О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Туындыларды пайдаланудың кейбiр түрлерi үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1083 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 38, 508-құжат): 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса берiліп отырған: 1) туындыларды көпшiлiк алдында орындау жолымен пайдаланғаны үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкалары; 2) туындыларды көпшiлiкке хабарлау жолымен пайдаланғаны үшін авторлық сыйақының ең төменгі ставкалары; 3) туындыларды қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн авторлық сыйақының ең төменгі ставкалары; 4) дыбыстау-бейнелеу туындыларын автордың келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығарғаны үшін авторлық сыйақының ең төменгi ставкалары бекiтiлсiн.»; дыбыстау-бейнелеу туындыларын автордың келісімінсіз жеке мақсаттарда қайта шығарғаны үшін авторлық сыйақының ең төменгi ставкалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Тармақша 2
2) «Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қарашадағы № 1373 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 68-құжат): мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Орындаушыларға және фонограмма шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты әзірлесін және бекітсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкалары: мынадай мазмұндағы 3-бөліммен толықтырылсын: « 3. Фо­но­грам­ма­лар­ды орын­да­у­шы­ның және фо­но­грам­ма шы­ға­ру­шы­ның ке­лі­сі­мін­сіз же­ке мақ­сат­та қай­та шы­ға­ру 26. Қай­та шы­ға­ру үшін пай­да­ла­ны­ла­тын жаб­дық­тар мен ма­те­ри­ал­дық жет­кіз­гіш­тер­ді дай­ын­дай­тын адам­дар тө­ле­у­ге ти­іс фо­но­грам­ма­лар­ды орын­да­у­шы­ның және фо­но­грам­ма шы­ға­ру­шы­ның ке­лі­сі­мін­сіз же­ке мақ­сат­та қай­та шы­ға­ру (жаб­дық­тар мен ма­те­ри­ал­дық жет­кіз­гіш­тер бір­лік­те­рін өт­кі­зу ба­ға­сы­нан пай­ы­з­бен ал­ған­да­ғы сый­а­қы став­ка­ла­ры) 0,35 27. Қай­та шы­ға­ру үшін пай­да­ла­на­тын жаб­дық­тар­мен ма­те­ри­ал­дық жет­кіз­гіш­тер­ді им­порт­тай­тын адам­дар тө­ле­у­ге ти­іс фо­но­грам­ма­лар­ды орын­да­у­шы­ның және фо­но­грам­ма шы­ға­ру­шы­ның ке­лі­сі­мін­сіз же­ке мақ­сат­та қай­та шы­ға­ру (жаб­дық­тар мен ма­те­ри­ал­дық жет­кіз­гіш­тер бір­лік­те­рі­нің ке­ден­дік құ­ны­нан пай­ы­з­бен ал­ған­да­ғы сый­а­қы став­ка­ла­ры) 0,35 »; ескертпе алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Дыбыстау-бейнелеу туындыларын автордың келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығарғаны үшін авторлық сыйақының ең төменгі ставкалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы « » № қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1083 қаулысымен бекітілген Дыбыстау-бейнелеу туындыларын автордың келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығарғаны үшін авторлық сыйақының ең төменгі ставкалары Р/с № Ды­быст­ау-бей­не­леу же­ке мақ­сат­та қай­та шы­ға­ру Пай­ы­з­бен ал­ған­да­ғы ав­тор­лық сый­а­қы став­ка­ла­ры 1. Қай­та шы­ға­ру үшін пай­да­ла­ны­ла­тын жаб­дық­тар­мен ма­те­ри­ал­дық жет­кіз­гіш­тер­ді дай­ын­дай­тын адам­дар тө­ле­у­ге ти­іс ды­быст­ау-бей­не­леу туын­ды­ла­рын ав­тор­дың ке­лі­сі­мін­сіз же­ке мақ­сат­та қай­та шы­ға­ру (жаб­дық­тар мен ма­те­ри­ал­дық жет­кіз­гіш­тер бір­лік­те­рін өт­кі­зу ба­ға­сы­нан) 0,35 2. Қай­та шы­ға­ру үшін пай­да­ла­ны­ла­тын жаб­дық­тар мен ма­те­ри­ал­дық жет­кіз­гіш­тер­ді им­порт­тай­тын адам­дар тө­ле­у­ге ти­іс ды­быст­ау-бей­не­леу туын­ды­ла­рын ав­тор­дың ке­лі­сі­мін­сіз же­ке мақ­сат­та қай­та шы­ға­ру (жаб­дық­тар мен ма­те­ри­ал­дық жет­кіз­гіш­тер бір­лік­те­рі­нің ке­ден­дік құ­ны­нан) 0,35