вестник», 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 38 (8051) «Сарыарқа» газеттерінде, 2017 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).
Тармақ 5
5. Осы бірлескен Жезқазған қаласы әкімдігінің қаулысы және Жезқазған қалалық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.