О внесении изменений в некоторые приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 161 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11299 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 маусымдағы № 106 (28834) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Субсидия алушылар»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-3/297 бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі бойынша сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беруді субсидиялауды жүзеге асырады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11332 болып тіркелген).»; 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «3-тарау. Субсидия алу шарттары»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтерге субсидиялар алу үшін су беруші: 1) 1 ақпанға дейін облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органымен және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) құрылыс немесе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерімен келісілген ауыз су беруге арналған шарт жасалатын су пайдаланушылардың (халықтың) тізбесін (су ресурстарын коммерциялық мүдделерде пайдаланатын су пайдаланушыларын қоспағанда су пайдаланушыларын қоспағанда) ұсынады; 2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерімен келісілген және үш данада (су беруші, су пайдаланушы, облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы үшін) жасалған ауыз су беру жөнінде көрсетілген қызметтер көрсету актілерімен қоса бере отырып, су пайдаланушылар бөлінісінде облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне қарай субсидиялауды ескере отырып, су пайдаланушылар бөлінісінде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi көрсетілетін қызметтердің жиынтық тізілімін (бұдан әрі - жиынтық тізілімі) ұсынады.»; 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «4-тарау. Субсидияны есептеу тәртібі»; 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «5-тарау. Субсидияны төлеу тәртібі»; 8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «8. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы:»; 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «6-тарау. Субсидиялау жөнінде есеп беру»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай, бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төленген субсидиялар көлемдері туралы есепті ұсынады.»; жоғарыда көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
Тармақша 2
2) күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 13.06.2025 № 208 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Басқа 1. Су пайдаланушылар бөлінісінде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiнде 20____ жылғы _______________ішінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрымдылық даму министрінің 201_ жылғы « » № бұйрығына 1-қосымша Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларына 1-қосымша Нысан «БЕКІТЕМІН» Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ___________________________________ 20____ жылғы «____» _______________ Су пайдаланушылар бөлінісінде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiнде 20____ жылғы _______________ішінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімі (су берушінің атауы) (ай) р/с № Су пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ата­уы Су бе­ру ли­ми­ті мың тек­ше метр Бе­рі­л­ген су, мың тек­ше метр Бе­кі­ті­л­ген та­риф, 1000 тек­ше метр үшін тең­ге Жыл ба­сы­нан бе­рі оның ішін­де есеп­тік ай ішін­де 1 2 3 4 5 6 кестенің жалғасы Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­дің құ­ны, тең­ге Суб­си­ди­я­лар мөл­ше­рі (та­риф­тік сме­та­лар­да ес­ке­рі­л­ген шы­ғын­дар­дың %-ы) тең­ге Жыл ба­сы­нан бе­рі суб­си­ди­я­лар тө­лен­ді, тең­ге Тө­ле­ну­ге ти­іс, тең­ге Жыл ба­сы­нан бе­рі оның ішін­де есеп­тік ай ішін­де Жыл ба­сы­нан бе­рі оның ішін­де есеп­тік ай ішін­де 7 8 9 10 11 12 Су беруші _____________________________________________________ Ескертпе: 2-бағанда су пайдаланушылар облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бекіткен су пайдаланушылар тізбесіндегідей тәртіпте келтіріледі.
Басқа 2. Төленген субсидиялар көлемі туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрымдылық даму министрінің 201_ жылғы « » № бұйрығына 2-қосымша Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларына 2-қосымша Нысан Төленген субсидиялар көлемі туралы 20 жылғы «__»_____________ Мемлекеттік органның атауы:__________________________________ Нысаналы трансферттің атауы: Ағымдағы нысаналы трансферттер Есеп кезеңі:________ жыл Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражаттар сомасы: ___мың теңге Бюджеттік бағдарламаның атауы және коды:______________________ ____________________________________________________________ № Ті­ке­лей нәти­же р/с Көр­сет­кіш­тер ата­уы (жос­пар­да­ғы іс-ша­ра­лар) Іс-ша­ра­лар­дың нақ­ты орын­да­луы, нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу са­ты­сы Нәти­же­лер­ге қол жет­кіз­беу се­беп­те­рі Жос­пар мың тең­ге Нақ­ты мың тең­ге Ауыт-қуы мың тең­ге 1 Ауыз су­дың ___ мың м3 кө­ле­мін­де суб­си­ди­я­ла­удың са­ра­лан­ған мөл­ше­рі бой­ын­ша ауыз су­ды үз­дік­сіз бе­ру № Түп­кі­лік­ті нәти­же р/с Жос­пар­лан­ған көр­сет­кіш­тер (іс-ша­ра­лар) Нәти­же­лер­ге нақ­ты қол жет­кі­зу Нәти­же­лер­ге қол жет­кіз­беу се­беп­те­рі 1 _______ об­лы­сы бой­ын­ша _______ ел­ді ме­кен­нің тұр­ғын­да­рын ке­піл­ден­ді­рі­л­ген са­па­да және қа­жет­ті мөл­шер­де са­па­лы ауыз су­мен қам­та­ма­сыз ету (қо­лай­лы ба­ға­лар бой­ын­ша) 2 _______ адам­ды қам­ти оты­рып, ______ тұр­ғын­да­ры үшін ауыз су­ды бе­ру бой­ын­ша қыз­мет­тің құ­нын тө­мен­де­ту М.О. ___ облысының (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) әкімі Бірінші басшы Төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ____________