Об утверждении Требований к разработке или корректировке заключения центрального уполномоченного органа по государственному планированию для предоставления государственных гарантий по поддержке экспорта Күшін жойған
Басқа 0
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды бекіту
туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 225-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Басқа 9. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын
талаптар
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілді
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын
талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 225-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспортты қолдау бойынша кепілдік шартының талаптарына сәйкес Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі алдындағы оның сақтандыру және кепілді төлемдер бойынша берешегін толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі;
Тармақша 2
2) экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы (бұдан әрі – қорытынды) – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігіне экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік берудің орындылығы (сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның оң салалық қорытындысы негізінде дайындалған, оның елдің экономикасына әсері мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі) тұрғысынан қорытындысы;
Тармақша 3
3) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның салалық қорытындысы – сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның тиісті Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігіне экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру арқылы саланы дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысына қорытындысы.
Тарау 2. 2-тарау. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптар
2-тарау. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптар
Тармақ 3
3. Қорытынды Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға қосымшасымен бірге қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынған мынадай құжаттардың негізінде әзірленеді:
Тармақша 1
1) мемлекеттік кепілдік сомасын, оның қолданылу мерзімін, мемлекеттік кепілдікті пайдаланудың институционалдық схемасын (процестің барлық қатысушылары туралы ақпарат, олардың өзара іс-қимылы) қамтитын мемлекеттік кепілдік бойынша ақпарат;
Тармақша 2
2) құрылтай құжаттарының, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің мәртебесін растайтын құжаттардың көшірмелерін, компанияның даму стратегиясын, рейтингтік есепті қамтитын Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі туралы ақпарат;
Тармақша 3
3) Кодекстің 225-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысы.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Талаптардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қарайды.
Тармақ 5
5. Осы Талаптардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау қорытындылары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға оларды ұсынған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды дайындайды.
Тармақ 6
6. Егер мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қорытындыны ұсынғаннан кейін 3 (үш) жыл ішінде Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі мемлекеттік кепілдік бермеген жағдайда, осы қорытынды түзетілуге тиіс.
Тармақ 7
7. Қорытынды түзетілген жағдайда Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға осы Талаптардың 3-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
Басқа 25. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қортындысы
Экспортты қолдау бойынша
мемлекеттік кепілдіктер беру
үшін мемлекеттік жоспарлау
жөніндегі орталық уәкілетті
органның қорытындысын әзірлеуге
немесе түзетуге
қойылатын талаптарға
қосымша
Нысан
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қортындысы
1.
Мемлекеттік кепілдік бойынша жалпы ақпарат
2.
Мемлекеттік кепілдік сомасы
3.
Мемлекеттік кепілдіктің қолданылу мерзімі
4.
Мемлекеттік кепілдікті пайдаланудың институционалдық схемасы (процестің барлық қатысушылары туралы ақпарат, олардың өзара іс-қимылы)
5.
Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі туралы ақпарат
6.
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптардың 3-тармағында көзделген ұсынылған құжаттаманың болуы
7.
Тиісті Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігіне мемлекеттік кепілдік берудің негіздемесі (сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның қорытындысына сәйкес)
8.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестікке талдау (құжаттың деректемелерін көрсету)
9.
Тұжырымдар мен ұсынымдар